6. Дәрістер кешені 1тақырып. «Мамандыққа кіріспе және кәсіби этика» пәні мен міндеттері Мақсаты


Сабақтарға қатысып және СӨЖ тапсырмаларды орындау барысында студенттер үйренеді және практикалық машықтарды иемдену қажет



бет2/4
Дата24.01.2024
өлшемі30.98 Kb.
#489803
1   2   3   4
лекции 1-3

Сабақтарға қатысып және СӨЖ тапсырмаларды орындау барысында студенттер үйренеді және практикалық машықтарды иемдену қажет:


  • жеке мақсаттарды қарастыра алу керек;

  • мәлімет-іздестіру аппараттарымен жұмыс жасай алу;

  • оқу құжаттары мен әдебиеттер тізімін стандарттар талаптарына сәйкес орындау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Пәннің объектісі неде?

  2. Пәннің мақсаты қандай?

  3. Пәннің міндеттері қандай?

  4. Пәннің құрылымы қандай?



2-тақырып. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қысқаша тарихы
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:
1. БҚМУ тарихына қысқаша шолу
2. Тарих, экономика және құқық факультетінің даму белестері
3. Есеп және қаржы кафедрасы
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ерекшелігі – бір ғасырға жуық шежірелі тарихи жолы бар. 2012 жылы оқу ордасының құрылғанына 80 жыл толды. Университетіміздің қабырғасынан білім алған 65 мыңнан астам жоғары білікті мамандар – баға жетпес мұрамыз, кәсіби-рухани байлығымыз. Университет түлектері арасынан танымал саясаткерлер, ғылыми қызметкерлер, жетекшілер жұмыс жасайды. Атап айтсақ: ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі – Б.С. Әйтімова, Елорда – Астананың әкімі, саясаттану ғылымдарының докторы, БҚМУ-дың құрметті профессоры – И.Н. Тасмағамбетов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты – Ж.Ш. Кәкішов, Екі мәрте Кеңес одағының батыры, ұшқыш – Л.И. Беда, ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің архивтер мен құжаттарды басқару комитетінің төрағасы – Р.К. Сариева, ҚР Парламентінің бұрынғы сенаторы, жазушы – Э.Г. Ғаббасов, Татарстан Ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы – Р.И. Нафигов, КСРО ҒА Поволжье археологиялық институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы – Б.Железчиков, ҚазССР Ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор – А.Д. Тайманов, ҚР Парламанті мәжілісінің депутаты – Е.И. Тарасенко, биология ғылымдарының докторы, профессор – Е.А. Ағелеуов және т.б.
Қоғам мен саяси, ғылым мен мәдениет саласындағы көрнекті тұлғалар университеттің құрметті профессорлары: Е. Мүсіреп, А. Бақтыгереева, Қадыр Мырза Әли, И. Тасмағамбетов, Ә. Дінішев, Т. Мұсабаев, Т. Шамелов, А. Амонашвили, М. Бисенғалиев, Крис Крейкер, Б. Ізмұхамбетов.
Бүгінде аймақтағы ірі білім және ғылым ордасы – М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті өз тарихын, озық дәстүрлерін сақтаумен қатар, әрдайым даму, жетілу үстінде. 2004 ж. желтоқсанында университет халықаралық сапа сертификатын ИСО 9001-2000 алды.
2005 ж. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстанның бірінші жоғары оқу орындарының қатарында болып «SPI Алтын белгісінің» лауреаты атанды (Париж, Франция); 2006 ж. 16 қыркүйегінде университет пен Болоньяда (Италия) Еуропа елдерінің білім беру жүйесін үндестіру мақсатында Магна Хартия құжатына қол қойылды. 2006-2007 ж.ж. университет «Бірлескен Еуропа» (Оксфорд, Ұлыбритания) және «Еуропалық сапа» (Оксфорд, Ұлыбритания) халықаралық марапатына ие болды; «Ұлттық экономика көшбасшысы» халықаралық премиясына (Ресей, Мәскеу); Астана қаласында өткен «ХХІ ғасырдағы білім және ғылым» атты ІІІ және IV халықаралық көрмеде «Интеграцияланған оқу бағдарламаларын талдауға және өндіріске енгізуге қосқан үлесі үшін», «Жоғары оқу орындарының ең үздік басылымы» дипломдарымен марапатталды, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне ҚР Президентінің «Алтын сапа» премиясы табыс етілді.
2009 ж. ресейлік «Рейтор» тәуелсіз агенттігінің қорытындысы бойынша М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті әлемге танымал 500 университеттің ең үздіктер қатарына енген Қазақстанның 7 жоғары оқу орындарының бірі. 2011 жылғы ҚР ЖОО рейтингісіндегі орны Жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін және білім беру жүйесінің сапа көрсеткішін айғақтайтын рейтингі нәтижесі бойынша үздік ондық қатарында.
Университеттің мамандануы көп салалы. Университет құрылымында 53 бакалавриат (күндізгі, сырттай), 24 магистратура, 4 PhD докторантура мамандықтары бойынша мамандар дайындайды. Студенттер контингентінде білім алушылардың жалпы саны бакалавриат бойынша – 4640. Оның ішінде 1279 студент мемлекеттік тапсырыс бойынша грант бөлімінде, 3361 студент ақылы бөлімде білім алуда. Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамында 20 ғылым докторы, 15 профессор, 163 ғылым кандидаты, 84 доцент, 73 магистр қызмет атқарады.
М. Өтемісов атындағы БҚМУ ҚР-ның ЖОО арасында ең алғаш рет әлемдік білім кеңістігін құруға бағытталған Болон декларациясына қол қойды. Декларацияның принциптерін жүзеге асыра отырып, біздің оқу орнымыз халықаралық мойындауға талпынып және аккредитациялық институттардың, түрлі білім бағдарламаларының аккредитациясынан сүрінбей өтуге тырысуда. Университет құрамында: экономика және басқару факультеті, мәдениет және өнер факультеті, педагогикалық, филологиялық, жаратылыстану-математикалық факультеттері және тарих және құқық факультеті, колледж, қоғамдық ұйымдар жұмыс жасайды. Студенттік өзін-өзі басқару, жастар қоғамдық бірлестігі, студенттер театры қызмет етеді. Студенттердің КТК ойындары, слеттері, дебаттары, турнирлері дәстүрлі түрде өтіп отырады.
М. Өтемісов атындағы БҚМУ оқу-білім және материалдық базасымен осы заманға сай толық жабдықталған: 8 оқу ғимараты; оқу және ғылыми-зерттеу зертханалары; Батыс аймағының оқу орнына арналған ғылыми-әдістемелік орталығы болып табылатын 1 млн. астам кітап қорын құраған ғылыми кітапхана; 9 оқу залы, оның ішінде, электронды зал, компьютерлік кешен, интернет және мультимедиалық кластар, оқу телеарнасы, заң клиникасы, спорт сарайы, экология және биогеохимия сынақ зертханасы, баспа орталығы, университет мұражайының бес филиалы, балет залы, тігін және зергерлік шеберхана, студенттік асханалар мен кафе, жатақхана, Шалқар өзенінің демалыс аймағы. Біздің оқу орнында табиғи экожүйесі бойынша, педагогика мәселелері және Қазақстан тарихы бойынша ғылыми мектеп қалыптасқан.
Бақылау сұрақтары:

  1. М. Өтемісов атындағы БҚМУ қашан пайда болған?

  2. Тарих, экономика және құқық факультетінің даму белестері.

  3. Есеп және қаржы кафедрасы немен айналысады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет