«7М02313 – Қазақ филологиясы» мамандығы «Қазақ филологиясының жаңа бағыттары» пәні бойынша емтихан сұрақтары №1 блок, 20 сұрақ


Психоаналитикалық мектеп (фрейдизм)



бет10/13
Дата22.09.2022
өлшемі2.57 Mb.
#461157
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Сарбасов Сессия (1) (копия)

Психоаналитикалық мектеп (фрейдизм)
ХХ ғасырдың басында Австрияда көрініс берген бұл бағыттың негізін салушы – психиатр, философ Зигмунд Фрейд. Ол әдебиеттің әлеуметтік маңызын мойындамайды. Бір халық пен екінші халықтың әдебиетін салыстыруды қажет деп таппайды. Оның назар аударатыны – суреткер санасының астарлы сырлары,
түйсіктің жұмбақ құпиялары.
Фрейд адам бойындағы ең басты қасиет, адам тіршілігін бағыттайтын қуат көзі – нәпсі және қанға ұмтылу дейді. Осы екі тезистен шығарып тұтас система жасайды. Адамның бүкіл тіршілігін, оның өміріндегі әр кезеңдерін, шалыс басқан шақтарын, қоғамдағы басқа адамдар мен қарым-қатынасын – бәрін реттеп отыратын нәпсі деп біледі. Осыған шығармадан дәлел іздейді.
Психоанализдің мақсаты – әдеби туындылардағы кейіпкерлердің саналы және бейсаналықтың өзара қарым-қатынасынан туындаған мінез-құлқын, іс-әрекетін зерттеу.
Психоанализ кейіпкерлердің жасырылған немесе бүркелген қалауы мен ынтызарлықтарына назар аударады. Еске салайық, Фрейд өзінің алғашқы жаңалықтарының негізінде сананың құрылымы үш қабаттан тұрады деп болжам жасаған: Саналы/Сананың төменгі қабаты/Бейсаналық. Бұл идеялар алғаш рет «Түс жору» еңбегінде (1900) жарық көрді. Бұл теорияның дәлелді негізі өзінің түс көрудің зерттеуінен шықты деп болжады. Бұл – біздің барлық жағымды және жағымсыз естеліктеріміз жинақталған, синтезделген және ұйымдасқан ақыл.
Әдебиет әдістерінің арасында психоанализ ең қарама-қайшылыққа толы және көптеген оқырмандар үшін мәні төмен болды. Бұған қарамастан қазіргі таңда бұл әдіс қызғылықты және интерпретационалды анализдің пайдалы әдісі саналады. Әдебиеттанудағы психоанализ әдеби текстінің жасырын мағынасын анықтау механизмдерінің біріне айналды. Бұған қоса бұл әдіс жазушының жеке тұлғасын зерттеуге де көмектеседі.
I. Автор: Теория авторға және оның өмірі мен әдеби жұмысына талдау жасау үшін қолданылады.
II. Кейіпкерлер: Бұл теория бір немесе бірнеше кейіпкерге талдау жасау үшін қолданылады, психологиялық теория іс-әрекет пен ынтаны түсіндіретін құралға айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет