7 дәріс.Сумматорлар.
Сумматор – екі екілік санның сандық кодының қосу ариметикалық операциясы орындалатын түйін. Кез келген позициялық санау жүйесіндегі сандар разряд бойынша қосылады. Кіші разрядтан үлкен разрядқа ауысуын ескере отырып, бір разрядты сандарды іске асыратын түйін болып табылады. Сумматор бір разрядты екілік сандарды аі, bi қосуды және рi кіші разрядқа ауыстыруды, шығысында Si қосындысының мәнін шығаруын және Pi+1 үлкен разрядқа ауысуды орындайды. Яғни, бірразрядты сумматор үш кірісі және екі шығысы бар схема болып табылады.
1 сурет. Бірразрядты сумматор.
Сумматор - арифметикалық - логикалық құрылғының (АЛУ) маңызды түйіндерінің бірі болып табылады, ол арифметикалық қосу және сандарды алу амалдарын екілік кодтар түрінде орындауға арналған. Бұл операцияны кері және қосымша кодтарды қолданып қосулар, шегерулер арқылы жасауға болады. Сумматорларды құрудың бірнеше түрлері бар. Бір разрядты және көп разрядты сумматорлар деп бөлуге болады. Сумматорларды осылай топтастыру қосылған кодтардың дәрежелерінің санымен анықталады. Көп разрядты сумматорларды жүйелік және параллель деп бөледі. Жүйелік сумматорларды қосу операциясы разряд бойынша кішіден үлкенге дейін орындалады. Параллельді сумматорларда бір уақытта барлық қосылған кіріс кодтарының дәрежелері қосындыланады, ал сигнал әртүрлі жолмен тасымалданады. Сәйкесінше паралельді сумматорларды жүйелік сумматорлардан параллельдігімен, топтығымен, топтар арсындағы параллельді байланыстылығымен ерекшеленеді. Сумматорлардың негізгі параметрлеріне:
- тасымалдау, тарату уақытының кідіруі;
- логикалық схемаларды қолданғанда аппараттық қиындықтар болады;
- қосынды кодтарын құру уақыты - тасымалдау таратулары арқылы барлық параллельді сумматор дәрежелері уақытымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |