А. Бимаханова 2021ж Курстық жұмыс Тақырыбы


Зерттеу жұмысының мақсаты



бет3/17
Дата13.09.2023
өлшемі0.8 Mb.
#477465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
А. Бимаханова 2021ж Курсты ж мыс Та ырыбы

Зерттеу жұмысының мақсаты – бастауыш сынып оқушыларға қарапайым геометриялық фигураларды оқытуды тиімді қолданудың әдістемесін қарастыру.
Міндеті:

  • Қарапайым геометриялық фигураларды оқыту;

  • Геометрия және алгебра элементтерін оқыту теориясы мен

  • Технологиясымен таныстыру;

  • Геометриялық фигураларды сабақтарда цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;

Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі
Зерттеу нысаны: Оқушылардың өмірінде қарапайым геометриялық фигураларды қолдану жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері: Ғылыми әдебиеттер,баспасөз және әдістемелік еңбектерді оқып,сараптау, баяндау, салыстыру.


Зерттеу базасы: № 148 Қазақ орта мектебі
Зерттеудің көздері: Зерттеу жұмысы барысында Қызылорда облыстық Ә.Тәжібаев атындағы және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің кітапхана қорындағы кітапхана мен озат оқытушылардың журналдары мен пайдаланылады.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егерде цифрлық білім беру ресурсы педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлылығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізілсе, онда цифрлық білім беру ресурсын оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыруға болады.


Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: Мектепте өткізілетін сабақтар, тәрбиелік жұмыстары туралы ілім, пайдаланылатын әдіс тәсілдер, дидактикалық тұжырымдамалар.


Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, тәжірибелік бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ТАРАУ. ҚАРАПАЙЫМ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



    1. Геометриялық материалды оқыту әдістемесі

Қарапайым геометриялық фигуралар 1-сыныпта оқытылады. «Нүкте. Сызық. Сәуле» және «Кесінді. Сынық сызық» тақырыптарында таныстырылады. Геометриялық фигуралар бастауыш сыныптарда бөлек тақырып болып қарастырылмайды. Геометриялық фигуралар арифметикалық және алгебралық материалдармен тығыз байланыста қарастырылады. Геометриялық фигуралардан бастауыш сыныпта: «кеңістік туралы түсінік», «нақты фигура туралы ұғым», «геометриялық фигуралармен байланысты қарапайым ұғымдар, оларды ажырату», «геометриялық шамаларды өлшеу», «фигураларды салудың бастама білігін қалыптастыру», «әр түрлі геометриялық шамалармен таныстыру» және т.б. қарастырылады. Геометриялық фигуралардың 1-сыныпта бұрын беріліп жүргеннен гөрі біршама кеңейтіліп берілу себебі пәнішіндік мұқтаждықтан және қажеттіліктен туындайды. Өйткені олар алдағы уақытта көрнекілік ретінде жиі қолданылады, сондай-ақ дамытушылық шпаттағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындауға тірек білім болып табылады оларлардың ішіндегі шығармашылықпен байланыстылары, көбінесе геометрия фигураларды бөліктерге бөлу және бөліктерден құрастыруды көздейді. Геометриялық фигуралар жайында түсініктер де біртіндеп тиянақталып, дами түседі. Осы уақытқа дейін геометриялық фигуралар «бір тұтас» деп түсіндіріліп келсе, енді олардың элементтерімен таныстыру жүзеге асырылады. Осыған орай үшбұрыштың және шаршының қабырғалары – кесінділер, ал бұрыштың қабырғалары – сәулелер, олардың төбелері – нүктелер болып табылатынына назар аударылады. Сонымен бірге үшбұрыштың , төртбұрыштың (бес, алты бұрыштың) элементтері ( бұрыштың төбелері, қабырғалары) аталу сандарымен (3,4,5,6) сәйкестендіріледі. Геометриялық фигуралардан бастауыш сыныпта: сызықтар (түзу , қисық, тұйықталған және тұйықталмаған қисық сызық); сәуле; бұрыштар қарастырылады.
Сондай-ақ , көпбұрыш; тіктөртбұрыш, шаршы, тік , сүйір, доғал бұрыштар, текше, шеңбер, дөңгелек, параллелепипед, параллель, перпендикуляр түзулер оқытылады.
Тақырыптың міндеттері :
1. Геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру
2. Сызбалық және өлшеуіш аспаптардың көмегімен және оларды пайдаланбай (көзбен өлшеу, қолдан сызу, т.с.с) оқушыларда өлшеудің және геометриялық фигураларды салудың машықтық біліктерін қалыптастыру.
3. Кеңістік ұғымдары жөніндегі білімдерін жалпылау.
4. Геометриялық фигураларды бір-бірінен ажыратуға машықтандыратын тапсырмалар қайталау және пысықтау мақсатында кездесуі мүмкін және олардың бәрі жаңадан енгізіліп отырған түсініктермен тығыз байланысты қарастырылады.
Тапсырмалар :

  • Геометриялық фигураларды оқытуды мынадай қағидалар басшылыққа алынды:

  • Геометриялық фигураларды оқыту барысында оқушылардың мектепке дейінгі және күнделікті өмірден алынған білімдеріне сүйенеді;

  • Геометриялық фигуралар тек оқытудың мақсаты ғана емес, оқытудың құралы да, геометриялық материалдар сандарды: нөмірлеу, арифметикалық амалдар, мәтінлі есептер, үлес сияқты мәселелерді оқыту барысында көрнекі құрал ретінде пайдаланылады;

  • Гоометриялық ұғымдарға (тік , бұрыш, шаршы жэне периметрден басқаларына), анықтама тек қана онтенсивті түрде көрсету арқылы беріледі, Геометриялық фигуралар оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін де пайдалынылады;

  • Геометриялық фигуралар оқушыларда практикалық іскерліктер қалыптастырады.

Жалпы геометриялық фигуралар жайлы оқушыларда берік білім қалыптастыру үшін мынадай геометриялық мағынада тапсырмалар қарастырылады:
1. Геометриялық фигураларды санау материалдары ретінде пайдалана алады. 2. Геометриялық шамалар ( ұзындық, аудан) және оларды өлшеу жайлы түсінік қалыптастырылатын есептер.
3. Көпбұрыштың периметрін , ауданын табуға арналған есептер.
4. Салу есептері
5. Геометриялық фигураларды саралауға (классификациялау) арналған тапсырмалар. (Бір топ фигуралар ішінен үшбұрыштарды теріп жаз деген сияқты).
6. Фигураны бөліктерге бөлу немесе керісінше элементтері бойынша фигура құрастыру.
7. Әріпті пайдалана отырып геометриялық сызбаларды оқу, жазу.
8. Нәрселердің немесе оның қандай да бөлігінің геометриялық формасын анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет