1-тапсырма. Тербелістер Оқушы массасы 10 кг денені серіппеге іліп, оның тербелісін зерттеді. Оқушы тәжірибе нәтижесінде алынған мәліметтерді график түрінде сипаттады.
1. Дененің тербеліс периоды A) 7 с B) 8 с C) 10 с D) 11 с E) 12 с 2. Тербелістің циклдік жиілігі A) 0,18 Гц B) 0,57 Гц C) 0,62 Гц D) 1,59 Гц E) 1,75 Гц 3. Дене тербелісінің теңдеуі
A) x=50 sin0.62t м B) x=0,5 sin0.62t м C) x=0,5 sin0.57t м D) x=50 cos0.62t м E) x=0,5 cos0.57t м 4. Массасы 10 кг дене ілінген серіппенің қатаңдығы
A) 1,92 Н/м B) 3,25 Н/м C) 5,7 Н/м D) 17,5 Н/м E) 35,6 Н/м
2-тапсырма. Қалам неге сынып тұр? Сынып тұрған қалам суреті оптикалық иллюзия. Бұл иллюзия қалай пайда болады?
Жарық сәулесі қалам бетінен шағылып, ауадан суға өтуі кезінде таралу бағытын өзгертіп сынады да біздің көзімізге жетеді. Сол себепті біз қалам сынып тұрған тәрізді көреміз. Бұл жарықтың сыну құбылысы. Әр түрлі ортада жарықтың сыну құбылысына әсер ететін факторлардың бірі ортаның сыну көрсетіші. Кестеде бірнеше ортаның сыну көрсеткіштерінің мәні көрсетілінген.