7 сынып Алгебра А. Е.Әбілқасымова, Т. П. Кучер, В. Е. Корчевкий, З.Ә. Жұмағұлова кітабынан қолданбалы, экстремалды есептер



бет1/5
Дата09.05.2024
өлшемі205.16 Kb.
#500797
түріОқулық
  1   2   3   4   5
7 сынып Алгебра


7 сынып Алгебра А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, В.Е.Корчевкий, З.Ә.Жұмағұлова кітабынан қолданбалы, экстремалды есептер

  1. Кітапханашы оқулықтарды сөрелерге орналастыруы қажет. Егер әр сөреге 20 оқулықтан қойса, онда екі сөре бос қалады. Ал егер әр сөреге 15 оқулықтан қоятын болса, онда барлық сөрелердегі кітаптар саны бірдей болады. Кітапханашы қанша оқулықты сөрелерге орналастыруы керек?

Шешуі: Есептің шартына сәйкес кітаптар саны екі жағдайда да тең. 15 кітаптан орналастырғанда сөре саны – х болсын, соған сәйкес 20 кітаптан орналастырғанда сөре саны – (х-2) болады. Теңдеу құрамыз.

Сөрелер санын пайдаланып кітап санын табамыз:

Жауабы: 120 кітап


  1. Еденнің ауданы 9м2 және шаршы пішінді бөлменің қабырғаларын желімдеу керек. Бөлме биіктігі 3м, есіктің ауданы 1,8м2 , терезенің ауданы 1,5м2 және бір тұсқағазбен 7,2м2 жерді желімдеуге болады.

  1. Бөлмені желімдеуге қажет тұсқағаздың санын табыңдар.

  2. Егер тұсқағаздың бағасы 650 тг/бума болса, онда тұсқағаз алуға қанша теңге кетеді?

Шешуі: Есептің шарты бойынша бөлме шаршы пішінді, яғни бөлменің табандары, бүйір жақтары шаршы. Табанының ауданы берілген. Сонымен қатар бөлмедегі есік, терезенің, бір тұсқағазбен желімдеуге болатын аудан белгілі.
Егер шаршының ауданы 9м2 болса, екенін ескерсек, қабырғалары 3м болады. Демек, бөлменің табандарының ұзындығы 3 м, биіктігі 3м.

3м 3м


3 м
Тұсқағаз бөлменің жақтарына жабыстырылатыны ескеріп, бүйір жақтарының ауданын табамыз: ,
. Бұл мәннен есік, терезе аудандарын алып тастаймыз:
, демек 32,7м2 ауданға тұсқағаз желімдеу керек.

  1. Тұсқағаздың бума санын табайық, . Демек, 5 бума қажет болады.

  2. Төленетін ақша,



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет