180
181
7.1.3. сурет. Бақыланбайтын факторлар
7.2. Фирманың қызметіндегі микроортаның негізгі
факторлары
Кез келген фирманың негізгі мақсаты — табыс табу.
Марке-
тингті басқару жүйесінің негізгі мақсаты — мақсатты нарықтар
тұрғысынан тартымды саналатын тауарлар
өндірісін қамтамасыз
ету. Алайда, маркетингті басқару табыстылығы фирманың өзге
бөлімдерінің
қызметіне, делдалдардың, бəсекелестердің, əртүрлі
байланыс аудиториялардың əрекеттеріне де байланысты болады.
Фирманың микроортасы шегінде əрекет ететін күштер 7.2.1.
суретте көрсетілген.
Қоғамның кəсіпорын мен оның
ұсыныстарын қабылдау дең-
гейіне көптеген факторлар əсер етеді. Мысалы, тауар қандай да
бір əдет-дəстүрлердің ықпалынан сұранысқа ие болмауы мүмкін.
Бəсекелестік тауар бағасының төмендеуіне алып келеді, бұл өткізу
заңдылығына елеулі əсер етеді. Көптеген
жағдайлар орын алуы
мүмкін. Инфляция деңгейі сатуды баяулатады. Ресурстардың
жетіспеушілігі қажетті компоненттердің болмауына əкеледі.
Бұқаралық ақпарат құралдары
фирма туралы жағымсыз пікір
қалыптастырады. Тұтынушыларды саралау нақты болмайды,
кейбір маркетингтік қызметтер назардан тыс қалады.Жекелеген
бөлімшелердің бір бағытқа күш салып, қызметтерін қайталауының
нəтижесінде, ішківедомстволық бақталастық туындайды. Жыл-
жыту бойынша жаңсақ стратегия бұрыс бейнені қалыптастырады,
ал бекітілген бағалар сапа дəрежесіне сəйкес келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: