А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет95/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Шәуетжолы(семяпровод) — ductus deferens — шәуетті ен қосымшасынан 
алып шығатын түтікше мүше. Шәуетжолы қынаптық қуыстан, қынаптық өзек 
(canalis vaginalis) арқылы енбаудың құрамында жоғары көтеріліп, құрсақ 


153 
қуысында шәует қатпарының (plica ductus deferentis) құрамында енбаудан 
ажырайды. Ол қуықтың жоғарғы жағымен артқа қарай бағытталып, қуық 
мойны тұсында көпіршікше без өзегімен қосылып, шәуетағар өзегіне(ductus 
ejaculatorius) айналады. Бұл өзек қуық мойнынан кейінірек несепшығар 
өзегімен қосылып, несеп-жыныс өзегін түзеді. Шәуетағардың қабырғасында 
көптеген бездер орналасады. Сондықтан, шәуетағардың соңғы қалыңдау бөлігін 
безді бөлік немесе шәуетағар ампуласы (ampulla ductus ejaculatorius) – деп 
атайды. 
49 - сурет. Айғырдың ені (латеральды беті) 
Шәуетжолының қабырғасы үш қабықтан: кілегейлі, етті және сірлі 
қабықтардан тұрды. Кілегейлі қабығында екі қабат болады. Ен қосымшасынан 
басталған бөлігінің ішкі бетін екіқатарлы кірпікшелі эпителий, ал несеп-жыныс 
өзегіне жақын соңғы бөлігінің ішкі бетін бірқатарлы призма тәрізді эпителий 
астарлайды. Сыртқы қабаты борпылдақ дәнекер ұлпалық өзіндік тақташадан 
тұрады. Шәуетжолы несеп-жыныс өзегіне ашылар алдында кеңейіп, ампула 
тәрізді без түзеді. Ол сперматозоидтар қоректенетін сөл бөледі. Шәуетжолының 
ортаңғы етті қабығы бірыңғай салалы ет ұлпасының ішкі сақинаша және 
сыртқы ұзынша қабаттарынан тұрады. Етті қабығы жиырылып, ампула безі 
сөлін шәует жолы қуысына шығарады. Шәуетжолы сыртынан сірлі қабықпен 
қапталған. Ол ішкі дәнекер ұлпалық қабаттан және сыртқы мезотелийден (бір 
қабаты жалпақ эпителий) құралған. 
Енбау (семенной канатик) — funiculus spermaticus — еннің қан, лимфа 
тамырлары мен жүйкелерінен құралған, пішіні кесілген конус тәрізді, ен мен ен 
қосымшасын құрсақ қуысымен жалғастырып тұратын құрылым. Ол өз кезегінде 
тамырлар жөне шәует-жолы қатпарларынан тұрады. Енбау сыртынан өзіндік 


154 
қынаптық қабықпен (сірлі қабық) қапталып, қынаптық қуыстың жоғарғы 
бөлігінде орналасады. Қынаптық қуыстан сыртқы және ішкі қиғаш құрсақ 
бұлшық еттердің аралығындағы шап өзегінде (canalis inguinalis) жатқан 
қынаптық өзек (canalis vaginalis) басталады. Қынаптық өзек құрсақ қуысымен 
жалғасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет