А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



Pdf көрінісі
бет53/102
Дата21.02.2023
өлшемі2.39 Mb.
#469861
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   102
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

әңгіме әдісі. Әдіскер әңгіме әдісін екі жұмыс бағытында жүргізуді ұсынады. 
Біріншісі - алғаш шығарманы үйде оқып сыныпта дайындалған сұрақтар 
бағытында талдау жүргізу. Екіншісі - еркін әңгіме әдісі. Еркін әңгіме әдісінде
жалпы сыныпқа не сыныпты топтарға бӛле отырып ӛзіндік тапсырма түрінде 
еркін әңгіме жүргізуді ұсынады. Сабақ соңында талдаудың қорытындысын 
шығару керектігін айтады. Алайда, әдіскер сынып оқушыларын еркін 
әңгімені ұйымдастыру амалдарын, бағытын, жұмыс түрлерін ашып 
кӛрсетпеген. Тек оқушылардың шағын тобында немесе оқушылардың сынып 
ішілік тәртіпті жақсы сақтаған жағдайында осы әдіспен ӛту тиімді екіндігін 
айтады. Әдіскер талдауға баяндама мен диспутты жатқызады.
Ал әдіскер В.Г.Маранцман талдаудың екі түріне мән береді.
1
Оның бірі 
- автор ізімен талдау, екіншісі - проблемалық талдау. Талдаудың «Автор 
ізімен» деген түрін ең алғаш М.А.Рыбникова атап, ӛз тәжірибесінде 
қолданған болатын. Автор ізімен талдау түрі әдебиеттік оқу сыныптарының 
алғашқы кезеңіне тиімділігімен ерекшеленеді. Мәтінді оқи отырып, 
жекелеген бӛліктеріне тоқталу, авторлық баяндау, суреттеулерді жүйесін 
сақтай отырып талдау, шығармаға бірте-бірте бойлатуға мүмкіндік береді. 
Дегенмен, автор баяндауындағы оқиға ізімен ілесе талдау кейде түсіндірмелі 
оқуға ұласып, мотивтік белгілердің қалтарыста қалатын немесе шығарманың 
идеялық мәнін танытатын тұстардың еленбей қалатын кездері де болады. 
Сондықтан автор ізімен талдағанда шығарманың идеялық, тақырыптық, 
танымдық, тәрбиелік бірлігін сақтау маңызды. Автор мұнан ӛзге мәтін 
талдаудың үш түрін атайды. Әдіскер Қ.Бітібаева В.Г.Маранцман атаған 
әдістерді «Жан-жақты, толық талдау, сұрыптап талдау, шолу бағытындағы 
талдау» дей отырып, мынадай түсінік береді: «Жан-жақты толық талдау 
кӛркем туындыны тұтастай қарастырып талдайды. Жан-жақты талдау 
уақытты кӛп алады, дегенмен, оның тиімділігі кӛркем туындыны жанды бір 
организмдей тұтас қарастырады. Шолу бағытындағы талдауда мұғалім
кӛркем туындыны жалпылама, шолу бағытында қарастырады. Кӛркем 
шығарма сюжеті, композициясы, тілі кӛтерген тақырыбы тұтастай 
қамтылады. Сұрыптап талдауда талдау кӛбіне проблемалық сұрақтар, 
проблеманы шешу айналасында ұйымдастырылады»
2

Әрине, талдау түрлерін бұлай атауда шарттылық басым. Себебі талдау 
түрлері шығармамен жүргізілетін жұмыстың ауқымына немесе шығарманың 
қамтылу аясына қатысты атау талдаудың негізгі әдіс-тәсілдерін 
айқындамайды.
1
Методика преподавания литературы. Под ред.З.Я.Рез. –М., Просвещение, 1985.-119 с. 
2
Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. –А., Рауан 1997. –47 б. 


111 
Ә.Қоңыратбаев талдауға жататын құрамды элементтер ретінде бірнеше 
шығарма бірліктерін атайды: 
-тақырыбы мен идеясы;
-басты образдары, характер композициясы, олардың типтілігі, мүддесі 
арқылы кӛрінетін немесе шешілуге тиіс болған проблемалар;
-шығармадағы ұсақ образдар табиғаты, олардың бас кейіпкерлермен 
қарым-қатынасы;
-ұнамсыз образдар, солар арқылы кӛрінетін қайшылықтар;
-композициялыық құрылыс, олардың формалары, қызметі(пролог, 
эпилог, баяндау, шегініс, пейзаж, портрет, диолог, монолог т.б.);
-шығарманың сюжеті;
-шығарма тілі (баяндау, афоризм, мақал-мәтелдер); ондағы кейіпкер 
тілі (диалог, монолог);
-шығарманың жанрлары, олардың табиғаты мен анықтамалары, эпос,
поэзия, драма бӛлімдері, бұл жанрлардың тарихи процесте кӛрінетін орны;
-жазушының ӛзіндік стилі, әдісі, кӛзқарасы;
-дәстүр мен новаторлық тұрғысынан автордың ашқан жаңалығы. 
А.Кӛшімбаев талдауға жататын құрамды элементтерді (тақырыбы, 
идеялық мазмұны, кейіпкерлері, сюжеті мен композициясы, тіл ерекше-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет