«5В050900»- «Қаржы» мамандығЫ Үшін



Дата19.07.2016
өлшемі168.5 Kb.
#208955


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті



3 деңгейлі СМЖ құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-18-4.1.- 35/01-2015



«Төлем жүйесі» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

№ 1 баспа 11.06.2015ж.


«5В050900»- «ҚАРЖЫ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН

«ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ» ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей

2015

Алғы сөз
1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ:

Құрастырушы:____________ 13.05.2015ж. Г.Шакаримова «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы

2. ТАЛҚЫЛАНДЫ:

2.1. «Қаржы» кафедрасының отырысында талқыланды және бекітілді


Хаттама № 10 13.05.2015 ж
«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., доцент ____________С. Ибраимова
2.2. Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды
Хаттама №5 13.05.2015ж
Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы __________ С. Тойкин

3. БЕКІТІЛДІ:

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді және басылымға жіберуге ұсынылды
Хаттама № 6 11.06.2015 ж
ОӘК төрайымы, оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша

проректор_____________ Г.Искакова


4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ

Мазмұны





1.

Пайдалану саласы




2.

Нормативті сілтемелер




3.

Жалпы ережелер




4.

Оқу пәнінің (модульдің) мазмұны




5.

Оқушылардың өздік жұмыстарына арналған тақырыптар тізімі




6.

Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы




7.

Әдебиеттер






  1. ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ

Берілген құжатқа сәйкес пән бойынша оқу процесін ұйымдастырудың негізгі процедураларын жүйелеп реттейді және «Қаржы» кафедрасында қолдануға ұсынылады.

«Төлем жүйесі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен 5В050900 – «Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған. Ол студенттерді курс мазмұнымен, оның көкейкестілігі және қажеттілігімен, курс саясатымен таныстырып, студенттердің оқу процесінде меңгеретін талаптары мен дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді. Оқу - әдістемелік кешен пәнді оқып үйренуде негізгі құрал болып табылады.


  1. НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

«Төлем жүйесі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені келесі құжаттардың ұсыныстары мен талаптарына сәйкес өнделген:

-5В050900 – «Қаржы» мамандығының Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты ГОСО РК 5.04.019-2011 Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Бұйрығымен бекітіліп, қолдануға енгізілген;

-Университет стандарты СТУ 042-РГКП-СГУ-8-2007 «ПОӘЖ әзірлеуге және нысанында келтірілген жалпы талаптар»;

- Құжаттық процедурасы ҚП 042-1.01.-2014 «ПОӘЖ құрылымы және мазмұны».
3.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1. Пәннің қысқаша сипаттамасы
«Төлем жүйесі» туралы ғылым банк ісі ғылымының арнайы бөлімі болып табылады.

«Төлем жүйесі» курсы қаржылық – банктік жүйе үшін жоғары мамандандырылған мамандарды дайындауда оқу пәндерінің ішінде маңызды орын алады.

«Төлем жүйесі» курсының пәні болып негізгі заңдық қызмет ету тенденциясы, Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің ұйымдастырылуы және принциптері мен Қазақстан Республикасының банктеріндегі есеп айырысудың ұйымдастыру формалары табылады.

Берілген курстың негізгі мақсаты төлем жүйесінің теориялық аспектісі, ақшалай, несиелік-есептік және төлемдік қатынастардың қызмет ету негіздері бойынша жиынтық білімді кешенді зерттеуге бағытталған.


3.2. Берілген курстың мақсаттары
-студенттерге коммерциялық банктердегі төлем жүйесінің теориялық аспектілері бойынша, банк жүйелерінің қызмет ету негіздері, банктің төлемдік және аударымдық жүйелерінің түрлері мен оларды жүзеге асыру әдістері бойынша біртұтас білім жүйесін қалыптастыру;

-пәннің мәнін және мазмұнын сипаттайтын терминологиялық ұғымдық ақпарат беру;

-барлық ұғымдардың өзара байланысын, олардың ішкі мазмұнын ашу.

3.3. Пәнді оқытудағы негізгі міндеттер
-студенттерге банктегі төлем жүйесінің ұйымдастырылу ерекшеліктері бойынша тиісті білім беру;

-нарықтық коньюктурамен байланысты шетелдік тәжірибені ескеріп, елдегі нарықтық экономикалық ерекшеліктерге сәйкес коммерциялық банктің төлем жүйесін жүзеге асырумен байланысты сұрақтарды шешумен байланысты практикалық дағдыны меңгеру.

-оларға банктік сферада қызмет ету үшін қажетті практикалық дағдыларды дарыту;

-банк қызметінің болашақ кәсіпқой мамандарына мүмкін болатын банктік жаңалықтар, интернет-технологиялар және басқаларды ескере отырып жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеу.


3.4. Пәнді оқу нәтижесінде студент:


  • банктердің қызмет етуі мен теориялық аспектісін, сонымен қатар қазіргі банктік тәжірибеде төлемдер мен аударымдардың жүзеге асыру әдістері мен нысандарын, сонымен қатар шарттары мен тәртібін оқып үйренеді;

  • өз бетінше экономикалық шешім қабылдау және талдау дағдысын, банк саласында практикалық дағдыларды меңгереді;

  • коммерциялық банктердегі төлемдер мен аударымдардың ұйымдастырылуын, соның ішінде ірі төлемдердің аударымдар жүйесі мен жеке төлемдердің аударымдар жүйесін, электрондық төлемдерді жүргізудің, ҚР-дағы банкаралық есеп айырысудың, қолма қолсыз есеп айырысулардың жүзеге асырылу тіртіптерін, сонымен қатар банк қызметіндегі төлем жүйесінің даму перспекиваларының теориялық аспектілерін меңгереді;

  • теорияда алған білімдерін практикамен ұштастыра білуді, банк жүйесінің қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін шараларды өңдеуді уйретеді;

  • «Төлем жүйесі» пәнінің экономикалық категорияларын, қазіргі заманғы ақша–несие, валюталық саясатын, банктегі төлемдер мен аударымдардың жүзеге асырырлуының негізгі ережелерін түсініп біледі;

  • коммерциялық банк қызметінің экономикалық категориялары, қаржылық нәтижелердің негіздері, валюталық төлемдік және аударымдық операциялараның жүзеге асырылу ерекшеліктерінің негіздері туралы, сонымен қатар коммерциялық банктер, банктік жүйе қызметтері және валюталық нарықтың қызмет ету негіздері және т.б. туралы түсінік алады;

  • өзіндік экономикалық ойлауды, талдау нәтижелерін қорытындылауды, тиімді шешім қабылдау бойынша шараларды өңдеуді үйреніп, практикалық дағдыда меңгеріп, банктік қызмет саласында ерекше арнайы білім алады.


3.5. Пререквизиттері: «Экономикалық теория», «Ақша, несие, банктер», «Қаржы».
3.6.Постреквизиттері: «Несие ісі», «Коммерциялық банктегі қаржылық талдау», «Банктік тәуекелдер».
3.7 - Оқу жоспарынан көшірме
Кесте 1- Оқу жоспарынан көшірме

Курс


Семестр

Кредит-тер

Дәріс

(сағат)


СПС (сағат)

ООӨЖ (сағат)

ОӨЖ (сағат)

Барлығы (сағат)

Қорытынды бақылау формасы

3

5

3

30

15

22,5

67,5

135

емтихан



  1. ОҚУ ПӘНІНІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ

2 кесте - Пәннің мазмұны. Сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлінуі






Тақырып мазмұны

Сағаттар саны

Дәрістер

1

Модуль 1.Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің қалыптасуы және қазіргі кездегі жағдайы

Тақырып 1. Мемлекеттің төлем жүйесін ұйымдастырудың принциптері мен формалары.


Мемлекеттік төлем жүйесі түсінігі және оның негізгі критеийлері. Мемлекеттің төлем жүйесін ұйымдастыру және функциялаудағы мемлекеттің орталық банкінің ролі. Мемлекеттік төлем жүйесін функциялау сұрақтарын реттейтін заңды және нормативті актілер. Төлем жүйесінің негізгі қатысушылары. Төлем құралдарының сипаттамасы. Төлем жүргізудің механизмдері. Мемлекеттің төлем жүйесінің негізгі принциптері.

2

2

Тақырып 2. Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің құрылуы және дамуы.


Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің 1993 ж. дейінгі жағдайы: СССР Мембанкі мекемелері арасындағы филиаларалық айналымдардың счеттар жүйесін қолдану және оның мемлекеттік мамандандырылған банкілергі (1998-1990 жж.) таратылуы. ЕКО құрылуы: тура есептер жүйесін енгізу; 1992 ж. төлем өтемеу дағдарысы және оны жену бойынша өкіметтің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қолданған шаралары. Банктік жүйені реформалау бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі өзгертулер және ұзақмерзімді төлем жүйесін енгізу. Алматы клирингтік палатаның құрылуы. «КУБАЖ» Ұлттық банкінің облыстық басқарма қызметінің кешенді автоматизация жүйесінің құрылуы. Банктердің жұмысқа бірыңғай корсчет арқылы ауысуы. Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы, оның ұйымдастырушылық құрылымы.

4

3

Тақырып 3. Қазақстан Республикасының қолма –қолсыз есеп айырысу жүйесі.


Ақша аудару және төлемдерін жүргізудің негізгі әдістері туралы 1998 ж. 29 маусымнан «Ақша аударымы және төлемдері туралы» Қазақстан Республикасының заңы. Төлем құжаттарының түрлері және олардың мазмұны.

2000 ж. 25 сәуірде Ұлттық Банк басқармасымен бекітілген Қазақстан Республикасының территориясында қолма-қолсыз ақша аударымы және төлемдерін жүргізілу және төлем құжаттарын қолдану Ережелеріне сәйкес қолма-қолсыз есеп айырысудың негізгі формаларының жіктелуі. Есеп айырысу формаларын жекелеме қолдану әдістері: төлем тапсырмасын, төлем талап тапсырмасын, инкассалық тапсырыстар. Қазақстан Республикасының территориясында чектер қолдану ережелері. Есеп айырысудың вексельдік формасы. Төлем карточкасын қолданып төлем жүргізу. Қолма-қолсыз есеп айрысуды іске асыру процесіндегі бақылау. Нарықтық экономика жағдайындағы есеп айырысу қарым-қатынастарын жетілдіру міндеттері.



4

4

Модуль 2. Қазақстан Республикасының ақшалай қаражаттарды аударудың электрондық жүйесі.

Тақырып 4. Банкаралық есеп айырысулар және оларды іске асыру тәртібі.

Банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі: Орталықтан-дырылған және орталықтандырылмаған. Корреспонденттік есеп ашу тәртібі. Корреспонденттік қарым-қатынас орнату жолымен Қазақстан Республикасының банктерінде есеп айырысуларды жүргізу. Бірыңғай корреспонденттік есеп арқылы банктердің есеп жүргізу тәртібі.

Банкаралық қатынастардың халықаралық тәжірибесі. Банкаралық қатынастардың жаңа технологиялары: электрондық төлемдер; «Клиент-банк» жүйесі.


4

5

Тақырып 5. Ірі төлемдердің аударымдар жүйесі.

Жиынтық негізінде есеп айырысу негізгі (брутто-есеп айырысу), оларды іске асырудың негізгі принциптері. Ірі төлемді төлемді аудару жүйесінің негізгі модельдері: Швейцариялық банк жүйесі, Fedhire (АҚШ) жүйесі, Жапония Банкінің қаржылық жүйесі, АҚШ-тың CHIPS жүйесі.

Ірі төлемдер аударудың Қазақстандық жүйесі, оны функциялаудың негізгі принциптері. Жоғары беделді төлемдер түсінігі, беделдік кодтары. Төлем орындалу тәртібі және оларды аяқтау үшін қолданушыға несие ұсыну.

ҚР-дағы ірі сомада аударымдар жүйесінің артықшалақтары мен кемшіліктері.



6

6

Тақырып 6. Жеке төлемдер жүйесі.

Нетто-есеп айырысу немесе таза негізде есеп айырысу түсінігі. Клиринг негізі. Клирингтің объектілері және қатысушылары. Клирингтік операциялар-дың жіктелуі. Қазақстан Республикасын-дағы банкаралық клиринг: құрылуы және дамуы. Республикалық банкаралық клиринг жүйесінің құрылуы.

Банкаралық клиринг қатысушысының бедел алу тәртібі. Клиринг жүргізу механизмі. Клирингтік палатаның операциялық күні: 1 период-клирингтік сеанс, 2 период – қатысушылардың таза позицияларын реттеу. Операциялық күнді аяқтау. Банкаралық клиринг жүйесіндегі тәуекелдерді басқару. Бөлшек және ірі төлем жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы.


2

7

Тақырып 7. Ақшалай қаражаттарды аударудың электрондық жүйесі.

Банк операцияларының электронды жүйелердің негізгі түрлері: банктік хабарламалар жүйелері және есеп айырысу жүйелері; пакеттік жүйелер және нақты уақыт тәртібінде жұмыс істейтін жүйелер.

Электрондық төлем құжаты түсінігі. Электронды сандық жазу. Хабарды электронды тәсілмен беру. Қаупсіздік процедуралары. SWIFT электронды төлем жүйесіне сипаттама.

Western Union және Money-Gram ақшалай аударымдар жүйелері.



4

8

Тақырып 8. Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің даму перспективалары.

Қызмет етуші төлем жүйесін жетілдіру жолдары: ІТЖ-ға овердфрофт ұсыну мүмкіншіліктері; ЖТЖ ары қарай дамыту; төлем карточкаларының ұлттық жүйесін құру; есеп айырысудың вексельдік формасының дамуы.

Евразиялық мемлекеттер қауымдас-тығының жалпы төлем жүйесін құру басымдылықтары; трансшекаралық төлем жүйелерінің ұсынатын үлгілері


4

Практикалық сабақтар

1

Модуль 1.Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің қалыптасуы және қазіргі кездегі жағдайы

Тақырып 1. Мемлекеттің төлем жүйесін ұйымдастырудың принциптері мен формалары.


1.Мемлекеттің төлем жүйесі түсінігі мен негізгі критерилері.

2.Төлем жүйесінің негізгі қатысушылары.

3.Төлем құралдарының түрлері.

4.Төлем жүйесінің принциптері мен механизмдері.



1

2

Тақырып 2. Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің құрылуы және дамуы.


    1. ға дейінгі төлем жүйесінің жағдайы.

2.Алматы клирингтік палатасын құру.

3.ҚР төлем жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы.

4.ҚР төлем жүйесінің қазіргі жағдайы.


2

3

Тақырып 3. Қазақстан Республикасының қолма –қолсыз есеп айырысу жүйесі.


1.Төлем құжаттарының түрлері мен олардың мазмұны.

2.Ақшасыз есеп айырысудың негізгі формаларының жіктелуі.

3.Векселдік және аккредитивтік есеп айырысу формалары.

4.Пластикалық карточкаларды пайдаланумен төлемдер.



2

4

Модуль 2. Қазақстан Республикасының ақшалай қаражаттарды аударудың электрондық жүйесі.

Тақырып 4. Банкаралық есеп айырысулар және оларды іске асыру тәртібі.

1.Банкаралық есеп айырысуларды ұйымдастыру тәртібі.

2.Корреспонденттік шоттарды ашу тәртібі.

3.Бірыңғай корреспонденттік шоттар арқылы банктік есеп айырысуларды жүргізу тәртібі

4.Банкаралық қатынастардың жаңа технологиялары.


2

5

Тақырып 5. Ірі төлемдердің аударымдар жүйесі.

1. Брутто-есептесулерді жүзеге асыру мазмұны мен принциптері.

2.Ірі төлемдерді аудару жүйесінің негізгі моделдері.

3.Ірі төлемдерді аударудың Қазақстандық жүйесі және олардың негізгі қызмет ету принцитері.

4.ҚР ірі сомаларды аудару жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері.


2

6

Тақырып 6. Жеке төлемдер жүйесі.

1.Клиринг мазмұны, объектілері мен қатысушылары.

2.Республикалық банкаралық клиринг жүйесін құру.

3.Клирингті өткізу механизмі.

4.Банкаралық клиринг жүйесіндегі тәуекелдерді басқару.


2

7

Тақырып 7. Ақшалай қаражаттарды аударудың электрондық жүйесі. 1.Банктік хабарламалар мен есеп айырысу жүйелері.

2.Электрондық төлем құжаты түсінігі.

3.SWIFT электронды төлем жүйесіне сипаттама.

4.Western Union және Money-Gram ақшалай аудару жүйелері.



2

8

Тақырып 8. Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің даму перспективалары.

1.ІТЖ-ға овердфрофт ұсыну мүмкіншіліктері.

2.Төлем карточкаларының ұлттық жүйесін құру.

3.Есеп айырысудың вексельдік формасының дамуы.

4.Трансшекаралық төлем жүйелерінің ұсынатын модельдері.


2



5. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІМІ
1.Мемлекеттік төлемдік жүйе туралы түсінік және оның негізгі критеийлері.

2. Төлем құралдарына мінездеме.

3. Ірі төлемдер аудару жүйесінің негізгі моделі.

4. Облыстық басқарудағы «КУБАЖ» Ұлттық банктің жиынтық автоматтандыру жүйесі қызметінің құрылуы.

5. Ұйымдағы мемлекеттік Орталық банктің рөлі және қызмет ететін төлем жүйесі.

6. Қолма-қол емес есеп айырысудың негізгі формаларының классификациясы.

7. Банктік операцияның электрондық жүйесінің негізгі түрлері.

8. Western Union және Money-Gram ақша аударым жүйесі.

9. Заңдылық және нормативтік актілер, мемлекеттік төлем жүйесі қызмет ететін реттеуші сұрақтар.

10. Корреспонденттік шоттық ашылу тәртібі.

11. Алматылық клирингтік палатаның құрылуы.

12. Электрондық төлемдер.

13. Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы

14. Төлем карточкасын қолдану арқылы төлемдерді жүзеге асыру.

15. Халықаралық банктік есеп айырысу ұйымының тәртібі.

16. SWIFT электрондық жүйесінің негізгі міндеттемесі.

17. Төлем механизмінің жүзеге асуы.

18. Инкассалық басқарумен есеп айырысу.

19. ҚБЕО мен тұтынушының келісім шартқа отыру тәртібі.

20. Вексельдік есеп айырысу формасы.

21. Төлемдік жүйесінің негізгі қатысушылары.

22. Чекпен есеп айырысу.

23. Клиринг механизмін жүргізу.

24. Төлем карточкаларының ұлттық жүйесін құру.


6. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТIЛУ КАРТАСЫ
Кесте 3 - Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етiлу картасы


Оқулық және оқу-әдiстемелiк құралдарыны» атауы.

Кiтапханадағы саны

Студенттер саны

Қамтылу пайызы, %

1. Платежная система : структура, управление и контроль, Под ред. Б.Саммера, МВФ, 1994

5

1

100

2.Познякова Л.А. Основные платежные системы России, стран Западной Европы, США и Японии, М., 1998 г.

4

1

100

4. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Алматы «Экономика», 2001 ж.

10

1

100

5.Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, Алматы: Қазақ университеті , 2000 ж.

7

1

100

6.Мақыш С.Б. Қаржы және несие, Алматы: Қазақ университеті , 2000 ж.

10

1

100

7.Мақыш С.Б. Ақша, несие, банктер, Алматы: Қазақ университеті , 2000 ж.

8

1

100

8.Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары, Алматы: Қазақ университеті 2004 ж.

10

1

100

9.Ілияс А.Ә., Сәулембекова Ә.К. Төлем жүйесі: теория және практикасы: Оқу құралы.-Алматы:Экономика, 2007.-138 бет.

9

1

100

10.Масалимова С.Ж., Шакаримова Г.М., Абылкасымова Ж.А., Жұртыбаеыва И.С. Төлем жүйесі: Оқу құралы.-Семей, 2012ж. -128 бет.

5

1

100


7.ӘДЕБИЕТТЕР
«Төлем жүйесі» курсын оқу барысында заңдылықтар мен оқу әдебиеттері маңызды орын алады. Төлемдер мен аударымдар банк қызметтерінің бірі болып табылады, сондықтан «Төлем жүйесі» пәнін оқу барысында нарықтық экономиканы, соның ішінде банктік секторды жетілдіру бағыттарын анықтайтын заңдылық органдардың шешімдерін сүйеніп, нарық жағдайында экономиканы басқарудың тиімді әдістерін меңгеру қажет. Сәйкесінше «Төлем жүйесі» курсы Қазақстан Республикасының Парламентінің, Үкіметінің, Мемлекеттік реттеу және қадағалау органдарының төменде көрсетілген заңдылық актілеріне сүйенеді.

7.1. Заңдылық актілер

7.1.1. 12 қараша 1993 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы.

7.1.2.«Банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Заңы, 31.08. 1995 ж.

7.1.3.«ҚР-ның Ұлттық банкі туралы» ҚР Заңы, 30.03 1995 ж.

7.1.4. «Валюталық реттеу туралы» ҚР Заңы, 24. желтоқсан 1996, №54-1 (09.07.98, 16.07.99, 30.01.01 өзгерістер енгізілді);

7.1.5. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР Заңы, 2 шілде 2003 ж.

7.1.6.Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу тәртібі. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Басқармасымен бекітілген, 24.11.94.,№88 (03.07.2001 өзгерістер енгізілді);

7.1.7.«Қазақстан Республикасындағы векселдік айналым туралы» ҚР Заңы, 28.04.1997

7.1.8. «ҚР ақшалай жүйесі туралы» ҚР Заңы, 13.12.1993

7.1.9.Қазақстан Республикасындағы экспорттық-импорттық валюталық бақылауды ұйымдастыру туралы инструкция. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Басқармасының Қаулысымен бекітілген


7.1.10.Банкаралық есеп айырысуларының Қазақстандық орталығымен ірі төлемдер жүйесінде есеп айырысуларды жүргізу тәртібі, ҚР-ның Ұлттық банкінің Басқармасымен бекітілген, 29.08.98., №200

7.1.12. «Пруденциалдық нормативтер туралы» ереже, Қазақстан Республика-сының Ұлттық банкінің Басқармасымен бекітілген, 27.10.97.,№380


7.1.13. Банкаралық жүйеде ақшаларды аудару тәртібі, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Басқармасының Қаулысымен бекітілген, 21.11.98., №242

7.1.14. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің векселдерді есепке алу тәртібі, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Басқармасының Қаулысымен бекітілген, 15.11.99., №396

7.1.15. Қазақстан Рсепубликасында ақшалай төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезінде электрондық құжаттарды пайдалану тәртібі, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Басқармасының Қаулысымен бекітілген, 21.04.2000, №146

7.1.16.Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану тәртібі, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Басқармасының Қаулысымен бекітілген, 24.08.2000, №331

7.1.17.ҚР Ұлттық банкінің жылдық есеп берулері.

7.2 Негізгі әдебиеттер:




7.2.1 Хамитов, Н.Н. Банковское дело: Курс лекций.-Алматы,2005

7.2.2 Кошенова Б.А. Акша, несие, банктер, валюта катынастары. - А-ты, 2007

7.2.3 Деньги. Кредит. Банки./ Ред. Лаврушин - М., 2007

7.2.4 Финансы. Денежное обращение. Кредит./ Ред. Дробоздина.- М.,2007

7.2.5 Ілияс А.Ә., Сәулембекова Ә.К. Төлем жүйесі: теория және практикасы: Оқу құралы.-Алматы:Экономика, 2007.-138 бет.

7.2.6 Мнацаканян А.Г. Деньги и кредит. - Калининград, 2007

7.2.7 Селюков А.Д. Гос. и муниципальный кредит. - М., 2007

7.2.8 Финансы, денежное обращение, кредит. - М., 2007

7.2.9 Деньги. Кредит. Банки./ Ред. Лаврушин - М., 2007

7.2.10 Финансы. Денежное обращение. Кредит./Дробозина.–М,. 2007

7.2.11 Свиридов О.Ю. Деньги, кредит, банки. – М., 2007

7.2.12 Родзинский Ю.Л. Банковская деятельность: Регулирование и надзор. - Спб, 2007

7.2.13 Ғ. Сейтқасымов, Ж. Бекболатұлы, С.Кәрімжанов Қазақстанның банк жүйесі. Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2008.-186б.

7.2.14 Финансы, денежное обращение, кредит/В.К. Сенчагова.–М.,2008

7.2.15 Егоров Е.В. и др. Маркетинг банковских услуг. - М.,2008

7.2.16 Сазанов С. Банковский менеджмент в условиях межгосударственных интеграций. - А-ты, 2009

7.2.17 Баишев Б.К. Ипотечный кризис в США и его влияние на финансовый рынок Казахстана // Банки Казахстана. 2009. - № 2. – С.26.

7.2.18 Яковлев В.А. Экономические подходы к повышению устойчивости банковского сектора // Финансовый менеджмент. 2010. - № 3. – С.8.

7.2.19 Бахмутова Е. Регулирование будет выстраиваться с учётом уроков финансового кризиса // Банки Казахстана. 2011. - № 1. – С.13.

7.2.20 Токсанбаева А.М., Ким К.В. Использование кредитных деривативов в современной практике риск-менеджмента // Банки Казахстана. 2011. - № 3. – С.40.

7.2.21 Кляхина И. Стратегия развития платёжной системы Казахстана в условиях глобализации // Финансы Казахстана.-2013.-№5-6.-с.78.

7.2.22 Белоусова А.С., Особенности фунционирования систем международных денежных переводов в Республике Казахстан. Банки Казахстана.2014.- №6.-С.2.

7.2.23 Курбанов Б.С. Макропруденциальное регулирование как мсеханизм обеспечения финансовой стабильности. // Банки Казахстана. 2014.-№14.-С.5.

7.2.24Айтлеуова З.Б. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы екінші деңгейлі банктердің қызметі.// Банки Казахстана. 2014.- №7.-С.33-35.

7.2.25 Джанайдаров Е.Б. Разработка региональной стратегии развития лизинговых компаний в Республике Казахстан. Банки Казахстана.2014. - №1.-С.8.

7.2.26 Рамиева К.С. Совершенствование законодательства РК в сфере лизинговых отношений. Банки Казахстана.2014.- №7.-С.20.

7.2.27Ақша, несие, банктер: Оқу құралы. – 2-басылым / С.Ж. Ибраимова, К.Е.Хасенова, А.К. Ибраева, Курманбекова Г.А. Омарова А.К. - Семей, 2015 ж.

7.2.28 Төлем жүйесі: Оқу құралы.- 2-басылым / Ибраимова С.Ж., Акишева Д.М.,Омарова А.К., Нурмадиева Г.Д., Токсеитова А.С.– Семей, 2015 ж.

7.2.29 Коммерциялық банктерді қаржылық талдау: Оқу құралы.- 2-басылым / С.Ж.Ибраимова, К.Е. Хасенова, Г.М. Шакаримова, Д.М. Акишева, А.К. Омарова , – Семей, 2015 ж.


7.3.Қосымша әдебиеттер


7.3.1 Долан Э.Дж. Деньги, банковское дело и ден. - кредитная политика. – М., 1996

7.3.2 Деньги. Кредит. Банки./ Ред. Сейткасимов – А-ты,1996

7.3.3 Банковское дело : Уч. / Под ред. Колесникова В.И. – М., 1996

7.3.4 Банковское дело :Уч./ Под ред. Сейткасимова Г.С.. – Алматы, 1998

7.3.5 Кредиты, займы, ссуды. - М., 1998

7.3.6 Банковское дело :Уч./ Под ред. Сейткасимова Г.С.. - Алматы, 1998

7.3.7 Ақша, несие, банктер. Ред. Ғ.Сейтқасымов. - А.,2001



7.3.8 Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.


































Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет