Жасушалық цикл дегеніміз не? (бөліну арқылы түзілген жасушаның өзіндік бөлінуге дейінгі кезеңі)
Ол қандай негізгі екі кезеңнен тұрады? (даярлық кезең интерфаза және бөліну кезеңі митоз)
Интерфаза дегеніміз не? ( жаңа жасуша өсетін және келесі бөлінуге дайындалатын кезең)
Интерфазада қандай басты құбылыс жүреді? (бұл репликация-ДНҚ молекуласының екі еселенуі. Репликация болмаса жасжасушалардағы хромосома саны бірнеше ұрпақтан кейін бітетін еді.)
|
(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы сұраққа жауап беру арқылы орындайды;)
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны қолдану
|
Оқушыларға жалпылама төмендегі қолдану тапсырмалары беріледі. «Мағынаны қолдану» айдарындағы тапсырманы дәптеріне жазады.
Тапсырма
1. Төрт хромосомасы бар жасушаның митозбен қосқандағы жасушалық айналымы берілген. Жасушаның қайсысында интерфаза кезіндегі хромосомалар саны дұрыс көрсетілген?
|
Бағалау критерийі:
- Жасуша айналымының интерфаза кезіндегі жүретін үдерістерді түсіндіреді;
(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)
|
Дескриптор:
- интерфаза кезіндегі хромосомалар санын анықтайды – 2 балл;
|
Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері
|