А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет101/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Жатыр түтігі (жұмыртқа жолы) яйцевод — tuba uterina— жұмыртқалық 
пен жатырдың аралығында орналасып, жаытырға ашылатын жіңішке 
иректелген жұп түтікше мүше. Оның жоғарғы жұмыртқалыққа жақын бөлігі 
қуысында ұрықтану процесі жүреді. Оның кеңейіп басталатын бөлігін жатыр 
түтігінің құйғышы (infundibulim tubaeuterinae), ал шашақталған жиегін түтік 
салпыншығы (fibria tubae) – деп атайды. Жатыр түтігінің сыртқы сірлі қабығы 
жұмыртқа жолының шажырқайын түзеді. Аталған шажырқай жатырдың жалпақ 
байламының медиальды қатпары, ал жұмыртқалықтың шажырқайы жатырдың 
жалпақ байламының латеральды қатпары болып табылады. Бұлардың 
аралығында жұмыртқалықтың қапшығы (bursa ovarica) орналасады. 
Жатыр түтігінің гистологиялық құрылысы. Жұмыртқа жолының 
қабырғасы түтікше мүше ретінде: кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан 
тұрады. Оның ішкі кілегейлі қабығында екі қабат ажыратылады. Олар: 
кірпікшелі және кірпікшесіз эпителий. Эпителиоциттер кірпікшелі жұмыртқа 
түтігі қуысындағы жұмыртқа торшасының жатырға қарай қозғалуына ықпалын 
тигізеді. Кірпікшесіз торшалардың пішіні текше тәрізді. Олар секрет бөлетін 
торшалар.
Жатыр(матка) — uterus — плацентарлы (ұрық жолдасы толық жетілген) 
сүтқоректі жануарларда ұрық толық дамып жетілген қуысты түтікше 
мүше(cурет 50). 
Үй жануарларының жатыры құрылысы жағынан қосмүйізді жатыр түріне 
жатады. Жатыр қос жатыр мүйізінен (cornua uteri), тақ жатыр денесінен (corpus 
uteri) және тақ жатыр мойнынан (cervix uteri) тұрады. Жатыр мүйіздерінің 
үшкірленіп келген краниальды ұшындағы жатыр тесігіне жатыр түтігі 
ашылады. Жатыр мүйіздері мен денесінің қуыстары бірігіп, жатыр қуысын 
(cavum uteri.) түзеді. Жатыр қуысы өз кезегінде жатыр мойнының өзегі (canalis 
cervicalis uteri) арқылы қынапқа ашылады. 
Жатыр қабырғасының құрылысы. Түтікше мүше ретінде жатырдың 
қабырғасы ішкі кілегейлі (endometrium), ортаңғы етті (myometrium) және 
сыртқы сірлі (perimetrium) қабықтардан құралған. Кілегейлі қабықтың ішкі беті 
бірқабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған. Эпителий торшаларының 


163 
ішінде кірпікшелі және кілегейлі-сірлі секрет бөлетін эпителиоциттер кездеседі. 
Эпителий қабатының астында борпылдақ дәнекер жөне торлы ұлпалардан 
тұратын өзіндік тақташа мен кілегейлі асты негіз орналасады. Эндометрийде 
кілегей бөлетін түтікше жатыр бездері : (glandulae uteri) болады. Бұндай бездер 
негізінен жатырдың мүйізі мен денесінде көптеп кездеседі. Жатыр мойнының 
қатпарлы кілегейлі қабығында бездер болмайды. 
Жатырдың етті қабығы миометрий үш қабаттан: ішкі сақинаша, ортаңғы 
тамырлы және сыртқы ұзынша қабаттардан тұрады. Ішкі сақинаша және 
сыртқы ұзынша қабаттарды бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері түзеді. 
Оның ішкі сақинаша қабаты сыртқы ұзынша қабатына қарағанда едәуір жақсы 
жетілген. Миометрийдің ортаңғы борпылдақ дәнекер ұлпалық тамырлы 
қабатында жатыр қабырғасын қоректендіретін ірі қан тамырлары болады. Етті 
қабық жатырдың мойын аумағында мойын өзегінің қысқыш бұлшық етін 
құрайды.
Сірлі қабық— периметрий жатырды сыртынан қаптай келіп, оның екі 
бүйірінде тоғысады да, жатырдың жалпақ байламын (ligamentum latum uteri) 
немесе жатыр шажырқайын (myometrium) түзеді. Ол краниальды бағытта 
жұмыртқалық пен жатыр түтігінің шажырқайына ауысады. Осы байламның екі 
бүйіріндегі қатпарлар арқылы жатырдың жұмыр байламы (ligamentum teres 
uteri) өтеді. Жұмыр байлам еннің бағыттағыш байламы сияқты шап өзегі 
тесігінің аумағына қарай бағытталады. Ол байламдар жатырды құрсақ және 
жамбас қуыстарының қабырғаларына бекітеді. Олар арқылы жатырға қан 
тамырлары мен жүйкелер өтеді.
Жануарлар жатырлары негізінен құрсақ қуысының шат аумағында 
орналасады. 


164 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет