Балаларды
өздері оқыған шығармаларына, олардағы кейіпкерлер іс-әректіне өзінше баға беруге
жетелейді.
Міне сондықтан да кітаптың атқарар қызметі орасан зор. Басқаша сөзбен айтқанда кітап-екінші
ұстаз. Кітап оқу арқылы бала бүкіл әлеммен, онда жасаушы адамдармен, олардың сан алуан қиялымен
және армандарымен, мінез құлқы, жан сырымен танысады. Солардан тағылым алады.
Олай болса
мұғалім барлық мүмкіншіліктерін, айла – тәсілдерін пайдалана отырып баланы кітап оқуға
қызықтыруға міндетті.
Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудағы басыт да өзекті үрдіс – сыныпта жүргізілетін оқумен
тығыз байланысты, яғни соның жалғасы сияқты болуы керек. Бұл байланыстылықты өзара
жымдастыра жүргізу мұғалімнің
әдістемелік шеберлігіне, қабілетіне қарай әр түрлі дәрежеде
жүргізіледі. Осыдан барып әр мұғалім сыныбы әр қилы дәрежелі білім деңгейін меңгеретіндігі шығады.
Қашанда ізденгіш балаларды жанымен жақсы көретін өзінің ұстаздық парызына адал
оқытушылардың шәкірттері ұқыпты да тәртіпті білімді болады.
Дәл осы арада сыныптан тыс жұмысты тек қана былай жүргіз, олай жүргізбе деп айтудың,
нұсқау берудің қажеті жоқ. Себебі, жоғарыда айтқандай әр мұғалімнің ұяты мен шеберлігі біледі.
Дегенмен сыныптан тыс оқылатын кітаптың жоспарлы оқу материалдарына сәйкестенуі, соны кеңейте
түсуі ескерілген жөн.
Кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру
Бастауыш сыныпта балалардың кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырудың тіл дамыту үшін
пайдасы аса зор. Мұндай дағдыны қалыптастыру үшін мұғалім:
1. Балалардың дұрыс айтқандарын мадақтап, қателерін түзетумен қатар олардың назарын сол
кітаптың мұқабасына, ішіндегі суреттеріне назар аударып отырады;
2.
Көрнекті құралдары, сþжетті суреттерді оқыған шығармаға байланысты кейбір жекелеген заттардың
суреттерін қолданады;
3. Шығармадағы қиын сөздерді оқушыларға түсіндіріп отырады;
4. Балалардың оқыған кітаптарынан қаншалықты жаңа білім алғандарын үнемі бақылап отыруы тиіс.
Сондай – ақ кітап оқу нәтижесінде балалар қандай сөздерді жиі, қайсысын сирек қолданатындықтарын
да басты назарда ұстауы қажетті нұсқау, ақыл-кеңес беріп отыруы керек.
Қорыта айтқанда тіл дамыту жұмысына қойылатын талаптар да оқушыға білім беру, іскерлікке үйрету
және олардың білімін дамыту мақсаттарына бағынуы тиіс. Ана тілі сабағы арқылы тіл дамыту жұмысы-
күрделі де шығармашылық процесс. Бала тілін дамытуда басты назар аударылатыны өз бетінше жұмыс
жасау біліктерін қалыптастыруы болып табылады. Бастауыш мектепте ана тілін оқу сабағы арқылы
және жаңа жүйелі оқу әдістері арқылы ізденгіш, зерттегіш,
шығармашыл,
проблеммаларды шеше
алады, қиын жағдайларда тығырықтан шығу жолдарын таба білетін есейген, талғамы зор, білім мен
тәлім-тәрбие бастамасын жүзеге асыруды өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастырудың
нәтижесінен байқауға болады. Өздігінен ана тілді оқу барысында оқу материалының жүйелі түрде
менгерту, граматикалық схеманы шешу, іздену, салыстыру, зерттеу, әртүрлі
шығармашылық
жұмыстарды өз бетінше жұмыс орындау барысында менгереді.
2. Көрнекті құралдары, сюжетті суреттерді оқыған шығармаға байланысты кейбір жекелеген заттардың
суреттерін қолданады;
3. Шығармадағы қиын сөздерді оқушыларға түсіндіріп отырады;
4. Балалардың оқыған кітаптарынан қаншалықты жаңа білім алғандарын үнемі бақылап отыруы тиіс.
Сондай – ақ кітап оқу нәтижесінде балалар қандай сөздерді жиі, қайсысын сирек қолданатындықтарын
да басты назарда ұстауы қажетті нұсқау, ақыл-кеңес беріп отыруы керек.
Қорыта айтқанда тіл дамыту жұмысына қойылатын талаптар да оқушыға білім беру, іскерлікке
үйрету және олардың білімін дамыту мақсаттарына бағынуы тиіс. Ана тілі сабағы арқылы тіл дамыту
жұмысы- күрделі де шығармашылық процесс. Бала тілін дамытуда басты назар аударылатыны өз
бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыруы болып табылады. Бастауыш мектепте ана тілін оқу
сабағы арқылы және жаңа жүйелі оқу әдістері арқылы ізденгіш, зерттегіш, шығармашыл,
проблеммаларды шеше алады, қиын жағдайларда тығырықтан шығу жолдарын таба білетін есейген,
талғамы зор, білім мен тәлім-тәрбие бастамасын жүзеге асыруды өз бетінше жұмыс жасау біліктерін
қалыптастырудың нәтижесінен байқауға болады. Өздігінен ана тілді оқу барысында оқу материалының
жүйелі түрде менгерту, граматикалық схеманы шешу, іздену, салыстыру, зерттеу, әртүрлі
шығармашылық жұмыстарды өз бетінше жұмыс орындау.
Достарыңызбен бөлісу: