197
және көкірек
керегесі қабырғасынан жинайтын, иық-бас, оң және сол бұғана
асты веналары мен күретамыр веналары қосылып құрайтын қысқа вена бағаны.
Аталған вена арқылы вена қаны жүректің оң жүрекшесіне құйылады.
Алдыңғы қуыс венағавена қаны төмендегідей веналардан жиналады. Олар: 1)
оңжәне сол қолтық веналары(v.axillaris dextra et sinistra) алдыңғы оң және
сол аяқтың терең магистральды веналарының қосылуынан түзіледі; 2)
мойын
веналары(v. cervicalis) сол және оң бұғана асты артериялары тармақтарына
сәйкес келетін
веналардың қосылуынан құралады; 3) жұп ішкі көкірек
веналары(v. thoracica interna) көкірек қабырғасы
веналарының қосылуынан
пайда болады. Бұларға өз кезегінде кеуде мен құрсақтың тері асты веналары
келіп құяды; 4) оң тақ вена(v.azygos dextra) жылқы мен итте немесе сол тақ
вена(v.azygos sinistra) күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада вена қанын
барлық қабырға аралық веналардан жинайды.
Ерекшеліктері
. Жылқыдабас аумағынан вена қанын жинайтын оң және сол
күретамыр (мойындырықтық) венасы иықтың
оң және сол тері асты
веналарымен, оң және сол қолтық веналарымен бірігіп, алдыңғы қуыс венаны
түзеді. Алдыңғы қуыс венаға: 1) оң және сол жалпы мойын-қабырға бағаны; 2)
оң және сол омыртқалық веналар; 3) оң және сол ішкі көкірек веналары, 4) оң
тақ вена құйылады.Күйіс қайтаратын жануарлармен шошқадакүретамырлар
мен иықтың тері асты веналары жұп баған түзеді. Ал қолтық, қабырға-мойын,
ішкі көкірек, омыртқа веналарының әр қайсысы алдыңғы қуыс венағаөз
беттерімен дербес ашылады. Бұларда сол тақ венажүректің венақойнауына
тікелей ашылады. Иттеалдыңғы қуыс вена оң және сол күретамыр
веналарының бірігуінен түзіледі. Мойын
веналары жұп вена бағанын, ал ішкі
көкірек веналар тақ вена бағанын құрайды. Аталған вена бағандары кезегімен
алдыңғы қуыс венаға ашылады. Ал оң тақ вена алдыңғы қуыс венаға жүрекке
жақын тұста ашылады.
Жануарлардың бас аумағынан вена қаны алдыңғы қуыс венаға сыртқы және
ішкі күретамыр веналары арқылы жиналады.
Достарыңызбен бөлісу: