№ 3 ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: Ревматизм.Атеросклероз. Артериалды гипертензия. Ревматизм Ревматизм Ревматизм (ревматикалық қызба) – осы ауруға бейім адамдарда, көбіне жасөспірімдер мен балаларда А топты В гемолиздеуші стрептококтың әсерінен дамитын және жүрек – тамыр жүйесін басым зақымдайтын дәнекерлік ұлпаның жүйелік инфекциялық – аллергиялық ауруы. Ревматизм көбіне балалық және жасөспірім шақта, шамамен 7-15 жас аралығында басталады. Этиологиясы. Стрептококк ағзаға мұрын, көмейден енеді. Ревматизмнің алғашқы шабылуы және оның, қай жаста болсада, барлық рецедивтері стрептококтың қатысуымен жүреді. Бірақ, стрептококтық инфекциямен аурығандардың барлығы ревматизммен ауырмайды (0,3-3% ғана). Клиникалық көрінісі - А.Н.Нестеров ревматизм дамуының 3 кезеңін айырған:
- Латентті – стрептококтық инфекциядан кейін 2-4 аптада өтетін кезең
- Ревматизмнің алғашқы шабылуы. Аурудың барлық белгілері кездеседі, дер кезінде емдесе, өзгерістер қалмай, толық сауығуы мүмкін.
- Ревматизмнің қайталамалы өршулерінің кезеңі. Дерттің рецидив түрінде қайталанып жүрек ақауын, жүрек шамасыздығын дамытады.
- Ревматизмде клиникалық белгілерін 2 топқа бөлген: жүректің және жүректен тыс тобы.
Жүрек белгілері: - Жүрек белгілері:
- Ревматизмдік кардит (ревмокардит) – белсенді ревматизмнің негізгі белгісі-миокард пен эндокардтін зақымдануы.
- Ревматизмдік миокардит ревматизмнің негізгі, кейде жалғыз ғана белгісі. Науқастарда жалпы жағдайы бұзылып, әлсіздік, ентігу, кардиалгиялар, жүрек қағу пайда болады.
- Алғашқы объективті симптомдары: тахикардия, брадикардия, тыныс алу аритмиясы, жүректің көлемінің ұлкеюі, жүрек тондарының әлсіреуі немесе тұйықталуы. Жүрек ұшында систолалық шудың естілуі. Рентгенде миокардтың жиырылу қызметінің төмендеуі байқалады.
- Ревматизмдік эндокардит –жүре дамитын жүрек ақауларының басты себебі (80%), негізгі белгісі жүрек ұшында және Боткин нүктесінде состолалық шу, жүрек шегарасының солға кеңеюі, жүректің ауырсынуы, лабильді қозғыштық дене қызуының көтерілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |