8. 1 Электрондық карталар және атластар Визуализация



Дата09.07.2016
өлшемі34.5 Kb.
#186750
8 дәріс ВИЗУАЛИЗАЦИЯ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ
8.1 Электрондық карталар және атластар
Визуализация (сызбалық жаңғырту, бейнелеу) – суреттерді тудыру, соның ішінде картографиялық көріністерді және бейнелеу құралдарында басқа сызбаларды (әсіресе мониторда) арнайы алгоритмдердің көмегімен бастапқы сандық мәліметтерді түрлендіру негізінде тудыру.

Географиялық ақпараттарды ұсынудың ең ықшам және әдеттегі тәсіліне карталар жатады.

Электрондық карта (ЭК) – сандық карталардың немесе ГАЖ мәліметтер базасының негізінде мониторға визуализацияланған картографиялық бейнелер.

Электрондық атлас (ЭА) – электрондық карта нысанындағы визуализация жүйесі, электрондық картаға функционалды ұқсас электрондық картографиялық туынды. Карталардың растрлық көріністерін, картографиялық визуализаторларды, үстелдік картографиялау жүйелерін кадрлық көруді қамтамасыз ететін картографиялық браузерлер типін бағдарламалық қамсыздандырумен қолданады. Картографиялық көріністерден және аңыздардан басқа электрондық атластарға әдетте ауқымды мәтіндік түсініктемелер, кестелік мәліметтер, ал мультимедиялық электрондық атластарға – анимациялар, бейнеқатарлар және дыбыстық сүйемелдеу кіреді.

Объектілердің әртүрлі сипаттамалары (атрибуттары) немесе олардың арақатынастары бар кестелер мен сызбалар өз бетінше немесе басқа визуализация құралдарына қосымша ретінде қолданылуы мүмкін.

Анимация динамикалық процестерді көрсету үшін қолданылады, яғни суреттелген статистикалық көріністерді (кадрларды) кезекпен көрсету, нәтижесінде көріністердің үздіксіз ауысым иллюзиясы құрылады.


8.2 Мәліметтер талдамасының нәтижелерін картографиялық бейнелеу тәсілдері
Мәліметтер талдамасының нәтижелерін бейнелеу үшін ГАЖ-да бірқатар тәсілдер іске асырылған, олар тақырыптық карталарды құру кезінде қолданылады.

Өлшемдік символдардың (белгілердің) тәсілі – объектілердің талданатын сипаттамалары арнайы символдармен бейнеленеді, олардың өлшемдері сандық ақпаратты берсе, ал пішіні мен түсі сапалық ақпаратты береді.

Сапалық (немесе сандық) фон тәсілі – бұл жағдайда жақын мәндес мәліметтер топталып, құрылған топтарға белгілі бір түстер, символ немесе сызық типтері тағайындалады.

Нүктелік тәсіл – суреттеу құралына бір өлшемді көптеген нүктелер жатады, олардың әрбіреуінде белгілі бір сандық көрсеткіш мәні болады.

Бағандық және дөңгелек дербес диаграммалар – бірнеше сипаттамалардың арақатынасын бейнелеуге мүмкіндік береді, бұл кезде диаграммалар географиялық байланым болады (мысалы, қадағалау постын орналастыру нүктесінде ластаушы заттардың арақатынасы көрсетіледі).

Изосызық тәсілі – әртүрлі көрсеткіштерді бейнелеудің кең таралған тәсілдерінің бірі. Олардың көмегімен изогипс карталары (топографиялық және гипсометриялық), изотерм, изобар, изокоррелят және т.б. карталары құрылады. Изосызықтардың көмегімен біртекті қасиеттермен (температура, қысым, жауын-шашын, аномалия шамасына тең, тектоникалық қозғалыстардың жылдамдықтарына тең оқиғалардың бір сәттілігі және басқалар) сипатталатын аумақ көрсетіледі.

Бұл кезде изосызықтардың екі тобы бөлінеді: шынайы изосызықтар (қандай да бір көрсеткіштің үздіксіз өзгерісін сипаттайды, оларға көлденең сызықтар жатады) және жалған изосызықтар, олар статистикалық табиғаты бар мәліметтерді бейнелейді (мысалы, ластану көздерінен болатын дискреттік мәндер). Изосызықтарды ұсыну үшін әртүрлі суреттеу құралдары қолданылады: әртүрлі типтегі сызықтар, қалыңдығы мен түсі, изосызықтар арасындағы аралық фонының қабаттық түстік боялымы (немесе түрсызықтар).
8.3 Үш өлшемді визуализация
Бетті үш өлшемді бейнелеу (3D-бет) – сымды диаграммалар түрінде беттерді сандық көлемдік ұсыну құралы, бұл кезде әртүрлі проекциялар қолданылады, бұл кезде қарапайым сызбалық интерфейсті қолданып, бейнені бұруға және еңкейтуге болады.

БСҮ мәліметтері бойынша жер бедерін бейнелеу үшін растрлық көрініс қалыптастырылуы мүмкін.

Растрлық бет (бейне) – Grid-үлгі бойынша қалыптасады, бұл кезде әрбір пикселге желінің сәйкес ұяшығының биіктігіне пропорционал мән тағайындалады.

Көлеңкелі жер бедері (жер бедерін сараптамалық тазарту) – БСҮ растрлық көрінісі, оны қалыптастыру кезінде Grid-үлгінің әрбір желі учаскесінің биіктігінен басқа беткейлердің жарықтығы ескеріледі.



3D – беттерді басқа тақырыптық қабаттармен біріктіру мүмкіншілігі іске асырылған. Жергілікті жердің объектілерін бейнелеу шынайылығына қол жеткізу үшін 3D – беттер картографиялық немесе ортобейнелермен біріктіріледі.

Жергілікті жердің виртуалды үлгісі (ЖВҮ) – жер бетінің бедері, оның спектралды ашықтығы және аталмыш аумақта орналасқан объектілер туралы ақпараты бар жергілікті жердің үлгісі, интерактивтік визуализация үшін арналған. ЖВҮ жергілікті жердегі әсерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, үш өлшемді статистикалық сцена (3D-түр) түрінде немесе бақылаушы белгілі координаттармен нүктеде болған кезде жергілікті жер бетінен ұшу имитациясы түрін

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет