«7М02313 – Қазақ филологиясы» мамандығы «Қазақ филологиясының жаңа бағыттары» пәні бойынша емтихан сұрақтары №1 блок, 20 сұрақ



бет7/13
Дата22.09.2022
өлшемі2.57 Mb.
#461157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Сарбасов Сессия (1) (копия)

Бірінші циклда эстетикалық идеал, суреткер дүниетанымы, туындының көркемдік образдылығы, әдеби шығармашылықты тұтастай қарастырғанда оның халықтығы, қоғамдық-эстетикалық мәні, шынайылығы жөніндегі ұғымдар сараланады.
Екінші циклда - шығарманың тақырыбы мен идеясы, тип пен стиль мәселелері қарастырылады, ал үшіншісінде жалпы көркемдік дамудың бағыт-бағдары, тарихи сипаты, әр дәуірдегі көркемдік бағыттар мен әдістер, ағымдар, жанрлар және жанрлық түрлер тексеріліп, талданады. Әдебиет теориясының терминдері функциональды сипатқа ие, олар белгілі ұғымдардың нақты ерекшеліктерін сипаттап қана қоймай, сонымен бірге олардың атқаратын қызметін және басқа ұғымдармен арақатынасын да айқындайды.
Әдебиет теориясына қатысты алғашқы эстетикалық тұжырымдар біздің заманымыздан бұрынғы көне кезеңдерден бастау алады. Көне Шығыс өркениетінен, кейіннен антика эстетикасынан бастау алып, әдебиеттің дамуы барысында әр алуан әдеби ағымдардың алмасып отыруына орай және олардың
көркемдік концепциясын, тәжірибесін түсіндіруге байланысты әдебиет теориясының мазмұны қалыптасты.
Әдебиет теориясының өзегін жалпы поэтика (сонымен бірге ол теориялық деп те аталады) құрайды. Ол - көркем шығарма, оның құрамы, құрылымы мен функциялары, сонымен бірге әдебиеттің тектері мен жанрлары туралы ілім. Жалпы поэтикамен қатар теориялық әдебиеттану әдебиеттің өнер түрі ретіндегі табиғаты туралы ілім мен оның тарихи даму заңдылықтары туралы ілімді (әдеби процесс теориясы) қамтиды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әдебиет теориясын поэтикадан бөліп қарастыру тенденциясы бел алды. Алайда бірқатар ғалымдар мұндай көзқарастың ғылыми негізі жоқ екенін жазды. Әдебиеттану мәселелерін байыпты талдаған іргелі еңбектің бірі – американдық авторлар Р.Уэллек пен О.Уорреннің «Әдебиет теориясы» болды. Олар әдебиет теориясы менпоэтиканы ұқсас ұғым ретінде қарастырады. Ал В.Томашевский өзінің «Әдебиет теориясы. Поэтика» кітабында бұл түсініктердің бір мағынада ғана қолданылатындығын ескертеді. Аристотельдің «Поэтикасы» да, Н.Веселовскийдің «Тарихи поэтикасы» да - осы саланың бастауындағы үлкен еңбектер. Өйткені әдебиет теориясы - өзіне тән теориялық және тарихи бастаулардың тамырластығын, жалғастығы мен байыптылығын қарастыратын ғылым.
Әдебиет теориясы мен әдебиет тарихының тоғысқан тұсында жекелеген көркемдік компоненттердің (жанрлардың, сюжеттердің, стилистикалық бейнелердің) туу, қалыптасу және даму тарихын, тағдырын, барлық әдебиетке тән ортақ типологиялық белгілерін айқындайтын тарихи поэтика дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет