қалыптаспағандығынан белгілі бір фразаны, тіркестерді оқи білу машығы әлі жетілмегендігінен. Осы
себептер әлі жетіле қоймаған оқушының оқуды дұрыс оқыды ма дегенді тексеріп отыруға міндеттейді.
Бір буынды не бір сөзді оқушының неліктен қайталап оқитынын ілгеріде айттық. Сондықтан
оқушының қайталауын мұғалім қадағалап ескерту жасап отыру керек. Мұғалімнен үнемі, үздіксіз
ескерту естіген оқушы енді оны қайталмайды.
Өз бетінше мәнерлеп оқу
Бастауыш сырып оқушыларының дұрыс өз бетінше оқуын жетілдіруде
қойылатын бағдарламалық
талаптың бірі оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету болып табылады.
Мәнерлеп оқу – қандай мәтінді болмасын дұрыс оқып, сөздерді бұзбай, қалдырмай, сөз аяғын жұтып
қоймай, әрбір сөзді, ондағы дыбыстарды анық етіп оқу.
Көркем шығарманың негізгі ой тірегін анықтап алмай, оқығандағы мақсат айқын болмайынша бірде
бір жолды мәнерлеп оқу мүмкін емес.
Оқушыны мәнерлеп оқуға үйретпейінше оны мәдениетті сөйлеуге үйретеміз деп айта
алмаймыз. Ал мәдениетті сөйлеу дегеніміз-сөйлеудегі,жазудағы тіл жұмсаудың өнегелі үлгілері, болып
табылады. Осыларды үйрету негізгі бастауыш мектептен басталады және қаланады.
Оқушы мектеп есігін ашқаннан бастап-ақ оқыған сөзінің мағынасын түсінуге бағытталған
жұмыстар жүргізіледі. Сол жұмыс түрлері мәнерлеп оқуға жол ашып отырады. Мұғалім жеке сөзді,
сөйлемдерді оқу кезінде оқушылардың тек оқып шықаннына қанағаттанбай, оның мағынасын ашуға
арналған жұмыстар жүргізіледі. Яғни оқушы оқып тұрған сөзін, сөйлемін өзі түсініп тұр ма, соны
анықтап, егер оқушы түсінбесе, мұғалім қосымша түсіндіреді. Осыдан кейін мұғалім оқушының
берілген сөзді не мәтінді үстірт оқымай дауыс ырғағымен оқуын қадағалап отырады.
Қазақ
алфавитіндегі әріптердің дұрыс, анық аталуына оқушыны жатықтыру үшін баланың ауыз қуысындағы
тіл, ерін, тіс, жақтарына жаттықтыру өз бетінше жұмысын жүргізген дұрыс. Осы талаптарды
орындауға және артикуляциялық, жаттығулырды жүргізуге төмендегідей кестелерді пайдалануға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: