№58 қазан педагог



Pdf көрінісі
бет35/56
Дата19.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#496113
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56
мамырова пед

Шапшаң оқу 
Шапшаң оқуға үйретудегі мақсат – баланың өзі оқыған сөйлемін, мәтінін толық түсінуі және 
сонда қолданылған сөздердің мағынасын меңгеруіне қол жеткізу. Мұны орындау үшін оқытушы 
баланың әрбір сөзді дұрыс анық оқуын үнемі қадағалап отыруы шарт. Әрбір сөзді дұрыс анық етіп 
оқыған бала сөзді түсінеді, демек шапшаң оқудың алғы шарты орындалады. Осыдан шапшаң оқудың 
дұрыс оқумен, түсініп оқумен өте тығыз байланыстылығы көрініп тұрады. Оның үстіне сөзді дұрыс 
және түсініп оқу үшін мәтінді белгілі бір қарқынмен оқу қажет. Олай етпеген жағдайда мәтінді оқушы 
да, оны тыңдаушы да ештеңе түсінбейді. 
Бастауыш мектеп мұғалімі шапшаң оқуды барлық сабақтарда жүзеге асырып отырады. Бұл 
жұмысты жүзеге асыру барысында ол ең әуелі дауыстан әрі ырғағына келтіре оқуға баса 
назар аударуға тиіс. Содан соң балалардың денсаулығын сақтау мақсатында көзбен кітаптың ара 
қашықтығын белгілі мөлшерде ұстауға көңіл бөледі және қандай ырғақпен, қай жылдамдықта оқу 
керектігін өзі мәтінді оқып көрсетеді. Шапшаң оқуға оқушыларды күнбе-күн өз бетінше оқыту арқылы 
ғана дағдыландырамыз дедік. Ал мұның өзі оқушылардың сөйлеу мүшелерінің жетілуімен де тығыз 
байланысты. Сөйлеу мүшелерінің жетілуін, дами түсуін арттыру үшін айтылуы қиындау және қиын 
жұмбақтар мен жаңылтпаштар оқытудың және оларды ойын түрінде қайта-қайта айтқызудың пайдасы 
аса зор. Бастауыш мектепте шапшаң оқу өз нәтижесін дауыстап оқу жылдамдығын минутына 58-72 
сөз, түсініп оқу жылдамдығы минутына 90-95 сөз болғанда, әрі оқу кітабынан 8-10 өлең және шығарма 
үлгілерін жаттатқанда берері сөзсіз. 
Сыныптан тыс оқу 
Бала тілін дамытудың өзекті бір саласы-сыныптан тыс оқу. Сыныптан тыс оқу арқылы бала өзін 
қоршаған ортада қандай-қандай оқиғалар болып өткендігін, не болуы мүмкін екендігін байқайды, 
сезінеді. Шығармалардағы кейіпкерлер іс-әректіне еліктейді, солардан үлгі өнеге алады, дүние танымы 
кеңейе түседі. Осыдан бастап сыныптан тыс оқудың мақсаты да айқындала түседі. Ол балаларды өз 
бетінше кітап оқуға үйретіп, соған деген құштарлығын арттыру оқу-жазуға үйретуді жетілдіре түсу. 
Олай болса сыныптан тыс оқу жұмысын неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым тиімді де жемісті болмақ. 
Басқаша айтқанда бала мектеп табалдырығын аттағаннан бастап сыныпиан тыс жұмыстары жүргізілуі 
тиіс. Себебі, сауат ашудың алғашқы кезінде балалардың тілін, ақыл-ойын дамыту жұмыстары түрлі-
түсті суреттерді, суретті кітаптарды көрсету, мәнерлеп, дауыстап оқып беру арқылы жүргізіледі. 
Сондай ақ сыныптан тыс оқу шәкірттердің өз беттерінше оқу дағдыларын қалыптастырады 
және арттырады. “Әліппе” және “Ана тілі” оқулықтарында берілген бағдарламалық көркем 
шығармалардың идеялық мазмұны көркемдік ерекшеліктерін түсінулеріне аса зор пайдасын тигізеді. 
42


Балаларды өздері оқыған шығармаларына, олардағы кейіпкерлер іс-әректіне өзінше баға беруге 
жетелейді. 
Міне сондықтан да кітаптың атқарар қызметі орасан зор. Басқаша сөзбен айтқанда кітап-екінші 
ұстаз. Кітап оқу арқылы бала бүкіл әлеммен, онда жасаушы адамдармен, олардың сан алуан қиялымен 
және армандарымен, мінез құлқы, жан сырымен танысады. Солардан тағылым алады. Олай болса 
мұғалім барлық мүмкіншіліктерін, айла – тәсілдерін пайдалана отырып баланы кітап оқуға 
қызықтыруға міндетті. 
Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудағы басыт да өзекті үрдіс – сыныпта жүргізілетін оқумен 
тығыз байланысты, яғни соның жалғасы сияқты болуы керек. Бұл байланыстылықты өзара 
жымдастыра жүргізу мұғалімнің әдістемелік шеберлігіне, қабілетіне қарай әр түрлі дәрежеде 
жүргізіледі. Осыдан барып әр мұғалім сыныбы әр қилы дәрежелі білім деңгейін меңгеретіндігі шығады. 
Қашанда ізденгіш балаларды жанымен жақсы көретін өзінің ұстаздық парызына адал 
оқытушылардың шәкірттері ұқыпты да тәртіпті білімді болады. 
Дәл осы арада сыныптан тыс жұмысты тек қана былай жүргіз, олай жүргізбе деп айтудың, 
нұсқау берудің қажеті жоқ. Себебі, жоғарыда айтқандай әр мұғалімнің ұяты мен шеберлігі біледі. 
Дегенмен сыныптан тыс оқылатын кітаптың жоспарлы оқу материалдарына сәйкестенуі, соны кеңейте 
түсуі ескерілген жөн. 
Кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру 
Бастауыш сыныпта балалардың кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырудың тіл дамыту үшін 
пайдасы аса зор. Мұндай дағдыны қалыптастыру үшін мұғалім: 
1. Балалардың дұрыс айтқандарын мадақтап, қателерін түзетумен қатар олардың назарын сол 
кітаптың мұқабасына, ішіндегі суреттеріне назар аударып отырады; 
2. Көрнекті құралдары, сþжетті суреттерді оқыған шығармаға байланысты кейбір жекелеген заттардың 
суреттерін қолданады; 
3. Шығармадағы қиын сөздерді оқушыларға түсіндіріп отырады; 
4. Балалардың оқыған кітаптарынан қаншалықты жаңа білім алғандарын үнемі бақылап отыруы тиіс. 
Сондай – ақ кітап оқу нәтижесінде балалар қандай сөздерді жиі, қайсысын сирек қолданатындықтарын 
да басты назарда ұстауы қажетті нұсқау, ақыл-кеңес беріп отыруы керек. 
Қорыта айтқанда тіл дамыту жұмысына қойылатын талаптар да оқушыға білім беру, іскерлікке үйрету 
және олардың білімін дамыту мақсаттарына бағынуы тиіс. Ана тілі сабағы арқылы тіл дамыту жұмысы- 
күрделі де шығармашылық процесс. Бала тілін дамытуда басты назар аударылатыны өз бетінше жұмыс 
жасау біліктерін қалыптастыруы болып табылады. Бастауыш мектепте ана тілін оқу сабағы арқылы 
және жаңа жүйелі оқу әдістері арқылы ізденгіш, зерттегіш, шығармашыл, проблеммаларды шеше 
алады, қиын жағдайларда тығырықтан шығу жолдарын таба білетін есейген, талғамы зор, білім мен 
тәлім-тәрбие бастамасын жүзеге асыруды өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастырудың 
нәтижесінен байқауға болады. Өздігінен ана тілді оқу барысында оқу материалының жүйелі түрде 
менгерту, граматикалық схеманы шешу, іздену, салыстыру, зерттеу, әртүрлі шығармашылық 
жұмыстарды өз бетінше жұмыс орындау барысында менгереді.
2. Көрнекті құралдары, сюжетті суреттерді оқыған шығармаға байланысты кейбір жекелеген заттардың 
суреттерін қолданады; 
3. Шығармадағы қиын сөздерді оқушыларға түсіндіріп отырады; 
4. Балалардың оқыған кітаптарынан қаншалықты жаңа білім алғандарын үнемі бақылап отыруы тиіс. 
Сондай – ақ кітап оқу нәтижесінде балалар қандай сөздерді жиі, қайсысын сирек қолданатындықтарын 
да басты назарда ұстауы қажетті нұсқау, ақыл-кеңес беріп отыруы керек. 
Қорыта айтқанда тіл дамыту жұмысына қойылатын талаптар да оқушыға білім беру, іскерлікке 
үйрету және олардың білімін дамыту мақсаттарына бағынуы тиіс. Ана тілі сабағы арқылы тіл дамыту 
жұмысы- күрделі де шығармашылық процесс. Бала тілін дамытуда басты назар аударылатыны өз 
бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыруы болып табылады. Бастауыш мектепте ана тілін оқу 
сабағы арқылы және жаңа жүйелі оқу әдістері арқылы ізденгіш, зерттегіш, шығармашыл, 
проблеммаларды шеше алады, қиын жағдайларда тығырықтан шығу жолдарын таба білетін есейген, 
талғамы зор, білім мен тәлім-тәрбие бастамасын жүзеге асыруды өз бетінше жұмыс жасау біліктерін 
қалыптастырудың нәтижесінен байқауға болады. Өздігінен ана тілді оқу барысында оқу материалының 
жүйелі түрде менгерту, граматикалық схеманы шешу, іздену, салыстыру, зерттеу, әртүрлі 
шығармашылық жұмыстарды өз бетінше жұмыс орындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет