Қосын – ерікті жасақ, жауынгерлер тобы.
Құрық – жылқышының мал баққанда ұстайтын құралы.
Құйысқан – ат әбзелі. Ер-тоқымның алға сырғып кетпеуін қамтамасыз етеді.
Құн – кісі өлтірген адам тарапынан төленетін төлем.
Құран – мұсылман қауымының ең басты, қасиетті кітабы. Мұхаммед пайғамбардың «пайғамбарлық
аяндар»түрінде айтылған уағызларының жазба жинағы.
Құрылтай – ресми кеңес, қоғамдық бірлестіктерінің аса маңызды мәселелерге байланысты басқосу жиылысы.
Құрылтай – көшпелі ақсүйектердің аса маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдайтын жиналысы, яғни түркі-
монғол халықтарының ең жоғарғы өкімет билігі органы.
Достарыңызбен бөлісу: |