6B05203-Ғылыми география мамандығының 2-курс, 1-топ студенті



Дата01.03.2023
өлшемі16.59 Kb.
#470227
Эссе инфраструктура


6B05203-Ғылыми география мамандығының 2-курс, 1-топ студенті Араш Аякөз
«Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің инфраструктурасы»
1928 жылдың 1-қыркүйегінде құрылған бұл мекеме Алматы қаласында орналасқан. Басты корпусы Достық Төле би қиылысында орналасса, біз оқып жатқан ғылыми география мамандығының Жаратылыстану және география институты Қазыбек би Уалиханов көше қиылысында орналасқан.
Мамандарды дайындау 60 кафедрада 54 мамандық бойынша жүргізіледі. Университетте күндізгі, кешкі, сырттай және қашықтан оқыту формалары бойынша 25 мыннан астам студенттер білім алуда. Қазіргі таңда Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университет құрамына 10 факультет және 1 институт бойынша білім беріледі: 1). Тарих факультеті; 2). Психология және педагогика факультеті; 3). Физика-математика факультеті; 4). Көркем-сурет факультеті; 5). Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері факультеті; 6). География-экология факультеті; 7). Дене мәдениеті және бастапқы әскери дайындық факультеті; 8). Филология факультеті; 9). Химия және биология факультеті; 10). Дайындық факультеті; 11). Құқық және Экономика институты.
Аталған аумақты жағалай университет жатақханалары қамтиды. Қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу әзірлемелерінің заманауи деңгейін қолдау және оларды енгізу үшін инфрақұрылымды дамытуға көбірек көңіл бөлінуде. Сол себептіде факультет қабырғасына жөндеу жұмыстары алдыңғы оқу жартыжылдығында ғана жасалған болатын. Нәтижесінде университеттердің дамыған инфрақұрылымы студенттердің өмір сүруіне және сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасалды. Инфрақұрылым уақыт өте келе өзгереді, кеңейеді және қанықтырылады, бұл білім берудің сапалы деңгейін сақтауға мүмкіндік береді.Сондай-ақ университет студенттері қызметтердің кең спектріне қол жеткізе алады: мұражайлар, кітапхана, асхана, кафелер мен бөлшек сауда дүкендері және т.б.
Жаратылыстану және география институты жалпы 7 қабаттан тұратын ғимарат. Оқу мекемесіне кіру үшін face-ID яғни турникет арқылы ғана кіре аламыз, кіре берісінде сондай-ақ тағам автоматы орналасқан. 1 інші қабаттын сол бөлігінде білім алушыларды ақпараттандыратын Шапағат орталығы мен сырт киімді сақтауға арналған бөлме, ал сол жақ бөлігінде асхана орналасқан. Асхана тамақ түлерін әрқашан балғын түрде ұсынады. Бірақ өз басым үшін бағалары қанағаттандырмайды, қымбат. Сол секілді қанағаттандырмайтын бір жайт бұл сырттан әкелінген тамақпен отыруға болмайтындығы, өзіннің университінде отырмаған секілді сезінесін. Кез келген қабатқа көтерілу үшін екі жақ бөлікте баспалдақпен көтерілуге болады. Сондай-ақ университет лифті жұмыс жасайды. Жоғарыда атап өткендей 3інші қабатта студенттерге арналып кофейня ашылған болатын, студенттердің басым бөлігіне ұнаған сынайлы. Кітапхана осы қабаттың оң жағында орналасқан . Сол сияқты Алматы қаласының бас Абай көшесінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасы, Ұлттық кітапхана және көптеген саябақтардың жақын орналасуы жайлылық туғызады. Әр қабат орта бөлігінде өзіне тән дәріс аудиториялары орналасқан. Дене шынықтыру орталық саябақтағы Спартак стадионында өткізіледі. Салқын мезгілдерде спортзалда, ал жылы мезгіл басталғаннан кейін стадионның өзінде шынығамыз.
Сонымен қорытындылай кел, әр факультеттің орналасуы студенттерге өзіндік қолайлы жағдай жасауда, институтымыздың айналасында саябақ пен жатақханалары орналасуын мысал ретінде келтіруге болады. Менің ойымша студенттердің болашақта тиімді және сапалы білім алудың өзіне оқу мекемесінің орналасу жайлылығы мен іштегі жағдай мен техникамен жабдықталуымен тығыз байланысты. Сол себепті де болашақта университет қабырғалары түгелдей дерлік жабдықтау арқылы білім сапасын жоғарылытуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет