8-ші тақырып. Ақшаға сұраныс. Ақшаға нарығы
Ақшаға сұраныс. Ақшаның сандық теориясы.
Ақшаға трансакциялық сұраныс табыс деңгейіне тәуелді, ал пайыз мөлшерлемесіне байланысты емес. Сондықтан оның сызығы тік орналасады. (6.1-сурет).
Ақшаға алыпсатарлық сұраныс пайыз мөлшерлемесіне тәуелді, оның қисығы теріс көлбеулі болады. (6.2-сурет).
Кейнс бойынша ақшаға жиынтық сұраныс екі өзгермелі функцияны көрсетеді:
а) табыс; б) пайыз мөлшерлемесі: Md = М (Y, r)
Сонымен екі теорияны қорыта келе, ақшаға сұраныстың мынадай факторларын атап көрсетуге болады:
табыс деңгейі;
ақша айналымының жылдамдығы;
пайыз мөлшерлемесі.
Ақша мультипликаторы.
Ақша мультипликаторы (m) – ақша ұсынысының ақша базасына қатынасы:
m = Ms/MB = Ms = mхMB.
Ақша мультипликаторы – ақша базасы бір бірлікке өскенде, ақша ұсынысының қалай өзгеретіндігін көрсетеді.
Ақша мультипликаторын қолма-қол ақша депозиттерінің депозит коэффициентіне (cr) және депозиттерді резервтеу нормасына (rr) қатынасы арқылы де анықтауға болады.
m= Ms/MB=C+D/C+R
Баумоль-Тобин үлгісі.
Ақшаға сұраныстың негізгі үлгісі Баумоль-Тобин үлгісі. Ол үлгі бойынша қолма-қол ақша көлемі банктік пайыз мөлшерлемесі мен банкке бару уақытын салыстыру арқылы анықталады. Аталмыш үлгі ақшаға сұранысты анықтағанда трансакциялық (мәміле үшін ақшаға сұраныс) және баламалы шығындарды ескереді.
Баламалы шығындарды ескеретін мәміле үшін ақшаға сұраныс үлгісін бір-біріне тәуелсіз екі экономист У.Баумоль және Дж.Тобин ұсынды (АҚШ экономистері).
Баумоль-Тобин үлгісі қолдағы ақша жинағының артықшылықтары мен кемшіліктерін талдауға негізделген. Басты артықшылығы: индивид (жеке тұлға) ақшасын қолында ұстаса, қажет тауарға ақша алу үшін банкке барудың қажеті жоқ. Кемшілігі – индивид ақшасын банкте сақтамаса банктік пайыз мөлшерлемесі көлемінде пайда алу мүмкіндігінен айырылады.
Ақша нарығындағы тепе-теңдік.
Ақша рыногындағы тепе-теңдік – бұл ұсынылатын ақша көлемі және жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер қолдарында ұстағысы келетін ақша көлемінің теңесуі. Ақша рыногындағы тепе-теңдік Ұлттық банктің қызметіне байланысты.
Ақша ұсынысының қисығы (Ms) тік сызық түрінде болады. Бұл Ұлттық банк ақша ұсынысын бақылау мақсатында пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне қарамастан оның көлемін тұрақты деңгейде сақтауға тырысуында (6.6-сурет).
Тест сұрақтары:
«Ашық нарықтағы операциялар» термині нені мазмұндайды?
А) Халықты несиелуге байланысты коммерциялық банк қызметін.
В) Орталық банктің коммерциялық банкке қарыз беру қызметін.
Достарыңызбен бөлісу: |