6М072800 – «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығына



Дата30.06.2016
өлшемі311.75 Kb.
#167727



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


СМЖ 3-деңгейдегі құжаты

ПОӘК

Ф Р 042-18-7.1.17-2015-01



Зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқау

№ 1 басылым

от 11.06.2015



Факультет Инженерлік-технологиялық


Кафедра «Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы»

6М072800 – «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығына



«ПОЛИЭТИЛЕНДІ ПАКЕТТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АСТЫҚ САҚТАУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ»
пәнінен арналған зертханалық жұмыстарға
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Семей


2015

Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕНДІ

Құрастырған Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасының т.ғ.к., доцент м.а., Нұрымхан Г.Н. __________


Әдістемелік нұсқау «Полиэтиленді пакеттерді қолдану арқылы астық сақтаудың жаңа тәсілдері» пәні бойынша 6М072800 – «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығына зертханалық жұмыстар өткізуге тағайындалған.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасының мәжілісінде
№9 хаттама «13» 05 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі_____________________ Б.К. Асенова
Инженерлік – технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде
№ 5 хаттама «05» 06 2015 ж.
Төрайымы ______________ С.С. Төлеубекова

Мазмұны


1

Зертханалық сабақ № 1, 2.Силостардың сыйымдылығын есептеу

4

2

Зертханалық сабақ № 3, 4. Бункерлердің сыйымдылығын анықтау

11

3

Зертханалық сабақ № 5, 6.Астық қоймаларының сыйымдылығын анықтау

12

4

Зертханалық сабақ № 7, 8. Астық кептіргіштердің оптималды жұмыс режимдері және кептіру процесін бақылау

13

5

Зертханалық сабақ № 9, 10. Астықтың шығуын есептеу және осы көрсеткішті механизацияланған жүйенің жұмыс істеу сапасын бағалауға қолдану

15

6

Зертханалық сабақ № 11, 12. Астықты кептіру мен тазалауды есептеудің әдістемесі

17

7

Зертханалық сабақ № 13, 14, 15. Сақталатын астық қорының есебін жүргізу

18


№ 1 Зертханалық жұмыс


Силостардың сыйымдылығын есептеу
Жұмыстың мақсаты: Астық сақтау қоймасын таңдау мен сыйымдылығын есептеу методикасымен танысу
1. Силостардың сыйымдылығын анықтау элеватор силостарының әр түрлі пішінділігі (домалақ, шаршы, көпбұрышты) ескеріліп жүргізіледі.

2. Силоста астықпен толтырғанда жоғары жағында конус пайда болады, ал төменгі жағында силос түбіне байланысты болады. Табиғи көлбеуліктің бұрышы дәнді дақылдарда силостың жоғарғы жағында астықтың еркін түсуі кезінде а1=25-26 град. болады, ал төменгі жағында силос түбінің бұрышына байланысты болады. Астық ылғалдылығы 20%-дан төмен кезде силос түбінің көлбеулік бұрышы а2 = 36 град. болады, ал жоғары ылғалдылықта болғанда бұрыш а2 = 4045 град. болады.

3. Кейбір силостардың сыйымдылығы келесі формуламен анықталады:

Ес = у ( Fс НсV1V 3 ) ,
мұнда y - астықтың көлемдік массасы, т/м. куб.;

Fс – силостың ішкі көлденең түйісуінің ауданы, м.кв;

Нс – силосүсті плитадан шығару тесігіне дейінгі силос биіктігі, м. ;

V1- астықпен толтырылмаған силостың жоғарғы жағының көлемі, м.куб.;

V3- силостың астық толтырылған төменгі жағының ауданы, м.куб.

4. Сыйымдылықты астықты 0,75 т/м.куб көлемдік массада сақтауға байланысты жүргізіледі. Әр түрлі дақылдарды сақтауға арналған силостардың сыйымдылығын анықтауға арналған мәліметтер № 1-кестеде көрсетілген.

№ 1-кесте

Әр түрлі дақылдардың көлемдік массасы (орташа мәліметтер)

Дақыл түрі

Көлемдік масса,


т/м.куб.

Дақыл түрі

Көлемдік масса,


т/м.куб.

Бидай

0,75

Бұршақ

0,81

Қарабидай

0,68

Күнбағыс

0,38

Арпа

0,60

Күріш

0,60

Сұлы

0,50

Зығыр дәні

0,67

Қарақұмық

0,52

Масақты жүгері

0,50

Тары

0,77

Жүгері дәні

0,75


5. Әртүрлі астық сақтау қоймаларының, алдымен силостардың, бункерлардың, сыйымдылықтарын толық есептеу үшін көптеген көлемдік фигураларды ескеру керек. Толық есептеулер мен қарапайым формулалар арқылы табылған нәтижелерді салыстыра отырып олардың көп айырмашылықтары жоқтығы анықталған. Сондықтан, қойылған талаптар мен мақсаттарға байланысты сыйымдылықты есептеуде келеси формулаларды қолдануға болады.

6. Силостың сыйымдылығын жақындатылған формуламен де анықтауға болады:



Ес = f х y х Fс х Hс ,
мұнда f - көлемнің пайдаланылу коэффициенті.
7. Аралық силостардың көлбеу қиылысу аудандарын мына жуық формуламен анықтауға болады:

Fзв = 0,2 х D
8. f көлем пайдаланылу ауданының мәндері:


Дөңгелек силостар үшін (диаметр 6, 7 м.)

Нс, м

f

25

0.90

30

0.91

35

0.92

Шаршы силостар үшін

20

0,90

25

0,92

30

0,93

35

0,95


Ескерту: астықты орнын ауыстырмай ұзақ уақыт (3 айдан артық) сақтағанда көлемді пайдалану коэффициентін 0,2-0,3 ке арттырған дұрыс, себебі астық тығыздығы сақталу мерзімінің ұзақтығымен жағдайларына байланысты болады.
9. Силостың сыйымдылығы Ес (т) жоғарғы конустық бөліктің Е1 (т), ортанғы цилиндрлік бөліктің Е2 (т) және төменгі бөліктің Е3 (т) қосындыларына тең:

Ес = Е1 + Е2 + Е3 , т
10. Силостың жоғарғы конустық бөлігінің сыйымдылығы Е1:

п R H1

Е1 = y ------------, т

3
мұнда R - силостың ішкі радиусы, м;

Н1 - силостың жоғарғы конустық бөлігінің биіктігі, м.
11. Биіктік Н1 (м) :

Н1 = R tg а1,
мұнда а1 - силосты толтыру кезіндегі астықтың көлбеулік бұрышы, а1 = 26 град.

Е2 = y п R Н2, т
мұнда Н2 - силостың цилиндрлік бөлігінің биіктігі, м.
13. Силостың төменгі конустық бөлігінің сыйымдылығы Е3:

п R H3

Е3 = у -------------- , т

3
мұнда Н3 - силостың төменгі конустық бөлігінің биіктігі, м.
14. Биіктік Н3 (м):
Н3 = R tg а2 ,
мұнда а2 - силос түбінің көлбеулік бұрышы; астық ылғалдылығы мен қоспаларына байланысты а2 = 36 град. құрғақ астық үшін, а2 = 45град ылғалды астық үшін.
15. Барлық элеваторлардың өздігінен шығару құбырлары ең аз көлбеулік бұрышқа ие 45 град.-қа тең.

Осылайша силостың сыйымдылығы (т) :



2 2

у п R H1 2 y п R H3

Ес = ---------------- + y п R H2 + --------------- 3 3
2

Ес = у п R (1/3 Н1 + Н2 + 1/3 Н3)


Расположение зерна в круглом Расположение зерна в

силосе. силосе-звёздочке.

16. Дөңгелек силостардың арасында арасында пайда болатын кеңістіктің Ес.зв (силос-жұлдызша) сыйымдылығын былайша анықтайды.

Алдымен жұлдызшаның ортанғы бөлігінің қиылысының ауданын анықтайды:

2



2 п D 2 2 2

Fзв.= D - ------- = D - 0,785 D = 0,215 D (м.кв.)

4

Одан кейін эквиваленттік диаметр мен радиусты анықтаймыз:



2

0,215 D

Dэ = ------------- = 0,524 D ; Rэ = 0,262 D ;

0,785

2 2

Rэ = 0,0686 D .
17. Силос –жұлдызшаның жоғарғы бөлігінің биіктігі: H`1 = Rэ tg a1 ,
Төменгі бөлігінікі: H`3 = Rэ tg a2

Ортанғы бөлігінікі: Н`2 = Hс - Rэ (tg a1 + tg a2).

18. Силос-жұлдызшаның жоғарғы, ортаңғы және төменгі бөліктерінің сыйымдылықтарын дөңгелек силостағы сияқты есептейді:
2 2

y пRэ Н`1 2 y пRэ H`3

Е`1= --------------- ; Е`2 =у пRэ H`2; Е`3 = -------------

3 3
19. Силос-жұлдызшаның сыйымдылығы (т) Е`зв.:
2

Е`зв. =у п Rэ (1/3 Н`1 + Н`2 + 1/3 Н`3)
20. Шаршы силостың сыйымдылығын анықтағанда да алдымен эквиваленттік диаметр мен радиусты анықтаймыз:

2 2

а = п Rэ ,

осыдан Rэ = 0,564а, Dэ = 1,128а.


21. Силостың жоғарғы бөлігінің биіктігі Н``1 = Rэ tga1,
Төменгі бөлігінікі Н``3 =R tga2

Ортанғы бөлігінікі Н``2 = Нс – Rэ (tga1 + tga2).


2

Ес = у а (1/3 Н``1 + Н``2 + 1/3 H``3)
22. Кейбір жағдайларда асытықты тиеу мен шығару орталық осьпен жобаланбаған. Мұндай жағдайларда ГИ «Промзенопроект» инженері Л.Н.Желоховцевтің таблицалары мен формулаларын пайдалануға болады. Олар тереңірек есептеулер нәтижесінде алынған.

23. Астықпен толтырылмаған көлем: дөңгелек силотың жоғарғы жағындағы а1 = 26 град. Болғанда:



3

V = K1 D ; (19)

шаршы


3

V` = K3 a; (20)
дөңгелек силостың түбі а2 = 36 град.
3

V3 = K2 DQ; (21)

шаршы 3



V3 = K4 а Q1 , (22)
мұнда K1 және K3 - жоспардағы тиеу тесіктерінің орналасуына байланысты коэффициенттер, K2 және K4 - жоспардағы шығару тесіктерінің орналасуына байланысты коэффициенттер; Dсилостың ішкі диаметрі; d – тиеу тесігінің диаметрі, м; а – шаршы силостың ішкі өлшемі; Qшығару тесігінің нақты өлшеміне байланысты түзету:

Q = АDB ( A=0,28535d и В=0,0951d ) (23)
Q1шаршы силостың шығару тесігінің нақты өлшемдеріне байланысты түзету:

2 3

Q1 = 0,36327da – 0,951d (24)

24. K1 и K2 коэффициенттерінің мәндері 2-кестеде көрсетілген, дөңгелек силостар үшін


№ 2 кесте

K1 и K2 коэффициенттерінің мәндері


у




y/D

K1(а1=26 град болғанда)

K2 (а2=26 град болғанда)

0,00

0,1278

0,1902

0,05

0,1288

0,1917

0,10

0,1315

0,1959

0,15

0,1364

0,2031

0,20

0,1429

0,2125

0,25

0,1512

0,2253

0,30

0,1614

0,2404

0,35

0,1731

0,2579

0,40

0,1864

0,2776

0,45

0,2010

0,2993

0,50

0,2167

0,3229










Ескерту: а1 – силостың жоғарғы жағындағы көлбеулік бұрышы, град;

а2силос түбінің көлбеулік бұрышы, град.

25. K3 и K4 коэффициенттерінің мәндері, шаршы силостар үшін

№ 3 кесте

K3 коэффициентінің мәндері (а1 = 26 град. болғанда)


Z


Значение величины y

0,01,0

0,10,9

0,20,8

0,30,7

0,40,6

0,5

0,01,0

0,373

0,344

0,321

0,303

0,293

0,289

0,10,9

0,344

0,313

0,287

0,269

0,258

0,254

0,20,8

0,321

0,287

0,260

0,241

0,229

0,225

0,30,7

0,303

0,269

0,241

0,220

0,208

0,203

0,40,6

0,293

0,258

0,229

0,208

0,195

0,191

0,5

0,289

0,254

0,225

0,203

0,191

0,187

№ 4 кесте



K4 коэффициентінің мәндері (а2 = 36 град. болғанда)

Z


Значение величины y

0,01,0

0,10,9

0,20,8

0,30,7

0,40,6

0,5

0,01,0

0,556

0,613

0,478

0,452

0,436

0,430

0,10,9

0,513

0,466

0,428

0,400

0,384

0,378

0,20,8

0,478

0,428

0,388

0,359

0,341

0,335

0,30,7

0,452

0,400

0,359

0,328

0,310

0,302

0,40,6

0,436

0,384

0,341

0,310

0,292

0,285

0,5

0,430

0,378

0,355

0,302

0,285

0,276

26. Силос-жұлдызшаның қиылысу аудандарын мына формула бойынша анықтайды:





  1. П (D + 2b1)

Fзв = (D + C) - ----------------, (25)

4

мұндағы С – силос осьі бойынша, м; b1 – силос қабырғасының қалыңдығы, м.


Бақылау сұрақтары:

  1. Силостардың қандай ттүрлерін білесіз.

  2. Силостардың сыйымдылықтары қалай есептелінеді.

  3. Силостың жоғарғы конустық бөлігінің сыйымдылығы қалай есептелінеді.



Зертханалық жұмыс № 2

Бункерлердің сыйымдылығын анықтау

1. Пішініне қарай бункерлерді домалақ, тіктөртбұрыш және астаутәріздес болып бөлуге болады. Тіктөртбұрыш және домалақ бункерлер астықты сақтауға арналған, кептіруге дейінгі және кейінгі сақтауға, қалдықтарды сақтауға арналған ыдыстар ретінде пайдаланады, ал астау тәріздес бункерлер автомобиль және теміржол транспорттарына арналған.

2. Бункердің жоғарғы жиектері арқылы өтетін жазықтыққа дейінгі ішкі көлемі геометриялық көлем деп аталады.

3. Тіктөртбұрышты бункердің геометриялық көлемін мына формуламен табады:



Нб

V = ------ [(АВ + аb + (A + a) (В + b)],

6
мұнда Нб – бункер биіктігі;

а,b – шығару тесіктерінің биіктігі;

А,В – бункердің жоғарғы жиектерінің өлшемдері.
4. Егер бункер шаршы болса, онда А = В и Ав = Вв, сонда

Н 2 2


V = ------ ( A + Aб + Aв )

3

5. Құрама бункерлер, пирамидалық және параллелепипедтік бөліктерден тұратын бункерлердің ауданын былай табады:



Нн

V = Hв A В + ----- [А В +а b + ( А + а ) ( В + b) ], (28)

6
Мұнда Нв - параллелепиедтің биіктігі;

Нн – пирамидалық бөліктің биіктігі.
6. Сусымалы жүктер үшін бункердің нақты сыйымдылығы бункерге материал төгілгенде түзілетін бұрыштарға а1 да байланысты болады.

7. Ыдысқа сиятын астық мөлшері мына формуламен анықталады:


А = V y , т. (29)
Бақылау сұрақтары:

    1. Бункерлер неге арналған.

    2. Бункерлердің қандай түрлерін білесің.

    3. Шаршы букердің көлемі қалай есептелінеді.

Зертханалық жұмыс № 3

Астық қоймаларының сыйымдылығын анықтау
Жұмыс мақсаты: Астық сақтау қоймаларының сыйымдылығын есептеу методикасымен танысу
1. Көлемдік массасы 0,75 т/м.куб, ылғалдылығы 14,0...15,5%, қойма қабырғасы бойынша 2,5 м және табиғи астықтың көлбеулік бұрышы 25 градус боалтын жағдайда паспорттық сыйымдылық деп саналады.

Қойма өлшемдері 60х20 м болғанда оның пайдалы көлемі 3000 тоннаны құрайды, қойма өлшемдері 63х20 мболғанда 3200 тонна, ал 90х24 м болғанда 5500 тонна болады.

2. Жұмысшы сыйымдылық деп белгілі бір дақылдың нақты ылғалдылығына байланысты нақты мөлшері сыйатын сыйымдылықты айтады. Қоймаларда үйінділердің биіктігі оның ылғалдылығына байланысты болады. Астық үйіндісінің биіктігі 2,5 метрден аспауы керек. Бұл үшін қабырғаларда қызыл сызық жүргізіледі.

3. Қоймаға салынатын астық массасы::


Еск = Vск y , т
(Vск) қойма көлемі мына формуламен табылады:
А + а В + в

Vск = АВh + ---------- х ---------- (Hh) , м.куб

2 2
мұндағы А және В - қойманың ішкі ені мен ұзындығы , м;

h – қабырға жанындағы үйінді биіктгі, м;

а – астық үйіндісінің беттік ұзындығы, м;

b – астық үйіндісінің беттік ені, м;

Н – қойма ортасындағы астық үйіндісінің биіктігі, м.
а және b өлшемдерін былайша табуға болады:

а = А - 2(Н-h) ctg a;

b = B – 2(H –h) ctg a;
мұндағы а – астық үйіндісінің көлбеулік бұрышы; а = 25 град.
4. Астық қабылдау мекемелерінің технологиялық нормаларына сәйкес әр түрлі дақылдар үшін қойманың паспорттық сыйымдылығын 20%-ға төмендеткен дұрыс.

5. Кейінгі жылдары көлбеу еденді, астықтың өздігінен ағып шығуына арналған механизацияланған қоймалар кеңінен пайдаланылуда. Мұндай қоймалардың ең төменгі бөліктерінің биіктігі Нн = 6,36 м, төменгі транспорттық галереяның биіктігін есептемегенде. Көлбеу еденді қойманың сыйымдылығы горизантальді еденді қойманың сыйымдылығы мен терңдетілген бөліктердің сыйымдылығығының қосындысына тең болады:


А В Нн

Енак = Еск + ----------- y

2
6. Астық сақтау қоймаларындағы астық көлемін есептеу үшін элеваторлардың, силостардың, бункерлардың, қоймалардың өлшемдері туралы мәліметтерге негізделеді, сонымен қатар бұларда сақталатын астық сапасын байланысты.

Бақылау сұрақтар:

    1. Астық қоймасы не үшін қажет.

    2. Астық сақтау қоймасының көлемін қалай анықтайды.

    3. Астық сақтау қоймасының паспорттық сыйымдылығы дегеніміз не.

Зертханалық жұмыс № 4


Астық кептіргіштердің оптималды жұмыс режимдері және

кептіру процесін бақылау
Жұмыс мақсаты: астық кептіргіштерді және қосымша сәйкес жабдықтарды таңдаумен танысы.

Басқа машиналар мен жабдықтарды таңдауға негізгі агрегат кептіргіш болып табыдажы.

Астық массасын үзіліссіз қабылдау үшін, астықты кептіру алдында уақытша сақтайтын аэрожелобты және активті вентилирлеуші қабылдау бункерлерінің жалпы сыйымдылығы астық сақтау орнына келіп түсетін астық нормасынан төмен болмауы керек. (Gсут max).

Ал аэрожелобты бункерлердің сыйымдылығы 0,5Gсут max-тан кем болмауы керек (т или м3).

Бункерлердің сыйымдылығы мына формуламен анықталады:

Gсут max

V=0.5 

Мұндағы V – бункер сыйымдылығы, м3;



 - астық үйіндісінің тығыздығы, т/м3; бидай, қарабидай, арпа үйінділері үшін =0,7…0,8 т/м3; сұлы үшін =0,45…0,5 т/м3.

V=0,5*193,5/0,6 =161,25 м3;

Кептіру алдында сақтауға арналған активті вентиляциялайтын бункерлердің сыйымдылығы , аэрожелобты бункерлер жоқ кезде Gсут max –тантөмен болмайы керек. Мұндай жағдайда қабылдау бункерінің сыйымдылығы астықың 1 сағатта келіп түсетін нормасынан төмен болмауы керек (Gч max).

Қабылдау бункерлері мен астық кептіру алдында активті вентиляциялауға арнлаған бункерлердің жалпы сыйымдылығы астықтың күнделікті келіп түсетін нормасының жартысына тең болуы керек. (0,5Gсут max).

Мұндай жағдайда астық қабылдау орнының машиналары мен жабдықтарының жұмысы еріксіз уақытша тоқтатылса, алқаптардағы комбайндардың жұмысын да тоқтатуға тура келеді (бұзылу, электроэнергияның өшіп қалуы және т.б.).

Аэрожелобты және активті вентиляциялауға арналған бункерлер сыйымдылығының қосындысы күнделікті келіп түсетін астық нормасына тең болады деп қабылдаймыз Gсут max,

Vсум=322,5 м3.

Астықты алдын-ала тазалауға арналған машиналардың қажетті өнімділігін мына формуламен табуға болады:

Gсут max

Qпр.о= 

t *  * кэ * кп
мұндағы Qпр.о – астық тазалаушылардың қажетті өнімділігі, т/ч;

t – 1 тәулікте астықтазалаушының жұмыс істеу ұзақтығы, ч; 2 кезекті жұмыс күнінде– t=20 часов;

 - машинаның орташа өлшенген жұмыс уақытын пайдалану коэффициенті; =0,95;

кэ –эквиваленттік коэффициенті, дақылдардың әртүрлілігіне байланысты тазалаушы машиналардың өнімділіктерінің өзгеруін ескеретін; кэ=0,8;

кп – коэффициент, алдын-ала тазалауға келип түсетін астықтың ылғалдылығы мен қоспаларына байланысты тазалағыш машинаның өнімділігінің төмендеуін ескереді.

Астықты алдын ала тазалауға арналған машиналардың паспорттық өнімділігі тазалығы 90%, ылғалдылығы 20%-ға дейінгі астық үшін көрсетілген. Осыдан, кп коэффициентін мына формула бойынша анықтауға болады:

Кп=1-0,03(Wн-20) – 0.02(н-10)

Кп=1-0,03(26-20) – 0,02(10-10)=0,82

193,5

Qпр.о=  =15,52 т/ч.



20*0,95*0,8*0,82
Кептіргіштердің қажетті өнімділігі мына формуламен анықталады:

кз*Gсут max(1-0,01к1)

Qс= 

tскссw


мұндағы Qс – кептіргіштердің қажетті өнімділігі, т/ч;

кз – коэффициент, кептіргіштің жұмысының техникалық себептерге байланысты тоқтап қалуын және ұзақ уақыт бойы ылғалдылығы 30%-дан жоғары астықтың келуін ескеретін; есептулер кезінде кз=1,1…1,2 деп қабылданады;

к1 – астықты алдын ала тазалау және кептіру алдында сақтау кезінде жойылатын ылғал мен қоспалардың жалпы мөлшері, %. Есептеулер кезінде былайша қабылдауға болады: тазаланатын қоспалардың мөлшері - 5…6%, кептіруге дейінгі өңдеуде кететін ылғал мөлшері 3…5%, ал жалпы қосындысы к1=8…11%;

tс – кептіргіштің жұмыс істеу уақыты, ч.

ккс – коэффициент, кептіргіштің өнімділігінің дақылдардың әр түрлілігіне байланысты өзгеруін ескеретін; ккс=1;

кс – коэффициент, астықтың кептіруден кейінгі бағытына байланысты кептіргіш өнімділігін ескеретін. Азық-түлік мақсатта пайдаланылатын астық үшін кс=1. Тұқымдық бағытта пайдаланылатын астық үшін, кс=0,5; СКВС-6 кептіргіштері үшін кс=1 деп қабылдаймыз;

кw – коэффициент, ылғал пайызына байланысты кептіргіш өнімділігінің өзгеруін ескеретін; кw=0,65 деп қабылдаймыз;
1,2*193,5*(1-0,01*10)

Qс=  =17,1 т/ч.



20*1*1*0,61

Бақылау сұрақтары:

1. Астық кептіргіш қалай таңдалады.

2. Астықты алдын ала тазалауға арналған машинаның қажетті өнімділігі қалай анықталады.

Зертханалық жұмыс № 5

Астықтың шығуын есептеу және осы көрсеткішті механизацияланған жүйенің жұмыс істеу сапасын бағалауға қолдану
Дақылдың белгілі бір түрінің максималды тәулітік түсуі П, т, астықтың шығымы У, т/га, астық жинайтын машиналардың саны К, шт., және оның орташа тәуліктік өнімділігнің қосындысы С:

П =У * К * С,

1-кесте


Әр түрлі дақылдардың 1 тәулікте жүйеге келіп түсуі

Дақыл түрі

Астықтың шығымы, т/га

Астық жинау машиналарының саны, шт.

Орташа тәуліктік өнімділік, га

Астықтың тәуліктік түсуі, т

Күздік бидай

2,7

13

12

421,2

Жаздық бидай

1,5

9

17

229,5

Арпа

1,8

14

17

428

Тары

1,7

8

10

136

Қыша

0,5

24

10

120

Нут

1,0

16

12

192

Жинаушы-транспорттық звеноларды бөлу кезінде Ту - дақылдың жиналу уақыты, Т к - астықтың критикалық жиналу уақыты талаптарын ескеру керек, бұлардың асып кетуі үлкен шығындарға әкеліп соғады.

Дақылдың жиналу уақыты келсеі формуламен анықталады

Туобщсут,
мұндағы Мобщ – дақылдың жалпы массасы, т;

Мсут – астықтың 1 тәулікте жиналатын массасы, т/тәулік.


Ту (Күздік бидай) =3750/421,2=8,8=9 тәулік

Ту (Жаздық бидай) =2200/229,5=9,6=10 тәулік

Ту (Арпа) =3500/428=8,2=9 тәулік

Ту (Тары) =800/136=5,9=6 тәулік

Ту (Қыша) =1200/120=10 тәулік

Ту (Нут) =850/192=4,4 тәулік







Бақылау сұрақтары:





    1. Астықтың максималды тәуліктік мөлшері қалай анықталады.

    2. Дақылдың жиналу уақытының ұзақтығы

Зертханалық жұмыс № 6

Астықты кептіру және тазалауды есептеудің әдістемесі




Жұмыс мақсаты: Астықты кептіру және тазалауды есептеудің методикасымен танысу.


Астықты қоспалардан тазартудың технологиялық тиімділігін Е (%) мына формуламен есептейді:

Е= А-В/А*100, где

А- ажыратылатын қоспалардың жалпы қоспадағы мөлшері, кг.

В- тазалаудан кейінгі қалатын астық массасы, кг.

Астықта үнемі ылғал болғандықтан оның жалпы массасы құрғақ заттар мен судың қосындысынан тұрады:

Сзз с+ W, кг, мұндағы

Сз с- астықтың құрғақ заттарының массасы, кг.

W- астықтағы судың массасы, кг

Астықтағы ылғал мөлшері пайыздық көрсеткішпен сипатталады: ылғал массасының жалпы астық массасын немесе құрғақ зат массасына.

Wс= 100*W/ 100-W, %

W=100*W/ 100+W, %

Кептіру теориясында астық ылғалдылығы құрғақ зат массаына жатады. Тәжірибеде ылғалды жалпы ылғалды астық массасы бойынша есептейді Кептіру кезінде ылғалдың булануына байланысты Сз1 ден Сз2 ге дейін өзгереді.:

W=Сз1з2, кг

Кептіру процессі кезінде буланатын ылғалдың мөлшерін келесі формуламен анықтауға болады:

W= Сз1*(W1- W2/100-W2)

Астық сапасының жақсаруына байланысты оның шығындарын келесі формуламен анықтайды:

- ылғалдылықтың төмендеуіне байланысты, X1, %

X1=(W1-W2/100-W2)* 100, мұндағы

W1- қабылданған астық ылғалдылығы, %

W2- шығатын астық ылғалдылығы, %

- қоспалардан тазаруына байланысты, X2, %

X2= ((C1-C2)*(100-X1)/100-С2)*100, где

С1- қабылданған астықтағы қоспалардың мөлшері, %

С2- шығатын астықтағы қоспалардың мөлшері, %

Астық массасының азаюын қабылданған астық массасы бойынша есептейді.

Сонымен қатар астық шығынын қойманы тазартқанда есептейді.


Бақылау сұрақтары:

  1. Астықты қоспалардан тазартудың технологиялық тиімділігін қалай есептейді.

  2. Ылғалдың булануына байланысты астық массасының төмендеуін қалай анықтайды.

Зертханалық жұмыс № 7

Сақтаудағы астық қорының есебін жүргізу

Жұмыс мақсаты: сақталатын астық қорының есебін жүргізу методикасымен танысу.

Кәсіпорындағы барлық астықты, сонымен қатар тұқымды, оның қабылданған немесе басқа кәсіпорындардан келіп түскен күінен бастап оның тұтынушыға жіберілетін күнге дейін есепке алынады.

Астықтың сапасылқ және сандық есебін жүргізу – жұмыстың қажетті шарты. Есеп жүргізудің қиындығы сақтау кезінде астықтың массасы ғана емес, сонымен қатар сапасының да өзгеруіне байланысты болады. Мысалы, ылғалдылықтың өзгеруіне байланысты астық массасы да өзгереді. Осыған байланысты кәсіпорындарда сандық-сапалық есеп жүргізу жүйесі болады.

Астық массасының болуын, артық қалулар мен жетпей қалуларды анықтап отыру үшін міндетті қалдықтарды есептеу инвентаризациясы жүргізіледі.

Мысалы, астық және тұқым ылғалдылығы қабылдағандағығақарағанда шығарарда өзгеше болуы мүмкін, осыған байланысты астық массасы да төмен немесе жоғары болуы мүмкін. Астық партиясының массасы тазалаудан кейін де өзгереді.

Массаны түзеткеннен кейін астық сапасының өзгеруіне байланысты болған шығындарды сызып тастайды.




Күні

Қабылданған, кг

Ылғалдылық, %

Қоспа,%

Шығын, кг

Ылғалдылық, %

Қоспа,%

Келесі айдың 1-не қалған қалдық

Тамыз

1289000

16

0,5










1289000

Қыркүйек

2120000

16

1,0










3409000

Қазан

2006000

15

0,5










5415000

Қараша



















5415000

Желтоқсан



















5415000

Қаңтар



















5415000

Ақпан










1000000

14

1,0

4415000

Наурыз










1638050

15

0,5

2776950

Сәуір



















2776950

Мамыр










1217200

15

0,5

1559750

Маусым



















1559750

Шілде



















1559750

Тамыз










1289000

15

0,5

------

Барлығы

5415000







5144250







∑41006150


270750 кг мөлшердегі жетіспеушілік келесі көрсеткіштермен ақталады:

Ылғалдылық пен қоспалардың азаюы

а) Қабылдау кезіндегі орташа ылғалдылық.

1289000 * 16 = 20624000

2120000 * 16 = 33920000

2006000 * 15 = 30090000

84634000

84634000 / 5415000 = 15,6%

б) Шығарардағы орташа ылғалдылықты анықтау.

1000000 * 14 = 14000000

1638050 * 15 = 24570750

1217200 * 15 = 18258000

1289000 * 15 = 19335000

76163750


76163750 / 5144250 = 14,8%

в) Қабылдау кезіндегі қоспалардың массасын анықтау.

1289000 * 0,5 = 644500

2120000 * 1,0 = 2120000

2006000 * 1,0 = 2006000

4770500


4770500 / 5415000 = 0,9%

г) Шығарарда қоспалардың орташа массасын анықтау.

1000000 * 1,0 = 1000000

1638050 * 0,5 = 819025

1217200 * 0,5 = 608600

1289000 * 0,5 = 644500

3072125

3072125 / 5144250 = 0,59%



д) Ылғалдылықтың төмендеуіне байланысты массаның азаюы

100 (15,6-14,8) / (100-14,8) = 0,93

е) Қоспалардың азаюына байланысты массаның азаюы

(0,9-0,59)*(100-0,93) / (100-0,59) = 0,3

5415000 * 0,93 / 100 = 50359,5 кг

5415000 * 0,3 / 100 = 16245 кг

Ылғалдылық пен қоспалардың төмендеуіне байланысты сызуға болатын жетіспеушіліктер

270750 – (50359,6 + 16245) = 204145,5 кг

204145,5 кг мөлшерде жетіспеушілік қалады

2. а) Орташа сақтау ұзақтығы анықталады.

41006150 / 5415000 = 7,6 мес

б) табиғи шығындар анықталады.

а) = 0,09

б) = 0,12 – 0,09 = 0,03

в) = 7,6 – 6 = 1,6

г) = 12 – 6 = 6

Х = 0,03 * 1,6 / 100 + 0,09 = 0,09%

5144250 * 0,09 / 100 = 4654,5 кг

204145,5 – 4654,5 = 199491 – ақталмаған шығындар.
Бақылау сұрақтары:

1. Қабылданған кездегі орташа ылғалдылық қалай анықталады.

2. Шығарарда орташа ылғалдылықты қалай анықтайды.

3. Қабылданған кездегі орташа қоспалар қалай анықталады.



4. Шығарарда орташа қоспалар мөлшерін қалай анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет