6 тақырып. Халықаралық капитал қозғалысы және халықаралық несиелеу.
-
Халықаралық капитал миграциясының түсінігі. Халықаралық капитал қозғалысының динамикасы және қазіргі замаңғы масштабтары.
-
Халықаралық капитал қозғалысының формалары.
-
Халықаралық қарыз капиталының қозғалысы. Халықаралық несиелеудің көлемі және құрылымы.
-
Нарықтық экономиканың тиімді қызмет етуінің қажетті шарттарының біріне: өндіріс факторларының қозғалысы; олардың неғұрлым жоғары табыс деңгейін іздеумен, саладан салаға өту қабілеті жатады.
Негізінен халықаралық тауар қозғалысы мен өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы, бірін бірі алмастыра алады. Айталық капитал шығыны көп ел, не капиталды көп қажет ететін тауарларды, не капиталдың өзін экспорттай алады. Ал еңбек шығыны көп ел, еңбекті көп қажет ететін тауарларды экспорттай алады немесе оның азаматтары шетелге барып, сонда жұмыс істей алады. Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы тауарлардың халықаралық сауда – саттығы бағынатын заңдарға бағынады: өндіріс факторлары олар үшін көп төлейтін елдерге орын ауыстырады(% - қ ставкасы жоғары, еңбекақы мен лицензиялық төлемдер жоғары).
Өндіріс факторларының халықаралық шоғырлануы, тәртіп бойынша, тауарлар мен қызметтер саудасына қарағанда, одан да бетер қатаң шектеулерге алатын мемлекетпен жасанды түрде шектелетінін айта кету керек. Бұл өндіріс факторларының елден – елге орын ауыстыруы тек эелнлмикалық емес, сондай – ақ саяси - әлеуметтік мәселелрдің туындауымен түсіндіріледі.
-
Капиталдың халықаралық қозғалысы.
Капитал тауарды өндіруге қажетті жұмсалатын өндіріс факторларының бірі болып табылады және материалдық игіліктерді құру үшін қажетті өндіруші, ақшалай және тауар формаларындағы барлық жинақталған қаражат қорларын білдіреді. Халықаралық капитал қозғалысы басқа елдерде экономикалық тұрғыдан тиімді тауарларды өндіру үшін алғышарт болып табылатын түрлі елдерде капиталдың тарихи түрде қалыптасқан, шоғырлануы сияқты, өндіріс факторларының бірі ретінде халықаралық бөлуге негізделген.
Вальрас ережесі
Халықаралық сауданы қарастыра отырып, біз импортты қаржыландырудың жалғыз көзі экспорт деп болжадық. Яғни, шетелден бір нәрсе сатып алу үшін, ел шетелге тауар немесе қызмет сатуы керек. Нақты өмірде шетелден келетін капитал ағыны сияқты аса маңызды қаржыландырудың көзі бар. Ел халықаралық займ беріп, оны ала алады, шетелге кәсіпкерлік капиталды инвестициялай алады. Швейцар экономисті және математик Леон Вальрас кез – келген мемлекеттің халықаралық төлем позициясын талдау негізіне айналған ережесін ойлап тапты.
Вальрас ережесі – ел импортының құны активтерді таза шетелдік сату мен экспорт құнының сомасына және олвр бойынша проценттерге тең.
IM = X + NA + NR
Мұнда IM импорт, X экспорт, NA активтердің таза сатылымы(шетелдіктерге сатылған және олардан сатып алынға активтер құнындағы айырмашылық), NR таза пайыздық төлемдер(шетелден алынған капиталдың пайыз құны мен шетелдіктерге төленшен капиталдың пайыз құнының арасындағы айырмашылық).
Кез – келген формаларда активтерді сату (меншік құқығы, құнды қағаздар, алтын, т.б.) елге капиталдың келіп құйылуын білдіреді. Пайыздарды төлеу бұрын алынған капиталды пайдаланғаны үшін төлемді білдіреді. Бүгінгі күні неғұрлым активтерді сату көлемі көп болса, соғұрлым болашақта тартылған капитал бойынша % - ды төлеу көлемі жоғары болады. Сәйкесінше активтердің таза сатылымы (NA) неғұрлым көп болса, соғұрлым болашақта алынатын таза % - р (NR) көлемі төмен болады.
Өндіріс факторы ретінде халықаралық капитал қозғалысы түрлі нақты формаларға ие болады.
Тікелей шетелдік инвестициялар - бір ел резидентінің басқа ел резиденті кәсіпорнына ұзақ мерзімді қызығушылық тудыруы. Тікелей инвестициялар құрылымы:
-
Компанияладың шетелге меншік капиталын салуы
-
Пайданы қайта инвестициялау
-
Ішкі корпорациялық аударымдар.
Тікелей шетел инвестицияларының себептері:
Капиталды экспорттаудың себебі:
|
Капитал импортының себебі:
| -
Технологиялық лидерлік
-
Жұмыс күшінің біліктілігіндегі басымдылық
-
Жарнамадағы басымдылық
-
Ауқым экономикасы
-
Корпорация көлемі
-
өндірісті шоғырландыру дәрежесі
-
табиғи ресурстарды пайдалануға жол ашу
-
тұтынушыларға жақыннан өндіріс ашу арқылы тасымал шығынын азайту.
-
т.б.
| -
Технологиялық лидерлік
-
Жұмыс күшінің біліктілігіндегі басымдылық
-
Жарнамадағы басымдылық
-
Ауқым экономикасы
-
Корпорация көлемі
-
өндірісті шоғырландыру дәрежесі
-
капиталға кажеттілік
-
ұлттық филиал саны
-
ішкі нарықты қорғау деңгейі
-
нарық мөлшері
-
өнеркәсіптің экспортқа бағытталуы
-
т.б.
|
Қоржынды инвестициялар:
Соңғы жылдарды халықаралық қоржынды инвестициялар көлемі айтарлықтай өскен. Әлемнің неғұрлым дамыған елдерінде ЖҰӨ - ң 10% құраған құнды қағаздармен жасалған халықаралық операциялар құндық көлемі бойынша 100% дейін өсен.
Қоржынды инвестициялар – инвесторға инвестициялау объектісіне нақты бақылау жүргізу құқығын бермейтін шетел құнды қағаздарына капитал салымы. Олар мынадай инвестицияларға бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |