9 - ші тақырып. Жолаушылар ағынының теориясы.
Жолаушылар ағынының өзгеру көрсеткіштері болып бірқалыпсыздық коэффициенті табылады:
а) уақыт бойынша жолаушылар ағынының бірқалыпсыздық коэффициентін кез-келген (тәулік сағаты, апта күндері, жыл мезгілдері бойынша) цикл аралығында қабылданған уақыт бірлігінің тасымалдың ең көп мөлшерінің орташаға қатынасы арқылы анықтауға болады:
(1)
мұнда кc - тәулік сағаттары бойынша жолаушылар ағынының бірқалыпсыздық коэффициенті;
Qmax - максималды сағаттық жолаушылар ағыны (бағыттар бойынша жиынтықты);
Qср - ортасағаттық жолаушылар ағыны (бағыттар бойынша жиынтықты);
б) маршрут аймақтары бойынша жолаушылар ағынының бірқалыпсыздық коэффициенті маршруттың максималды жүктелген аймағындағы толуының барлық маршруттағы орташа толуының қатынасымен анықталады:
(2)
мұнда куч – бірқалыпсыздық коэффициенті;
в) бағыттар бойынша жолаушылар ағынының бірқалыпсыздық коэффициенті максималды және минималды жолаушылар ағыны бағытындағы тасымалдар көлемінің орта сағаттық мөлшеріне қатынасымен анықталады:
(3)
Бірқалыпсыздық коэффициентінің мөлшері жеке маршруттар бойынша жолаушылар тасымалының нақты жағдайларына байланысты едәуір ерекшеленуі мүмкін.
Тасымалдауды ұйымдастыруды жақсарту бойынша шараларды әзірлеу (атап айтқанда маршрут желісін талдау мен түзету, тиімді көліктік құралдар таңдау, тиімді маршрутты кесте құрастыру және т.б.) жолаушылар ағынының сипаты мен өлшемі жайлы деректермен негізделуі керек.
Жолаушылар ағынын жолаушылар тасымалы жайлы есептеу деректерін талдау жолымен, сонымен бірге арнайы нақты зерттеулер жүргізу арқылы зерделейді.
Жолаушы тасымалдаумен көптеген көлік түрлері айналысады, бірақ олардың жолаушы тасымалдау көлемін орындау көрсеткіштері әртүрлі. Алдыңғы орынды автомобиль көлігі алады.
Жолаушы тасымалдауды үйрену және талдау барысында негізгі екі түсінікті қолданады; жолаушыағыны және жолаушыайналымы.
Жолаушыағыны деп қарастырып жатқан уақыт аралығында анық бағытта қозғалатын жолаушылар санын айтамыз.
Жолаушыайналымы деп жолаушы тасымалдау бойынша орындалған немесе жоспарланған көліктік жұмысты айтамыз(жолау.км).
Жолаушы тасымалдаудың ерекшелігі жолаушыағынының бір қалыпсыз болуы, ол жолаушы тасымалдауды қиындатады. Жолаушыағыны және жолаушыайналымы маусым бойынша, апта күндері, тәулік сағаттары бойынша және учаскелер мен бағыттар бойынша бір қалыпсыздыққа ие. Жолаушыағынының бірқалыпсыздығын бірқалыпсыздық коэффициенті сипаттайды.
Ірі қалалар үшін жолаушыағынының бірқалыпсыздық коэффициенті келесі мәндерге ие:
Жыл айлары бойынша 1,1-1,2; апта күндері бойынша 1,15-1,2; тәулік сағаттары бойынша; бағыттар бойынша 1,2-1,5
Жолаушыағынының тәулік сағаттары бойынша тербелісі оған әртүрлі факторлардың әсер етуінен болады (тұрақты және тұрақсыз);
а) тұрақтыға – кәсіпорындарда, оқу орындарында, ұйымдарда, мәдени орталықтарда, жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, бақа түрдегі көліктердің (темір жол, су және әуе т.б.) жұмыс режимі.
б) уақытша – спорттық ойындар және жарыстар, жәрмеңкелер, көргезбелер т.с.с
Жолаушыағынының уақыт бойынша тербелісі анық заңдылықтарға ие болып, жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру және жоспарлау кезінде оларды есепке алады.
****Жолаушыларға қызмет көрсету бойынша көліктік процессті тиімді ұйымдастыру үшін, жолаушыағыны жайлы ақпараттарды жүйелі түрде алып отыру қажет.
4. Жолаушыағынын зерттеу тәсілдері
Жолаушыағындарын және жолаушы айналымдарын үйрену үшін әртүрлі зерттеу тәсілдері қолданылады:
1. Анкеталық — тұрғындар арнайы анкетталар толтыру арқылы.
2.Талондық зерттеу — жолушыға көлікте жүру кезінде жолушыға арнайы талон беріледі, оны көліктен шығар кезде арнайы контролерге береді.
3. Тікелей бақылау — аялдамаларда арнайы контролер әр аялдамалардағы жолаушылардың санын шамамен жазып отыратын карталарды толтырады
4. Есепттік тәсіл – тасмалдау көлемін анықтау үшін тұрғындардың көлікте жылжуын келесі өрнекті аламыз.
мұнда, ∑П— барлық тұрғындардың сапарының саны; Н — қала тұрғындарының саны; П— тұрғындардың көліктік жылжуы (бір жолаушының бір жылдағы сапарларының саны).
Қала тұрғындарының жалпы сапарларының саны мына өрнек арқылы анықталады.
мұнда, П1 — қаланың тұрақты тұрғындарының сапарларының саны; П2 — қалаға келетін қала сыртындағы тұрғындардың саны; П3— қалада уақытша тұратын тұрғындардың саны.
Қаладағы тұрақты тұрғындардың сапарларының саны П1 келесі өрнектен табылады
мұнда Н— тұрғындардың саны Кт — жолаушы көлігін пайдалануды есепке алу коэффициенті (0,75 — 0,80); П — бір жұмысшының жұмыс орнына бару үшін сапарларының жылдық саны; П —• бір оқушының оқу орнына бару үшін сапарларының жылдық саны.; а — жұмыс істейтіндердің үлесі, (0,7 — 0,75); а — оқитындарының үлесі, (0,25 — 0,30); К —іскерлік сапарларды есепке алу коэффициенті, (1,05— 1,10); KKfi— мәдени-тұрмыстық сапарларды есепке алу коэффициенті (1,05— 1,20); Кв — қайту сапарларын есепке алу коэффициенті (1,8— 1,9); Кп— қайта отыруды есепке алу коэффициенті 1 — 1,3).
Қалаға келетін сыртындағы тұрғындардың жылдық сапаларының санын және қалада уақытша тұратындардың сапарларының жылдық санын төмендегіше алуға болады
Онда
Достарыңызбен бөлісу: |