142
143
шартты бұзудың шүбəсіз себептері оның кез келген бабын бұзу
болып
табылады; серіктестердің бірінің банкроттығы немесе
өзін-өзі таратуы; қатысуы істің нəтижелі болуы үшін өте қажетті
саналатын делдал фирма қызметкерінің өлімі. «Тек аздаған елдерде
жабдықтаушы фирма нашар жұмыс істегені үшін делдалмен келісім-
шартты бұза алады. Экспортер фирмаға осы жағдайдың орын
алғанын жəне өзінің көңіл толмаушылығының əділетті екендігін
дəлелдеу өте қиын жəне оның мұндай
көзқарасын барлық жерде
жақтырмайды». Келісім-шартты бұзған жағдайда өтемақы төлеу
туралы тармақ келісім-шартқа əдетте делдалдың талабы бойынша
ғана енгізіледі. Ал экспортер фирма бұл мəселеге қатысты бастама
көрсетпейді. Экспортер фирма үшін келісім-шартта дедалдың
сатылмаған барлық тауарды қайтару, өзінің қызметі туралы толық
есеп беру, қарыздары бойынша экспортер фирмаға түпкілікті есеп
жүргізу туралы міндеттерін көрсету анағұрлым маңызды. Келісім-
шарт бекітілген делдалдармен танысу, олардың кемшіліктері мен
артықшылықтарын ескеру мақсатқа сəкес келеді (осы шарттарды
орындау тəжірибесі туралы мəліметтер бойынша).
Достарыңызбен бөлісу: