5В072300 – Техникалық физика мамандығына арналған


Тоңазтқыш қондырғы жүйесіндегі конденсацияланбайтын газдардың құрамын анықтау және АВ-2 автоматты ауаны тоңазтқыштың жұмыс эффективтілігін зерттеу



бет15/18
Дата09.06.2016
өлшемі3.45 Mb.
#124727
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

3.2 Тоңазтқыш қондырғы жүйесіндегі конденсацияланбайтын газдардың құрамын анықтау және АВ-2 автоматты ауаны тоңазтқыштың жұмыс эффективтілігін зерттеу

Конденсацияланбайтын газдардың жинақталуы әрдайым тоңазтқыш қондырғының сызықты ресиверінде және конденсаторында жүреді. Бұндай аппарттарды конденсацияланбайтын газдардың болуы конденсация қысымын арттырады, компрессор пайдаланатын электр энергия шығынын арттырады, конденсатордағы жылуалмасуды нашарлатады.

Жүйеден конденсацияланбайтын газдарды алып тастауға арналған бірнеше аппараттар бар, соның ішінде ең тиімдісі АВ-2 типті автоматты ауаны тоңазтқыш. Мөлшері мен салмағы аз болып келетін бұндай аппараттар тоңазтқыш қондырғының эксплуатациялану шартын жақсартады, оның жұмысының үнемділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Жұмыс мақсаты:

Жұмыстың негізгі мақсаты жүйедегі конденсацияланбайтын газдардың проценттік құрамын анықтаудың әдісімен танысу және АВ-2 ауаны тоңазтқыштың жұмыс эффективтілігін зерттеу, компрессор мен тоңазтқыш қондырғылр пайдаланатын электр энергия шығынын есептік жолмен анықтау.


Зертханалық қондырғы схемасының сипаттамасы:

Зертханалық жұмыс аммиакты тоңазтқыш қондырғыда жүргізіледі. Қарапайымдатылған зертханалық қондырғы схемасында (3.5 сурет) сызықты ресивер-конденсатордың түйіні көрсетілген. Конденсацияланбайтын газдарды алып тастау үшін автоматты ауаны суытқыш АВ-2 қолданылған. Ауалы-аммиакты қоспаны ауаны суытқышқа таңдау вентильден 9 сызықты ресиверде жүзеге асырылады. Суық тоңазтқышқа сұйық аммиакты беру және конденсатты суық тоңазтқыштан алу 6 және 7 құбырөкізгіштер арқылы жүзеге асады. Конденсацияланбайтын газдарды шығару бачоктағы су деңгейі бойынша жүзеге асырылады.



3.4 сурет – АВ-2 ауатоңазтқышты қосу схемасы
Ауалы-аммиакты қоспадан конденсацияланбайтын газдардың проценттік құрамын анықтау үшін Зергер пипеткасы қолданылады. Үлгілерді таңдаған кезде пипетканың бір ұшы вентильді шлангының резіңкесімен байланыстырылады. Үлгілерді таңдау 10 және 4 вентилдер арқылы жүзеге асады, және 4,5 вентильдер АВ-2 ауаны тоңазтқыштан конденсацияланбайтын газдарды шығару сызығында орналасады. Ауалы-аммиакты қоспаның қысымы таңдалған үлгілер вентильдерінің қасында орналасқан үлгілік монометрдің көмегімен өлшенеді.

Жұмыс көлемі тұрады:

1) қондырғы схемасымен, үлгілерді таңдау құралымен, бақылау журналымен, сынауды өткәзу әдістерімен және сынақ нәтижелерін өідеумен танысу;

2) ережелерге сай ауалы-аммиакты қоспаны таңдау, қоспадағы компоненттердің көлемдік құрамын анықтау;

3) компрессор пайдаланған электр энергия шығынын есептік жолмен алу, сынақ нәтижелерін өңдеу.
Жұмысты орындау реті:

1 Техникалық қауіпсіздік ережесімен, ауалы-аммиакты қоспадан үлгілерді таңдау ережесімен танысу, конденсацияланбайтын газдың құрамын анықтау әдісімен, сынақтарды өткізу әдісімен және сынақ нәтижелерін өңдеу әдістерімен танысу.

2 Зертханаға қажет құралдардығ ыдыстарды, реактивтерді тексеру және дайындау. Пипетка көлемін V анықтау.

3 Ауалы-аммиакты қоспа үлгілерін таңдайтын жерлермен танысу. Пипетканы ауалы-аммиакты қоспа вентильіне қосу, үлгіні алу. Үлгілерді таңдаған кезде үлгіні таңдау жерінде қоспаның қысымын рсм, монометр бойынша конденсация температурасын және қоспаның сәйкес қысымын тіркеп отыру керек.

4 Таңдалынған үлгіде конденсацияланбайтын газдар мен аммиактың көлемдік құрамын анықтау.

5 Ауаны тоңазтқыштан конденсацияланбайтын газдар шығарылатын сызықта ауалы-аммиакты қоспа вентиліне пипетканы қосу, ауаны тоңазтқыштан конденсацияланбайтын газдар шығарылған кезде үлгіні алу.

6 Таңдалған үлгіде конденсацияланбайтын газдар мен аммиактың құрамын анықтау.

7 Алынған көлемдік концентрациялардың мәндерін салмақтық мәндерге ауыстыру. Есептік жолмен аммиак буының парциальді қысымнын ра және осы қысымға сәйкес келетін таза аммиак конденсациясының температурасын t анықтау.

8 Таза агент конденсациясы температурасымен салыстырғанда конденсацияланбайтын газдар болған кезде температура артуының сандық мәнін анықтау және компрессор қолданатын электр энергия шығынын анықтау.

9 Ауаны суытқыштан кейінгі және дейінгі таңдалған үлгілер үшін ауалы-аммиакты қоспадағы аммиактың концентрациясымен салыстыра отырып, ауаны суытқыштың эффективтілігін бағалау. Конденсацияланбайтын газдар шығарылатын сызықта орналасқан үлгілік монометр бойынша ауаны суытқыштан ауаның шығарыла бастауына сәйкестендіріп ауалы-аммиакты қоспаның минимальді қысымын рсм тіркеу.

10 Сынақ мәліметтері мен олардың өңделу нәтижелерін бақылау журнлына енгізу (3.5 кесте).
3.5 кесте- Бақылау журналы

Ауалы-аммиакты қоспаның қысымы рсм в кгс/см3

Монометр бойынша қоспа конденсациясының температурасы tсм, 0С

Аммиак буының концентрациясы

Конденсацияланбайтвн газдар концентрациясы

Аммиак буының парциальді қысымы pa , кгс/см2

Таза агенттің конденсация температурасы t

Температуралар айырымы tсм - t

көлемдік ra

салмақтық ga

көлемдік rв

салмақтық gв

%

0C
























































Аммиакты тоңазтқыш қондырғыда инертті газдардың көлемдік құрамын анықтаған кезде үлгілерді тңдау ережелері.

1 Суда көмір қышқылының ерітіндісін дайындау. 500 см3 суға меншікті салмағы 1,84 кг/л болатын 2 см3 көмір қышқылы алынады. Ерітінді ақырындап әйнек таяқшамен араластыру керек. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін келесідей талаптарды қатаң орындау керек: көмір қышқыл ерітіндісін дайындаған кезде суды көмір қышқылына құймау керек; көмір қышқылын қосқан кезде оқыс қозғалыстардан сақтану керек.

2 Пробирканың екі жақ ұшына резіңкелі шлангты тығыздап кигізу керек.

3 Резіңкелі шлангтың еркін ұшын накидты гайка көмегімен аулы-аммиакты қоспа жүйесіндегі вентильге 10 байланыстыру керек.

4 Ауалы-аммиакты қоспа берілісінің вентилін 8 ауаны суытқышқа жауып тастау керек.

5 Жүйеге жалғанған Зегер пипеткасыни 1 подставкаға қойып, 2 және 3 крандарды ашу керек және запорлық вентильді 10 аздап ашу арқылы ауалы-аммиакты қоспаға әлсіз ток жүргізу керек. Аммиактың ауаға түсіп кетуінің алдын алу үшін бөлмені үрлеуді суы бар бачок арқылы жүргізген дұрыс.



3.6 сурет- Конденсацияланбайтын газдардың құрамын анықтауға арналған құрал:

а - Зегера пипеткасы; б – көмір қышқылының сулы ерітіндісі бар ыдысқа енгізілген Зегер пипеткасы ; в – алынған үлгіде болатын аммиак буының ерітіндімен жұтылу процесі


6 Үлгіні таңдауды мынандай ретпен жүргізу керек: суы бар бачокқа және ауалы-аммиакты қоспаның вентильне 10 қарасты пипетка 5 кранын жабу керек, ауалы-аммиакты қоспаның пипеткасына түсетін кранды 2 жабу керек, жүйеден пипетканы және резіңкелі шлангты алып тастау керек.

7 Ауалы-аммиакты қоспаның ауаны суытқышқа берілісін жүзеге асыратын вентильді 8 ашу керек.

8 Пипетканы сол қолға алып, пипетка кранын 2 1 сек аша тұру керек (3.6,а сурет). Кранды 2 дайындалған көмір қышқыл ерітіндісіне салу керек, ол ерітіндіге толық енген кезде кранды ашу керек (3.6,б сурет).

9 Пипетканы ақырындап тербетіп, ерітінді пипетканың ішіне кіргенше күту керек, алдымен ақырын, кранна жоғары өткенше, оан кейін жылдам (3.6,в сурет). Ерітіндінің пипеткаға жылдам енуіне кейде 2-3 минун кететіндігін атап өту керек.

10 Пипеткада сұйықтық деңгейінің көтерілуі тоқтаған кезде 1-2 мин тоса тұрып, конденсацияланбайтын газдардың үлгідегі көлеміне сәйкес келетін сұйықтық деңгейінің астындағы көлемді V1 жазып алу керек. Сұйық алып тұрған көлем аммиак ерітіндімен толық жұтылатындықтан үлгідегі аммиак көлеміне сәйкес келеді.

11 Тура осындай ретпен ауаны суытқыштан ауаны шығарған кездегі ауалы-аммиакты қоспаның таңдалуын жүргізу керек. Конденсацияланбаған газдар шығысының соленойдты вентилінің ашылу моменті сигналды лампаның жануы бойынша анықталады.

Үлгілерді таңдаған кезде жоғарыда көрсетілген ережелер мен операциялардың ретін де сақтау керек.
Сынақ нәтижелерін өңдеу:

Үлгідегі конденсацияланбайтын газдардың көлемдік концентрациясы



, %

,


(3.1.12)

мұндағы - пробиркадағы конденсацияланбайтын газдардың көлемі, см3;

- пробирка көлемі, см3.

Үлгідегі аммиак буының көлемдік концентрациясы

, %

,


(3.1.13)

Үлгідегі аммиак буының салмақтық концентрациясы

, %

,


(3.1.14)

мұндағы - аммиак буының молекулярлық салмағы;

- конденсацияланбайтын газдардың молекулярлық салмағы.

Үлгідегі конденсацияланбайтын газдардың салмақтық концентрациясы (%)

,

(3.1.15)

Ауаны суытқышқа дейінгі ауалы-аммиакты қоспадағы аммиак буының парциальді қысымы 

, кгс/см3

(3.1.16)

мұндағы - ауаны суытқышқа дейінгі ауалы-аммиакты қоспаның абсалютті қысымы, кгс/см2.

Байытылған аммиак буының кестесі бойынша таза агенттің қысымына сәйкес келетін аммиак конденсациясы температурасы анықталады. Конденсация температурасының мәні және мәндері бойынша номограмма көмегімен (3.7 сурет) графикалық әдіс бойынша да табылады.



3.7 сурет – Қоспаның температурасы мен қысымдары әр түрлі болған кездегі буауалы қоспадағы аммиак концентрациясы
Компрессор пайдаланатын электр энергия шығынының артуын конденсация температурасы 1 °С артқан кезде, ол электр энергия шығынын 1,5-2 % мөлшерінде артуына алып келеді деген шарттан анықтау керек.
Есеп беру мазмұны:

1 Ауалы-аммиакты қоспа құрамының таңдалу құралдарының эскизі, құралдардың қосылу схемасы, өлшегіш құралдардың сипаттамасы.

2 Бақылау журналы және сынақтың өңделу нәтижелері..

3 Сынақ нәтижелерін өңдеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет