А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет102/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

50 - суретАналықтың жыныс мүшесі (дорсальды беті) 
Ерекшеліктері. Бие жатырының мүйіздері денесіне қарағанда сәл ұзындау 
келеді. Олардың алға қарай краниальды бағытта жатқан жұмыр ұшы 
доғалданып аяқталады. Жатыр мүйізінің пішіні жайпақ доға тәрізді сәл иіліп 
тұрады. Оның дөңес келген жиегі төмен, ал ойыс жиегі жоғары қарай 
бағытталған. Жатыр мойнының қабырғасы қалың, цилиндр пішіндес болып, 
қынап қуысына шүмек тәрізді кіріп тұрады. Сыртқы жатыр тесігі кілегейлі 
қабықтың ұзынша қатпарларымен қоршалған. Жатыр 3-4-інші бел 
омыртқаларынан 4-інші құйымшақ омыртқаларының аралығындағы қабырғаға 
бекітілген. Сиыр мен ұсақ малдарда жатыр мүйізі шиыршықтала иіліп, пішіні 
қошқар мүйізіне ұқсас келеді. Жатыр денесі ұзын болғанымен, ішкі қуысының 
бір бөлігі аралық перде арқылы екіге бөлінген. Жатыр мойнының қабырғасы 
қалың, ұзындығы 7-11 см-дей болып оқшауланып тұрады. Жатыр мүйізі мен 
денесінің кілегейлі қабығында, әрбір қатарында 10-14-тен төрт қатар 
орналасқан жатыр сүйелшелері (карункулалары) — (caruncula uteri) болады. 
Карункулаларда іштөлі қабықтарының бүрлері жатыр қабырғасымен 
байланысатын жатыр кірмелері (cryptae uterinae) орналасады. Ұсақ малдардың 
жатыр карункулаларының бетінде шұңқыр болады. Мегежін жатырының 
мүйіздері өте ұзын (140-150 см), пішіні ішек ілмектеріне ұқсас болады. Жатыр 
денесі қысқа (5 см), ал мойны одан үш еседей ұзын келеді. Бұдырлы 
қатпарлармен жабдықталған жатыр мойнының кілегейлі қабығы ешқандай 
шекарасыз қынапқа ауысады. Қаншық жатырының мүйізі жіңішке, ұзын және 


165 
екіге айырылған. Жатыр денесі одан 4-5 есе қысқа болады. Жатыр мойнының 
кілегейлі қабығы ұзынынан және көлденеңінен орналасқан қатпарлар түзеді. 
Бақылау сұрақтары: 
1 Жұмыртқалықтың құрылысын сипаттап беріңіз? 
2 Жұмыртқа түтігі не үшін және қалай құрылған? 
3 Сиырдың жатырында қандай анатомиялық құрылысын айыруға болады? 
4 Шошқаның, жылқы мен иттің жатыр құрылысының ерекшелігі неде? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет