А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет142/155
Дата03.12.2022
өлшемі1.7 Mb.
#466365
түріБағдарламасы
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   155
3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5

Бейнелеу. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Шақырып тұрар, 
құбылып кел деп мұнда» деген өлең жолындағы «құбылып» сөзі 1991 
ж. жинақта «...күліп...» болып өзгерген. Түпнұсқада «...бақыт құс...» 
деп берілген сөз 1991 ж. жинақта өзгеріссіз келтірілген болса, 1989 ж. 
жинақта «...бықыт құс...» болып өзгерген. 
Кейіптеу. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақта «Жансыз нәрсені 
жанды нәрсенің күйіне...» деген тіркес 1991 ж. жинақта «Жансыз 
нәрсенің күйіне...» болып қысқартылған. Түпнұсқа мен 1989 жылғы 
басылымдағы «Бұлттың суын ішіп ержеткенмін» деген өлең 
жолындағы «суын» сөзі 1991 жылғы жинақта «сүтін» деп берілген. 
1989 жылғы басылымда түпнұсқадағы қалып сақталған. 
«Тау-тасқа, адамзатқа келіп жанжал» деген өлең жолының 
«келіп» сөзі 1989, 1991 жылғы жинақтарда «салып» деп өзгеріске 
ұшыраған. 
Бернелеу. Түпнұсқаның осы тарауындағы: «Жан еркем, мен 
жүремін мынау күймен, Бар ма екен ғашық жарын мендей сүйген? 
Сен бір шам айнала ұшқан, мен пәруана. Айналып аламын деп отқа 
күйген» деген өлең шумағындағы «Сен бір шам айнала ұшқан, мен 
пәруана» жолы 1989 және 1991 жылғы басылымдарда «Сен – бір шам, 
айнала ұшқан мен – пәруана» болып, тыныс белгілері өзгерген. 2003 
жылғы жинақ түпнұсқаны негізге алған. Біз 2003 жылғы жинақты не-
гізге алдық. Сондай-ақ, түпнұсқада осы өлең жолынан кейін келетін: 
«Мұнда «мен бір шам» дегеннен бастап аягына шейін бейнелеу бола-
ды» деген сөйлем «Ақ жолда»: «...мен – пәруана...» деп берілген. Ал, 
1989 жылғы басылымда «...Сен бір шам...» болып берілген. Түпнұсқа 
мен 1991 жылғы басылымда «Әдемі бернелеуге...» деген сөз тіркесі 
1989 ж. жинақта «Әдемі бейнелеуге...» болып өзгерген. 
Түпнұсқадағы:
«Расты рас демей, танамыз ба?
Бір сәтке татулық жоқ арамызда.
Тұрмайтын ренжуге аз нәрсеге»
деген өлең жолдарындағы сөздердің кейбірі 1989 жылғы жинақта «Бір 
сәтке» болып, ал 1991 ж. жинақта «Расын, Бір тәулік, әр нәрсеге...» 


370
деп өзгерген. Түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымдағы «...жанына 
келіп...» тіркесі 1991 жылғы басылымда «...қасына келіп...» деп беріл-
ген. 
Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Екеуін зордан ғана айырысты» 
деген тармақтағы «зордан ғана» тіркесі 1991 ж. жинақта «...зорға 
әрең...» деп берілген. 
Әсірелеу. Түпнұсқадағы «Ұмтылғанда қысынып» деген тіркесте-
гі «қысынып» сөзі 1989 жылғы жинақта «қызынып», ал 1991 жылғы 
жинақта «қысылып» деп берілген. Түпнұсқаның осы тарауында кез-
десетін «Қош айту қиын болды кетер жерге» тармағындағы «кетер 
жерге» тіркесі 1991 жылғы жинақта «...кетер кезде» деп берілген. 
Ал, 1989 жылғы басылымда түпнұсқа сақталған. 
Мезгеу. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Мегзеу» сөзі 1991 
жылғы басылымда «Меңзеу» болып өзгерген. Түпнұсқадағы «Отыз 
тістен шыққан сөз емес, қырық рулы...» деген сөйлем 1989 ж. 
жинақта «Отыз тістен шыққан сөз отыз емес, қырық рулы...» бо-
лып өзгерсе, 1991 ж. жинақта «Отыз тістен шыққан сөз қырық 
рулы...»деп өзгеріске түскен. Түпнұсқа және 1989 ж. жинақтағы «Ант 
ішкен...» тіркесі 1991 ж. жинақта «Ант ішіп...» болып өзгерген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет