5В060100 – «Математика», 5В060200 – «Информатика», 5В060300 – «Механика», 5В070500 – «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандықтарына арналған



Дата06.03.2016
өлшемі28.07 Kb.
#44738
5В060100 – «Математика», 5В060200 – «Информатика»,

5В060300 – «Механика», 5В070500 – «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандықтарына арналған

«Математикалық анализ» пәні бойынша

Тест спецификациясы

1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тест «Математикалық анализ» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:



Мазмұны

Тапсырмалар саны


1

Кіріспе. Сандық жиынның жоғарғы және төменгі шекаралары. Жиындардың бірігуі, қиылысуы, айырмасы, симметриялық айырмасы.

3

2

Сандық тізбектер. Монотонды тізбектер, e саны. Тізбектің жоғарғы және төменгі шектері. Тізбек жинақтылығының Коши критерийі.

3

3

Функцияның шегі. Функция шегі. I және II тамаша шектер.

3

4

Функцияның үзіліссіздігі. Функцияның нүктеде үзіліссіздігі. Үзіліс нүктелерінің классификациясы.

4

5

Дифференциалдық есептеулер. Туынды. Дифференциалданатын функциялар, дифференциал. Күрделі функцияның туындысы. Негізгі элементар функциялар туындысының таблицасы. Жоғарғы ретті туындылар мен дифференциалдар. Лейбниц формуласы.

4

6

Дифференциалдық есептеулердің негізгі теоремалары. Анықталмағандықтарды ашу. Лопиталь ережесі. Тейлор теоремасы. Функцияны толық зерттеп графигін салу.

4

7

Анықталмаған интеграл. Алғашқы функция, анықталмаған интеграл. Интегралдау негізгі әдістері: айнымалыны ауыстыру, бөліктеп интегралдау. Рационал функцияларды интегралдау, Эйлер алмастырулары, дифференциалдық биномды интегралдау және тригонометриялық функцияларды интегралдау.

4




Бiр нұсқадағы тест тапсырмаларының саны

25


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Математикалық анализ 1 пәні бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет