А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет136/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Алдыңғы аяқтың лимфа түйіндері: 
Қолтық лимфа орталығы (подмышечный лимфоцентр) — ln. axillaris 
costae primae — бірнеше лимфа түйіндерінің топтарын құрайды. Олар: 
1) өзіндік қолтық лимфа түйіндеріиық буынының артқы жағында, үлкен 
жұмыр бұлшық еттің медиальды бетінде орналасады. Бұл орталық лимфаны 
алдыңғы аяқтан жинайды. 
2) 1 қабырғаның лимфа түйіндерібірінші қабырға тұсында, иық 
буынының медиальды бетінде орналасады. Лимфаны алдыңғы аяқтан, 
мойынның вентральды бұлшық еттері мен иық белдеуінің бұлшық еттерінен 
жинайды. Жиналған лимфаны кеңірдек бағанына, көкірек өзегіне немесе 
мойынның терең лимфа түйіндеріне өткізеді. 
3) қосымшақолтық лимфа түйіндерітек итте ғана кездесуі мүмкін. Бұлар 
шынтақтөмпегінде, арқаның тым жалпақжәне терең кеуде бұлшық еттерінің 
аралығында 3-4-інші қабырғалар тұсындаорналасады.
4) кеуде лимфа түйіндерікеуде бұлшық еттерінің маңында орналасады.. 
Лимфаны қолтық лимфа түйіндеріне өткізеді
5) жауырынасты лимфа түйіндері жауырынның астында орналасады. 
Лимфаны қолтық лимфа түйіндеріне өткізеді; 
6) шынтақ лимфа түйіндерішынтақ буыны маңында, иықтың екібасты 
бұлшық еті мен үшбасты бұлшық еттің медиальды басы аралығында 
орналасады. Тек жылқыдағана кездеседі. Лимфаны алдыңғы аяқтан жинап, 
қолтық түйіндеріне өткізеді.
Артқы аяқтың лимфа түйіндері 
Тобықасты лимфа орталығы (подколенный лимфоцентр) — ln. 
popliteus — балтыр бұлшық етінің латеральды басы мен санның екібасты 
бұлшық етінің аралығанда орналасады. Лимфаны сирақ пен бақай 
аймақтарынан жинап, мықын лимфа түйіндеріне өткізеді.Ерекшеліктері. 
Жылқыда мөлшері 0,3-2,5 см болатын 3-12 майда лимфа түйіндері қатар 
жатып, ұзындығы 3 - 5 см -дей тізбек құрайды. Сиырдабүл түйін 3,0-4,5 см, 
ұсақ малдарда2,0-2,5 см болады.
Тобықүсті лимфа орталығы (надколенный лимфоцентр) — ln. subiliacus 
— санның жалпақ шандыр кергіш бұлшық еттің медиальды бетінде, шамамен 
сербек пен тобық аралығының орта тұсында орналасады. Лимфаны құрсақ 
қабырғасы мен артқы аяқ терілерінен, санның жалпақ шандырын кергіш 
бұлшық етінен жинап, мықын лимфа түйіндеріне өткізеді. 
Ерекшеліктері.Жылқыдамөлшері 0,2-2,8 см болатын 15-50 лимфа түйіндері 
ұзындығы 6-10 см тізбек түзеді. Сиырдатүйіннің орташа мөлшері 6-11 см, ұсақ 
малдарда 4-5 см болады. Шошқадалимфа түйінінің ұзындығы 4,0 — 6,5 см. Ол 
жоғарыда баяндалған дене аумақтарынан басқа, лимфаны қосымша бел және 


207 
көкірек қабырғасынан (соңғы 3-5-інші қабырға) да жинайды. Итте бұл орталық 
болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет