5В072600 «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығына арналған



бет4/4
Дата17.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#142175
1   2   3   4

Дәріс №13 Тоқыма материалдарының қасиеті.


  1. Геометриялық қасиеті.

  2. Маталардың механикалық қасиеттері.

  3. Тоқыма материалдардың бір циклды үзілетін сипаттамалары

Геометриялық қасиет деп материалдардың қалыңдығын, енін, ұзындығын және салмағын сипаттайтын тоқыма материалдарының қасиеттерін айтады. Геометриялық қасиет олар белгілі бұйымға арналған материалды таңдауды, тігін өндірісінің кейбір үдерісінде материалдың бағытын, сонымен қатар киімнің эксплуатациялы үдерісінде пайда болатын, эксплаутациялық көрсеткіштердің қатарын анықтайтын болғандықтан тігін өндірісі үшін маңызы зор.

Қалыңдық - қалыңдық өлшейтін құралда белгілі қысымда өлшенген, тоқыма материалының өң бет жағы мен теріс жағының арақашықтығы. Қалыңдықты анықтау үшін материал үлгісі 1 және 2 қос куыс бұрғылардың арасына орналастырылады. Жоғарғы қуыс бұрғы қозғалмалы және материалдың қалыңдығын 4 шкалада көрсететін, 3 тілшемен байланысқан.

Тоқыма материалының қалыңдығы тұрақты көлемде болмайды және тігін өндірісінде материалды өңдеу мен әрлеу ерекшеліктерімен, киісте релаксациялық үдерістің көрсетілуімен, сондай-ақ өлшенген кездегі қысыммен байланысты. Тоқыма материалының қысымын өлшеген кезде сыналушы материалға 10 гс/см2

қысым беру қабылданған. Бұл қалыңдық көрсеткіштері бойынша әртүрлі материал- дарды салыстыруға мүмкіндік береді. Тоқыма материалдарың жеке аймақтарында қалыңдықтың әртүрлі болатындығын ескеру қажет.

Осындай қалыңдық бойынша едәуір біркелкісіздікпен бейматалық материалдар ерекшеленді, оның себебін талшықтық жайғақты қалыптастырудағы кемшілігімен түсіндіреді.

Материалдың қалыңдығы оның киімге сәйкес тағайындалуын анықтайды: яғни, жұқалау материалдар ішкиімдік және көйлектік бұйымдарда, орташа - костюмдік, ал қалыңырақ - пальтолық және басқа сырт киімдерде қолданылады.

Тоқыма материалдарының қалыңдығы олардың күлтеленуі, қаттылығы, ауа өткізгіштігі, тозуға төзімділігі, жылылықты өткізбеушілікті, сонымен қатар, бұйымға арналған материалдарды таңдаумен және оның эксплуатациялық сапасымен байланысты басқа да қасиеттерінен тәуелді.

Киім бөлшектерін пішу кезінде материал қалыңдығына байланысты төсемнің көлемі 12-150 қабатқа дейін ауытқиды, ол өз кезегінде пішіп алынған киім бөлшектерінің дәлдігіне мен пішу өндірісінің өнімділігіне ықпалын тигізеді.

Тігін өндірісінде материалдың қалыңдығынан тігін машинасында материалдың қозғалысына жұмасалатын күштің және жіптің шығыны тәуелді. Тігін өндірісінде қолданылатын бейматалардың қалыңдығы 0, 1-5 мм.

Тоқыма материалдарының ені кенерелерінің арасындағы арақашықтықты көрсетеді. Ол маталар, трикотаж және бейматалар өндірілетін машиналар мен станоктардың сырт мөлшеріне байланысты болады.

Маталардың механикалық қасиеттері.

Тоқыма жаймаларының негізгі механикалық қасиеттері жартылай циклді, бірциклді және көпциклді сипатаммалар болып бөлінеді. Жіптердің механикалық сипаттамаларына қарағанда матаның, трикотаждың аталған сипаттамалары екі бағытта, яғни екі өсі бойынша анықталынады. Созу деформациясын зерделеу матаның құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі, себебі матаның өрімі, тығыздығы жеке құрылымдық сипатаммалары оның беріктігіне әсерін тигізеді.



Тоқыма материалдардың бір циклды үзілетін сипаттамалары

Тоқыма бұйымдар сыртқы күш әсерінен үзілетін толық бір цикл бойынша «жүктеу - жүктен босату - демалдыру» сынағында олардың созу деформациясына төзімділігін бір циклді сипаттамалар- мен анықтайды. Тоқыма бұйымының құрамындағы талшықтар мен жіптердің бойындағы деформациялық өзгерістер релаксациондық про- цестермен сипатталынады.

Киімге қолданатын маталарға жүктеме азырақ әсер етеді. Тігін бұйымдарын дайындауда үзу күшіне 1-2% және киімді кию кезінде 5- 15% үзу жүктемесі әсер етеді. Жүктеме және жүктен босату дема- лыспен кезектесе отырып әсер еткенде материалдардың құрылымы бұзылып, әлсірейді және тігін бұйымдарының сыртқы көрінісін нашарлатады. Тоқыма материалдарының бір циклді сипаттамалар ерекшелігі жақсы сипатталған релаксационды процесс және деформация кезіндегі көрінісі болып табылады. Бұл ерекшелік көбінесе материалдың өлшемдері мен пішіндерінің тұрақтылығы және тігін бұйымдарының сапасын анықтайды. Тігін бұйымдарын дайындау мен пайдалану процестері, жүктеме релаксациясының сипаттамаларына зор мағына береді. Бұл материалдың құрылысындағы өзгерістер тігін бұйымдарындағы деформациядан кейінгі бөлшектердің өлшемі мен пішін ұстамдылығын анықтайды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Тоқыма материалдардың геометриялық қасиеті.

  2. Маталардың механикалық қасиеттері.

  3. Тоқыма материалдардың бір циклды үзілетін сипаттамалары


Дәріс №14. Тоқыма материалдардың физикалық қасиеті.


  1. Матаның физикалық қасиеті

  2. Гигроскопиялық қасиеті

  3. Бу өткізгіштік

Матаның физикалық қасиетіне ылғалдылық, гигроскопиялық, ауа өткізгштік, бу өткізгіштік, су өткізгіштік, шаң өткізгіштік, электрлік, жылу сақтағыштық қасиеттері жатады.

Физикалық қасиетіне қойылатын талаптар, матаның тағайындалуына оның талшықтық құрамына, құрылымына, өңделуіне байланысты анықталынады.

Гигроскопиялық қасиеттері

Гигроскопиялық - матаның қоршаған ортадан ылғал сіңіру қасиеті. Матаның гигроскопиялық ауаның 100% салыстырмалы ылғалдығы мен 20±2°С температурадағы материалдық ылғалдылығы келесі формуламен анықталынады:

Щ = т°° ~ т • 100% ,

тс


мұндағы, т100 -100% ауадағы салыстырмалы ылғалдылық (4 сағ.тұрған

материал үлгісінің салмағы), тс - өте құрғақ үлгінің массасы.

Тоқыма материалдарының гигроскопиялылығы олардың іс жүзінде ылғалдылығына байланысты болады. Тоқыма материалдың ауадағы жоғарғы ылғалдану ортасына су буын сіңіру қасиеті сорбция процесі деп аталады, ал төменгі ылғалдану ортасына су буын қоршаған ортаға беру процесін десорбция деп атайды.

Тоқыма материалдарының сорбциялық қасиеті ылғалдылық, гигроскопиялық және ылғал қайтарыммен сипатталынады. Тоқыма материалдардың гигроскопиялық қасиеттерін бағалаған кезде бір шама сипаттамаларды қолданады: ылғалдылық, гигроскопиялық, су сіңіру, капилярлық, су сіңдірместігі, ылғал қайтарымы, бу өткізгіштігі.

Ылғалдылық. Нақты ылғалдылық (ш^ %) атмосфералық шартқа айланысты, сынаудан өткізгендегі материалдағы ылғалдылығын көрсетеді, л келесі формуламен анықталынады:

тф - тс ІЛф =-*■

------------------ • 100% ,

Ф тс


мұндағы, т^- аудағы нақты ылғалдылық үлгісінің салмағы, тс - өте құрғақ үлгінің салмағы.

Кондиционды ылғалдылық (шк %) материалдарды қалыпты атмосфералық жағдайдағы (юв=65±5%,1=20±2°С) ылғалдандырудан кейінгі ылғалдылығын айтады. Кондиционды ылғалдылық келесі формуламен анықталынады:


™к = (Рі^і + Р2™2) / 100,
мұндағы, ррр2 - материалдың талшықтық құрамы, (%) бойынша, ^ ,^2-

талшықтық кондициондық ылғалдылығы.

Ылгал қайтарымы (В0%) - материалдың гигроскопиялық ылғал ұстамдылығын яғни ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 2% болғандағы оршаған ортаға беру қасиетін айтады. Ол келесі формуламен анықталынады:
в0 = ть - т°к • 100,

ть- тс


мұндағы, ть -үлгінің эксикатордағы суда ұстағаннан кейінгі салмағы г, тск -

үлгінің эксикатордағы күкірт қышқылына ұстағаннан кейінгі салмағы, г, тс - үлгінің кептіргіш шкафына кептіргеннен кейінгі салмағы, г.

Тоқыма материалының сулы ортасымен әсерлескенде суды өткізу

қабілеті су сіңіру және капиллярлық сипатымен анықталынады.



Өткізгіштік

Тоқыма материалдардың ауаны, буды, суды, ерітінділерді, газды, шаңды, радиоактивті сәулелерді өз бойынан өткізуді өткізгіштік қасиеті деп атаймыз.

Ауа өткізгіштік бұл - материалдан бүйымның өз бойына ауа өткізу қабілетін айтады. Бүл қасиет талшықтың қүрамына тығыздығына және өңделуіне байланысты болады. Тығыздығы төмен матаның ауа өткізгіштік қасиеті жоғары болады, ал тығыздығы матаның, су жүқтырғыштың сіндірмелері мен өңделген, резеңке араласты- рып тоқылған маталардың ауа өткізу қасиеті төмен болады. Ауа өткізгіштігіне нақты мінездеме беру үшін оны ауа өткізгіштік коэффицентімен анықталынады. Ауа өткізгіштік гигиеналық және жылу сақтағыштық қасиетінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Бүл бүйымға материал таңдауда маңызды роль атқарады. Жаз мезгіліне арналған матаның ауа өткізгіштігі өте жоғарғы болу қажет ол киім ішіндегі ауа қабатының еркін қозғалуын қамтамасыз етеді, ал қыстық киімдер үшін ауа өткізгіштігі төмен материалдар таңдап алынады. Ауа өткізгіштік келесі формуламен анықталынады:

Бр=ү/( 8 - х) ,


Бу өткізгіштік

Бу өткізгіштік - адам денесінен бөлініп шығатын су буларын матаның өткізу қабілетін айтады. Бу матадағы саңылаулар арқылы өтеді немесе материалды өзінің гигроскопиялық қасиетінің арқасында киім астындағы ауадан буды сіңіріп алады, оны қоршаған ортаға береді. Жүн маталары су буларын жайырақ буландырады және киім астындағы температураны басқа маталарға қарағанда жақсырақ реттейді.


Модель- дер құрып конструкция жасағанда матаның осындай қасиетін ескеру қажет. Мысалы: балон тектес матадан тігілген плащтың ауа және бу өткізгіштік тігісін жақсарту үшін кокетканың астынан бу шығаратын тор салады. Бу өткізгіштікті келесі формула бойынша анықтайды:

Вһ=А/(8т),

мұндағы, А - мата үлгісінен өткен су буларының салмағы,г, 8- мата үлгісінің

ауданы, м2, т - сынақ уақыты, сағ.

Су сіңдірмейтін қасиеті деп - судың ішке қарай өтуіне матаның қарсылығын айтады. Бұл қасиет арнайы мақсаттағы (брезент, шатыр қолданады) маталар үшін маңызды болып табылады. Су сіңірмейтін қасиетті талшықтың құрамына тығыздығына және өңдеу сипатына байланысты болады.

Матаның суға қарсылығын жоғарылату, оған су сіңдірместік қасиет беру үшін әртүрлі су сіңдіргіштік, су жұқтырғыштық өңдеулерден өткізеді. Кошел әдісімен су қарсылығын анықтау.

Тоқыма материалдардың жылу өткізгіштігі

Жылу өткізгіштік - матаның белгілі бір мөлшерде жылу өткізу қабілеті. Тоқыма материалдар жылу энергиясының әсерінен бір қатар қасиеттер көрсетеді: жылу өткізу қабілеті (жылуөткізу), жылулық кедергі (температураөткігіштік), жылу жұту (жылусыйымдылық), жоғары және төмен температуралардың әсерінен қасиеттерін сақтау немесе өзгерту қабілеті (жылу, қыздыру және аязға төзімділігі). Тоқыма материалдардың жылулық қасиеттері алдын-ала берілген жылу сақтау көрсеткіштермен киім жобалау, тігін бұйымдарды ылғал-жылумен өңдеу және оларды әртүрлі климаттық, өндірістік жағдайларда тұтыну маңызды болып табылады.

Жылу өткізгіштік - тоқыма материалдардың екі жағында тем- пература айырмашылығынан бұйымның жылу өткізу қабілеті. Жылуөткізгіштік келесі сипаттамалармен бағаланады: жылу өткізу коэффициенті - 10С (К) температура айырмашылықта қалыңдығы 1 м болатын материалдың 1 м2ауданынан 1 сағатта қанша жылу өтетінін сипаттайды:
I = Ф 5 / [(Т - Т2) 8] , Вт/(м К),

мұндағы, Ф - жылу ағынының шамасы, Дж (Вт), 5 - материалдың

қалыңдығы, м, Т^ , Т2 -материалдың беттерінің температурасы, 0С, 8 -

материалдың ауданы, м2

Тоқыма материалдарының құрылымы күрделі, талшықтармен және ауамен толтырылған кеуектерден тұрады. Мұндай материалдар- да жылуды тасымалдау талшықпен жабық кеуектердегі ауаның жылу өткізгіштігімен, ашық кеуектер арқылы конвекциямен, кеуектердің қабырғаларынан жылу шығарумен өтеді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Матаның физикалық қасиеті

  2. Гигроскопиялық қасиеті

  3. Бу өткізгіштік


Дәріс №15. Тоқыма материалдарының отыруы.


  1. Тоқыма материалдардың отыруы

  2. Пішін қалыптастыру қасиеті

Тоқыма материалдарының ылғалдың әсерінен сызықтық өлшемінің қысқартылуы отыру деп аталады. Материал ылғалды-жылумен өңдеу мен жуу кезінде ғана емес, сонымен қатар, жарықтық ауа-райымен және атмосфералық ылғалдың (соңғы жағдауда үдеріс жай сіңіреді) әсерінен отырады.

Матаның отыруы олардың талшықтық құрамына байланысты, жуудың әсерінен мақта матасының отыруы, жібек матасының жуудан отыруы және жүн матасының ылғалдаудан отыруы МЕМСТ 30157.0- 95 және 30157.1-95 бойынша анықталады.

Мақта матасы, зығыр, вискоза және вискоза штапельді маталардың жуудан отыруын анықтау үшін 300^300 мм төрт квадратты өлшеммен кесіп алынады. Әрбір, квадраттың ішінен негіздік және арқаулық жіптің бағытын көрсете, отыруды өлшейтін, квадраттың ішінен 200^200 мм өлшеммен тағы квадрат белгілейді. Кейін үлгіні бөлмелік температуралы 10 л судан, 40 г шаруашылық сабыннан және 10 г кальцинирлі содадан тұратын жуғыш машинадағы ерітіндімен жуады. Жуудың ұзақтығы - 30 мин. 30 мин кейін үлгіні шаяды, суды сығу үшін резеңкелі білікшелердің арасынан жібереді және 200°С температура- мен аппрет-телмеген миткальді мақта матасы арқылы үтікпен үтіктейді (үтіктің салмағы - 2,5 кг). Отыру үтіктегеннен кейін 10 минуттан соң анықталады.

Матаның отыруы негізі және арқауы бойынша формуламен есептелінеді:

200 - А 200 - І-и

Ү0 =

200 • 100; Үу = -------------- у- • 100 . 0 200 у200


мұндағы, У0 және У - негізі және арқауы бойынша матаның отыруы, °% ^0 және - отырғаннан кейін белгілердің арасындағы мм.

Жуғаннан кейін жібек матасының отыруын анықтау үшін негізі және арқауы бойынша 50*300 мм өлшеммен үш жолақ бойынша пішеді. Басынан соңына дейін әрбір жолақ 50 мм арақашықтықта бірінші белгіні жасайды, ал одан 150 мм арақашықтықта екінші белгіні қояды. Жолақтар 55-60°С температуралы ерітіндімен дірілдемелі жуғыш қүралда жуылады. Ерітінді 1 л жүмсартылған су мен 2 г 60- 70 % шаруашылық сабыннан түрады.

Жуылудың ұзақтығы - 30 мин. Жуылғаннан және шайылғаннан кейн үлгілер

кептіріледі, 135-140°С қызу температурамен 2,5 кг салмақты үтікпен үтіктеледі. Отыру келесі формула бойынша есептелінеді:


150 - I 150 - I-,,

Ү = • 100 ; Үу = У • 100. 0 150 у

150
Сыққаннан жүн матасының отыруы суық суда УТШ-1 қүралдың көмегімен анықталынады. Осы мақсатпен 250*250 мм өлшеммен екі мата үлгісі кесіліп алынады, қима үлгінің көмегімен әрбір үлгінің ішінен квадрат таңбалайды, негіз және арқау жіптердің бағыттарын таңбалайды, әрбір үлгіні жеке іледі және сумен ваннаға 1 сағатқа баты- рылады. Бір сағаттан кейін үлгілер суырып алынады, жеңіл сығылады және қүралдағы кептіргіш камерада бастапқы салмағына дейін кептіріледі, үтіктеледі және белгілердің арасындағы арақашықтық өлшенеді. Отыру негіз және арқау бойынша жоғарыда көрсетілген формуламен есептелінеді. Отыруды анықтаудың үқсас әдістері басқа тоқыма материалдарында қолданылады.

Пішін қалыптастыру қасиеті

Тоқыма материалдарының тігін бүйымдарында берілген бөлшектерімен пішінді қабылдау және белгілеу қабілеттілігін пішін қалыптастыру деп атайды. Материалда бүл қасиеттің көрінуі кеңістікті пішінді иемденетін киімде оларды қолданудың өте қажетті шарты бо- лып табылады. Материалға кеңістікті пішінді екі жолмен беруге болады: ылғалды- жылумен өңдеумен және трикотажды жаймада ілмекті қатар мен бағаналар немесе мата торын қиғаштау тәсілімен. Кейде кеңістікті пішін басқа

тәсілдермен қиыстыру арқылы алуға болады.

Ылғалды-жылумен өңдеу кезіндегі материалдың пішін кеңдігі біркелкісіз және талшықтық қүрамына байланысты. Мақтадан, зығырдан, вискозалы және ацетатты талшықтардан жасалған тоқыма материалдары ылғалды-жылумен өңдеу үдерісіндегі оларға берілген пішінді ұстамайды. Таза жүнді маталар өте жақсы пішінделеді және олардан жасалған бұйым ылғалды-жылумен өңдеу үдерісінде берілген, пішінді жақсы сақтайды. Судың немесе будың әсерімен жүн кератинінің созылымдығы жоғарылайды. Ылғал кератиннің құрылымының ішіне сіңіп, молекула аралық күштің әсерін әлсіретеді. Ылғал мен жылудың әсерімен макромолекуланың тербелісі жылдамдатылады, осының арқасында пішінделу жеңілірек жүзеге асады. Престің жастығымен не- месе үтікпен көрсетілген қысымның әсерімен макромолекулалар жаңа орынға орналасады, ал кебу мен салқындау кезінде араласқан моле- кулалы шынжырдың арасында олардың жаңа орнын берік ұстайтын, жаңа байланыстар пайда болады.

Жүнге целлюлозалық талшықты қосу қалып-тастырылудың шартын нашарлатады. Әсіресе, үлкен қиындық лавсанды немесе нитрон- ды талшықтардан тұратын, жартылай жүнді материалдың қалыптасуы кезінде туындайды.

Тігін өндірісінде ылғалды-жылумен өңдеу кезінде, үдерісте бұйымның бөлшектеріне белгілі пішін беріледі, ол тартылған және үтіктелген деп аталынады. Үтіктеу кезінде материалдың мәжбүрлік қысқартылуы мен нығыздалуы және оның жаңа жағдайда тұрақтануы болады. Керісінше тарту кезінде материал созылады және созылған жағдайда тұрады. Таза жүнді материалдар үшін бұл үдеріс ерекше қиындықтар тудырмайды, олар тігін бұйымына қажетті кеңдікті беру үшін бастапқы

өлшемнен 10-12 % дейін жақсы бекітілген пішінмен тартылуы және үтіктелуі мүмкін.

Едәуір күрделі пішін қалыптастыру жартылай жүн материалында ылғалды-жылумен өңдеу кезінде көрінеді. Целлюлозалы талшықты және синтетикалық талшықты жартылай жүн материалдары, сонымен қатар жасалу тәсілдері бойынша әртүрлі материалдардың пішін қалыптастыруға қабілеттілігі әртүрлі. Целлюлозалы жартылай жүн маталары негізгі үш құрылымнан тұрады.

Бірінші құрылымы: бір бағытта (көп бөлігі негіз бойынша) - мақта маталы иірімжіп, ал басқа - жүн маталары. Осындай маталар- да пішін қалыптастыру қасиет тек жүн иірімжібі табылатын бағытта көрінеді. Сондықтанда осындай матадан жасалған киімдерді жобалау кезінде үтіктеу немесе тарту жобалауда бір бағыт бойынша орындала- ды.

Екінші құрылым: негіз және арқаумен - мақта жібімен ширатылған, жүн

иірімжібі. Бұл құрылымда пішін қалыптастыру қасиетінің көрінуі мақта иірімжібінің арқасында қиындайды, жүн иірімжібінде олар ылғалды-жылумен өңдеу кезінде байқалады. Осындай маталар таза жүнге қарағанда, екі есе күрделене пішінделеді. Бір жағынан осы мата- лардан жасалған бұйымда үтіктеу мен тартуды жобалау оларға берілген пішінді берік бекітеді.

Үшінші құрылым: негізде және арқауда - вискозалы штапельді талшықтан, жүннің қоспасынан жасалған жартылай жүн иірі.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Тоқыма материалдардың отыруы

  2. Целлюлозалы жартылай жүн маталары негізгі үш құрылымнан тұрады.

  3. Тоқыма материалдардың пішін қалыптасу



Практикалық сабақтар

Практикалық сабақ №1

«Текстильді материалтану» курсының негізгі мақсаты және курстың мазмұны.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1
Жұмыстың мақсаты: Ет, балық, нан және көкөніс өнімдерінің энергетикалық құндылықтарын есептеу әдісімен анықтау әдісін меңгеру.

Тапсырмалар: Тағам өнімдерінің энергетикалық көрсеткішін есептеу.

Зерттеу обьектісі: Әртүрлі жануарлар түрлерінің ет (шұжық өнімдері, консервілер, паштеттер, жартылай фабрикаттар), балық (жартылай фабрикаттар шұжықтар, паштеттер), нан, көкөніс өнімдері.

Құрал – жабдықтар: Микрокалькулятор.
Практикалық сабақ №2

Тоқыма талшықтарының классификациясы.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2
Жұмыстың мақсаты: ет және балық өнімдерінің биологиялық құндылықтарын есептеу әдісімен анықтау әдісін меңгеру.

Тапсырмалар: Еттегі, ет немесе аралас өнімдердегі ауыстырылмайтын амин қышқылдарының скорларын есептеу; ауыстырылмайтын амин қышқылдарының скорларының орташа артық көлемін бағалау және утилизация коэффициенті мен «қойылған артық салмақ» көрсеткішін есептеу.

Зерттеу обьектісі: Әртүрлі жануарлар түрлерінің ет өнімдері (шұжық өнімдері, консервілер, паштеттер, жартылай фабрикаттар), балық өнімдері (жартылай фабрикаттар шұжықтар, паштеттер).

Құрал – жабдықтар: Микрокалькулятор.

Методикалық көрсеткіштер: Есептеуді ет өнімдерінің амин қышқылдарының құрамының анализіне немесе анықтамалық әдебиеттен алынған мәліметтерге сүйене отырып жүргізуге болады (1- кесте).
Практикалық сабақ №3

Жүн талшығының құрылымы

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3

Жұмыстың мақсаты: Ас тұзы араласпаларының мөлшерлік есептерінің әдісін ұғыну.

Тапсырмалар: 20 % концентрациялы тұздықты алу үшін 16 % концентрациялы 150 г тұздыққа қанша ас тұзын қосу керегін анықтау.

Құрал – жабдықтар: Микрокалькулятор.
Практикалық сабақ №4

Химиялық талшықтардың құрылымы, қасиеттері және алыну үдерістері.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4

Жұмыстың мақсаты: Тұтыну таурларын маркілеу және штрих кодтары

Методикалық көрсеткіштер: Кәсіпорындар, коммерциялық құрылымдар, тұтынушылар да тауар туралы сапалы, уақытылы және толық мәлімет алғысы келеді. Тауарлық информация құралдары маркілеу, техникалық құжаттар, анықтамалы, оқу және ғылыми әдебиеттер, жарнама және насихаттау жатады.

Маркілеу – тауарға және (немесе) қаптамаға белгіленген текст, шартты белгі немесе сурет. Белгілеу орнына байланысты маркілеу өндірістік және саудалық болып ажыратылады. Өндірістік маркілеуге затбелгілер, қыстырмалар, кольереткалар, жапсырмалар, биркалар, бақылау таспалары және т.б. жатады.


Практикалық сабақ №5

Ақуызды химиялық талшықтар.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5
Практикалық сабақ №6

Тоқыма жіптерді игеру технологиясы

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6
Практикалық сабақ №7

Тоқыма жіптердің құрылымы және қасиеттері

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7
СӨЖ тақырыптары мен мазмұны

№ р/б

СӨЖ тақырыбы

СӨЖ мазмұны

1

2

3

1

Тігін бұйымдарының негізгі материалдары

  1. Текстильді материалтану

2

Тігін өндірісінде қолданылатын тоқыма материалдар

  1. Табиғи талшықтардың түрлері

2. Өсімдік текті талшықтар

3

Жүн талшығының құрылымы

  1. Талшықтардың құрылымы

4

Трикотаждың түрлері және ілмектердің құрылысы


1.Трикотажды ілмек түрлері

2.Трикотаж бұйымдарын өндірудегі негізгі тәсіл



5

Инетесімді беймата жайма өндіру

1.Беймата жайма өңдеу

6

Тоқыма материалдарды өңдеу

  1. Тоқыма материалдардың түрлері

7

Тоқыма материалдардың гигроскопия-

лық қасиеті



  1. Тоқыма материалдардың гигроскопиялық қасиеттерін

Әдебиеттер және қорлар

2.4.1 Негізгі әдебиет және қорлар

2.4.1.1 Назаров Н. И. «Общая технология пищевых производств» - М.: «Легкая и пищевая промышленность», 1981. – 360 с.

2.4.1.2 Кругляков Г.Н., Круглякова Г.В. Товароведение продовольственных товаров: Учебник – Ростов н/Д: изд. Центр «МарТ», 1999. – 448 с.

2.4.1.3. Горбатов А.В. Реология мясных и молочных продуктов. – М. Пищевая промышленность,1989, 384 с.

2.4.1.4. Төлеуов Е. Т., Әмірханов Қ. Ж. «Ет және ет өнімдерінің технологиясы». -Семей қаласы, 2004. – 184 б.

2.4.1.5. Рогов И. А. «Технология мяса и мясопродуктов» Учебник. – М.: «Агропромиздат», 1988. –565 с.

2.4.1.6. Барақбаев «Сүт және сүт тағамдары»

2.4.2 Қосымша әдебиет және қорлар

2.4.2.1 Твердохлеб Г. В. «Технология молока и молочных продуктов» - М.: «Агропромиздат»,1991.–463с.



2.4.2.2 Матюхина З.П., Королькова Э.П. Товароведение пищевых продуктов: Учебник. – 2-е изд. –М.: ИРПО; Изд. Центр «Академия», 2000. – 272 с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет