5В072300 – Техникалық физика мамандығына арналған


Саудалы тоңазытқыш қондырғыларының монтаждау ерекшелігі



бет7/18
Дата09.06.2016
өлшемі3.45 Mb.
#124727
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

1.5.5. Саудалы тоңазытқыш қондырғыларының монтаждау ерекшелігі.

Сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының тоңазытқыш қондырғылары жоғары дәрежеде агрегатталған азғантай бірлік суықөндіргіштігі (20кВт дейін) бар агрегаттарды қосады. Монтажды жұмыстарды өндіру және олардың кезекті орындалуы үлкен және сауда тоңазытқыш қондырғылары үшін бірдей. Бірақ мұндай қондырғылардың құралдары азғантай массаға ие, олар улы емес, жарылыс қаупі жоқ хладогенттерде және басқарудың автоматты режимінде жұмыс істейді. Сол себепті қондырғының монтажы кейбір ерекшкліктерге ие. Тоңазытқыш агрегаттар бір ғимаратта орнатылуы мүмкін. Орталықтандырылған жүйе кезінде машиналық бөлім құрылыс нормалары мен ережелерінің, санитарлық нормалардың, техникалық қауіпсіздік ережелердің шарттарын қанағаттандыруы керек. Мысалы, машиналық бөлімде тоңазытқыш агрегаттар былайша орналастырылады басты жолдың ені электрощиттен шығатын бөліктеріне дейін 1,2 м құрайды, ал қондырғының шығыс бөліктері арасындағы қашықтық 1 м және қондырғы және қабырға арасы – 0,8 м. Желдету жүйесі 1 сағ ішінде үш реттік ауа алмастырғышпен қамтамасыз ету және бестік авариялық ауа алмасумен қамтамасыз ету керек.

Агерегаттар монтажы қондырғыны фундаментке немесе тіректерге орнатудан және тексеруден басталады. Фундамент компрессордан болатын динамикалық күш түсіруге байланысты бетоннан, металлопрокаттан және ағаш брустардан жасалуы мүмкін. Шу және діріл дәрежелерін төмендету үшін фундементтің және агрегаттың тіреуіш бөлшектері арасында металдық пружиналардан және пласмасса мен резеңкелік төсемшеден тұратын вибрациядан қорғайтын тіректер орнатады.

Салқындататын құралдар (батареялар және ауалысалқындатқыштар) камераның қабырғасына немесе төбесіне бекітілген тіректерге (кронштейндерге) орнатылады. Араматуралары және жылуалмастырғыштары бар қалқандар агрегат жанындағы қабырғаға орнатады. Құбырларды агрегаттарды, қалқандарды және жылуалмастырғыштар мен суытқыш құралдарды бекіткеннен кейін орнатады. Құбырлар қондырғылар және араматуралармен мыс құбырлары үшін соңғы тыңыздалған беттігі бар, ал болат құбырлар үшін жазық штуцерлік қосылыстар арқылы біріктіріледі. Бірінші жағдайда қосылыс мыс құбырдың беттік аумағы арқылы 45 бұрыш жасай төсегіш материалсыз бітеуленеді, ал екінші жағдайда – парожіптік төсеніш арқылы. Құбырлар өзара былайша біріктіріледі: мыстық – қыздырып біріктіру, болаттық – дәнекерлеу.

Құбырларды төсеу сорғыш құбырдан суытқыш құралдар арқылы компрессорға дейін бастайды. Сорғыш құбырға сқуықтықты құбыр төселеді. Сорғыш және сұйықтықты құбырда жылуалмасу жүйесінің жоқ болуына байланысты жылуалмасуды қамтамасыз ету үшін хомуттармен бір біріне тығыз қысалады. Көлбеу аумақтарды 0,02 бұрыш көлбеулікпен майды қайтару үшін комперссор бағытына қарай төсейді. Сорғыш құбырды төсеу кезінде майкөтергіш түйін жасалады (сурет 1.15). Құбырларды қабырғаға пласмассалық немесе ағаш колодкалардың көмегімен 1,5 м аралықта бекітеді.

Сурет 1.15. майкөтергіш түйін және сыртқы теңдәрежілі қысымды ТРВ орнатылуы: а – функциолану сұлбасы, б – ауалысалқындатқыштардың қосылу сүлбасы; в – батареяларды және жылуалмастырғыштарды қосу сұлбасы.

ТРВ сұйықтық құбырларды төсеу кезінде салқындату құралына немесе паук типті үлестіргішке мүмкіндігінше жақындатып орнатады (сурет 1.15). Термосезімтал патрон ТРВ будың ғана температурасын қабылдау үшін сорғыш құбырда орнатады. Жылуалмасуды жақсарту үшін паторн хомуттың көмегімен бекітіледі, егер ол суытылатын көлмнен тыс орналасса онда ол жылу изоляциоланады. Солениодты вентильдер электромагниттік катушкасын жоғары қаратып, құбырдың көлбеу жазықтығында орнатылады. Ал хладогенттің қозғалыс бағыты бойынша вентиль алдында сүзгі орналасқан.

Бекітілген қондырғының беріктігіне және төзімділігіне сынақ жүргізу техникалық документтердің нормативтік міндеттеріне сай жүзеге асырылады. Ақауларды жойғаннан кейін вакуумдық сораптың көмегімен 15 0С төмен емес температура кезінде 24 сағ ішінде хладогент түріне және қондырғы типіне байланысты 0,5-0,05 кПа қалдық қысысмға дейін жүйені вакуумирлейді. Вакуумирлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда 2 сағ аралықта жүйені ыстық газбен (110-1300С) және ауамен үрлейді. Тоңазытқыш қондырғыны вакуумирленгеннен кейін хладогенмен толтырады.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Жұмысты ұйымдастыру

  2. Жобалы-техникалық документация

  3. Тіреуіштер мен фундаменттер

  4. Түрлі әдістегі жұмыстар

  5. Өнімділігі 4 кВт дейін жететін тоңазытқыш қондырғыларының монтажы

  6. Өнімділігі 4 – 20 кВт дейін жететін қондырғылардың монтажы

  7. Компрессорлар, машиналық агрегаттар және қосалқы механизмдердің монтажы

  8. Аппараььардың монтажы

  9. Құбырлар жайлы негізгі мағлұмат

  10. Құбырлардың негізгі бөліктері

  11. Цехты құбырлардың разметкасы

  12. Құбыр бөлшектерін жасау

  13. Құбырларды жинау

  14. Негізгі автоматика құралдарының монтажы

  15. Жүйені сынақтан өткізу

  16. Жүйенің хладогенмен және жылутасмалдағышпен толтырылуы

  17. Қондырғыларды қосу және эксплуатацияға өткізу

Ұсынылған әдебиеттер тізімі


1. Курылев Е.С., Герасимов Н.А. Холодильные установки. - Л., Машиностроение, 1980.

2. Курылев Е.С., Оносовский В.В., Румянцев Ю.Д. Холодильные установки.- Санкт-Петербург, Политехника, 2002.

3. Невейкин В.Ф. Монтаж, эксплуатация и ремонт холодильных установок. - М., Агропромиздат, 1989.

4. Правила устройства и безопасной эксплуатации аммиачных холодильных установок. - М., НПО *Агрохолодпром*, 1991.

5. Холодильные компрессоры / Быков А.В., Бежанишвили Э.М., Калнинь И.М. и др., под редакцией Быкова А.В. - М., Колос, 1992.
Дәріс 2. Тоңазытқыш қондырғыларын эксплуатациялау
Дәріс мазмұны
2.1. Эксплуатацияны уйымдастыру

2.2. Тоңазытқыш қондырғыларды қосуға дайындау

2.3 тоңазытқыш қондырғылардың жұмысын ретке келтіру және оптималды режимі

2.4. Тоңазытқыш қондырғылардың техникалық қызмет көрсетуі

2.4.1. Тоңазытқыш компрессорлары мен агрегаттарының техникалық қызмет көрсетуі

2.4.2. Тоңазытқыш компрессорлары үшін жаққыш материалдар

2.4.3. Тоңазытқыш қондырғылары аппараттарының техникалық қызмет көрсетуі

2.4.3.1. Конденсаторлардың қызмет көрсетуі

2.4.3.2. буландырғыштар мен ауалысалқындатқыштардың қызмет көрсетуі

2.4.3.3. Сызықты және циркуляциондық ресиверлердің, аралық ыдысының қызмет көрсетуі

2.4.4. Градирен, шашыратқыш басейндердің, вентиляторлардың, сораптардың қызмет көрсетуі

2.4.5. Техникалық қызмет көрсетудің негізгі операциялары

2.4.5.1. Тоңазытқыш қондырғылары жүйесінен майды жою

2.4.5.2. Тоңазытқыш қондырғылары жүйесінен ауаны жою

2.4.5.3. Ылғалдылықты жою және жүйе герметизациясы

2.4.5.4. Жүйенің хладогенмен және хладотасығышпен толтырылуы

2.4.5.5. Тоңазытқыш қондырғы элементтерінің коррозиядан қорғануы

2.4.5.6. Аппараттардың жылубергіш бетін тазарту әдістері

2.4.5.7. Шағын тоңазытқыш қондырғыларының техникалық қызмет көрсетуі
2. Тоңазытқыш қондырғыларын эксплуатациялау.

2.1. Эксплуатацияны ұйымдастыру.

Тоңазытқыш қондырғыларды эксплкатациялаудың басты мақсаты қондырғының қауыпсіз және берік жұмыс істеуін қамтамасыз ету және тоңазытқыштардың суытқыш камераларында берілген температуралық және ылғалды режимді немесе суық алу үшін минимальді шығындар кезінде технологиялық процессте берілген температуралық режимді ұстап тұру, яғни жұмысты оптималды режимде қамтамасыз ету.

Тоңазытқыш қондырғыларды эксплуатациялау процессі кезінде олардың қосылуын, тоқтатылуын, күйіне бақылау және машиналар мен аппараттардың қауіпсіз функционирленуін, температуралық режимін түзету, техникалық қызмет көрсету, өз уақытындағы тексеріс және жоспарлы-алдын ала ескерту жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады. Бақылау, басқару және қорғау құралдарының жұмысы тұрақты бақылауға алынады, олардың оз уақытында тексерілуі және түзетілуі, хадогентті, жаққыш майды толтыру сұрақтары, рассолдың қажетті концентрациясын ұстап тұру, аппараттардың жылубергіш бетін тазарту, аппараттан өз уақытында майды және ауаны шығару және т.б. Эксплуатация эффективтілігі көбінесе тоңазытқыш қондырғының автоматизациялау дәрежесіне, тәуліктік журналды жүргізу сапасына, техникалық есеп беруге, техникалық және экономикалық анализге байланысты.

Техникалық қызмет көрсету түсінігіне эксплуатациялау процессі кезінде қондырғыға бақылау жұмыстарын жүргізу жиынтығын құрайды.

Тоңазытқыш және хладокомбинатта эксплуатациялау қызметін жалпы басқаруды басты инженер жүргізеді. Оған компрессорлық цех бағынады. Тоңазытқыш цех немесе қондырғы қосалқы обьект болып табылатын үлкен өндірістік кәсіпорындарда олар басты энергетик немесе басты механиктің қызмет құрамына кіреді. Тоңазытқыш қондырғыларды эксплуатациялауды машинист жүзеге асырады. Амиакты тоңазытқыш қондырғыларын эксплуатациялау кезінде техникалық қауіпсіздік міндеттері бойынша компрессорлы цех ғимаратында екіден көп адам болмауы керек.

Тоңазытқыш қондырғыларының жұмысын есептеу және бақылау документінің негізіне ауыспалы тәуліктік журнал жатады. Оны жүргізуші жүргізеді. Тәуліктік журналға тоңазытқыш қондырғылардың режимін сипаттайтын барлық негізгі параметрлер, сонымен қатар режимді түзетудің барлық істері, термоөндеу және сақтау камераларының жұмысы, қондырғы жұмысына ескертулер жазылады. Ауысытруда қондырғының жұмыс уақытын сағатпен, судың, электрэнергиясының және майдың шығынын есептейді. Тоңазықтыш қондырғыны басқаратын адам тәулікті журналды күнделікті тексереді, ауысымдарға жұмыстар береді. Тәуліктік журналдағы мәндер және тіркелетін құралдардың көрсетулері айлық техникалық есеп беруді құрудың негізгі көздері болып табылады. Тәуліктік журналдың жазбалары және айлық есеп берудің нәтижелері бойынша қондырғы жұмысына талдау жүргізіледі.

Тоңазытқыш қондырғылар жұмысын талдау кезінде қарастырылатын кезеңдегі барлық шығындар суықөндіргіштіктің бірлігіне немесе алынған соңғы өнімнің бірлігіне жатады. Көрсеткіштердің нашарлауы кезінде тоңазытқыш қондырғылардың жұмысына талдау жүргізіледі және онын себебін анықтайды.

Энергоресурстарды үнемдеу мақсатында тоңазытқыш қондырғыларын оптималды режимде ғана эксплуатирлеу керек. Тоңазытқыш қондырғыларының жұмысын бағалаудың негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері болып, 1 кВт өндірілген суықтың немесе1 т өнімнің электроэнергия және судың меншікті шығындары жатады.



2.2. Тоңазытқыш қондырғыларын қосу және қосуға дайындау

Тоңазытқыш қондырғыларын қосудың реті оның технологиялық сұлбасына немесе компрессор типіне байланысты. Қосуды технологиялық регламенттің міндеттеріне немесе тоңазытқыш қондырғыларын эксплуатациялау инструкциясына сай жүргізеді.

Жұмысқа тоңазытқыш қондырғыларын қосу ауысым бастығының келісімімен бастайды. Қосу алдында алдыңғы тоқтатудың себептеріне,аппарат күйне байланысты журналдағы ескертпелерге мән бере отырып, ауысым журналының жазбаларымен танысады. Егер тоқтатудың себебі түзетілмеушілік болса, жүргізуші оны жоюы керек. Жүргізуші барлық бақылау, басқару және сигнал беру құралдарының, сақтандырғыш клапандардың және жыртылған мемраналардың дұрыстығын тексеруі керек. Жүйе бітеулігі, май, хладогент, рассол, қосымша бөлшектердің қорлары тексерілуі керек. Егер қондырғыда электроберіліс бар болса анықталған параметрлерді бақылай отырып қорғаушы бөгеттің, жерге орнатылған берілістрің, фундаментті болттардың бекітілу беріктігі тексеріледі.

Үш режимдердің біреуінде агрегатты басқару және автоматты сигнализацияға арналған жасау және пультты зауыттарда копмпрессорлы агрегаттарды жинақтайды: автоматты, жартылай автоматты және аймақтық.

Поршенді компрессорлық агрегатты (2А110-7, 2А 220-7) қосуда былайша дайындайды: тәуләктік журналдан агрегаттың тоқталу себебеін анықтайды. Мысалы, техникалық тексеруден кейінгі агрегаттың қосылуы, жөндеу жұмыстары және авариялық өшіру адменистрацияның жазбаша рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

Бақылап-өлшегіш құралдардың сырқы түрі мен көрсеткіштеріне қарай және импульсті түтіктердің тығынды вентильдерінің ашықтығына байланысты жұмысқа қабілеттілігін тексере отырып, түзетілген агрегатты қайта тексереді. Фундаментті болттардың тартылысын, тығынды вентильдердің қалыпын (сорғыш вентильдер жабық күйде болуы керек және май бөлгіштен компрессор картеріне майды қайта қосу сызығындағы вентиль), картердағы майдың деңгейін тексереді. Сорғыш және күш түсіргіш коллекторларды дренаждайды. Магистральді құбырдан салқын судың берілу сызығындағы вентильді ашады. Сәйкес келетін жарық сигнализациясына байланысты агрегатты басқару пультінің жұмысқа қабілеттілігін тексереді. Ауыстырғыштың көмегімен жартылай автоматты режим қосылады және Пуск батырмасын басады.

Нәтижесінде электрқозғалтықыш, өндіріс сағатының счетчиктері, компрессордың салқындатылатын рубашкасына судың берілу сызығында соленоидты вентиль ашылады, ал 15 -20 с кейін сорғыш клапандардың пластиналарының жұмысы тоқтайды, яғни бос жүріс. Бастапқы кезең компрессордың картеріндегі және сальнигіндегі майдың әр түрлі қысымдағы майлы сораптың жұмыс істеу қабілеттілігі бақыланады (рұқсат етілген қысымдар айырымы 0,2-0,3 МПа). Картерда қысымның төмендеуі кезінде, қысымды бірқалыпты тұрақты сақтай отырып, ақырындап сорғыш вентильді аша бастайды. Сорғыш вентильді ашу кезінде компрессорға сорғыш құбырдан сұйықтың біраз мөлшері түсуі мүмкін.

Сұйықтың түсуі қысу температурасының кенеттен түсуіне, сонымен қатар сору температурасының төмендеуіне, сорғыш будың қызып кетуіне және шу деңгейінің өзгерісіне байланысты. Көрсетілген құбылыстар кезінде сорғыш вентильді біраз уақытқа жауып қояды да кейін қайта ашады. Сұйықтың үздіксіз түсуі кезінде, сонымен қоса берілген мәннен басқа да бақыланатын параметрлердің ауытқуы болғанда, агрегатқа тән шу және діріл дірежесінің өзгеруі, хладогент және майдың ағып кетуі анықталғанда, ақаулардың мәнін анықтап болдырмау мақсатында басқату пультындағы Стоп батырмасын басу арқылы агрегат тоқтатылады.

Егер ауытқулар болмаған жағдайда, қысым температурасын реттегеннен кейін май бөлгіштен картерге майдың берілу сызығындағы вентильді ашады. Сосын агрегаттың жұмыс режимін бақылайды және алынған мәліметтерді тәуліктік журналға еңгізеді.

Агрегатты тоқтату кезінде моновакуумметр бойынша картердегі қысымның төмендеуін бақылау арқылы алдымен сорғыш вентильді жабады, қысымның берілген мәніне дейін төмендеген кезді Стоп батырмасын басады. Нәтижесінде электрқозғалтықыш, өндіріс сағатының счетчиктері, компрессордың салқындатылатын рубашкасына судың берілу сызығында соленоидты вентиль ашылады, сорғыш клапандардың пластиналарының жұмысы тоқтайды. Айналып тұратын біліктер тоқтағаннан кейін күш түсіретін вентильдер жабылады.

Винттік компрессорлы агрегаттар (21А280-7, 21АН300-7) поршенділер сияқты қосуға дайындайды. Оларды қосу алгоритмы былайша болады. Электрқозғалтқыштың тетігі қосылады, басқару пултінің жұмысқа қабілеттілігі тексеріледі. Жартылай автоматты режим беріледі және Пуск батырмасын басады. Нәтижесінде майлы сорап қосылады, сосын 15 с кейін егер жаққыш жүйе жұмысқа қабілетті боса компрессор қосылады.

Қосу кезінде бақылап-өлшегіш құралдардың көрсеткіштерін бақылап отырады. Агрегат мынандай кезекпен қосылады: сорғыш вентильді жабады және сорғыш қасамның төмендеуі кезінде басқару пультіндегі Стоп батырмасын басады. Ары қарай компрессор, майлы сорап автоматты түрде өшеді, судың берілу сызығы кезінде соленоидты вентиль жабылады және агрегатты келесу қосуларғы дайындай отырып золотник ашылады. Коипрессор роторлары тоқатағаннан кейін күш түсіргіш вентиль жабылады.

Екі сатылы компрессорлық агрегатты қосуға дайындау жоғарғы және төменгі қысымды сатылы компрессорларды дайындау операциясын қосады. Төменгі қысымды сатылы компрессордың электрқозғалтқышын аралық ыдыста қысымын буландырғыш жүйесіндегі қысымға дейін төмендету жолымен тиейді. Бұл үшін аралық ыдыстың булық кеңістігін церкуляциялық ресивермен байланыстырытын түзеткіш сызық қарастырылған. Сонымен қатар аралық ыдыстағы төменгі қысым агрегатты қосу кезінде сұйық хладогенттің қайнап кету мүмкіндігі төмендетеді.

Осылайша компрессорлардың бір уақытта қосылуы кезінде аралық ыдыстағы қысым экпоненциалдық заң арқылы жоғарылайды, бұл аралық ыдыста сұйық хладогенттің қайнап кеуіне жол бермейді. Компрессорлардың бір уақыттық емес қосылуы кезінде аралық ыдыстағы қысым төмендейді, сол себепті хладогенттің қайнап кетуі мүмкін. Бірінші нұсқасы өнімділігі жоғары компрессорлық агрегаттарды (21АД300-7-5, F2MS3-2500) қосуда жүзеге асырылады.

2.3. Тоңазытқыш қондырғыларының жұмысын түзету және оптималды режимі

Барлық машиналар мен аппараттарды қосқаннан кейін толығымен тоңазытқыш қондырғылардың жұмысын түзетуге кіріседі. Түзету қосудың жауапты кезеңі болып табылады, себебі тоңазытқыш қондырғылардың жұмысының негізгі көрсеткіштері аппараттардың температуралық режиміне байланысты: суықөндіргіштігі, судың және электрэнергиясының шығындары, яғни қондырғының үнемділігі. Орнатылған режимге жеткеннен кейін компрессор және буландырғыш арқылы өтетін хладогенттің массалық шығыны, түзеткіш вентиль арқылы өтетін хладогенттің массалық шығынына тең болуы керек. Осыған байланысты түзетудің бітуі – оптималды параметрлер кезінде белгіленген режимге жету.

Тоңазытқыш қондырғының техникалық режимін оптималды деп атайды, су және элекртэнергиясының минимлады шығыны кезінде суықтың максималды өндірілуін айтады. Тоңазытқыш қондырғыларын түзету жұмысының негізгі параметрлеріне: қайнау температурасы, оның конденсациясы, түзеткіш вентиль алдындағы салқындатылуы, сору және күш түсіру жатады.

Қайнау температурасы тоңазытқыш қондырғының үнемділігіне әсер етеді. Салқындатылатын бөлмелердегі немесе хладотасығыштың ауа температурасы және хладогенттің қайнау температурасы арасындағы айырмашылық 7-10 К деп қабылданады. Бірақ жекелеген жағдайларда үнемдіоік басқа да мәнедерге негізделген (К-мен):

Салқындату батареялары және ауасалқындатқыштар 8-10

Жемістерді салқындату камералары 5

Тұрмыстық қондырғылар 15-20

Хладотасығыш салқындатылатын буландырғыштар үшін хладотасығыш пен қайнаудың орташа температурасы арысындағы оптималды айырмашылық аммиак үшін 3-4 К, хладон үшңн 4-5 К. Қайнау температурасының мәніне қондырғының суықөндіргіштігі, қолданылатын қуаты және соған сай меншікті электроэнергия шығыны байланысты. Қайнау температурасы төмендеген кезде суықөндіргіштік төмендейді, ал жоғарылаған кезде қайта жоғарылайды. Осылайша қайнау температурасы 1 К өзгергенде орта есепппен қондырғының суықөндіргіштігі 2-3%, компрессордың пайдаланылатын қуаты - 2% және электрэнергиясының меншікті шығыны 2-3%, өзгереді. Қайнау темпертатурасы өзбетімен орнатылатын параметрлер болып табылады және оның мәні мынандай факторларға байланысты: суытылатын обьектіден жылулық ағынның мөлшері, буландырғыштың жылубергіш бетінің жиілігі, компрессорлар мен буландырғыштар өндіргіштігі арасындағы ұқсастық. Қайнау температурасының мөлшері төмендегенде будың меншікті көлемі жоғарылайды, бұл компрессордың өнімділігінің төмендеуіне әкеп соғады, түзеткіш вентиль алдындағы хладогент және қайнау температурасы арасындағы айырмашылық жоғарылайды, ол өз кезегінде дроссельді жоғалтулардың жоғарлауына әкеледі. Қайнау температурасы төмендеуіне байланысты компрессорда буды қысу дәрежесі, қысу жұмысы, электрэнергиясының меншікті шығыны жоғарылайды. Қайнау температурасының төмендеуіне мынандай себептерден болады: буландырғыш жүйенің хладогенмен дұрыс толтырылмауы, ондағы майдың болуы, буландырғыш камералар батареяларындағы ауа церкуляциясының дұрыс түзетілмеуі, буландырғыштардың сыртқы бетінің коррозия онімімен ластануы және т.б.

Конденсацияның қысымы және температурасы тоңазытқыш қондырғылары жұмысын жөндеудің басты параметрлерінің бірі болып табылады және жылубергіш бетінің күйіне, компрессорлар өндіргіштігіне және ең бастысы суытылатын ортаның мөлшері мен температурасына байланысты. Конденсаторлардағы судың қыздырылуы 4-8 К құрайды. Ауалы салқындату конденсаторлары үшін бұл көрсеткіштер 5-6 К және 6-9 К құрайды. 1 К конденсация температурасының жоғарылауы суық өндіргіштіктің 1-2% төмендеуіне, пайдаланылатын қуаттың 1-1,5% және меншікті электрэнергия шығынының 2-2,5% жоғарлауына әкеп соғады.

Конденсация температурасының жоғарылау себебі болып жылубергіш бетінің бөлігі жүйенің сұйық хладогенмен толтырылуына, оның жүйеде бірқалыпты таралмауына, конденсаторлардағы су циркуляциясының бұзылуына байланысты болады. Бақада себептерге – шаңмен немесе тұздармен конденсаторлардың сыртқы бетінің ластануы жылуберілісінің төмендеуі (жылуберілу коэффициентінің төмендеуі), ал ішкі беті – жағу қалдықтарымен ластануы жатады.

Конденсатордан кейін сұйық хладогенттің салқындату температурасы тоңазытқыш қондырғылары жұмысының эффективтілігін анықтайтын негізгі параметрлердің біріне жатады. Бұл салқындату түрлі салқындатқыштарда, регенеративті жылуалмастырғыштарда, аралық ыдыстарда жүзеге асырылады. Сұйық хладогенттің салқындатылуы тоңазытқыш коэффициентінің жоғарылауына әкеп соғады. Түзеткіш вентиль алдында сұйық аммиакты салқындатудың әрбір градусытоңазытқыш коэффициентін 0,4 % жоғарылатады.

Сору және күш түсіру температуралары тоңазытқыш қондырғыларының жұмысын түзетудің де негізгі параметрлері болып табылады. Бір сатылы және жоғары сатылы компрессорлардың аммиакты машиналарында Сорылатын бу қозуының оптималды мәні 5-10 К, ал төменгі сатылары үшін 10-20 К және хладондықтарды – 10 К аз емес.

Термореттегіш вентилі бар шағын тоңазытқыш машиналарда (ТРВ) ТРВ жұмыс істеуіне қажетті будың минималды қызуы буландырғыштарды 3-4 К температураға дейін рұқсат етілген. Қызудың жоғарылауы буландыру жүйесіне хладогенттің дұрыс берілмеуін көрсетеді. Ал қызудың төмендеуі буландырғышқа хладогенттің артық мөлшерінің берілуімен сипатталады. Бұл компрессордың ылғалды жүрісін туғызады.

Қысым түсіру температурасы конденсация, қызу және қайнау температурасынан соруға және компрессордың техникалық күйіне байланысты. Қысым түсіру температурасы завод қойған талаптардан аспауы керек – аммиакты поршенді үшін - 1300С,хладонды поршенді - 1000С, рациондық - 1100С, аммиакты винттік - 1050С, хладонды винттік - 900С.



2.4 Тоңазытқыш қондырғыларының техникалық қызмет көрсетуі

2.4.1.Тоңазытқыш компрессорлары және агрегаттарының техникалық қызмет көрсетуі

Тоңазытқыш компрессорлары және агрегаттарының техникалық қызмет көрсетуінің мақсаты – күнделікті бақылау жолымен бақылап-өлшегіш құралдарының көрсеткіштерін, олардың жұмыс істеуінің экономикалық және қауіпсіз режимдерін қамтамасыз ету. Есептік режимнен ауытқуы бар компрессорлы қондырғыларды даярлау заводының рұқсатынсыз эксплуатацияға жіберілмейді. Қондырғының жұмысына бақылау басқару пультында орналасқан тіркелген бақылап-өлшегіш құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Жұмыс параметрлерін күнделікті тәуліктік журналға жазылып отырылады.

Тәулік ішінде жүргізуші құралдардың параметрлерін тексере отырып, қызмет көрсететін компрессорлар мен аппараттарды пероидты айналады. Негізгі түйіндердің қызуын құралдар немесе ұстап көру бойынша, майдың және суытылатын судың температурасын, жүйенің жағылу бітеулігін және хладогенттермен коммуникациясын, құралдардың түзетілгіштігін тексереді. Компрессорларды соруға қыздырылған бу ғана беріледі, осыған орай әрбір сатының қысу дәрежесі есептіктен аспауы керек.

Күш түсіру температурасы қайнау, сору және конденсация температурасына байланысты болады. Күш тісіру температурасының жоғарылауы технологиялық себептерге немесе компрессордың дұрыс істемеуіне байланысты болуы мүмкін. Күш түсіру температурасының жоғарылауының технологиялық себептеріне сорылған будың қызуының жоғарылауы және конденсаторда конденсирленбейтін газдардың жиналуынан болуы мүмкін. Сорылған бу қысымының жоғарылауы хладогент жетіспеушілігінен немесе жылу изоляциясының төмен күйінен болуы мүмкін.

Күш тісіру температурасының жоғарылауына себеп болатын компрессордың дұрыс істемеуінің негізгі ақауларына жатады: поршендік тығыздалулар арқылы өтулер (цилиндрдің немесе поршендық сақиналардың тозуы, поршендық сақинанаһың бұзылуы), сорғыш немесе күш түсіргіш клапандарыдың тығыздалмауы (пружиналар серпімділігінің жоғалуы, пластинаның бұзылуы, жаққыш майдың қызуы), цилиндр суытылуының нашарлау және цилиндр жаққыштығының бұзылуы жатады. Цилиндр және поршенді сақиналардың тозуы сияқты ақаулар біртіндеп жүреді және бір тәулік ішінде білінбиді.

Сорғыш клапандардың бұзылғанын күш түсіргіш құбырдың және блоккартерлі компрессор цилиндрлері блогының бас қақпақтағындағы шықтың еруінен байқауға болады.

Күш түсіру температурасының төмендеуі компрессордың ылғалды жүрісін көрсетеді, сол себепті сорғыш будың температурасын тексереді. Шу сипаттамасының, соғу күшінің және ырғағының өзгеруі, жағымсық дыбыстардың пайда болуы компрессорды бөлшекті тексерудің сигналы болып табылады. Белгілі бір дағдыларда стетоскопты қолдану ақаудың орныны және себебеін, поршенді сақиналардың немесе пластина клапанының бұзылуын, мойын тіректердегі саңылаулардың үлкеюін анықтауға көмектеседі.

Хладогенттің ағып кетуін индекаторлардың көмегімен анықтайды. Сақтандырғыш клапанның бітеулігін түтік температурасы бойынша бағалайды. Жылы түтік ағып кетудің барын білдіреді. Салниктің бітеулігін уақыт бірлінде ағатын май тамшыларының саны бойынша анықтайды. Мысалы, компрессорлы агрегаттар 2А110-7, 21А280-7, 2А350-7 үшін 1 мин 6 тамшыдан кем емес (жылдық қтілім кезінде 5000 сағ майлардың ағуы 12 дм3). Сальник бітеулігінің бұзылу себебі: тығыздалған сақиналардың тозуы ( графитті, болатты, фторпластты, резеңкелі), пружиналардың босансуы.

Ротациялық компрессорлардың қызмет көрсетуі кезінде сору және күш көрсету температураларына бақылау жүргізіледі. Цилиндрдің төменгі бөлігінде майдың жинақталуынан соққылар пайда болуы мүмкін. Аммиақ буларымен майды жою үшін сорғыш вентильді ашады және сұйық аммиактың цилиндрге түспуін бақылап отырады. Тоқтатылған компрессорда асботексолит саңылаулары сұйық аммиакпен толтырылуына байланысты пластиналар толып кетуі мүмкін. Толудың жылдамдығы қысымға тура пропорционал ал температураға кері пропорционал.

Винтті компрессорлардың қызмет көрсетуі кезінде майдың қысымына және сапасына, фультирленетін элементтердің жиілігіне хладогент буының температурасы және қысымына бақылау жүргізіледі. Май компрессордың қысу қуысына жылу берілу үшін қажетті мөлшерде беріледі. Қысылған бумен бірге май майбөлгішке келіп түседі. Одан майбөлгіш және сүзгі арқылы насоспен қысу қуысына шашыратылады және сальниктың тығыздалуына беріледі. Тұтқырлықтың жоғарлауы болмас үшін майдың температурасы 250С төмен болмауы керек. Сол себепті винтті компрессорды қосар алдында май сорапты және май қыздырғышты қосады да майдын циркуляциясы майбөлгіш – майсуытқыш – майбөлгіш сақинасы бойынша май қызғанға дейін жүреді. Майды 30-350С дейін қыздырғанда реле іске қосылады және компрессорды қосу блокировкасынан шешеді, пультта лампочка жанады. Сосын компрессорға майды беру вентилдері ашылады және компрессор іске қосылады.

Суықөндіргіштік автматты түрде реттеледі. Буландырғыштың шығысындағы хладотасығыштың берілген температурасына байланысты золотниктің реверсивті қозғалтқышына нұсқау беріледі. Компрессор тоқтағанда золотник автоматты түрде ашылады, бұл оның келесі қосуларын жеңілдетеді.

2.4.2. Тоңазытқыш компрессорлары үшін жаққыш материалдар

Компрессорларды жағуға қолданылатын жаққыш материалдар минералды және синтетикалық болуы мүмкін. Ең көп таралғандары мұнай негізді минералды майлар. Синтетикалық жаққыш материалдардың негізгісі мысалы, этиленді көмірсутегі, алкил, бензол, полигликолдар және басқа да заттар.

Тоңазытқыш компрессорлары үшін жаққыш материалдардың халықаралық классификациясы қолдану шартына байланысты олардың мынандай бөлінулерін қарастырады: егер материал қолдану температурасына байланысты универсал болса DRA t0>-400C кезінде; DRB t0<-400C кезінде; DRC t0>00С кезінде және DRD. Тоңазытқыш майларын белгілену мысалдары: ИСО - L - DRA немесе L - DRA немесе L - DRA - 46, мұнда L – өнімдер классы, D – өнімдер тобы, R – тоңазытқыш материал, 46 - ИСО 3448 бойынша тұтқырлық классы.

Майлар мынадай негізгі міндеттерді қанағаттандыру керек: хладогені бар ерітіндідегі химиялық және термиялық тұрақтылық, конструкциялық материалдарға байланысты инерттілік, улы емес және үнемді.

Жаққыш майлардың қасиетін әр түрлі функционалдық белгіленуі бар легирленген присадколарды еңгізу жолымен жақсартады: антитотықтандырғыш, антифрикциондық, тозуға қарсы, тұтқырлықты, көпіршікке қарсы және т.б. Майларды араластыру арқылы қажетті қасиеті бар жаққыш майларды алуға болады. Жалпы жағдайда мұндай жаққыш материал минералды және синтетикалық майдың аз мөлшерінен тұрады. Компаудтық майлардың мысалы ретінде Zephron 150, SD Refrigerater oil, қосымша құрамы алкилбензол. Негізгі майдың тұтқырлығын жоғарылату үшін жоғары тұтқырлықты салқын емес майларды қосады (мысалы ХА30 майына И50 және МС20) немесе 10-20% синтетикалық майлар (ХС40, КМН). Арине араластырылатын майлар бір бірімен химиялық сәйкес келуі керек және қажетті термиялық және химиялық тұрақтылыққа ие болуы керек. Мысалы мынадай майларды араластырмау ұсынылады: ХФ22с-16 және ХФ22- 24, ПФГОС-4 және ХС-40, Arctic SHC 226 басқа майлармен.

Жаққыш материалдардың таңдалуы хладогентпен қолданылатын компрессор типіне байланысты. Аммиакты компрессорларға арналған майлардың негізгі міндеттеріне жатады: 400С температурадағы тұтұырлығы 45-50 мм2/с көп емес, шоқтың температурасы 180-1900С.

Аммиактын маймен нашар еруіне байланысты аппараттарда және буландыру жүйелерінде жинақталуынан көп мөлшері жоғалады. Сол себептен аммиакты компрессорларға арзан минералды майлар қолданылады (ХА30, Clavus 46). Аммиакта еритін және компрессорларда, шағын сауда тоңазытқыш қондырғыларында пайдаланылатын полигликоль негізді синтетикалық майлар пайда болды.

Хладонды тоңазытқыш компрессорларда 400С температурада тұтқырлығы 25 тен 100 мм2/с дейін болатын синтетикалық және минералды майлардың көп мөлшері қолданылады. Синтетикалық көмірсутегілі майларды (ХС40, Arctic SHC 230) негізінен винтті компрессорларда қолданады. Себебі олардың тұтқырлығы жоғары болғандықтан саңылаулар арқылы ағып кетуді, сонымен қоса хладогент буының балласты мөлшерін төмендетеді, осылайша компрессордың ПӘК жоғарылатады.

Кожухотүтікті буландырғыштары бар хладонды қондырғылар үшін қыздырылған будың жоғары ерігіштігі бар маларды таңдайды. Төменгі температуралық қондырғыларда сұйық хладогентте жоғары ерітімділігі бар майлар қолданылады мысалы, ПФГОС4 R22 бар, ХФ22с-16 R22 бар, ХФ12-16 R12 бар, ХК57 R22 бар, КМН R13, 132-244 R13 баржәне т.б.

Озонды қауіпміз хлодондар (R134a, R32, R125), олардың бинарлы (R507, R410A) және үштік ерітінділері (R404A, R407C) минералды және синтетикалық майлармен шекті еруге ие. Полиолевті негіздегі майлар тоңазытқыш қондырғыларының компрессорлары үшін қолданылады.



2.4.3. Тоңазытқыш қондырғылары аппараттарының техникалық қызмет көрсетуі

Тоңазытқыш қондырғылары аппараттарының техникалық қызмет көрсетуі кезіндегі негізгі жұмысына аппараттардың оперативті ауыстырып косулары, суықты пайдаланушылардың қажеттіліктеріне байланысты режимін өзгерту, буландырғыш жүйелерінің еруі, тұздар мен майлардың жинақталуынан және ластануынан жылуалмасу аппараттарын тазарту, хладогенттің ағып кетуін жою, коррозияларды болдырмау, жүйелер мен аппараттан конденсирленбейтін газадар мен майларды жою, тығыздық пен беріктікке ыдыстарын сынау жатады.



2.4.3.1. Конденсаторлардың қызмет көрсетуі

Ол конденсацияның оптималды темпертурасына жүту үшін, конденсирленетін газдың өз уақытында шығарылуына және жылубергіш беттің тазартылуына ,судың немесе ауаның берілуіне әкеледі. Жалпы жағдайда суытудығ қалыпты режимінде ауалы конденсаторлардағы судың қызуы 5-90С, көлденең конденсаторлардағы судың қызуы 4-80С, тік 2-40С құрайды. Бір бағытты сумен қамтамасыз ету кезінде және судың жоғары бағасында конденсаторда судың қызуы 120С дейін рұқсат етілген. Суыту үшін судың қалыпты шығыны м3/(кВт.сағ) құрайды:

Оросительныйда 0,07-0,10

Көлденең 0,3-0,4

Тік 0,17-0,21

Буландырғыш 0,0021

Суайналмалы жүйелерді эксплуатациялау процессі кезінде уақыт өте келе циркуляцияланатын судың көлемі төмендейді. Оның булануынан қатты тұздардың конуентрациясы жоғарылайды, осыған байланысты жүйеге периодты түрде су қосады, ал белгілі бір уақыт өткеннен кейін оны толығымен ауыстырады. Жыл

Аммиакты конденсаторлардан айына бір рет май шығарылады және конденсатордан кейін судын анализі жасалады. Суда аммиактын болуына сай ауыстырымда немесе тәулігіне 1-2 рет анализ жүргізіледі және тоңазытқыш қондырғыларды басқарушының шешімімен жөндеу жұмысы немесе ақау орындарын анықтау үшін конденсаторды тоқтатады. Ауысым ауқытында тәуліктік журналға конденсация қысымын және кірістегі және шығыстағы судың температурасын бақылайды және тіркейді.



2.4.3.2. Буландырғыш және ауалы салқындатқыштардың қызмет көрсетуі

Салқындатуға арналған хладотасығыш буландырғышының жұмысы кезінде, қайнаудың қысымы мен температурасын, буландырғыштан шығатын будың температурасын, кірістегі және шығыстағы хладотасығыштың температурасын периодты түрде тіркейді. Хладогент және хладотасығыштың деңгейлерін,хладотасығышта хладогенттің болуына байланысты қосылыстардың бітеулігін, ерітіндідегі хладотасығыштың концентрациясын тексереді. Хладотасығыштың концентрациясы кезінде циркуляциондық контурдың гидравликалық кедергілерінің жоғарлауына байланысты. энергия шығыны да жоғарылайды. Осыған асай хладогенттің тұтқырлығы мен тығыздығы өседі.

Эксплуатациялау шартына байланысты хладотасығышқа коррозия ингибиторын еңгізеді. Хладогент қуысынан май жойылады, жабық буландырғыштардан аппарат қақпақтарының ауалы крандарынан ауаны шығарады. Үш айдан кейін жүретін регламеттік техникалық тексеру бақылап-өлшегіш құралдардың жұмысқа қабілеттілігін, араматуралардың күйін, ашық буландырғыштардағы және аккумуляторлардағы коррозиядан қорғайтын электрохимиялық протекторларды тексереді.

Хладогенттің берілуін түзету жұмыстары былайша іске асырылады, яғни жоғарғы қысым жақтағы булардың жарылмауын қадағалайды. Бұл сызықты ресиверде қажетті сұйық деңгейін ұстап тұрумен жүзеге асады. Сөндірілген буландырғыштарды жұмыс режиміне қосу кезінде компрессордың ылғалды жүруін болдырмау керек. Ол жылытылған буландырғыштан будың шығу әсерінен болу мүмкін.

Тоңазытқыш қондырғыларының буландырғыштарында жылу берілудің эффективті процессін қамтамассыз ету үшін, жылуберілетін беттің барлығы рассолға толық батырылғанын қадағалайды. Ашық типті буландбырғыштарда рассолдың деңгейі буландырғыш секциясынан 100-150 мм ден жоғары болмауы керек.

Буландырғыш жүйелердің қызмет көрсетуі кезінде батареялардағы және ауалысалқындатқыштардағы қырау қабатынын еруін бақылайды, сдың берілуінен құбырлардың қатып қалмауын тексереді, желдеткіштердің жұмысын бақылап отырады.

Қауіпсіз сұлбасы бар қондырғылардағы ауалысалқындатқыштарға сұйық хладогенттің берілуінауалы салқындатқышта деңгейлері бойынша реттейді.

2.4.3.3. Сызықтық және циркуляциондық ресиверлердің, аралық ыдыстардың қызмет көрсетуі.

Сызықтық және циркуляциондық ресиверлердің қызмет көрсетуі кезінде хладогенттің белгілі бір деңгейінің тұрақты сақталуын және майдық периодтты шығарылуын бақылап отыру керек. Сызықты ресивердегі сұйықтың деңгейі буландырғыш жүйеге түсірілетін жылулық күш түсіруге байланысты. Жылулық күш түсіру жоғарылаған кезде буландырғыш жүйеде интенсивті бу түзілу жүреді және сызықты ресиверде хладогенттің мөлшері өседі. Сызықты ресиверде деңгейлердің өзгеруін экстремалды мәніне дейін тоқтату керек, түзеткіш вентиль арқылы будың жарылысын, конденсатордың толып кетпеуін болдырмау үшін. Сызықты ресиверде деңгейдің төмендеуі жүйеде хладогенттің жетіспеуінен де, сонымен бірге буландырғыш жүйеде жылуалмасудың нашарлауынан болуы мүмкін. Жылу алмасуды жақсарту үшін салқындатылған батареяларды ерітеді. Циркуляциялық ресиверде жұмыс деңгейін ұстап тұру циркуляциондық сораптардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Аммиакты қондырғылардың буландырғыш жүйесінен жинақталған майды тұрақты алып отырады. Себебі бұнын салдарынын буландырғыш жүйе, салқындатқыш және циркуляциондық ресиверлер майланады, жылуалмасу нашарлайды, төмен температурада құбырлар тұтқыр майлармен толып кетеді, бұл циркуляциондық сораптың жұмысына кедергі келтіреді. Циркуляциондық ресиверден майдын шығарылуы кезінле циркуляциондық сорапты тоқтатады, жжсодан кейін ресивер хладогенттің ыстық буларымен қыздырылады.

Аралық ыдыстардың қызмет көрсетуі бу және сұйықтың қажетті суытылуымен және жоғары сатылы цилиндрге ылғалды будың түспеуін қамтамасыз етеді. Аралық ыдыс сұйық аммиакпен толтырылады. Деңгейі визуалды және атоңазытқыш қондырғыларын басқару пультінде автоматты-дистанциондық деңгей көрсеткіштің көмегімен басқарылады. Сонымен қатар деңгейдің жоғарылауы кезінде жарықтық немесе дыбыстық сигнализациялар қарастырылады. Сонын ішінде хладогент ретінде улы және жаралыс қауіпі бар газдар қолданылатын қондырғылар мен аммиакты тоңазытқыш қондырғыларында.

Промыдыстың змеевигінен шығатын сұйық аммиактың температурасы ыдыстағы аралық температурадан 2-30С жоғары болмауы керек. Бұл температураладың айырмасы аралық ыдыстағы сұйық аммиактың температурасына байланысты болады. Змеевик салқындатылуының нашарламауы үшін аралық ыдыстың төмеңгі бөлігіндегі май приодтты шығарылып отырады.

Әр квартал сайын жүретін регламентті техникалық тексеріс бақылап-өлшегіш құралдар мен аппарат араматураларының күйін тексеруді жүзеге асырады.

2.4.4. Градирен, шашыратқыш бассейндер, желдеткіштер, сораптардың қызмет көрсетуі

Градирен және басқа да сулы салқындатқыш қондырғыладың қызмет көрсетуі форсунка немесе қайықшаларда судың бірқалыпты таралуымен, салқындатудан кейін судың температурасын минамалды деңгейде ұстап тұру, сораптар мен желдеткіштердің барлық нүктелеріне майдың берілуіне және жұмыс істеуіне бақылау жұмыстарын белгілейді.

Тоіазытқыш қондырғыларының ең көп таралған түрлеріне хладотасығыштың циркуляциясында, салқынтатылған судың берілуінде, дренажды сақиналардан судың сорып нығарылуында қолданылатын центрден тепкіш сораптар жатады. Центрден тепкіш сораптарды қосуға даярлау кезінде мойын тіректердің жаққыштығын тексереді. Рассолды соаптарды қосу кезінде ауаны шығару үшін сорап қақпағындағы вентильді ашады. Біліктің номиналды айналу жиілігіне және монометр бойынша қысымға жеткен сон қажетті өндіргіштікті алуға дейін қысым түсірілген құбырдың задвижкасын ақырындап ашады. Сораптарды қосу кезінде электрқозғалтыштарға көп күш түсірмеу үшін амперметр және манометрдің көрсетулерін бақылап отырады.

Сорапты өшіргеннен кейін қысым түсірілген құбырдың задвижкасын жабады, сорапты еркін жүріске ауыстырады, электрқозғалтқышты сөндіреді, сорғыш задвижканы, салқындатылған суды жіне рассолды беретін құбырлардағы крандарды жабады.

Центрден тепкіш сораптарды эксплуатациялау кезінде мойынтіректердің температурасын (60-700С аспауын ), білікпен бірге сақиналардың еркін айналуы, сұйықтық жағу кезінде майкөрсеткіш бойынша майдың деңгейін бақылайды.

Соңғы жылдары сальникты сораптар торцтық тығыздалуы бар және ХГ типті сальниксіз бітеулікті сораптармен ауыстырылған.

ХГ типті бітееулікті сораптар церкуляциондық ресиверге жақын орнатылады.сораптың қалыпты жұмыс үстеуі үшін циркуляциондық ресивердегі сұйықтықты диаметрі 250 мм болатын тік тұрық арқылы таңлап алады. -400С температураға дейін сору үшін подпор 1,5 м, -400С температурада 2,5тен 3,5 м болуы керек.

2.4.5. Техникалқы қызмет көрсетудің негізгі операциялары

2.4.5.1. Тоңазытқыш қондырғылары жүйесінен майдың алынуы

Май бөлгіштен шыққан майлар аппараттардың тұрақты аумақтарында тұнбаға түседі, ал оның көп білігі салқындатқыш құралдарға келіп түседі.

Салқындатқыш құралдардан майды алдымен дренажды ресиверде, кейін май жинақтағышта еру кезінде жояды. Төмеңгі қысым жағындағы аппараттар – хладотасығышты салқындатуға арналған тасығыш, аралық ыдыс, қорғауыш, компаундтық және циркуляциондық ресиверлер, сұйықтыф бөлгіш – жұмыстан өшіріледі, сұйық хладогенттен босатады және май қозғалмалы болу үшін қыздырады.

Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларда аппараттардан май майжинақтағышқа келесідей шығарылуы керек (сурет 2.1).



Сурет 2.1. Аппараттардан май жинақтағышқа майдынң алыну сұлбасы: 1 - аппарат; 2 - майжинақтағыш; 3 - циркуляциондық ресивер; 4 – бөшке, 1' - 4' – тығынды вентилдер.

Майжинағышты 2 циркуляциондық ресивермен 3 байланыстыратын құбырдағы 2' және 4' вентильдерді ашу арқылы майжинақтағышта 2 май шығарылатын аппараттағы 1 қысымның мәнінен аспайтындай қысымды төмендетеді. Майжинағышта қысымды төмендеткеннен кейін 2' және 4' вентильдерді жабады және 1' және 3' вентильдерді ашу арқылы 1 аппараттан майды шығарады. 1' және 3' вентильдерді қысымды түзеткеннен кейін жабады, бұл құбырда,ы шықтың пайда болуымен сипатталады және маймен бірге түскен хладогентті жою үшін 2' және 4' вентильдері 20-30 мин ашады.

Сосын 2' және 4' вентильдерді жабады да майжинағыштағы қысымды бақылайды. Егер қоршаған ауамен немесе жылудың басқа да көзімен майды қыздыру әдісіне байланысты қысым жоғарыласа, онда хладогентті жою үшін 2' және 4' вентильдерді қайта ашады. Хладогенттен тазартылған май атмосфералық қысымнан жоғары 0,01-0,03 МПа қысымда майжинаағыштан бөшгеге 4 шығарылады.

Хладонды тоңазытқыш қондырғыларында май буландырғыштан R22 жұмыс үстеуі кезінде төмен жақтағы қысысдағы аппараттардан және майлы ресиверден алынады. Змеевик типті салқындатқыш құралдардан майдың алынуы батырылған буландырғыштарға қарағанда оңай жүзеге асырылады. Осылайша R12 қондырғысында батарылған буландырғыштардан май хладогент буымен бірге көбік түрінде алынады. Алынған майдың мөлшері буландырғыштағы хладогенттің деңгейіне және ондағы будың қозғалыс жылдамдығына байланысты. R22 қондырғыларында төмеңгі қысым жақтағы аппараттардан немесе сораптың қысым түсіретін құбарларынан сорапты беріліс кезінде сұйық хладогенттің бір бөлігі алынады.

Компрессорлық агрегатқа түсетін май агрегатта орналасқан майдың массалық үлесіне жаұын хладогенттің массалық үлесіне ие болуы керек. Майда хладогенттің массалық құрамын азайту үшін, оны жылуалмастырғышта немесе майлы ресиверде қыздырады.

Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларда кейбір майлар, сонын ішінде ХА30 механикалық ластанулардан, сулардан және ыдырау өнімдерінен тазарту жолы арқылы қалпына келгеннен кейін қайта қолданыла алады.

2.4.5.2. Тоңазытқыш қондырғылары жүйесінен ауаның алынуы

Жүйеде болатын ауа конденсация температурасы мен қысымының жоғарылауын туғызады, бұл суықөндіргіштіктің төмендеуінің, компрессорға әкелетін электрэнергия шығындардың өсуіне және қондырғының жұмыс шартының төмендеуінің себебі болып табылады. Осыған байланысты қондырғының жұмыс процессі кезінде ауаның түсуін тоқтату және түскен ауаны жоюда әдістер қолдану керек.

Ауа жүйеге көбінесе техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстары кезінде келіп түсуі мүмкін. Жүйеде ауаның болуын келесідей белгілер арқылы анықтауға болады. Хладоген және конденсатор қысымдары арасында арйырма пайда болады. Сызықты ресиверде сұйық деңгейінің жоғарылау кезінде конденсаторда қысым өседі.

Жүйеден ауаны ауа бөлгіштің көмегімен жояды. Осылайша Я10-ЕВ ауа бқлгіштің техникалық қызмет көрсетуі кезінде күнднлікті автоматика құралдарының жұмысқа қабілеттілігі, қосылыстарының бітеулілігі тексеріледі, вакуумметрмен өлшенген қысымды қаныққан хладогенттің қысымымен салыстырады.

Хладотасығыш жүйесінде ауаның болуы мынандай белгілермен сипатталады. Сорап бірқалыпты жұмыс істемейді – сұйық ағындарының бөлінуі арқылы. Манометр тілшесі кенеттен тербеледі. Салқындатұыш батареялар бірқалыпты емес қыраумен жабылған емесе қырау болмайды, себебі хладотасығыш батареяға келіп түспейді. Сорап тоқтаған кезде ұлғайтылған бактағы хладотасығыштың деңгейі жоғарылайды. Хладотасығыш жүйесіндегі ауаны сорап жұмысы кезінде буланлһдырғыш қақпақтарында орналасқан кран немесе тығындардың көмегімен шығарады.

2.4.5.3. Ылғалдылықты жою және жүйе герметизациясы

Хладогенттерде болатын ылғалдылық олардың коррозиялық активтілігн жоғарылатыды, 0,005-0,01% мөлшеріндегі полиэфирлер негізіндегі майлардың ыдырауына себеп болады. Хладондағы еріменген су дросселдеу кезінде қатып қалады. Мұздың кристаллдары сүзгілейтін насадканың тесіктерін бітейді, бұл хладогенттің берілуін төмендетеді мысалы, компрессорларға немесе салқындатықаш құралдарға.

Осыған байланысты хладонды қондырғыларда жүйеде хладогенттің ылғалдылық индикаторының көмегімен еркін судың болуын периодтты бақылайды.

Жүйеде ылғалдылық белгілерінің пайда болуы кезінде ыллғалдылықтық түсу себебеін анықтау керек, оны жойып, жүйеден ылғалдылықты жою әдістерін қолдану керек. Ылғалдылық қалыпты жағдайда жүйеге ауамен, хладогентпен, маймен бірге азғантай мөлшерде келіп түседі. Сол себепті жүйені ашқаннан кейін 12 сағ ішінде 150 МПа көп емес қысымда 150С төмен емес температурада вакуумды сораптың көмегімен вакуумирлейді. Жүйені толтыру процессі кезінде май және хладогентті қосымша кептіргіш паторндардың көмегімен кептіреді.

Озондықауіпсіз хладогенттер және олардың майлары гидроскопиялық. Сол себепті жүйені терең және ұзақ уақытты тазарту қажет етіледі. Сонымен бірге жүйеге сумен салқындатылатын конденсатор және май салқындатқыштардағы тығыздалулар арқылы судың көп мөлшерінің келіп түсуі. Мұндай аппараттарда ағып кетудің болуы периодты тексеріледі. Жүйеде ылғалдылық белгілерінің пайда болуына байланысты кептіргіш-сүзгі қосылмаған болса, қосылады. Сорбент массасын хладогенттің массалық шығынын, сорбенттің ылғалсыйымдылығын, жұмыс уақытын есептеу бойынша анықтайды. Ылғалды жұту мөлшері бойынша сорбенттердің жұту қабілеті төмендейді, сол себепті олар регенерацияға ұшырайды.

Жүйенің бітеулілігі оның экономикалық және қауіпсіз жұмыс істеуіне қажетті шарт болып табылады, яғни жүйеде хладогент мөлшерінің азаюы энергия шығынын жоғарылатады. Бөлмеде хладогенттің жинақталуы қызмет көрсету персоналдары үшін қауіпті болып саналады, ал атмосфераға түсуі қоршаған ортаның экологиясын төмендетеді.

Бітеулікті бақылау және ағып кетуді анықтау индикаторлық заттарды (көпіршік түзгішті, бояғышты, химиялық реагентті) және түрлі белгіленулері бар құралдарды (индикатор, газоанализатор) пайдалану көмегімен жүзеге асады. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларында машиналық және аппаратты бөлімдерінің бөлмелері В-1б жарылыс қауіпі бар классқа жатқызылады. Сол себепті автоматизирленген тоңазытқыш қондырғыларында ауада аммиактың концентрациясының ағып кетуіне және авариялық жағдайларға байланысты сигнализатор қондырғысының болуы міндеттелген (мысалы, СКПА-01). Ағып кетудің сигнализаторы алдын ала ескерту сигналын беру керек және 0,5 г/м3 (0,07%) жоғары аммиак концентрациясында вентиляцияны қосуы керек, ал концентрациясы 1,5 г/м3 (0,21%) жоғарылаған кезде барлық қондырғының электрожабдықталуын сөндіруі керек және бір уақытта авариялық вентиляция мен жарықдыбысты сигнализациясын қосуы керек.

Аммиактың ағып кеткен орынын химиялық (мысалы, фенофталеиннің спиртті ерітіндісіне немесе фенолроттың спиртті-глицеринді ерітіндісіне) батырылған сүзгілі қағаздардың жартысы, сонымен қатар орын ауыстырғыш құралдардың көмегімен анықтайды. орын ауыстыру құралдарының көмегімен ағып кетуді анықтау кезінде оның сезімьалдығына мән беріледі, ол ауадағы аммиак концентрациясының фонынан үлкен болуы керек. Егер аммиактың концентрациясы берілеген мәнге тең болса, онда дыбыстық және жарықтық сигнализация қосылады. Салқындатқыш суда және хладотасығышта аммиактың болуын мысалы, Несслер рективінің көмегімен анықтайды.

Машиналық бөлімдердегі ғимараттарда, өндірістік ғимараттарда, тоңазытқыш камераларда және жылуалмасу аппараттарында хладонның болуын газанализаторлар және сигнализаторлар көмегімен анықтайды. аудағы хладон концентрациясының булық мәнеге жеткен кезде жарықтық және дыбыстық сигнализация қосылады. Хладонның үлкен ағып кетуі болған орындарды май тамшыларының орынымен, бояғыштардың болуымен, бетке жағылған сабынды немесе полимерлі эмульсияның көпіршіктенуімен анықтауға болады. Бірақ көбіне сезімтал құралдар пайдаланылады – галогенді шам.

2.4.5.4. жүйенің хладогенмен және хладотасығышпен толтырылуы

Тоңазытқыш қондырғыларын эксплуатациялау кезінде хладогент және хладотасығыш әр түрлі жолдармен жүйеден шығады (ағып өтулер қосылыстар мен сальниктерде, май және ауа шығаруы кезінде, техникалық тексеріс және жөндеу жұмыстары кезінде). Сол себепті мынындай белгілері бойынша жүйені периодтты түрде хладогенмен және хладотасығышпен толтырады: буландырғш жүйелерде сұйық жетіспеуі кезінде сызықты ресиверде сұйық хладогенттің төмен деңгейі, будың қатты қызуы, қысымның жоғарғы температурасында, қайнаудың төмеңгі температурасында.

Жүйенің хладотасығышпен толтырылуының негізгі себебіне ашық буландырғышта және ұлғайтылған бактың жабық буландырғышы бар сұлбасында хладотасығыш деңгейінң төмен болуы. Жүйені толтыру үшін бак-конденсаторда химиялық индикатордың (лакмус, фенолфталеин) немесе ареометр құралының көмегімен рН көрсеткішін периодты бақылап отыру арқылы қажетті концентрациялы ерітінді дайындалады. Қажет болған жағдайда ерітіндіге коррозия ингибитрын еңгізеді. Дайындалғын хладотасығыш сүзгі арқылы сораптың көмегімен жүйеге береді.

2.4.5.5. Тоңазытқыш қондырғылары элементтерін коррозиядан қорғау

Ластанған атмосфералық ауамен, хладотасығышпен, сумен, грунтпен әрекеттесетін тоңазытқыш қондырғыларының элементтері әр түрлі коррозияның әсеріне шалдығады. Бұл олардың пайдалану уақытын төмендетеді, ал жылуалмасу аппаратарындағы коррозия өнімдері термиялық кедергілерді жоғарылатады. Жылына зақымдалған материалдың қалындығымен (мм) немесе бет ауданының бірлігіне жататын (г/м2) массасымен өлшенетін коррозияның жылдамдығы материалдың түріне, ортаның құрамына және сыртқы шарттарға (температура,қысым, қозғалыс жылдамдығы) байланысты. Мысалы, атмосфералық коррозияның жылдамдығы атмосфералық ылғалдылықтың өсуімен жоғарылайды, электрохимиялық коррозияның жылдамдығы қышқыл ортада ортанығ қозғалыс жылдамдығы мен температурасы жоғарылағанда өседі.

Тоңазытқыш қондырғылары элементтерін коррозиядан қорғау үшін әр түрлі әдістерді қолданады: бетін коррозиялық – төзімді материал қабатымен жауып, коррозиондық ортадан материалды алып тастайды, ингибтр қолданады (коррозияның жылдамдығын баяултатын зат), металлдың коррозиондық потенциалын өлшейді.

Металлдың коррозиядан сақтаудың грунтовка, бояу, лактау және эмальдау жолдары жиі қолданылады. Лакпен қаптау егер қабат үздіксіз болса, қорғау функциясын атқарады. Қазіргі уақытта цинк ұнтағымен толтырылған қорғаушы лакпен қаптау пайда баолды, ол металлдың қабаттарының үздіксіздігі бұзылған да да қорғайды. Қазіргі уақыттағы технологиялар мееталл бетін әр түрлі қалындықтағы синтетикалық плассмаса қабатымен жабуға мүмкіндік береді.

Плассмасаның жұқа қабатымен жабылған жылубөлгіш беті хладотасығышпен байланыстырылған буландырғыштар шығарылуда. Винтті компрессорлық агрегттардың майсалқындатқыш қақпақтары және құбыр торының беті сутылатын бет жақтан эпоксидті смала қабатымен жабады. Мысалы, салқындатқыш құралдардың бетін, ауалы және буландырғыш конденсаторларды цинктейді, кейде ауалысалқындатқыштардың және конденсаторлардың жылубергіш құбырларының бетін алюминий құймасымен жабады.

Сутегі көрсеткішінің мәнін (рН=7...12 көміртегілік болат үшін, рН=7 алюминий үшін) мақсатты ұстап тұрумен ауаның және сутегінің, ауыр металлдардың иондарын, галогендерді және т.б. концентрациясын, ауаның ылғалдығын, бетте бу конденсациясын болдырмай, температураны, қысымды және қозғалыс жылдамдығын төмендету арқылы ортаның коррозиялық активтілігі төмендеуі мүмкін. Атмосфералық ауамен әрекеттесетін ортада оттегі мөлшерін төмендету үшін арнайы плимерлі материл-реоксидтер пайдаланылады, олар ерітілген оттегіні ауалы ортадан жоя отырып бір бірімен активті байланыстырады. Жою процессі колонка арқылы судың сүзгіленуіне алып келеді.

Коррозия ингибитрлері – заттар, белсенді ортаға еңгізген кезде металлдық материалдардың коррозиялық жылдамдығын төмендетеді. Ингибибиторлардың біруі электрохимиялық табиғатына ие, ал кейбіреулері металлда пленканың түзілуіне септігін тигізеді және металлды пассивті күйге келтіреді. Ингибитрлар негізінен белсендщі ортаның тұрақты немесе майлы жаңартылған мөлшерімен салқындату жүйелерінде қолданады. Мысалы, аппараттардың жылубергіш бетін, су жақтағы құбырларды, тұйық контур арқылы циркуляцияланатын хладотасығышты, коррозиядан сақтау үшін.

Тоназытқыш техникасында неорганикалық ингибиторлар қолданылады. Осылайша қара металлдарды қорғау үшін сумен жабдықтаудың қайтымды тұщы су жүйесіне сұйық шыны, натрий бихроматын және каустикалық сада еңгізіледі. Мысалы, 1 м3 таза суға 90 г натрий бихроматын және 26 г каустикалық соданы қосады. Рассолдарда цинк және қара металлдарды қорғау үшін негізінен хромат және натрий бихроматын қолданады. Біріншісі эффективті, бірақ соңғысы арзан және қол жетімді.

Хладонды қондырғыларда хладогентке 0,01-1% мөлшерде борлы ангидрид қосады, ал жаққыш майға 0,05-1% мөлшерде пиколоиондық қышқыл және 0, 1% мөлшерде дибензоил перекисін еңгізеді. Ингибитордың қорғаушы әрекеті жұмыс процессі кезінде төмендейтіндіктен ерітіндіге периодтты түрде қосып отыру керек.

Стационарлық потенциалының өзгерумен металлды корғау электрохимиялық деп аталады. Мұндай қорғаудщың екі түрі бер – котадтық және анодтық. Тоңазытқыш қондырғыларда анодты протектор әсерінен катодты қорғау қолданылады. Көміртекті және төменрегирленген болаттардан жасалған обьектілерді қорғау үшін алюминий (АП1,АП3 маркалы) және болат (ЦП1, ЦП3 маркалы) құймаларынан жасалған протекторлар пайдаланылады. Негізі мыс және никель болатын құймалардан жасалған обьектілерді қорғау үшін болаттан жасалған (СТ0,СТ3 маркалы) протекторлар қолданылады. Протекторлар қорғаныш әрекетінің шетелген радуысына ие болғандықтан қоргалатын обьектіге бірнеше протекторлар бекітіледі. Оларды буландырғыштар мен майсалқындатқыштардың құбыр тақтайына және қақпағына орнатады. Протекторлардың бекітілген орыны жақсы қорғалған және майланбағынына көз жеткізу керек. Бастапқы массасынан 40% бұзылған протекторлар ауыстырылады.



2.4.5.6. Аппараттардың жылубергіш беттерінің тазарту әдістері

Сумен салқындатылатын аппараттардың жылубергіш беті уақыт өте келе тотпен, ал кей жағдайларда органикалық калдықтармен жабылады. Нәтижесінде термиялық және гидравликалық кедергілер жорғарылайды, соңында берілетін жылулық ағын азаяды. Мысалы, 1 мм қалындықтағы тот қабаты кезінде буландырғыш конденсаторлар құбырларының бетінде өнімділігі 10% төмендейді, ал 2 мм қабат қалындықта - 20%. Осыған орай жылубергіш бет қалдықтардан периодтты тазартылып отырылуы керек.

Аппараттардың жылу бергіш бетін тоттан химиялық және механикалық әдістермен тазартылады. Химиялық тазарту кезінде минералдық қосылыстармен химиялық реакцияға түсетін заттарды (қышқыл, сілті, тұз) қолданылады. Нәтижесінде сулы ерігіш немесе ерімейтін қосылыстар түзіледі. Химиялық белсенді зат түрін таңдау тоттың химиялық құрамына байланысты. Мысалы, карбонатты тоттарды 4 -10 пайыздық ингибирленген тұз қышқылының ерітіндісімен ерітеді, ол ең тиімді әрі арзан болып табылады. Силикатты және сульфатты тоттарды 5-20 пайыздық каустикалық сода ерітіндісімен немесе 5 –пайыздық тринатрийфосфат ерітіндісімен ерітеді. Тазарту үшін ұзақ уақыыт аралығында тотты ерітетін органикалық төмен қышқылдарда (мысалы, 70- пайыздық сулы уксусты, пропиондық және майлы ерітінділер) да қолданылады.

Конденсатор құбырының бетінен химиялық тәсілмен тотты жою сұлбасы 2.2,а суретінде көрсетілген.



Сурет 2.2. Химиялық тәсіл арқылы тотты жою сұлбасы: а – сорапты беріліс арқылы ; б – сорапсыз беріліс арқылы; 1 – сілті бар бак ; 2 – қышқыл бар бак; 3 – қышқылға төзімді сорап; 4 - конденсатор.

Конденсатор 4 жұмыстан сөндіреді, одан хладоген, майғ су алынып тасталады. Содан кейін бақылап-өлшегіш құралдар және тісті металлдардан жасалған арматура шешіледі, жүйеден сөндіреді, химиялық реакция нәтижесінде табылған газдың шығуы үшін қақапақтың бір бөлігін ашық қалдырып тесіктерді бітейді.

Қажетті массалық үлесі бар дайындалған ерітінді, қышқыл деп есептейік, 2 бактан 3 сорап арқылы 4 конденсаторға беріледі және өайтадан 2 бакка ағылады. Аппараттан тоттың жойылуын бакқа түсетін ерітіндідегі қышқылдың және шлам мөлшерінің массалық үлесінің өзгеруімен бақылайды. Аппаратты тазарту аяқаталады. Егер циркулирленетін ерітіндідегі қышқылдың массалық үлесі өзгермейтін болса. Содан кейін конденсаторға 2-5% сілті ерітіндісі беріледі. Мысалы, NaOH 1 бактан қышқылды нейтрализдеу үшін және индикатордың көмегімен рН көрсетуін бақылай отырып, сумен шаяды.

Тот басуды болдырмаудың бірнеше қарапайым техникалық әдістері бар (сур 2.2, б). Тазартуға арналған дайын құрылғының қуысына ерітінді құйып, екі тәулік ұстайды. Құрылғының жоғарғы ашық патрубкасы арқылы қысылған ауаны жіберіп, қуысында толық периодты араластырылады. Егер тоттануды сілтілермен, органикалық қышқылдармен және тұздармен кетіретін болсақ, онда осы үрдістен кейін құрылғыны сумен шаяды. Химиялық тазартудан өткен өңделген ерітінділер және шайылған судың құрамындағы заттар канализация және табиғи су қоймаларына тазартусыз жіберілмейді. Құрылғыларды химиялық тоттанудан тазартудың әдісі универсалды және эффективті, бірақ арнайы қорғаушы заттары бар құралдарды (резеңкелі етіктер, алжапқыш, сүзгісі бар маска) және өңделген ерітінді және шайылған суды тазарту жүйесін қажет етеді. Сол себепті кейбір жағдайларда аздаған жұмыс көлемінде, тазартылатын бетке тиімді қол жеткізуде механикалық тәсіл тиімді болып табылады. Яғни сымдық щеткалар, болаттан жасалған еркін тростар, электро немесе пневмоберілістер негізінде қозғалысқа келтірілетін фрездер арқылы бетті тоттанудан тазартуға болады.. Механикалық әдіс кезінде тазартылатын материалдың беті бірқалыпты тазартылмайды және беттік қабаты бұзылады. Механикалық тәсілдің бір түріне жылулық әдіс жатады. Бұл кезде тазартылатын бетті қыздырады, сосын қайта тез суытады. Металдың сызықтық ұлғаюының нәтижесінде тоттанудың қабаты жарылады және берілетін судың ағыны арқылы шайылады. Бұл әдісті көбінесе буландырғыш конденсатордың құбырларын тазартуда қолданады. Себебі құбырлар тығыз түйін түрінде орналасқандықтан оларға механикалық жолмен әсер ету келмейді және химиялық әдіспен тазартуды қиындатады.

2.4.5.7 Шағын тоңазытқыш қондырғыларының техникалық қызмет көрсетуі

Сауда кәсіпорнының және қоғамдық тамақтанудың шағын тоңазытқыш қондырғылары автоматты түрде жұмыс істейді, сол себепті қызмет көрсету персоналының тұрақты қатысуын қажет етпейді. Тоңазытқыш қондырғыларының функционалды жұмыс істеуін (мысалы, шу және діріл деңгейлерін, майлы дақтардың болуы) және техникалық қызмет көрсетудің операцияларын (қондырғы бетінің тазалықта болуы, ауалы конденсатордың тазалануы, суытылған құралдардың ерітілуі) күнделікті бақылап отыруды басқарушылардың өкілінің бірі орындайдыТоңазытқыш қондырғылардың жұмысы істен шыққын кезде ол механикты шақырады. Мамандандырылған кәсіпорын тұлғасының ерекше нұсқауымен техникалық тексеру кестеге сай периодтты түрде бір-үш айда бір рет тексеріледі.

Техникалық тексеруде келесі жағдайлар орныдалады. Камералардың жылуизоляциялық бөгеуші кұрылымын, шкафтарды, тоңазытқыш қондырғыларды автоматика құралдарын, электрлік қондырғылардың күйін визуальді бақылайды. Қондырғылардың фундементке бекіту беріктігін және жер асты сымдарын тексереді, құбырлар мен қондырғылардың бітеулігін, ылғалдылық индекаторының көмегімен жүйедегі ылғалдылықтың болуын анықтайды. Қондырғылардың жұмыс істеу параметрлерінің режимін өлшейді: агрегатты қосу және өшіру кезінде термометрдің көмегімен суытылған көлемде ауа температурасын; мановакуумметрдің көмегімен хладогенттің қысымын (температурасын); агрегатты қосу және өшіру кезінде манометрдің көмегімен конденсация қысымын (температурасын); агрегат жұмыс істеп тұрған уақыттағы конденсатордың кірісі және шығысындағы судың температурасы; агрегат жұмыс істеп тұрған уақыттағы конденсатордың кірісі және шығысындағы судың температурасы Қайнау қысымы және суытқышқұралдардағы немесе сорғыш құбыр бетінде қыраудың болуы бойынша ТРВ настройкасын тексереді. Жүйеде ауаның болуын, қосылыстардың бітеулілігін, сорғыш және баспа клапандар, поршенді сақиналардың бітеулілігін анықтайды.

Тоңазытқыш қондырғылардың жұмыс режиміне талдау жүргізіледі: салқындатылған көлемде ауа температурасын тқрақты ұстап тұру, конденсацияның және қайнаудың температуралар (қысымдар) айырмашылығы, сору кезіндегі қызып кету, конденсаторда судың қыздырылуы, тоңазытқыш агрегатының жұмыс уақытының коэффициенті. Қондырғылардың дефектілерін және берілген жұмыс режиміндегі ауйытқуларды көрсетеді. Тоңазытқыш қондырғылардың жұмыс істеу кабілетін тқрақты ұстап тұру үшін жұмыстар жүргізіледі: автоматика қондырғыларын орнықтырады (реле температуралары, реле қысымы, ТРВ, суды қалпына келтіруші вентиль); хладогеннің ағып кетуін болдырмау (жылына 0,5 г аз); жүйені хладогенмен толтыру; кептіргіш сүзгінің көмегімен хладогенді ластанудан тазартады және кептіреді, сулы салқындату және еріту жүйесін тазартады, вентилятор, конденсатор диффузоры және ауалысалқындатқыш арасындағы саңылауды реттейді. Жұмыстың орныдалуын техникалық қызмет көрсету журналында көрсетеді, ал тексерілу нақтылығы актпен расталады.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Пайдалану міндеттері

2. Тоңазытқыш қондырғылаының техникалық қызмет көосетуі

3. Тоңазытқыш қондырғылардың жұмыс режимі

4. Оптимальді режимнен негізгі ауытқулар және негізгі параметрлерді ретке келтіру

5. Буландыру жүйесіне сұйық хладогеннің берілуін ретке келтіру

6. Қызмет көрсету пресоналының жалпы міндеттері

7. Тоңазытқыш қондырғыларды қосу және тоқтату

8. Компрессорлардың қызмет көрсетілуі

9. Жылуалмасу аппараттарының қызмет көрсетуі

10. Сорғыштардың қызмет көрсетуі

11. Бақылау,автоматты қорғау және басқару құралдарының қызмет көрсетуі

12. Батареялар және ауалысалқындатқыштардың еруі

13. Жүйеден майдың шығарылуы

14. Хладогенмен және маймен зарядтау

15. Жүйеден ауа және ылғалдылықты жою

16. Хладогендергің ағып кетуін анықтау

17. Техникалық бақылау және есептеу
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1.Курылев Е.С., Герасимов Н.А. Холодильные установки. - Л., Машиностроение, 1980.

2. Курылев Е.С., Оносовский В.В., Румянцев Ю.Д. Холодильные установки.- Санкт-Петербург, Политехника, 2002.

3. Невейкин В.Ф. Монтаж, эксплуатация и ремонт холодильных установок. - М., Агропромиздат, 1989.

4. Правила устройства и безопасной эксплуатации аммиачных холодильных установок. - М., НПО *Агрохолодпром*, 1991.

5. Холодильные компрессоры / Быков А.В., Бежанишвили Э.М., Калнинь И.М. и др., под редакцией Быкова А.В. - М., Колос, 1992.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет