5П236п тіс сүргілейтін жартылай автоматтың кинематикалық ҚҰрылымы және баптау машина жасау мамандығының студенттеріне «Металлкесу білдектері»



бет1/3
Дата17.07.2016
өлшемі2.59 Mb.
#204984
  1   2   3


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия, машина жасау және көлік факультеті
Машина жасау және стандарттау кафедрасы


5П236П ТІС СҮРГІЛЕЙТІН ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТЫҢ КИНЕМАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАПТАУ
Машина жасау мамандығының студенттеріне «Металлкесу білдектері» пәнінен №7 зертханалық жұмысын орындау үшін арналған әдістемелік нұсқаулар

(ЖОО ішінде қолдануға)

Павлодар

УДК 621.9.06(07)

ББК 34.63-5я7

Б48
С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңесі ұсынған


Рецензенттер:

магистр, аға оқытушы Қасенов А.Ж.


Құрастырушылар: И.А. Шумейко, С.Қ. Қошқаров, Д.А. Искакова
Б48 5П236П тіс сүргілейтін жартылай автоматтың кинематикалық құрылымы және баптау: Машина жасау мамандығының студенттеріне «Металлкесу білдектері» пәнінен зертханалық жұмыстарын орындау үшін арналған әдістемелік нұсқаулар (ЖОО ішінде қолдануға) / құрастыр. И.А. Шумейко, С.Қ. Қошқаров, Д.А Искакова – Павлодар, 2007. – 40 б.

Әдістемелік нұсқауда тісті шошақты доңғалақтың тістерін алудың принциптері мазмұндалған, қайсының негізінде білдектің құрылымдық және, одан әрі кинематикалық сұлбасы құрылған. Кинематикалық сұлбаның негізінде жүрістер параметрлерін есептеу мен күйлеудің әдістемесі мазмұндалған. Аунату әдісімен тісті шошақты дөңгелекті өңдеу үшін тіссүргілеуші жартылай автоматтың ерекшеліктеріне назар акценттелген.

Зертханалық жұмыс «Металлкесу білдектері» пәні бойынша алдын ала қарастырылған зертханалық жұмыстардың жалпы айналымының құрамды бөлігі болады.

УДК 621.9.06(07)

ББК 34.63-5я7

©Шумейко И.А., С.Қ. Қошқаров, Искакова Д.А., 2007

©

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2007



Кіріспе
Тісті шошақты берілістер машинажасауда кең қолданыс тапқан. Жоғары сапалы шошақты доңғалақтарды істеу тым күрделі міндет болады. Оның күрделілігі, бәрінен бұрын өзімен сақиналы төрткілдешті елестететін жасаушы кесетін аспап, қиялдағы жайпақ дөңгелек болатынында. Барлық есептеулер де және білдекті реттеу, нақты бардай жайпақ жасаушы дөңгелекпен жүргізіледі. Одан басқа, аталған жасаушы дөңгелектің қатысуымен, қалыптүзуші жүрістерден басқа, металкесу білдектеріне тән барлық қалған атқарушы жүрістер білдекте бір мезгілде орын алады, атап айтқанда: кірекесу, бөлу және көмекші жүрістер.

Әдістемелік нұсқауда қойылатын мақсат, студенттерді тісті шошақты доңғалақтарды аунату әдісімен кесу принціпін таныстыру және осы негізде студенттерге параметрлерді есептеудің, нақтылы тіссүргілегіш жартылай автоматта тісті шошақты дөңгелекті өңдеуге білдекті күйлеу мен реттеудің практикалық әдетін дағдыландыру.



1 Зертханалық жұмыстың мақсаты мен міндеті
1.1 Зертханалық жұмыстың мақсаты – шошақты тісті дөңгелектерді өңдеу үшін тіссүргілегіш жартылайавтоматтың жұмыс істеу принципін оқып білу, есептер жүргізу, білдекті күйлеу және реттеу.
1.2 Зертханалық жұмыстың міндеттері:

- осы әдістемелік нұсқауды оқып білу;

- жеке тапсырма алу және оқытушының не болмаса оқытушы шебердің көмегімен зертханада білдекпен танысу.

Ескерту: білдекті күйге келтіру мен реттеу жұмыстарының көлемі көп болуына байланысты және оларды орындаудың қиындығынан студенттер, оқытушы шебермен көрсетілген варианттардың ішіндегі біреуі бойынша, тек жеке элементтерді күйге келтіру мен реттеуін істейді.

- тісті дөңгелекке қойылған барлық өлшеулер мен талаптарды көрсетумен вариант бойынша (В қосымша) тетіктің нобайын орындау; Б қосымшасынан вариант бойынша кесілетін шошақты тісті дөңгелекті сипаттаушы барлық параметрлерді жазып алу;

- кесу жылдамдығының қозғалысын жасайтын кинематикалық топ бойынша, параметрлердің есептеуі мен талдауын істеу; кесуші аспапты реттеудің әдістемесін игеру;

- аунату қозғалысын жасайтын кинематикалық топ бойынша параметрлердің есептеуі мен талдауын істеу; кинематикалық тізбекті күйге келтіруді және бастапқы жайға қоюды орындау;

- бөлуді жасайтын кинематикалық топ бойынша есептеуін істеу және күйге келтіру мәрімін қоюды орындау;

- қажетті кірекесу қозғалысын қамтамасыз ету бойынша әрекеттерді орындау (өстік, бұрыштық бұйымның тұғырын қою және стөлді қою);

- тісті дөңгелекті варианттардың біреуі бойынша өңдеу;

- тіссүргілегіш жартылайавтоматтың жұмыс циклограммасын құру.
2 5П23П мод. тіссүргілегіш жартылайавтоматтың тағайындамасы және техникалық сипаттамасы
Білдек диаметрі 125 мм дейінгі және модулі 2,5 дейінгі тіктісті шошақты дөңгелектерді аунату әдісімен кесуге арналған. Ол Р9К10 жылдамкескіш болаттан екі тіссүргілегіш кескіштерімен (МЕСТ 5392-64) жұмыс істейді.

Білдек өндірістің кез келген түрінде қолданылуы мүмкін. Бірақ, оны шағын түйдекті өндірістік жайларда қолдану орынды.


Техникалық сипаттама
Кесілетін дөңгелектердің ең үлкен модулі, мм……………………….2,5

Кесілетін дөңгелектің бөлуші шеңберінің ең үлкен диаметрі, мм….125

Бөлуші шошақты жасаушының ұзындығы, мм

ең үлкені………………………………………………………………..63

ең кішісі………………………………………………………………….7

Тісті тәждің ең үлкен ені, мм…………………………………………...20

Құралкүймешіктің минуттегі қос жүрісінің саны

ең көбі…………………………………………………………………630

ең азы………………………………………………………………….160

Жылдамдықтар саны……………………………………………………..7

Басты қозғалыстың жетегінің қуаты, квт……………………………..1,1

Берілістер жетегінің қуаты, квт………………………………………..1,5

Гидравлика жетегінің қуаты, квт………………………………………1,5
3 5236П мод. тіссүргілегіш жартылайавтоматта тістерді кесудің принципі
Жасаушы элемент (кесуші аспап) ретінде жайпақ жасаушы дөңгелек (ЖЖД) қолданылады.

Жайпақ жасаушы дөңгелек – бұл бастауыш шошағының бұрышымен шошақты тісті дөңгелек (1,а сурет). Шошақ тісті дөңгелектердің ілінісінде оның тісті төрткілдештің цилиндрлі дөңгелектермен ілінісіндегідей мәні бар және шошақ тісті дөңгелектер үшін сақиналы төрткілдеш болады. Қалай түзу сызықты тісті төрткілдеш өзімен шегіне жеткен радиусты цилиндрлі дөңгелекті көрсетсе, сол мағынада сақиналы төрткілдеш шегіне жеткен шошақты дөңгелек () болады.

Жайпақ дөңгелектің радиусы ілесетін дөңгелектің бастауыш шошағын түзушінің ұзындығына байланысты. Кесілетін дөңгелекті жайпақтың бетімен аунату үрдісінде есептеу жолымен табылған аунату ауыстобының беріліс қатынасының есебінен осы дөңгелектердің бастауыш шошақтарының түзушілері дағдылы бір жерден шығады. Демек, деп жазуға болады, қайда - кесілетін дөңгелектің бастауыш шошағын түзушісінің ұзындығы.


кесілетін дөңгелек

(ЖЖД)

1 сурет
Оларды модулі мен тістерінің саны арқылы көрсетіп аламыз:
,
қайдан
,
мұнда - ЖЖД тістерінің есептелген сандары (бесінші таңбаға дейінгі дәлдікпен есептеледі).

- кесілетін дөңгелектің не болмаса тістегеріштің тістерінің саны (жетекші тісті дөңгелек тістегеріш болып есептеледі).

Егер тістегеріш пен дөңгелектің тістерінің және санымен екі жанасқан шошақты тісті дөңгелектердің өстерінің арасындағы бұрыш болса, онда жайпақ жасаушы дөңгелектердің тістерінің саны мына формуладан анықталады



Жайпақ жасаушы дөңгелектің тістерді жасаушы беттері, кесілетін дөңгелектің көршілес ойымдарында істейтін, екі сүргілеуші тістердің кесуші жиектерінің турасызықтық жүрісімен түзіледі (1,б сурет). Сақиналы төрткілдештің бастапқы нұсқасының пішінімен жасаушы дөңгелектің тістерінің пішіні жанасқандай, кескіштердің жиектері солай орналасқан. Шартты жұмсақ дайындаманы ЖЖД бетінде аунатқанда, онда эвольвентті пішінімен тістер жаншылып шығарылады (2 сурет).


2 сурет
Бағыттаушы жасаушы сызық (тістер пішіні) аунату берілісінің жүрісімен аунату әдісімен алынады, қайда ЖЖД айналуы, ал онымен үйлестірілген дайындаманың қозғалысы. Түзуші жасаушы сызық (тіс қалпының ұзындығы бойында) кесу жылдамдығының жүрісімен іске асатын ізі әдісімен алынады, қайда - кесілетін шошақты тісті дөңгелектің ойымының шошағын түзушінің бойымен кескіштердің ілгерілемелі ауыстырылуы. Сөйтіп білдектің кинематикалық құрылымы құрастырылған К23. Кесу жылдамдығының жай қозғалысын тудыратын бірінші кинематикалық топтың құрамына, ішкі байланыс (кескіштер құралкүймешіктерінің бағыттаушылары), күйге келтіру мәрімімен (3 сурет) сыртқы байланыс және қозғалыс көзі кіреді. Аунату берілісінің күрделі қозғалысын тудыратын екінші кинематикалық топтың құрамына, күйге келтіру мәрімімен ішкі байланыс, күйге келтіру құралымен сыртқы байланыс және қозғалыс көзі кіреді. ЖЖД кескіштің жылжығыш кесуші жиектері түрінде тек бір тісі бар болғандығына байланысты, онда дайындамада кезекті тісті кескеннен кейін ЖЖД бастапқы жайға қайтару қажет. Осы мақсатпен екінші кинематикалық топтың ішкі байланысына кері бағыт К кіргізілген. Білдек жұмысының айналымын басқару үшін жұдырықшаларымен үлестіруші білік (ҮБ) қолданылады.


ҮБ

К

3 сурет
Одан басқа, келесі тістерді кесу үшін, дайындаманың бөлгіш бұрылуын жүргізу қажет. Дәл бөлуді қамтамасыз ету үшін, аунату қозғалысын тудыратын кинематикалық топтың ішкі байланысында, бөлу ауыстобы бар. Қарастырылған құрылымның негізінде 5236П мод. тіссүргілеуші жартылай автоматтың кинематикалық сұлбасы қарастырылған (4 сурет), ол қозғалыс параметрлерінің мәндерін анықтау үшін қолданылатын болады.


4 Білдекті күйге келтіру мен реттеудің параметрлерін есептеу
4.1 кесу жылдамдығының жүрісін тудыратын кинематикалық топ

Бұл тұйықталмаған траекториясымен жай жүріс, сондықтан төрт параметрді күйлеу қажет: жылдамдық, бағыт, жол және бастапқы жай.

1) Траектория (түзу сызық) күйленбейді, өйткені кескіштер блогімен құралкүймешіктердің түзусызықты бағыттаушыларымен қамтамасыз етіледі.

2) Кесу жылдамдығын күйлеу (сыртқы байланыс). Қос жүрістің жиілігі формула бойынша есептеледі


қос жүр./мин.,
мұнда - кесу жылдамдығы, ол болаттан шошақты дөңгелектердің тістерін өңдегенде 10-12 м/мин тең қабылданады (біршама төмен жылдамдықтар қоспалы болаттан дөңгелектерді өңдегенде);

- тісті тәждің ені, мм;

- кескіштің өтіп кетуі, 8 мм тең қабылданады, еске сала кететін тістің қалың шеткі жағынан кескіштің шығуына 5 мм ұсынылады, ал жұқа шеткі жағынан 3 мм.

Түрлі-түсті металлдардан тісті дөңгелектерді өңдегенде кесу жылдамдығын м/мин тең қабылдауға болады. Кескіштердің қос жүрісінің есепті жиілігіне жету үшін күйлеудің формуласын анықтау. Күйге келтіру шарттары:


айн/минкескіш.қ.ж./мин,
мұнда - басты жүрістің электрқозғағышы роторының айналу жиілігі, айн/мин.

Кинематикалық баланстың теңдігі (КБТ) (4 сурет)


,
қайдан



Столды қайтару механизмі

Столды қайтару

Кері бағыттаушы құрамалы дөңгелек

айн/мин

4 сурет




5 сурет
Кесу жылдамдығының ауыстобын күйге келтіру үшін алмасу дөңгелектерінің жиынтығы: 31, 36, 41, 53, 59, 64, 69, 47. Кесу жылдамдығы ауыстобы тістерінің жалпы саны (5 сурет) тең болуы керек.

3) Бағытты күйге келтіру.

Кескіштерді орнынан ауыстыру бағыты қосиінді – бұлғақты механизммен қамтамасыз етіледі. Одан басқа, шошақты тісті дөңгелек тісінің шошақтығының бұрышын қою қажет, оның мәні тапсырманың вариантына сәйкес А қосымшасынан (28 п.) таңдалады. Бұл бұрыш 6 межелік бойынша кескіштердің құралкүймешіктерімен сегменттерді қою арқылы қамтамасыз етіледі (6 сурет).

Кескіштерімен құралкүймешіктерді тістің шошақтық бұрышына қою үшін 4 сомынды босату қажет (6 сурет) және, 3 квадратты бұрап отырып, 6 межелік бойынша қажетті бұрышқа қою. Құралкүймешіктерді қойғаннан соң сомынды тарту. Әр құралкүймешіктің бұрышын қою жеке жүргізіледі.

4) Жолға күйлеу.

Жоғарыда көрсетілгендей, кесілетін дөңгелектің енінен, кескіштердің жүру ұзындығын 8 мм артық беру ұсынылады. Кескіштердің жүру ұзындығын қою үшін алдыңғы тұғырдың 1 есігін ашу қажет (7 сурет), қайсында бөліктер түсірілген ұсақмодульді 2 муфтаның тіркеуін ағыту (8 сурет), кескіштер жүрісінің ұзындығына сәйкес оны тіркеу және 1 сомынмен тарту.

5) Кескіштердің бастапқы жайын күйлеу.

Кескіштердің бастапқы жайын күйлеу дайындама бойынша жүргізіледі, сондықтан ең алдымен оны бұйым тұғырының айналдырығында құралбілікке орнату қажет және гидравликалық қысқының көмегімен бекіту.




құралкүймешік

кескіштер блоғы

қысу бұрамасы

6 сурет
Одан әрі айналдырықтың тұғырымен 13 бұрылатын 14 тақта (7 сурет) кесілетін дөңгелектің өсіне қатысты ойым шошағының бұрышына бұрылады (3.4.2). Содан кейін бұйымның тұғыры өстік бағытта бұраманың 2 көмегімен артқа жылжытылады және керібағытты реттығынның басқару иінтірегінің 3 көмегі арқылы бұйым тұғырымен стол алдыңғы тұғырға 4 тірелгенше келтіріледі. Кескіштерге өстік бағытта, кескіштердің ұштары дайындаманың бетінен 1-1,5 мм қашықтықта болғандай бұйым тұғыры жылжытылады. Одан әрі сомынмен 1 (8 сурет) айналдырықты бұрап кескіштер шеткі жайларға қойылады. Кескіштерді тәжге қатысты қою үшін сомынды 1 босату қажет (6 сурет) және құралкүймешіктердің Т-тәрізді ойығы бойымен, кескіштердің тістерінің ұзындығы бойына кіруі мен шығуын (кірекесуі – 5 мм, өте шығуы – 3 мм) қамтамасыз етерліктей кескіш тұтқаларын жылжыту және сомынды 1 бекіту.

Одан басқа, мұнда сақиналы төрткілдештің негізгі нұсқасының тісін қоюды қарастыру қажет. Кескіштер, бүйірлік кесуші жиегі бойынша және бииктігі бойынша, бүйірлік кесуші жиектердің ұшының жүру траекториясы білдектің центрінде қиылысқандай қойылуы керек.




орталық жазықтық

7 сурет
Кескіштердің ұшы ауыстырылатын орталық жазықтық деп аталатын, жазықтықпен айналдырық өсінің қиылысу нүктесі білдектің центрі болады. Білдектің центрі столдың 15 сол жақ шеткі жайында бұрылатын тақтаның 14 айналу өсінде жатыр (7 сурет).

8 сурет
Білдектің столы қолсаппен 3 басқарылатын гидроцилиндрдің 16 көмегімен жақындатылады. Кесілетін тісті дөңгелекті өңдеу үрдісінде (аунатуда), ойымның шошағының түзушісі орталық жазықтықпен түйіскенде бөлгіш шошақтың төбесімен дәл келетін нүкте білдектің центрі болады. Кескіштерді қою келесі жүйелілікте аспаптар бойынша жүргізіледі:

- пішіннің бұрышын қою, бұйым тұғырының 2 айналдырығына орнықтырылатын бақылау құралбілігінің 1 (9 сурет) және бақылаушы кескіштің 3 көмегімен жүргізіледі. Реттеу, бақылау құралбілігінің «» жазықтығымен кескіштің кесуші жиегін қиыстырғанша, сынаның 4 көмегімен жүргізіледі. Бұл қою білдекті пайдаланудың ұзақ мерзіміне жүргізіледі, сондықтан оны орындау зертханалық жұмыста қарастырылмаған;

- кескіштерді биіктік бойынша қою. Бұл қою кескіштердің ұшын білдектің орталық жазықтығымен қиыстыруды қарастырады және сұлба (10 сурет) бойынша жүргізіледі. Бастапқыда кескіштерді қою үшін, аспап бақылау блогында индикатор бойынша нольге қойылады (10,а сурет), содан кейін кескіш тұтқасына орнатылады (10,б сурет). Кескіш индикатор нольді көрсеткенше кескіш тұтқасында жылжытылады. Кескішті қысқаннан соң қоюдың дұрыстығын тексереді. Осы әрекетті екі кескіштер үшін орындайды;

9 сурет
- кескіштерді бүйірлік кесу жиегі бойынша қою. Берілген қою өткендегіге ұқсас сұлба бойынша жүргізіледі (11,а және 11,б сурет). Кескіштің кесуші жиегінің жайын реттеуге бұраманың 1 босатылған жайында бұраманың 2 көмегімен жетеді (6 сурет).
4.2 Аунату берілісінің жүрісін тудыратын кинематикалық топ
Бұл тұйықталмаған траекториясымен күрделі жүріс (бір тістің пішіні), сондықтан жүрістің барлық бес параметрлерін күйге келтіру қажет.

4.2.1 Траекторияны күйге келтіру (тістердің пішінін). Ішкі байланыс (4 сурет).


КШ: 1 айн.ЖЖД→ дайындаманың айналымы

КБТ: 1 айн. ЖЖД



,
мұнда - аунату тізбесінің күйлеу мәрімінің (органының) берілістер қатынасы (12 сурет);

- жайпақ жасаушы дөңгелектің тістерінің саны;

- кесілетін тісті дөңгелектің тістерінің саны;

- бөлу тізбегі үшін, кинематикалық баланстың теңдігінен алынған, бөлу тізбегіндегі күйлеу мәрімінің берілістер қатынасы (4.3 бөлім).

Бақылаушы блок

Құралкүймешіктің табаны

Құралкүймешік

Кескіш тұтқасының сырғақшығы

Кескіш тұтқасы

Кескіш

10 сурет

Бақылаушы блок

Құралкүймешіктің табаны

Құралкүймешік

Кескіш тұтқасының сырғақшығы

Кескіш

Кескіш тұтқасы

11 сурет


12 сурет – Аунату тізбегінің алмасу тісті дөңгелектері
Оның мәнін орнына қоя отырып, және тиісті өзгерістер жүргізе отырып, кесімді түрде аламыз
,
мұнда - бөлуде өткізіп жіберілетін тістердің саны (бөлу жүрісін қара).

Ескерту: Берілістер қатынасының есептеулерін барлық келесі бөлімдер бойынша есептеулерді орындаған соң жүргізу керек.

Алынған беріліс қатынасы «Алмасу тістегеріштерін беріліс қатынасы бойынша іріктеп алу кестесі» бойынша алмасу дөңгелектерін іріктеп алумен қамтамасыз етіледі.

Іріктеп алу, тек бесінші таңбаға дейінгі дәлдікпен алынған мәні тісті алмасу дөңгелектерімен қамтамасыз етілетін болғанда, орындалады.

Аунату тізбегінің алмасу тісті дөңгелектері жапқыштың 5 астында тұрады (7 сурет). Ауыстобының тістегеріштерінің ілінісуінде тістердің арасындағы бүйірлік саңылауды 0,05 – 01 мм деп ескеру.

Аунату тізбегі мен бөлудің алмасу тістегеріштері:


24-30-31-33-34-36-37-39

40-41-42-43-44-46-47-48

50-52-53-54-56-58-59-60

61-62-63-64-66-68-69-70

71-72-73-74-75-76-78-79

80-82-83-86-89-90-91-93

94-97-100-101-104-109, барлығы 55 дана.
4.2.2 Аунату жылдамдығын (аунату берілісін) күйге келтіру.

Аунату берілісі жылдамдығының мәні білдектердің қарастырылатын типінде айналымның уақытымен, беріледі, яғни


,
мұнда - аунату (жұмыстық жүрістің) уақыты, с;

- бос жүрістің уақыты, с.

Соған байланысты, жұмыстың айналымын үлестіруші білік (ҮБ) басқарса, онда күйге келтірудің шарты келесі түрде көрсетілуі мүмкін


ҮБ айналымының бөлігі,
мұнда - жұмыстық жүріс уақытындағы ҮБ бұрылу бұрышы, (, білдектің паспортынан).
КБТ:
мұнда , мин-1.

Беріліс жүрісін тиристорлы жетегімен тұрақты токты электрқозғалтқыштан алып пайдаланады. Жұмыстың айналым уақытын анықтайын қозғалтқыштың айналу жиілігі 200 ден 2000 айн./мин. дейін сатысыз реттеледі және электрошкафта орналасқан межелік бойынша потенциометрдің тұтқасының көмегімен қойылады. Жұмыстық жүрістің уақыты және оған үйлесімді электрқозғалтқыш якөрінің айналу жиілігі 1 кесте бойынша алынады. Жоғары дәлдіктегі тісті дөңгелектерді өңдеу үшін кіші мәндері алынады, үлкен мәндері – төменгі дәлдіктегі және төменгі қаттылықты материалдан тісті дөңгелектер үшін. Электрқозғалтқыштың қабылданған айналу жиілігі тахометрмен өлшенеді.


1 кесте


Жұмыстық жүріс уақыты (с) потенциометр бойынша

Тахометрдің көрсетуі (айн./мин) беріліс электрқозғалтқышының

Бос жүрістің уақыты (с)

Айналымның жалпы уақыты (с)

53

43

35



30

25

20



15

12

10



8

6

5



200

250


300

355


425

535


710

900


1065

1330


1770

2000


5

5

5



4

4

4



3,5

3

3



3

3

3



58

48

40



34

29

24



18,5

15

13



11

9

8




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет