ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«6M070400- Бағдарламалық қамтама және есептеуіш техника»
мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханына арналған
бағдарлама
АЛМАТЫ 2012
Емтихан тақырыбының тізімі
«Алгебра және геометрия» пәні
-
Сызықты теңдеулер жүйесі. Осы тақырыпта сызықты теңдеулер жүйесі ұғымы қолданылады; шешімдер саны және құрылымы, Гаусс әдісі және Крамер ережесін оқиды.
-
Сызықты кеңістіктер. Сызықты кеңістіктер ұғымы, базис және сызықты кеңістіктің өлшемі, ішкі кеңістік, сызықты қабықша, берілген базисте вектор координаттары, сызықты тәуелді векторлар; бір базистен екінші базистен өту тәсілдерін оқып біледі.
-
Сызықты операторлар. Сызықты операторлар, сурет және сызықты оператордың ядросы, оператордың ранг туралы теоремасы; өзіндік мағыналар және сызықты оператордың өзіндік векторларын зерттейді.
-
Векторлық алгебра және координат әдістері. Еркін вектордың әр түрлі анықтамалар, еркін векторларға жасалатын сызықты операциялар, оның қасиеттері, тәуелді және тәуелсіз сызықты векторлар, скалярлы, векторлы және векторлардың аралас көбейтіндісі, қасиеттері және геометриялық мағынасы.
-
Кеңістіктегі жазықтық және түзу. Аффиндік және декарттық координат жүйесіндегі жазықтық теңдеулердің түрлері, жазықтықтың өзара орналасуы, жазықтықтағы түзу теңдеулері, екі түзудің өзара орналасуы, жазықтық пен түзудің өзара орналастырылуы, нүкте мен түзудің ара қашықтығы, екі түзу арасындағы қашықтық.
«Математикалық талдау» пәні
-
Бір айнымалы функцияның дифференциалды есептеулер. Осы тақырыпта бір айнымалы функция туралы ұғым, функцияның шегі қолданылады; үздіксіз функцияның қасиеттері, нүктелерді үзілу классификациясы, бір айнымалы фукцияның туындысы; дифференциалды функцияның ережесі, және де функцияны зерртеуінде дифференциалды есептеулерді қолдану сұрақтарын қарастырады.
-
Бір айнымалы функцияның интегралды есептеулер. Алғашқы функцияның түсінігі, анықталмаған интегралдың анықтамасы, анықталмаған интегралдың негізгі қасиеттері, интегралдау әдістері туралы осы тақырыпта жүргiзiледi. Интегралды қосындылар, анықталған интегралдың анықтамалары, анықталған интегралдардың негізгі қасиеттері, анықталған интегралдың есептеу әдістері, сонымен қатар анықталған интегралдың геометриалық қосымшалар.
-
Дифференциалды теңдеулер. Көп айнымалылар және оның үзілісіздігі, дербес туынды, күрделі функцияның дифференциалдау, екі айнымалылар функцияның жағдайындағы жеткілікті локалды минимум шарты, бар болу және айқын емес функцияның дифференциалдау туралы теоремасы, ажыратылатын айнымалылар теңдеулер туралы осы тақырыпта жүргiзiледi; Коши есебі тұжырымдалады, Коши есебі шешімінің бар болуы туралы теорема дәлелденеді, коэффициенттері тұрақты сызықтық біртекті теңдеулер, коэффициенттері тұрақты сызықтық біртекті емес теңдеулер.
-
Қатарлар теориясы. Сандық қатарлар түсінігі, жинақталатын қатарлардың қасиеттері, қатардың жинақталу қасиеті; функционалды тізбектер және функционалды қатарлар түсінігі, функционалды тізбек және қатардың бірқалыпты жинақталуы, фукционалды қатарларды интегралдау және дифференциалдау, дәрежелік қатарлар, Абель теоремасы, Тейлор қатарына жіктеу туралы осы тақырыпта жүргiзiледi.
-
Еселі интеграл. Әр түрлі координат жүйесіндегі қос интеграл, және оның қасиеттері, қос интегралдың қосымшалары.
«Ықтималдықтар теориясы және математикалық санақ» пәні
-
Қарапайым оқиғалар және ықтималдық. Оқиға туралы ұғымы қарастырылады, оқиғаларға жасалатын операциаларды зерттейді; оқиға ықтималдылық ұғымы осы тақырыпта жүргізіледі, ықтималдықтың классикалық, статистикалық және геометриялық анықтамаларын береді, ықтималдықтар теориясының аксиомаларынан туындайтын қасиеттерін зерттейді.
-
Ықтималдықтар теориясының негізгі формулалары. Ықтималдықтарды қосу формулалары, шартты ықтималдықтар, ықтималдықтарды көбйту теоремасы, тәуелсіздік, толық ықтималдықтар және Байес формулалары.
-
Кездейсоқ шама. Кездейсоқ шаманың үлестірім функциясы. Кездейсоқ шамалардың түрлері.
-
Кездейсоқ шаманың математикалық күтімі және оның қасиеттері. Кездейсоқ шаманың дисперсиясы және оның қасиеттері.
-
Үлкен сандар заңы және орталық шектік теорема
«Алгоритмдік тілде бағдарламалау» пәні
-
Бағдарламалау парадигмасы. Объектіге – бағытталған бағдарламалаудың құрылымды, модульді концепциялары зерттелінеді; алгоритм түсініг, алгоритмдерді талдау қағидалары.
-
Негiзгi ұғымдар және енгiзудi орта және бағдарламалардың орындауының тетiктерi. Логикалық компьютер схемасы, есептеуiш құралдардың негiзгi түрлерi, құрылым және машина тiлiнiң функциясы және ассемблер тiлi, бағдарламалау ортасы, компиляция және бағдарламалардың орындауы осы тақырыпта зерттеледi.
-
Негiзгi ұғымдар және бағдарламалық объекттер сипаттамасының тiл құралдары. Мәлiметтердiң түрiнiң ұғымы осы тақырыпта жүргiзiледi: түрлердiң конструкторы, мәлiметтердiң скалярлық түрлер, құрылымдық түрлер, көптiк және файлдық және қолданбалы түрдің алдын ала анықталған атрибуттары.
-
Деректердi өңдеудiң негiзгi құралдары. Процедура және функция, параметрлердi тапсыру әдiстерi осы тақырыпта зерттеледi; оларға бағдарламалау тiлi, үзу және реакцияның әр түрлi операторлары.
«Дискретті математика»пәні
-
Жиын бойынша операциялар. Берілген тақырыпта жиын туралы ұғым, жиын тапсырмаларының тәсілдері қарастырылады, жиын бойынша операциялар оқытылады, жиын бойынша операциялар қасиеттері, унарлы, бинарлы, тернарлы қатынастар және бинарлы қатынастары тапсырмаларының тәсілдері мен олардың қасиеттері қарастырылады.
-
Математикалық логика элементтері. Берілген тақырыпта пікір логикасы, логикалық операциялар, пікір логикасының формулалары, тең формулалар, конъюнктивті және дизъюктивті нормал формалар оқытылады және ДНФ және КНФ-ке келтірілген формулалар. Сонымен қатар бір және екі айнымалылы логикалық функциялар, логикалық функциялардың толық жүйелері оқытылады.
-
Предикаттарды есептеу және логикасы. Берілген тақырыпта предикаттар, кванторлар, предикаттар логикасының формулалары, формулалар теңестігі, орындалуы, ортақ мәні оқытылады.
-
Комбинаторика элементтері. Берілген тақырыпта қайта құру, орналастыру, байланыстыру сияқты комбинаторика элементтері, биномиальды коэффициенттері және қосу, ажырату принциптері оқытылады. Кодтау. Бұл тақырыпта кодтау ұғымы, Хемминг аралығы, матрицалық код, Хемминг коды туралы ұғым қарастырылады.
-
Граф теориясы. Бұл тақырыпта графтар туралы негізгі ұғымдар және графтар теориясына тапсырмалар; графтар типтері; графтар тапсырмаларының тәсілдері, графтар элементтері және ЭЕМ графтарының ұғымы оқытылады.
«Бағдарламалау технологиялары» пәні
-
Есептеу алгоритмдері. Бұл тақырыпта алгоритмді құруға және талдауға байланысты негізгі ұғымдар мен әдістер, алгоритмдік дәлдік және жақын келу алгоритмдері, модульді бағдарламаларды құру, түп тұлғалық және функционалды декомпозиция ұғымдар қарастырылады.
-
Бағдарламаны құрудың негізгілері. Бұл тақырыпта бағдарламаны жобалау этаптары, басқару және бағдарлама құрылымдары, бағдарламаны ретке келтіру және тестілеу, әдістемелік тестілеу түрлері: бағдарламаны орындауға негізделген формалды қайта қарау және тестілеу қарастырылады.
-
Объектіге- бағытталған жақын келу негізгі концепциялары. Бұл тарауда объектіге- бағытталған жақын келудің негізгі принциптері, объектіге- бағытталған жақын келу мәселені шешетін іс-әрекетті модель ретінде оқытылады.
-
Объектілі жүйелер құрылымын жобалау және негізгі модельдеу. Бұл тарауда объектілі жүйелер құрылымын жобалау және негізгі модельдеу, мазмұн-байланыс жақын келу, жобалау шешімдерінің жазба нотациялары оқытылады.
-
Деректер құрылымын жобалау. Бұл тақырыпта деректер құрылымын жобалау, объектілі жақын келуде бағдарлама құрылымын құру, жобалау шаблондары, бағдарламалық қамтаманы жобалаудың инструменттері және әдістемелері, код генерациясына автоматты жақын келу, платформаға тәуелсіз қолдану және пластформаға тәуелді модельдерді қолдану оқытылады.
5. Әдебиеттер тізімі
Негізгі:
-
Архипов Г.И., Садовничий В.А., Чубариков В.Н. Лекции по математическому анализу. М.: МГУ, 1995.
-
Ильин В.А., Садовничий В.А., Сендов Б.Х. Математический анализ. М.: МГУ 2004.
-
Кремер Н.Ш.. Теория вероятностей и математическая статистика. - М.: ЮНИТИ, 2000.
-
Кострикин А.И. Введение в алгебру, т. 1. – М.: Физматлит, 2001.
-
Беклемишев Д.В. Курс аналитической геометрии и линейной алгебры. М.: ФМЛ, 2004, 303 с.
-
Ахо А., Хопкрофт Д., Ульман Д. Структуры данных и алгоритмы. – М.: Вильямс, 2009.
-
Таненбаум Э. Архитектура компьютера. 5-е изд. – СПб.: Питер, 2007.
-
Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных. – СПб: Невский диалект, 2001.
-
Таненбаум Э. Современные операционные системы. – СПб.: Питер, 2010.
-
Коннолли Т., Бегг К. Базы данных: проектирование, реализация, сопровождение. Теория и практика. 3-е изд. – М.: Вильямс, 2003.
-
Крёнке Д. «Теория и практика построения баз данных. 8-е изд» – СПб.: Питер, 2003.
-
Страуструп Б. Язык программирования С++: Спец.изд .-М. БИНОМ, 2004.-1104с.:ил.
-
Кормен Т., Лейзерсон Ч., Ривест Р., Штайн К. Алгоритмы. Построение и анализ. 2005.1200 с.
-
Храмов П.С. Компьютерные сети. М.: Бином, 2005. - 375с.
Қосымша:
-
Столлингс У. Операционные системы. Внутреннее устройство и принципы проектирования. 4-е изд. – М.: Вильямс, 2004.
-
Кнут Д. Искусство программирования, 3-е изд. – М.: Вильямс, 2007.
-
Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы. 3-е изд. – СПб.: Питер, 2006.
-
Таненбаум Э. Компьютерные сети. 4-е изд. – СПб.: Питер, 2003.
-
Джесс Д. С++. Энциклопедия пользователя. – Киев, 2001.
-
Прата С. Язык программирования С++. Лекции и упражнения. – Киев, 2001.
-
Кнут Д. Искусство программирования для ЭВМ. Т. 1-3. – М., СПб., Киев: Вильямс, 2000.
Достарыңызбен бөлісу: |