6М072300 «Техникалық физика» 6М040600



Дата09.06.2016
өлшемі76.74 Kb.
#125270
6М072300 «Техникалық физика»

6М040600 «Физика»


  1. Механикалық қозғалыс. Кеңістік және уақыт. Санақ жүйесі. Материалық нүкте түсінігі. Жылдамдық және үдеу.

  2. Айналмалы қозғалыс кинематикасы. Бұрыштық жылдамдық, бұрыштық үдеу векторлары. Олардың сызықтық жылдамдық және үдеумен байланысы.

  3. Ньютон заңдары. Күш. Масса. Импульс. Механикадағы күштің түрлері. Гравитациялық күштер. Серпімділік күші. Үйкеліс күші.

  4. Абсолют қатты дене түсінігі. Күш моменті. Инерция моменті. Штейнер теоремасы.

  5. Күш жұмысы және оның қисықсызықты интеграл арқылы өрнегі. Қуат.

  6. Механикалық жүйенің кинетикалық және потенциалдық энергиясы. Консервативті және консервативті емес күштер. Механикадағы энергияның сақталу заңы.

  7. Импульс моменті. Моменттер теңдеуі. Импульс моментінің сақталу заңы. Гироскоп. Оның прецессиясы.

  8. Инерциялық емес санақ жүйесі.Салмақ. Фуко маятнигі.

  9. Гармоикалық тербелістің жалпы сипаттамалары. Серіппедегі жүктің тербелісі. Математикалық маятник. Физикалық маятник.

  10. Өшетін тербелістер. Өшудің логарифмдік декременті. Еріксіз тербелістер. Еріксіз тербелістің амплитудасы және фазасы. Резонанс.

  11. Сұйық пен газ механикасы. Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Ламинарлық және турбуленттік ағыс.

  12. Серпімді ортада толқынның таралуы. Толқын теңдеуі. Қатты ортада серпімді толқынның таралу жылдамдығы. Серпімді толқын энергиясы. Тұрғын толқындар.

  13. Заттың агрегаттық күйлері. Идеал газ моделі. Динмикалық, статикалық, термодинамикалық әдістер.

  14. Молекулалардың жылдамдық бойынша таралуы. Максвелл таралу жылдамдығына тән қасиеттер.

  15. Қысым. Идеал газдың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі. Дальтон заңы.

  16. Менделеев-Клапейрон теңдеуі. Изопроцестер.

  17. Барометрлік формула. Больцман таралуы.

  18. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Дифференциалдық түрлері.

  19. Процестер. Тепе-тең және тепе-тең емес процестер. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Идеал газдың ішкі энергиясы және жылу сыйымдылығы.

  20. Газдардың жылу сыйымдылығы және молекулалардың еркіндік дәрежесінің саны. Сұйық қасиеттері. Беттік керілу. Екі ортаның шекарасындағы тепе-теңдік шарты. Капиллярлық құбылыс.

  21. Идеал газдың адиабата теңдеуі. Газ көлемінің адиабаталық өзгеруі кезіндегі жұмыс. Политропты процесс. Әр түрлі процестерде идеал газдың атқаратын жұмысы. Сұйықтың булануы және қайнауы. Сұйық ерітінділер. Осмостық қысым.

  22. Идеал газдың энтропиясы. Энтропияның физикалық мағынасы. Энтропия және ықтималдық. Тасымалдау құбылыстары. Газдағы диффузия. Стационарлы емес диффузия.

  23. Карно циклы. Карно циклының ПӘК-і. Карно теоремасы.

  24. Термодинамиканың екінші бастамасы үшін Кельвин және Клаузиус тұжырымдамасы.

  25. Тұйық жүйедегі қайтымды және қайтымсыз процестердің энтропиясы. Энтропияның өсу заңы.

  26. Нақты газдар. Ван-дер-Ваальс теңдеуі. Ван-дер-Ваальс изотермасы.

  27. Эксперименттік изотермалар. Екіфазалы күй аумағы. Қаныққан бу. Фазалық ауысу. Бірінші текті фазалық ауысу. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Фазалық диаграмма.

  28. Кулон заңы. Ортаның салыстырмалы диэлектриктік өтімділігінің физикалық мағынасы. Электр өрісінің күштік сипаттамасы.

  29. Электр өрісі үшін суперпозиция принсіпі.

  30. Электрлік диполь. Жалпы жағдайда дипольдің өріс кернеулігі.

  31. Электр өрісі үшін Гаусс теоремасы.

  32. Электростатикалық өрістің жұмысы.

  33. Тұйық контур бойынша өріс кернеулігінің циркуляциясы.

  34. Электростатикалық өрістің энергиялық сипаттамасы. Электр өрісі кернеулігі мен потенциялы арасындаға байланыс.

  35. Оқшауланған өткізгіштің электр сиымдылығы.

  36. Диэлектриктердің түрлері. Поляризация векторы.

  37. Зарядталған өткізгіштің меншікті энергиясы.

  38. Электр тогы және оның пайда болу шарттары. Классикалық электрондық теорияның негіздері. Металдардың классикалық электрондық теориясынын кемшіліктері.

  39. Бөгде күштер. Тізбектің бөлігі және тұйық тізбек үшін Ом заңдары.

  40. Газдардағы электр тоғы. Өзіндік газ разряды.

  41. Ампер заңы. Магнит өрісінің күштік сипаттамасы. Магнит индукция векторының бағыты. Магнит индукция векторы мен орамға әсер ететің күш моменті.

  42. Био-Савар-Лаплас заңы.

  43. Тоғы бар параллель өткізгіштердің өзара әсері.

  44. Қозғалыстағы зарядтың магнит өрісі.

  45. Магнит ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы.

  46. Магнит өрісінің тоғы бар тұйық контурға әсері. Магнит өрісіндегі тогы бар өткізгішті көшірудегі жұмыс.

  47. Магнит өрісінде қозғалыстаға зарядталған бөлшекке әсер етуші күш. Холл эффекті. Холл эффекті арқылы жартылай өткізгіштердің табиғатын анықтау.

  48. Электромагниттік индукция құбылысы.

  49. Өздік және өзара индукция құбылыстары.

  50. Магнит өрісі энергиясының көлемдік тығыздығы.

  51. Диамагнетиктер. Парамагнетиктер. Ферромагнетиктер.

  52. Магнеттелу векторы.

  53. Магнит индукция векторының тұйық контур бойының циркуляциясы.

  54. Асқын өткізгіштік.

  55. Максвелл бойынша электромагниттік индукция құбылысын түсіндіру. Максвелл теңдеулерінің толық жүйесі.

  56. Векторлық өріс және оның қасиеттері

  57. Функцияның градиенті және дивергенциясы.

  58. Векторлық функция роторы. Гаусс теоремасы. Стокс теоремасы.

  59. Пуассон теңдеуі. Лаплас теңдеуі.

  60. Максвелл теңдеулері – тәжірибе нәтижелерін жинақтау.

  61. Тербелмелі контурда болатын еркін электромагниттік тербелістер. Еріксіз электромагниттік тербелістер. Резонанс.

  62. Жазық электромагниттік толқындар. Сфералық электромагниттік толқындар. Жазық электромагниттік гармоникалық толқындар.

  63. Энергия ағынының тығыздығы. Жазық монохроматты электромагниттік толқындардың суперпозициясы.

  64. Энергетикалық жарықтылық. Энергетикалық жарқырау. Энергетикалық жарықталыну.

  65. Жарық ағыны. Жарықтылық. Жарқырау. Жарықталыну. Сәуле шығарудың энергетикалық және жарықтық сипаттамаларының арасындағы қатынас.

  66. Нормаль дисперсия. Аномаль дисперсия.Дисперсияның элементарлық теориясы.

  67. Түсу, шағылу және сыну бұрыштарының арасындағы қатынас. Геометриялық оптиканың негізгі жағдайлары. Центрленген оптикалық жүйелер.

  68. Амплитудаларды бөлуді тудыратын екісәулелік интерференция. Екі монохромат толқындардың суперпозициясы кезіндегі интенсивтілік. Оптикада когерентті толқындарды алу әдістері.

  69. Гюйгенс принципі. Юнг сұлбасы.

  70. Ақ жарық кездегі интерференция.

  71. Уақыт және кеңістіктік когеренттік.

  72. Жұқа пленкадағы жарық интерференциясы. Оптикалық жол ұзындығы.

  73. Бірдей көлбеуліктегі жолақтар.

  74. Ньютон сақиналары.

  75. Жарық дифракциясы. Френельдің зоналық әдісі. Гюйгенс-Френель принципі.

  76. Амплитудаларды графикалық есептеу.

  77. Френель дифракциясы. Френель дифракциясының аумағы.

  78. Фраунгофер дифракциясы. Саңылаудағы дифракция.

  79. Дифракциялық тор. Тордағы ақ жарықтың дифракциясы.

  80. Ажыратқыштық қабілеттілігі.

  81. Релей шашырауы. Релей заңы.

  82. Вавилов-Черенков сәулеленуі.

  83. Табиғи және поляризацияланған жарық.

  84. Жазық поляризацияланған жарықты алу және талқылау. Малюс заңы.

  85. Жарық шағылғанда және сынғанда поляризациялануы. Қосарланып сыну.

  86. Абсолют қара дене. Абсолют қара дененің сәуле шығаруы.

  87. Кирхгоф заңы. Жұтқыштық қабілет және энергетикалық жарқырау (сәуле шығарғыштық қабілет). Стефан-Больцман заңы. Виннің ығысу заңы. Рэлей-Джинс формуласы. Планк формуласы.

  88. Жылулық сәуле шығару заңдары. Планк формуласының Рэлей-Джинс формуласынан айырмашылығы және оның жетістігі.

  89. Сыртқы фотоэффект және ішкі фотоэффект. Эйнштейн теңдеуі.

  90. Жарық кванттарының энергиясы мен импульсі.

  91. Комптон эффекті.

  92. Атомның планетарлық моделінде энергия деңгейлері. Бор постулаттары. Франк-Герц тәжірибесі.

  93. Корпускулалық-толқындық дуализм. Де Бройль гипотезасы. Микробөлшектердің толқындық қасиеттері.

  94. Гейзенбергтің анықталмағандық қатынастары.

  95. Толқындық функция және оның статистикалық мағынасы.

  96. Шредингердің уақыттық және стационарлық теңдеуі.

  97. Шексіз терең бір өлшемді потенциалдық шұңқырдағы бөлшек.

  98. Бөлшектің потенциалдық тосқауыл арқылы өтуі (Туннелдік эффект).

  99. Сутегі атомының кваттық механикалық моделі. Электрнның энергиясы. Кванттық сандар. Іріктеу ережелері.

  100. Электрон спині. Штерн-Герлах тәжірибесі.

  101. Зееман эффектісі

  102. Паули принципі. Электрндардың қабық және қабықшалар таралуы. Элементтердің периодтық жүйесі.

  103. Рентген спектрлері. Мозли заңы.

  104. Молекулалардың химиялық байланыстарының түрі. Молекулалардың энергиясы және спектрі.

  105. Оптикалық кванттық генераторлар (Лазер).

  106. Голография. Жазық толқынның голограммасы. Кескінді қалпына келтіру.

  107. Қатты денелердің зоналық теориясы жүзінде түсініктер.

  108. Жартылай өткізгіштердің меншікті және қоспалық өткізгіштігі.

  109. Люминесценция. Люминесценция түрлері.

  110. Ядро құрамы.

  111. Масса мен энергия. Өлшем бірліктері.

  112. Ядролардың байланыс энергиясы.

  113. Ядролардың спині мен магнит моменті.

  114. Жұптылық. Жұптылықтың сақталу заңдары.

  115. Ядроның тамшы моделі.Тамшы моделінің қолдану облыстары.

  116. Радиоактивті ыдырау заңдары.

  117. α-ыдырау. α-ыдырау бойынша негізгі тәжербие нәтижелері.

  118. β- ыдыраудың үш түрі. β- радиоактивті ядролардың қасиеттері.

  119. Мёссбауэр эффектісі.

  120. Нейтрондардың затпен әсерлесуі. Нейтрондарды баяулату. Баяулату теориясының элементтері.

  121. Ядролық реакциялар классификациясы. Ядролық реакциялардағы сақталу заңдары. Электр заряды мен нуклон саны (бариондық зарядтар) сақталу заңдары.

  122. Атом ядросының бөлінуі мен синтезі. Бөлінудің элементар теориясы.

  123. Ядролық реакторлар. Ядролық энергетика.

  124. Үдеткіштердің жұмысының физикалық принциптері.

  125. Жеңіл ядролар синтезі.

  126. Электромагниттік әсерлесу. Әлсіз әсерлесу. Күшті әсерлесу.

  127. Космостық сәулелер. Бірінші жіне екінші космостық сәулелер.

  128. Элементарлы бөлшектерді классификациялау. Кварктер.

  129. Өлшенетін физикалық шаманың өлшемі. Физикалық шаманың Халықаралық бірліктер жүйесі.

  130. Өлшегіш құралдарды калибрлеу. Калибровка әдістері немесе тексеру әдістері және тексеру схемасы.

  131. Өлшеудің қатесі немесе өлшеу нәтижелерінің қатесі. Жүйелік және кездейсоқ қателер. Өлшеу қателерінің пайда болу себептері.

Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ-дың



Жалпы және теориялық физика

кафедрасының меңгерушісі профессор Көмеков С.Е.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет