6-сынып Тас дәуірі



Pdf көрінісі
бет441/542
Дата27.01.2022
өлшемі1.65 Mb.
#454884
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   542
ЖҰБАНЫШЕВ2021

Азық-түлік салғырты – «Әскери коммунизм» (1918-1920) кезеңіндегі ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау 
жүйесі,  азық-түлік  диктатурасы  орнаған  соң  енгізілді.  Шаруалардың  күнкөрісі  мен  шаруашылық 
мұқтаждықтарына  қажет  азық-түлік,  астықпен  басқада  өнімдердің  артық  бөлігін  нақты  бағамен  мемлекетке 
міндетті түрде өткізу. Азық-түлік салғырты ауыл шаруашылығының дамуына кедергі болды. 
Азық-түлік салығы – азық-түлік салғыртының орнына 1921 жылы енгізілген жаңа экономикалық саясаттың 
(ЖЭС) негізін қалаған салық. Мөлшері көктемгі егін себуге дейінгі шаруашылықтың әлқуатына байланысты 
белгіленді. Азық-түлік салғыртынан анағұрлым аз болып, артық өнімдерін сатуға рұқсат етілді.Бұл шаруаларға 
өнім көлемін арттыруға ынталылық тудырды. 1923жылға дейін қолданылды. 
Айбалта – соғыс қаруы 


 
Айқап журналы – 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласында айына бір рет, кейін екі рет шығып тұрған 
қоғамдық-саяси және әдеби журнал. 
Айтыс – суырыпсалма ақындардың ауызша өлең түріндегі сөз жарысы. 
Айып – қылмыс жасап, жазады болғандығы үшін заттай не ақшалай төленетін ақы. 
Акция  –  акционерлік  қоғам  қаржысына  белгілі  бір  үлес  қосқанын  және  соның  табысына  ортақ  екендігін 
куәландыратын бағалы қағаз. 
Акция  –  құнды  қағаз.  Ол  кәсіпорынға  акционердің  белгілі  мөлшерде  үлес-жарнасының  қосылғанын 
куәландырады және оған меншікті иеленуге, түскен табысты бөлісуге құқық береді. 
Ақ гвардия – Қазан революциясынан кейін Кеңес республикасына, большевиктерге қарсы күштердің әскери 
құрамалары.  Ақтар  қозғалысының  әскери  күші  –  Кеңес  тәртібіне  (Қызыл  гвардияға)  қарсылардың  қарулы 
бірлестігі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   542




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет