А. Д. Садвакасовтың есебі Құрметті жерлестер!



Дата29.02.2016
өлшемі68.24 Kb.
#32551
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес, Ынталы селолық округінің әкімі

А.Д. Садвакасовтың есебі

Құрметті жерлестер!

Құрметті___________________!
Үстіміздегі жылғы тамыз айының 5 – нен 9 – на дейінгі аралықта тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет жергілікті билік органдары басшыларының сайлауы болып өткенін, сіздер мен біздер жақсы білеміз.

Баламалы негізде маслихаттар аудандық маңызы бар қалалардың, селолық округтердің, селолық округ құрамына кірмейтін поселкелер мен селолардың әкімдерін сайлады. Қарап отырсаңыздар бұл – елдегі барлық әкімдердің 91 пайызын құрайды екен. Осы сайлауда барлығы 2454 әкім қайтадан немесе жаңадан сайланды. Оның ішінде біздің селолық округ те бар. Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, маған алдағы 4 жылға тағы да сенім білдіріп, қайта сайлағандарыңызға зор ризашылығымды білдіремін және сіздердің сенімдеріңізді ақтаймын деп сөз беремін. Бірігіп жұмыс жасаймыз. Егер бұрын әкімдер тағайындалса, бүгінде олар алғаш рет сайланып отыр. Мұның өзі – жас қазақстандық демократияның маңызды жетістігі деуге әбден болады. Асықпаңыздар, бүгінгі күні әкімдерді маслихаттар сайлап жатса, келешекте оларды жалпы халық сайлайтын күнге де жетеміз. Бұл сайлау – соның алғы шарты.

Жергілікті әкімдерді сайлау науқаны «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыруды бастаудың дәл бірінші жылында өтуінің де өзіндік себебі бар. Өйткені, елбасымыз Н.Ә. Назарбаев дәл осы сайлауды өткізу туралы алғашқы бастаманы үстіміздегі жылғы халыққа жолдаған Жолдауында баяндаған болатын. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ауданлық маңыздағы қалалар, селолық округтер, селолық округтердің құрамына кірмейтін поселкелер мен селолар әкімдері сайлауының қорытындысы бойынша жасаған үндеуінде таяудағы және ұзақ мерзімді міндеттерді бекіткен ҚР – да Жергілікті өзін - өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасында белгіленгендігін атап көрсетті. Осы үндеуде Нұрсұлтан Әбішұлы бұдан былай азаматтармен бетпе – бет жұмыс істейтін және проблемаларды жергілікті жерлерде тікелей шешетін барлық әкімдердің сайлау арқылы іріктелгенін айрықша атап өткім келеді деген болатын. Осылайша қарапайым халықтың жергілікті өзін - өзі басқаруға белсенді қатысу тәжірибесі қалыптасады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біздердің яғни, ауыл әкімдерінің тиімді жұмыс істеуі үшін биылғы жылдан бастап, жергілікті билік органдарының мүмкіндіктері айтарлықтай күшейтілді.

Атап айтқанда, жергілікті әкімдерге әлеуметтік салада қосымша өкілеттіктер берілді. Биылғы жылғы күшіне енген жаңартылған заңнама бойынша әкімдерге заң жүзінде 67 функция бекітіліп берілді, мұның өзі іс жүзінде жергілікті жерлерде барлық көкейкесті мәселелерді дербес және жауапкершілікпен шешуге мүмкіндік береді.

Біздер, әкімдер оны толық сезініп, өз міндеттерімізді абыроймен және лайықты атқарып, адал да шынайы берілген еңбегімізбен бізді сайлаған халықтың сенімін ақтауға міндеттіміз.
Құрметті жерлестер!
Үстіміздегі жылғы тамыз айының 15 – жұлдызында ҚР Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 615 Жарлығы шыққан болатын. Міне, осы Жарлыққа сәйкес бұрын әкімдер жылына бір рет халық алдында есеп беріп келсе, бұдан былай әрбір тоқсан сайын жылына төрт рет есеп беретін болады. Міне, бүгінгі есеп беру, кездесу жиналысы солардың алғашқысы. Сондықтандағы есепті кездесуге белсене қатысып, келіп тұруларыңызды сұраймыз. Ол үшін тұрғындар ауыл өміріне белсене араласып, тек қана бақылаушы болып қана қоймай шешімін таппай жүрген қайсыбір мәселелер бойынша өздеріңіздің ұсыныс – пікірлеріңізді айтып, ауылымыздың гүденуіне, өркендеуіне өз үлестеріңізді қосуларыңызды сұраймыз. Мен енді, ауыл әкімі ретінде өткен тоғыз ай ішінде атқарылған жұмыстарға және алда тұрған міндеттерге тоқталып өтейін:

Алдымен жыл басында аудан әкімі Х.М. Мақсұтов мырзаның қатысумен өткен есепті кездесудегі бізге берілген тапсырмалардың орындалысын хабарлаймын:

1. Ауылдағы Клуб үйінің жөндеу жұмыстарын толық аяқтап шығу үшін қосымша қаражат сұрау қажеттілігі айтылған болатын. Міне осы тапсырма бойынша аудан әкімінің көмегі нәтижесінде бюджеттен 6 млн. тенге қаражат бөлініп, өткен жылы аяқталмай қалған жөндеу жұмыстары (үлкен зал, кіші зал, кіре беріс дәліз) бүгінгі күні аяқталуға жақын. Ал жөндеу жұмыстарының қалай жүріп жатқандығын өздеріңіз күнделікті көріп жүрсіздер.

2. Елді – мекенді жарықтандыру. Бұл тапсырма бүгінгі күні толық шешімін тапты. Ауылымызда 30 жерде электр шамы жанып тұр.

Ел үкіметінің өңірлерді дамыту, халықтың әлеуметтік – тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталған бағдарламалары біртіндеп жүзеге асырылуда. Оған дәлел ауылымыздағы А.Т. Елюбаев басқаратын «Ынта» шаруа қожалығы бүгінгі күні облысқа танымал асыл тұқымды мал өсіретін репродуктивті шаруашылыққа айналды деуге болады. Шаруашылық басшысының бұрынғы жұмысын айтпағанда үстіміздегі жылы алыс шет елден асыл тұқымды мал сатып әкелу мақсатында Құрама штаттардың Пенсельвания штатына барып, «Ангус» тұқымды 100 бас тайынша мен 5 бас аталық бұқасын алуға келісім шарт жасасып келгендігі үлкен жұмыстың басы. Бұл мал осы қазан айының аяғына қарай шаруа қожалығына дейін жеткізіліп берілетін болып шешілді. Бұл жоба облыстық индустриалды – инновациялық картаға кірген. Осы жобаның іске асуына қаржылай көмек көрсетіп жатқан «КазАгроФинанс» және бизнестің «Жол картасы - 2020» бағдарламасы. Үстіміздегі жылы осы бағдарлама негізінде Ынталы ауылының орталығынан «Қараоба» қыстағына дейін ұзындығы 12,5 шақырым электр желісі тартылды. Шаруа қожалығының өз күшімен қыстауда жаңа мал қорасы, екі қабатты коттедж салынып жатыр. Өткен жазда облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ. Айтуғанов осы шаруа қожалығының тыныс – тіршілігімен танысуға келгенде салынып жатқан коттедждің ірге тасының бірінші кірпішін қойып кеткен болатын.

Ауылымзда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жылдан – жылға кең өріс алып келеді. Оған дәлел үстіміздегі жылдың басынан бері 2 адам өз жұмыс орынын ашу үшін несие алса, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында 6 адам (Клубта – 3 адам, Жарықтандыруда – 1 адам, 2 адам ақылы қоғамдық жұмыста) болды. Шағын несие алған 2 адам мал сатып алды. Жаңадан бір монша ашылды. Алдағы уақытта осындай шағын кәсіпкерліктің санын көбейте беретін боламыз. Осы орайда айта кететін бір мәселе өткен жазда облыс әкімі Б.Т. Әбдішев елді – мекендерді аралау кезінде біздің ауылымызға да соғып, Клуб үйінің алдында халықпен кездесу өткізді. Ауыл тұрғындарының жағдайымен танысып, Клуб үйіне кіріп, жөндеу жұмыстарының барысын көрген болатын. Сол кездесуде осы жұмыстардың барлығы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында атқарылып жатқандығы сөз болды, сонымен бірге ауыл жастарын жұмыспен толық қамтуды одан әрі жалғастыруды ерекше тапсырған болатын.

Өздеріңізге белгілі қазіргі уақытта еліміз бойынша сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес өте өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл орайда ауыл әкімшілігі аудандық құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, жергілікті жердегі полиция өкілі арқылы елді – мекенімізде қоғамдық тәртіптің сақталысын барынша қамтамасыз етіп келеді. Есепті мерзім ішінде ауыл тұрғындарының тарапынан қоғамдық тәртіпті бұзып, ішімдік ішіп, елдің шырқын бұзған фактілер болған жоқ. Болған күнде де біздің негізгі ұстанымымыз ондай фактілерді жергілікті жерде, қоғамдық ұйымдарда медиация өкілдерін қатыстыра отырып (ардагерлер кеңесі, ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі) талқылап, тиісті шара көруге бағытталған. Сыбайлас жемқорлық бетін аулақ қылсын, біздің шағын ауылымызда кездеспейді деген сенімдеміз, десек тағы, бұл тақырыпқа мемлекеттік мекемелерде, мәдени мекемелерде олардың басшыларымен арнайы әңгімелер өткізіліп тұрады. Осылай десек тағы ауылымызда өткен тоғыз айда мал ұрлығы болмағанымен өткен жылдары мал жоғалу фактілері орын алды. Мал иелері ірі қара малды бақпайды. Олардың жоғалмауына ешкім кепілдік бере алмайды. Қазіргі уақытта ірі қара атаулы өрісте иесіз жайылуда. Бұл тұрғыда әкімшілік пен жергілікті полиция өкілі тарапынан әлденеше рет ұйымдастыру жұмыстары жүргізілседағы халық құлақ аспай келеді. Жылқышылар бригадасы жаңартылып, кілең жас жігіттер тартылды.

Күнтізбекте қазан айы туды. Бұл дегеніңіз күзгі жиын терін жұмыстарының қызған кезі. Ауыл тұрғындары алдағы қысқа тиянақты дайындалу үстінде. Қажетті мал азығы толық дайындалып, қазір тасымалдануда. Ауылымыздағы егін себетін екі шаруа қожалығы («Ынта» А. Елюбаев, «Жастілек» Н. Отарбаев) 2000 га алқапқа бітік егін өсіріп, оның әр гектарынан 10 цн көлемінде астық жинауда. Мал азығының берік қоры жасалынды. Осы екі шаруа қожалығының басшылары ауыл тұрғындарына қабы – 1000 теңгеден арпа сатты. Оның ішінде 10 адамға қарттар күніне байланысты әр қайсысына 300 кг тегін мал жемін таратты. Қолдары қысқа қарт адамдардың шөбін жеткізіп берді. Өткен қыс айларында халыққа арзандатылған бағамен ұн, малдарына кебек жеткізілді. №5 разъезд бен Ынталы аралығындағы жол қардан тазартылып тұрды. Ауылдағы мәдени мекемелердің қысқа дайындығы күнделікті бақылауда. Орта мектепке 300 тонна көмір жеткізілді. Дәрігерлік амбулатория, клуб пен кітапхана қысқы отынмен қамтамасыз етілді. Тек әкімшілік кеңсесі белгісіз себептермен әлі көмір алған жоқ.

Үстіміздегі жылы селолық округ әкімшілігіне қаралған бюджет 17 млн. 411 мың теңге болып бекіген болатын. Осы қаржы көлемі әр сала бойынша белгіленген сомада толық игеріліп келеді.
Құрметті жерлестер!
Енді ауыл әкімінің ағымдағы жылдың аяғына дейін және жақын болашаққа арналған жұмыс жоспарын естеріңізге сала кетейін. Өңірді дамыту барысында күн тәртібінен түспейтін үнемі назарда болатын мынадай мәселелер бар, олар:
1. Ауылда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, сөйтіп ауылдағы жастар арасында жұмыссыздықты барынша азайту. Қаладағы жастарды ауылға қайтарудың жолын қарастыру. Ол үшін басты тетік «жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын кеңінен насихаттау және жүзеге асыру. Осы бағдарлама аясында шағын несиелер алып, жаңадан жұмыс орындарын ашу. Атап айтқанда: құс өсіру, ұсақ мал ешкі өсіру, дүкендер санын көбейту т.б. қызмет түрлерін ашу.
2. Ауыл ішілік жолдарды тегістеу, қиыршық тас төсеу. Мүмкіндік болса асфальттау.
3. Жаңа инвестициялық жоба: Мал азығын дайындайтын комплекс құру. Бұл жұмысқа қызығушылық білдіріп жүрген азаматтар бар.
4. Ауылдағы №3 орта мектептің оқу тәрбие жұмыстарының деңгейін жаңа заман талаптарына жауап беретіндей жоғары дәрежеге көтеруге жұмыс жасау. Ол үшін мұғалімдер ұжымын білікті, білімді, тәжірибелі мамандармен толықтырып, басшылық тарапынан қоятын талапты күшейту. Сырттай бітірген мұғалімдерге біліктілігін арттыру мақсатында қатаң талаптар қою (Оқыту). Мектептің материалдық базасын жақсартуға қолдау көрсету.

Міне, құрметті жерлестер! Өткен тоғыз айда атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу және алда тұрған міндеттер осындай. Сұрақтарыңыз болса, жауап беруге дайынмын.



Тыңдағандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет