836 және 2009 жылғы 28 мамырдағы №787 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулы етеді: «Халықты жұмыспен қамту туралы»



Дата03.03.2016
өлшемі23.64 Kb.
#35542
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы

836 және 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., №23, 288-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:

3-тармақта:

16-4) тармақшасында «қоғамында» деген сөзден кейін «және онымен құрылған мекемелерде, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамында» деген сөздермен толықтырылсын;

16-5) тармақшасында «қоғамына» деген сөзден кейін «немесе «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамына» деген сөздермен толықтырылсын;

2. «Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2009 ж., №27-28, 245-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген  Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:

18-тармақта:

43-1) тармақшасында «қабылдау» деген сөзден кейін «, сондай-ақ профессорлық-оқытушылар және басшылық әкімшілік персоналды іріктеу бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

57) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «57) білім беру және (немесе) ғылыми бағдарламалардың мазмұнына сәйкес арнайы, оқу және көркем әдебиетті сатып алу»;

58) тармақшада «мектептерінің» деген сөзден кейін «, сондай-ақ «Назарбаев Университетінің» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 59) тармақшамен толықтырылсын:

«59) «Назарбаев Университетінің», «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» оқу және (немесе) ғылыми зертханаларының қызметін қамтамасыз ету үшін зертханалық шығыс материалдарын сатып алу.».



3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет