7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы


-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы



бет26/49
Дата04.04.2024
өлшемі0.72 Mb.
#497580
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49
Қазақстан тарихы пәнінен 7-сыныпқа арналған Күнтізбелік жоспар

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §24. Моғолстан
Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды Моғолстан мемлекетінің құрылуымен,этникалық құрамымен таныстыра отырып, саяси тарихындағы негізгі оқиғалар туралы жан-жақты түсінік беру;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды дасау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды тарихи оқиғалардан сабақ алуға, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • .Ақ Орда мен Қазақ хандығын не байланыстырады?

  • Не себепті Ақ Орда хандары өздерінің астанасы оңтүстік өңірде орнатуға ұмтылады?

  • Алтын Ордамемлекеті мен Ақ Орда мемлекеті арасында қандай айырмашылықтар болды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1.Моғолстанның құрылуы,жер аумағы
2.Халқының этникалық құрамы.
3. Моғолстанның ішкі сыртқы жағдайы
4.Моғолстанның ыдырауы.
Моғолстанның этникалық құрамының қалыптасуы

Жетісу аймағындағы б.д.д III-II ғ. Бастап ,үйсін,қаңлы тайпалары мекендеген.

V-VI ғасырларда түрік тілді тайпалар қоныстана бастаған.

XIII ғасырда моғолдың арлат,чорас,калучи тайпалары келіп, жергілікті халықпен араласып түркіленіп кетті.











Қорытынды: Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар болды-дулат,қаңлы,үйсін,арғын,баарн,барлас,бүлғашы т.б. Моғолстанның ішкі-сыртқы саяси жағдайын былай баяндаймын.
Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады.Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп,бір орталыққа бағындырды. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаоасы болды. Ол мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдады. Тоғлық Темір 1360-1361 жылдары Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс Қожаны Мауараннахрдың хан тағына отырғызып қайтады. Моғолстанға оралған Тоғылық-Темір хан қаза болады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда Ілияс Қожа хан Әмір Темір арасында шешіші «Батпақ шайқасы» болады., екі жақтан 10 мыңға жуық адам қырылады.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
1.Моғолстан атауы қайдан шықты?
2.Әмір Поладшы деген кім?
3.М.Х.Дулатидің деректері бойынша «Маңлай-Сүбе» жері қай жерде орналасқан?
4.Моғолстанның орталығы қай қала болды?
5.Ташкент маңында өткен «Батпақ шайқасын» сипаттаңдар.
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма: 24-параграфты оқу Сұрақтарға жауап беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет