А. М. МҰхаметжанов, Е. Н. МӘліков атыс дайындығЫ


Қарудың бөліктері мен механизмдерінің жұмысын оқып-білу әдістемесі



бет3/8
Дата11.07.2016
өлшемі0.73 Mb.
#190243
1   2   3   4   5   6   7   8

2.3 Қарудың бөліктері мен механизмдерінің жұмысын оқып-білу әдістемесі
Үйренушілерге қарудың бөліктері мен механизмдерінің жұмысын үйрету олардың ату кезінде кідірісті тудыратын ақаулардың сипатын саналы түрде ұғынуына және оларды тез арада жою тәсілдерін түсінуіне мүмкіндік береді. Қарудың бөліктері мен механизмдерін оқып-білу үдерісі үйренуші-лерден айтарлықтай ынта қоюды талап етеді, бұған сабақ басында назар аударған жөн. Сабақтың белгілі бір күрделілігіне байланысты жетекші сабақты айтарлықтай көрнекілікпен қамтуы керек. Оқу қаруынан басқа тілінген қару, жаттығу патрондары, бөліктер мен механизмдердің жұмысын көрсетуге арналған станок, плакаттар, бейнефильмдер және соққыш-атқыш механизмінің макеті болғаны жөн. Ыңғайлы болу үшін жетекшіде қарудың екі үлгісінің болғаны абзал: біреуі – жиналған күйде, ал екіншісі – бөліктерге бөлінген түрде. Үйренушілерде де қарудың жартысы бөлшектенген, қалғаны жиналған түрде болуы тиіс.

Бөліктер мен механизмдер жұмысын көрсетуге арналған станок сабақ басталмас алдында немесе бақылау сұрақтарын қою барысында дайындалуы тиіс. Қарудың бөліктері мен механизмдерінің жұмысын оқып-білгенге дейін үйренушілер жекелеген бөліктер мен механизмдердің мақсатты арналуы мен құрылғыларын, әсіресе қозғалмалы бөліктерін (өздігімен дайындық сағаттарында) жетік меңгеруі тиіс, бұл сабақтың негізгі бөлігінің басында сұрау кезінде тексеру үшін қажет.

Қарудың бөліктері мен механизмдерінің жұмысын оқып-білудегі материалды баяндау тәртібін автомат мысалында қарастырамыз. Жақсы көрінуі үшін оқтауға дейін автоматтың бөліктері мен механизмдерінің сызбасын ірілеп дайындап алуға болады. Жетекші қарулары бар барлық үйренушілерге автоматты толық емес бөлшектеуді бұйырады, содан соң газ түтігін ұңғы бастырмасымен және ұңғы қорабы қақпағымен қоспай, жинауды бұйырады. Барлығы дұрыс істегендеріне көз жеткізген соң, жетекші сызбада, содан соң өзінің автоматында немесе бөліктер мен механизмдердің жұмысын көрсетуге арналған станокта газ поршенді бекітпе рамасының қалпын түсіндіреді және көрсетеді, ол қайтармалы механизмін әсерінен алдыңғы жағдайда болады, ал газ поршені – газ камерасының келте құбырында болады; ұңғы арнасы бекітпемен жабылады; бекітпе ось бойымен оңға бұралады. Содан соң жетекші бекітпе рамасының сабымен қозғалмалы жүйені үштен бір бөлікке кейінге тартады да, жайлап алдыға жібереді, бекітпенің оңға бұрылысын және оның ұңғы қорабының ойығында тірек шығыңқысында тұрғанын көрсетеді – бекітпе жабық.

Жетекші осындай тәртіпте оқтауға дейін автоматтың басқа бөліктері мен механизмдерінің күйін көрсетеді және түсіндіреді және сұрау салу арқылы білім алушылардың бөлектер мен механизмдерді меңгергеніне көз жеткізіп, қаруды оқтаған жағдайда бөліктер мен механизмдер жұмысын оқып-үйретуге көшеді.

Бұны баяндағанда бөліктер мен механизмдер жұмысының негізгі кездеріне аса назар аудару керек, жұмыс жасау мәнін түсінуде уақытты шамалы маңызды сәттерге шығындауға болмайды; сұрау салу арқылы үйренушілерді жұмысқа тартып, оларды бөліктер мен механизмдер жұмысының жекелеген сәттерін аңғаруларымен, ойлануға мәжбүрлеу қажет. Сонымен, соққыш-атқыш механизм жұмысын оқып-үйрену кезінде мыналар жайында нақты тұжырым жасау қажет: түйдектеп ату кезінде автоағытқышпен атылатынын, ал жекелей ату кезінде шүріппе бекітпе рамасы шыққан кезде бекітпемен бірге артқа жекелей атыс шепталамен бірге ілмекке кіреді және ағытқыш шүріппесін босатқан кезде өзінің фигуралы шығыңқысымен ағытқыш шүріппені ұстап қалады, оны қайта басқанда ол ұрыстық серіппемен ілінеді де, кезекті жекелей ату жүргізіледі.
2.4 Атыс кезіндегі кідірістерді және оларды жою тәсілдерін оқып-білу әдістемесі
Бұл сұрақ бойынша сабақтың жалпы мақсаты – студенттерді қарумен үздіксіз жұмыс жасауға үйрету, бұған атыс кезіндегі кідірістерді ескерте білу және оларды тез жою ептілігімен қол жеткізіледі. Ату кезінде болатын кідірістерді және оларды жою тәсілдерін оқып-білу үшін сабақта мүмкіндігінше ату кезінде болатын барлық кідірістер бойынша практикалық жағдай жасау үшін барлық қажеттілер болуы керек. Сондықтан жаттығу қаруынан басқа жаттығу патрондары, атылған гильзалар болуы тиіс. Ату кезінде кідірістер болатын себептерді көрсету үшін оқытушыда жиналған қарумен қатар бөлшектелген түрде қарудың бір үлгісі болуы керек және де тілінген қару болғаны жөн.

Ату кезінде болатын кідірістерді оқып-білуге кірісе отырып, білім алушылардың назарын біздің ұрыстық қару дұрыс күтім жасаған және ұқыптап ұстаған кезде ұрыста сенімді және тоқтаусыз жұмыс істейтін қаруға айналатынына аудару қажет. Алайда қаруды ұзақ уақыт қолданғанда, оған ұқыпсыз қарағанда, бөліктері мен механизмдері ластанған жағдайда, сонымен қатар ұрыс патрондары бұзылған немесе ластанған кезде атыста кідірістер болуы мүмкін. Кідірістерді ескертудің келесі тәсілдері бар екендігін көрсету қажет: қаруды толық жарамды күйде ұстау; сақтау, бөлшектеу мен жинау, тазалау мен майлау, қаруды бақылау және оны атуға дайындау ережелерін қатаң сақтау; атар алдында қару мен патрондарды мұқият қарау (бұзылған және таза емес патрондар қолданылмайды); ату және қозғалу кезінде қаруды соққыдан және кірленуден сақтау, әсіресе ұңғыны, соққыш-атқыш механизмді; атыс тәртібін сақтау, қару ұңғысының қызып кетуіне жол бермеу.

Жетекші кідірісті жоюдың негізгі тәсілі қаруды қайта оқтау болып табылатынын түсіндіруге тиіс. Егер кідіріс бұнымен жойылмаса, оның сипатын, себебін анықтап, содан соң оны жоюға кірісу қажет.

Қандай да бір қарудан ату кезінде болатын кез-келген кідірісті оқып-білу әдістемесі келесідегідей болуы мүмкін.

Айтарлықтай дерлік өзінің қаруында және жеке үйренушілердің білім алушылардың қаруында оқытушы қандай да бір кідірісті шебер көрсетеді және оны сипаттап береді. Кідіріс жасау кезінде қаруды жасанды сындырып, деформациялауға болмайды. Сонымен қоса студенттерге қаруды мұқият көріп, көрсетілген кідірістің сипатын (мәнін) түсінуге мүмкіншілік беріледі. Содан соң, оқытушы аталмыш кідірісті болдыратын себепті түсіндірместен, үйренушілерден олардың ойынша қандай себептер кідірісті болдыруы мүмкін екендігін сұрайды. Бірнеше студенттерден сұрап, оқытушы білім алушылардың атаған кідіріс себептерін жалпылап, содан соң кідірістің нақты себептері мен оны жою тәсілдерін көрсетеді, мұнда алдында көрсетілген барлық кідірістерді жоюдың негізгі тәсілі – қайта оқтау екенін ұмытпау керек.

Кідіріс білімін ойға қорыту және оларды жоюда тәжірибелік дағдылануға машықтану үшін оқытушы бір студенттің қаруында қандай да бір кідірісті тудырады да, оған кідірісті, оның себебін және де оны жою тәсілдерін айтуды бұйырады. Оны тәжірибе жүзінде көрсетуді талап етеді, ал қалған үйренушілер жауап берушінің қимылдарын бақылайды, жауап беру мен қимылдар жасау кезінде қате жіберген және дұрыс жауап бермеген жағдайда оны толықтырады және түзетеді.



Мысал ретінде автоматта жасанды кідіріс жасау техникасын көрсете-міз. Ұңғы қорабының қақпағын бөліп алу қажет, бұл үйренушілердің кідірісті көруіне және бақылауына ыңғайлы.

а) Патронның берілмеуі. Оқжатарды алып, оны бірнеше жаттығу патрондарымен оқтап, автоматқа оны жоғары жаққа дейін жететіндей және оқжатар ілмегі оның тіреу шығыңқысынан шығып кетпейтіндей етіп қосу қажет. Оқжатар шығып кетпес үшін, оны сол қолмен сүйеп тұру қажет. Оң қолымен сақтандырғыштан алып, тұтқасы арқылы ұңғы рамасын артқа тартып, оны босату қажет. Автомат оқталған және атуға дайын екені түсіндіріледі. Ағытқыш ілмекке басу қажет. Атыс (ату) болмағанын көрсету қажет. Қайта оқталады, патрон тойтарысы болмайды. Оқсауытты қарау ұсынылады – онда оқ жоқ. Тұжырым: кідіріс оқсауытқа оқтың берілмеуінен болды, онда бекітпе алдыңғы жағдайда болды, бірақ атыс болмады, өйткені оқсауытта оқ болмады.

б) Патронның кептелуі. Автоматқа оқжатар салынады. Оқжатар қақпағымен автомат үстелге тіреледі. Оң қолымен бекітпе рамасының тұтқасын ұстап, ол біршама артқа тартылады. Сол қолға оқу патронын алып, оны бекітпе мен ұңғы арасына ұңғы оймағына сұғылатындай етіп орналастыру қажет. Бекітпе рамасының тұтқасы босатылады. Кідірістің патронның кептелуінен болғанын көрсету қажет. Патрон оғымен ұңғының оқталатын бөлігіне тірелген. Жылжымалы бөліктер ортаңғы жағдайда тоқтаған.

в) Атылмай қалу. Автомат оқталады. Ағытқыш ілмек басылады. Атыс (ату) болмағанын көрсету қажет. Жылжымалы бөліктер бұл кезде басқы алдыңғы жағдайда болады. Тұжырым: кідіріс атылмай қалудан болды, мұнда патрон оқсауытта, шүріппе босатылған, бірақ атыс болмады.

г) Гильзаның алынбай қалуы. Автомат оқжатар қақпағымен үстелге тіреледі. Оң қолымен бекітпе рамасының тұтқасынан ұстап, оны артқа қарай бекітпенің алдыңғы бөлігіне оқжатар кіретіндей етіп тартылады. Сол қолға гильзаны алып, оны оқсауытқа салады. Бекітпе рамасының тұтқасын жібереді, бекітпе бұл кезде кезекті патронды алға жібереді, ол оғымен гильза түбіне тіреледі. Кідірістің гильзаның алынбауынан болғанын көрсету қажет. Мұндай кідірісте бекітпе рамасын артқа тартқанда гильза оқсауытта қалған, кезекті патрон оғымен гильзаға тірелген, жылжымалы бөліктер ортаңғы жағдайда тоқтаған.

д) Гильзаның ілінуі немесе шағылыстырылмауы. Оқжатары салынған автомат оқжатар қақпағымен үстелге тіреледі. Оң қолмен бекітпе рамасының тұтқасы біршама кері тартылады. Сол қолмен гильзаны алып, бүйірімен (түбімен) бекітпе алдына ұңғы қорабының ішіне салынады. Бекітпе рамасын жайлап босатып, гильзаның бекітпенің алдыңғы ойығы мен ұңғы қорабының алдыңғы қабырғасы немесе ұңғы ойығының арасында гильзаның кептелуін туғызады. Тұжырым: кідіріс гильза ілініп немесе шағылыстырылмағаннан болды. Оқсауытта оқ жоқ. Жылжымалы бөліктер шеткі алдыңғы жағдайға дейін жетпеді.

2.5 Қаруды тазалау және майлауды үйрету әдістемесі
Бұл сұрақтың мақсаты студенттерді қаруды дұрыс тазалау мен майлауға үйрету. Бұдан әрі үйренушілер білімі мен дағдыларын қарумен жұмыс жасау үдерісінде жетілдіреді. Сабақ өткізу орны қаруды тазалау мен майлауға арналған бөлме немесе оқу сыныбы болуы мүмкін.

Сабақта материалдық қамту құралдарынан қолда мыналар болуы керек: керек жарақтары бар жаттығу қаруы, сүрту және майлау материалдары (шүберек, кендір, қарулық сұйық май), ағаш таяқшалар жинағы.

Сабақ барысында қару қай кездерде тазаланатынын түсіндіреді, қаруды тазалау және майлау жөнінде бөлімше мен взвод командирлерінің міндет-терін баяндайды, тазалау үшін қолданылатын керек-жарақтар мен материал-дарды көрсетеді, саңылауларды, ойықтарды және қуыстарды тазалау үшін ағаштардың берік түрлерінен жасалған ағаш тақтайшалар қолданылатынына назар аударады және олардың әрқайсысының арналуын түсіндіреді. Соны-мен, ұшында қалақшасы бар таяқша саңылауларды тазалау мен майлауға арналған, әртүрлі диаметрлі цилиндр түріндегі таяқшалар – қуыстарды, ойықтарды, оқсауытты, газ камерасын, газ түтікшесін тазалау мен майлауға арналған. Таяқшаларды қолданғанда оған шүберек (кендір) таңылады.

Содан соң оқытушы қаруды тазалау мен майлауға арналған керек-жарақты қарап шығу, керек-жарақтар мен материалдарды дайындау тәртібін көрсетеді және түсіндіреді. Студенттер оқытушының қимылдарын бақылап, оның нұсқауымен өздеріндегі керек-жарақтарды қарап шығып, оны қарау нәтижесін баяндайды. Анықталған жарамсыздықтар дереу жойылады. Егер сүмбі, шүберек, пенал немесе оның қақпағы жарамсыз болса, олар ақау болып саналып, қаруды тазалау мен майлауға қолданылмайды. Содан соң студенттер қаруды тазалауға арналған керек-жарақтар мен материалдарды дайындайды, содан кейін оқытушы білім алушыларға қаруды тазалау мен майлау тәртібін көрсетеді, онда атыс кезінде дәрілік газ әсеріне ұшырайтын бөліктерді тазалауға ерекше көңіл бөлінеді (ұңғы, газ камерасы, ұңғы бастырмасымен газ түтікшесі, көздеу қалыбының арнасы, газ поршенімен бекітпе рамасы және бекітпе). Оқытушының қимылын студенттер өз қаруларында қайталайды.


2.6 Жарықшақты және танкіге қарсы қол гранаталардың материалдық бөліктерін оқып-білу әдістемесі
Қол гранаталардың материалдық бөліктерін оқып-білу сабақтарын жүргізу кезінде олармен айналысу кезінде қауіпсіздік ережелерін меңгеру-ге ерекше көңіл бөлінеді. Сабақтарда оқуға арналған және тілінген грана-талар, оқу тұтандырғышы, плакаттар болуы керек. Табельдік плакаттарды пайдалана отырып, электрлендіру стендін жасаған абзал, ол қол граната-ларын өз бетімен оқып-білуге септігін тигізеді.

Қол гранатасының материалдық бөлігі қарудың материалдық бөлігі сияқты тәртіпте оқытылады. Бастапқыда оқытушы плакаттарда (сызбалар-да) атап, көрсетеді, содан соң тілінген жаттығуға арналған гранатада гранатаның негізгі бөліктерін – корпусын, жарылғыш оқтамасын және тұтандырғышты көрсетеді, содан кейін үйренушілерге аталғандарды көр-сетуді бұйырады.

Қол жарықшақты граната корпусын оқып-білу кезінде оқытушы жарылғыш оқтамасы жарылғанда корпус көптеген жарқыншақтарға ыдырай-тынын түсіндіреді (РГ-42 гранаталарында жарықшақтарды көбейту үшін те-мір таспа қойылған), ол қарсыластың адам күшін 25 метрге дейінгі радиуста талқандайды (Ф-1 гранатасы – 200 метрге дейінгі радиуста). Шабуылға ар-налған гранаталар соққыш жарықшақтарының ұшуына тең қашықтыққа, және шабуылшының лақтыру сәтінен бастап жарылу сәтіне дейін жүретін қашықтыққа лақтырылады. Гранатаның ұшу уақытында (3-4 сек.) шабуылшы жүгіріп немесе тез адыммен жылжи отырып (секундына 2-4 метр жылдам-дықпен), 10-15 метр қашықтықты жүріп өтеді. Сөйтіп, қозғалу қалпында гранатаны 35-40 метр қашықтыққа лақтыру қажет. Сөйтіп жетекші шабуыл гранатасын лақтырудың қажетті қашықтығын негіздеді. Ф-1 қол қорғаныс гранатасы окоптан немесе тасадан лақтырылады. Материалды сұрау жүргізумен бекітіп, жетекші келесі оқу сұрағын пысықтауға көшеді.

ҚГЖБТ тұтандырғышы құрылғысы мен әрекетін үйрете отырып, жетекші оқу тұтандырғышы мен плакаттардан тұтандырғыш бөліктерін көрсетеді және олардың құрылғыларын түсіндіреді. Сонымен қатар ол дәрі-лік баяулатқыш капсюль-тұтандырғышымен тұтанып, 3,2-4,2 сек. жанады, содан кейін капсюль-детонатор мен жарылғыш заряд жарылады; осы уақыт ішінде гранат белгілі бір қашықтыққа – дистанцияға ұшады, сондықтан гра-ната қашықтық деп аталады. ҚГЖБТ тұтандырғышы бөліктерінің жұмысын оқып-білу кезінде жетекші білім алушылардың назарын тұтандырғыштың ұрыстық жағдайда болатынына аударады: ұрыстық серіппе қысылады, соққыш ағытқыш иінтірек және сақтандырғыш мұрындық көмегімен бағдар-лау қалпында ұсталады. Сондықтан сақтандырғыш мұрындықты гранатты лақтырар алдында ғана ағытуға рұқсат беріледі, сонымен қатар ағытқыш иінтіректі гранат корпусына жабысып тұратындай етіп саусақтармен берік басып ұстау керек (ағытқыш иінтіректі ұстап тұруды тілінген жаттығу гранатта көрсету). Гранатаны лақтыру кезінде ағытқыш иінтірек ұрыстық серіппе әсерінен бұрылады және соққышты босатады, соққыш ұрыстық серіппенің әсерімен тұтатқыш капсюльді соғып оны тұтатады. Оқытушы тұтандырғыш макетінде ағытқыш иінтіректі жайлап босатады, оның бұры-лысын және соққыштың тұтатқыш капсюльға қарай қозғалуын көрсетеді. Одан басқа, тұтандырғыш бөліктерін оқытушы плакаттарда да көрсетеді.

КҚГ танкіге қарсы кумулятивтік қол гранатасының құрылысын үйрете отырып, оқытушы танкіге қарсы қол гранатасының мақсатты арналуы мен ұрыстық қасиеттерін түсіндіреді және граната құрылысын оқып-үйретуге кіріседі, онда жарықшақты және танкіге қарсы гранаталарының ортақтығын атап өтеді (корпус, жарылғыш оқтамасын, тұтандырғыш), содан соң танкіге қарсы гранатасының құрылысының ерекшеліктеріне тоқталады. Сонымен, жарылғыш оқтамасын оқып-білуде оқытушы тесіп өту әрекетін арттыру үшін танкіге қарсы қол гранатасының жарылғыш оқтамасы мыс шұңқырымен жабылған, кумулятивтік шұңқыршағы және қатырма төсемі (линза) болатынын түсіндіреді. Плакатты пайдалана отырып, оқытушы гранатаның комулятивтік әрекеті мәнін түсіндіреді. Жарылғыш оқтамасы жарылған кезде газ ағыны, шұңқыршақ қабырғаларына перпендикуляр ауыса отырып, белгілі бір нүктеде шоғырланады (кумуляцияланады), оны кумуляция фокусы деп атайды. Гранатада ол корпус түбімен бірігеді. Темір шұңқыршығы жарылыс кезінде қалыпты жағдайда болады, сондай-ақ кумуляция фокусында шоғырланып, газдармен бірге секундына бірнеше километр жылдамдықпен қозғалады, сөйтіп гранатаның тесіп өтушілігін арттырады. Кумуляция фокусын нысананың берік кедергісімен қосу кезінде берік кедергіні тесіп өту тиімділігі әлдеқайда жоғары болады; сондықтан танкіге қарсы қол гранатасын оның берік кедергіге түбімен түсетіндей етіп лақтыру қажет. Танкіге қарсы гранатаның ұшуының белгілі бір бағытын ұстану үшін стабилизатор қолданылады, ол тұтқада орналасқан.

Инертті төсемше (линза) жарылғыш затының кумулятивті ойықтың барлық бетімен бірдей жарылуын қамтиды. Тұтандырғыш жайлы әңгімелей отырып, оның қас қағым сәтте әрекет ететінін және оның төрт сақтандырғышы болатынын атап өткен жөн. Әр сақтандырғыштың мақсатын түсіндіре отырып оқытушы олардың құрылысын тілінген гранатамен және плакаттардан көрсетіп, олардың лақтыру кезіндегі және кедергіге соғылу кезіндегі әрекеті туралы әңгімелейді.

Жарықшақты қол гранатасы алдыңғы шепте қарсыластың адам күшін жарықшақтармен жоюға арналған (шабуылда, окопта, елді мекендерде, орманда, тауда және т.б.). Қазақстан әскерінің жарақтануындағы гранаталар:

- РГД-5 шабуылдық қол гранатасы;

- РГ-42 шабуылдық қол гранатасы;

- Ф-1 қорғаныстық қол гранатасы.

Жарықшақты қол гранатасы қол гранатаға жаңғыртылған біркелкілеген тұтандырғышпен жинақталады. Тұтандырғыш капсюлі гранатаны лақтыруда тұтанады, ал ол лақтырғаннан кейін 3,2-4,2 секундтан кейін жарылады.

РГД-5 жарықшақты қол гранатасы тұтандырғышқа арналған түтігі бар корпустан, жарылатын оқ-дәріден және тұтандырғыштан тұрады.

Граната корпусы жарылатын оқ-дәріден, тұтандырғышқа арналған түтікті орналастыру үшін, сондай-ақ граната жарылуы кезінде жарықшақ-тардың пайда болуына қызмет етеді. Ол екі бөліктен (жоғарғы және төменгі) тұрады.

Жарылғыш оқтамасы корпусты толтырады және оның жарықшақтар мен жарылуына арналған.

Граната тұтандырғышы жарылатын оқ-дәрінің жарылуына арналған. Ол соққы механизмі мен тұтандырғыштан тұрады.

Ф-1 гранатасының құрылысы РГД-5 гранатасына ұқсас, тек граната корпусы шойын, бойлық және ендік ойықшалары бар, әдетте, ол жарықшақтарға осылар арқылы бөлшектенеді.

Кумулятивтік қол гранаты — бағытталған әрекетті танкке қарсы, бронетранспортерлерге және бронеавтомобильдерге қарсы күресуге, сондай-ақ ұзақ мерзімдік және далалық қорғаныс құрылыстарын қиратуға арналған.

Гранаталардың техникалық сипаттамасы

РГД-5:

- жабдықталған граната салмағы– 310г;

- граната жарықшақтарының қиратқыш ұшу радиусы – шамамен 25м;

- граната лақтырудың орташа қашықтығы – 40-50м;

- тұтандырғыштың жану уақыты – 3,2-4,2сек.

РГ-42:

- жабдықталған граната салмағы – 420г;

- граната жарықшақтарының қиратқыш ұшу радиусы – шамамен 25м;

- граната лақтырудың орташа қашықтығы – 30-40м;

- тұтандырғыштың жану уақыты – 3,2-4,2сек.

Ф-1:

- жабдықталған граната салмағы – 600г;

- граната жарықшақтарының қиратқыш ұшу радиусы – шамамен 200м;

- граната лақтырудың орташа қашықтығы – 35-45м;

- тұтандырғыштың жану уақыты – 3,2-4,2сек.

РКГ-3:

- жабдықталған граната салмағы – 1070 г;

- граната лақтырудың орташа қашықтығы – 15-20 м;

- лезде жарылады.


2.7 Лақтыру тәсілдері мен ережелерін меңгеру әдістемесі
Сабақтар мен оқуларда гранаталарды лақтыру жетекші пәрменімен, ал ұрыста – жағдайға байланысты пәрменмен не болмаса өздігімен жүргізіледі. Ұрыста қол гранаталары әртүрлі қалыптарда лақтырылады: түрегеп тұрып, тізерлеп, жатып, сондай-ақ БТР-дан және жаяу жүріп қозғалыста (тек ұрыстық). Граната лақтыру үшін гранатаның нысанаға еркін ұшуын қамтамасыз ететін, орны мен ыңғайлы қалпын таңдайды (жолында кедергілер болмауы керек: ағаш бұталары, биік шөп, сымдар және т.б.). Гранатаны лақтыру келесі тәсілдерді орындаудан тұрады: лақтыруға дайындау (гранатаны жарақтау және ыңғайлы дене қалпын ұстану) және гранатаны лақтыру. Гранатаны жарақтау «Гранаталарды дайында» пәрменімен, ал ұрыста өз бетімен жүргізіледі. Гранатаны лақтыру «Гранатамен – ат» немесе «Траншеяға, гранатамен – ат» пәрменімен, ал ұрыстарда бұдан басқа, өз бетімен жүргізіледі.

Гранатаны лақтыру үшін:

- гранатаны қолға алып, ағытқыш иін тірегін саусақтармен граната корпусына қыса ұстау қажет;

- ағытқыш иінтіректі одан әрі қысып ұстап тұрып, екінші қолмен сақтандырғыш мұрындықтың ұштарын қысады (түзейді) және шығыршықтан сақтандырғыш мұрындықты жұлып алу қажет;

- құлаштап, гранатаны нысанаға лақтыру қажет, қорғаныс гранатасын лақтырғаннан кейін тасалану қажет.

Сонымен қатар қару қимылға дереу дайын болу қалпында болуы тиіс.

Кумулятивтік танкіге қарсы гранатаны жарақтау «Кумулятивтік гранатаны дайында» пәрменімен, ал ұрыстарда бұдан басқа не болмаса өз бетімен жүргізіледі. Аталмыш пәрмен бойынша:

- гранатаны сол қолға алып, копустан тығын бұрап алынады

- тұтандырғышты граната корпусы қақпағының түтігіне қойылады;

- граната корпусындағы тығынды соңына дейін бұрап алу қажет; граната лақтыруға дайын.

Лақтыру «Танкті, кумулятивтік гранатамен – ат» пәрменімен немесе танктің гранатасын лақтыру қашықтығына жақындауына қарай өз бетімен жүргізіледі. Лақтыру үшін:

- ысырмалы қаңылтақ қолдың саусақтарымен тұтқаға тығыз қысылатындай етіп оң (сол) қолмен гранатаны тұтқасынан ұстайды;

- гранатаны көрсетілген жағдайда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықтың ұштары түзеледі сол қолдың саусағымен оны тұтқадан шығыршығынан жұлып алады;

- құлаштап гранатаны нысанаға бар пәрменімен лақтырып, бұдан соң дереу жасырынады.

Ұрыс гранаталарын лақтыру кезінде келесі қауіпсіздік шаралары сақталады:

- үйренушілер болат дулыға кию;

- гранаталар мен тұтандырғыштарды оқтау алдында тексеру, ақаулар табылған жағдайда жетекшіге баяндау;

- гранаталарды офицер жетекшілігімен жарықшақтар тесіп өтіп кетпейтін бой тасалардан немесе оқпанадан лақтыру. Жарқыншақты және кумулятивтік гранаталарды жаттығу жүргізуде және жекелей атыстарда лақтыруға тыйым салынады;

- жарқыншақты гранаталарды лақтыру кезінде әрбір кезекті гранатаны алдыңғы гранатаның жарылысынан соң, кемінде 5 секунд өткеннен кейін лақтыру.

3 ТАРАУ. АТЫС ҚАРУЫНАН АТУ НЕГІЗДЕРІ БОЙЫНША ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ
3.1 Атыс дайындығының «Атыс негіздері» тарауын оқу мазмұны мен реті
Атыс негіздерінің тәжірибемен байланысы – материалды меңгеру саналылығының маңызды шарты, оған сабақтарда әңгімелесу әдісін кеңінен қолданумен қол жеткізіледі. Егер үйренушілер, жетекшінің қойған сұрақтарына, өздері қандай да бір байланысты анықтап, анықтама немесе тұжырымдама берсе – бұл олардың оқытылған материалды меңгергенінің айғағы. Атыс негіздерін практикада сәтті қолдану үшін үйренушілердің сыныпта, сондай-ақ далада орындайтын жаттығулары көп болумен, білімінің берік болуы да маңызды. Сабақтарды атыс қалашығында жүргізу кезінде атыс тапсырмаларын шешу дұрыстығы электрлендіру көздеу станогы, ортоскоп және өзге аспаптар көмегімен тексеріледі. Атыс жүргізілетін орындарда міндеттерді шешу дұрыстығын әртүрлі нысаналарға және әртүрлі метеорологиялық жағдайларда ұрыс патрондарымен атумен нығайта түсуге болады. Міндеттерді шешудің мұндай әдісі теория мен тәжірибенің айтарлықтай берік байланысын қамтиды және оқуды көрнекі қылдырады. Үйренушілердің білімі бұл кезде анағұрлым берік және саналы болғаны жөн.

Тапсырманы таңдай отырып, мысалы, олардың талаптары ұрыстық тәжірибе талаптарына сай болатындай етуге, заманауи ұрыстың нақты талаптарына сай болуына ұмтылу керек.

Мысалы, зақымдалатын кеңістік тереңдігі туралы тапсырмаларды былай тұжырымдаған жөн: «Қарсыластың жақындап келе жатқан шабуылшы жаяу әскеріне қол пулеметтерінен 600 м. қашықтықпен учаске бойында 6 көздеумен көздеу құрылғысын өзгертпестен нысанаға оқ атуға бола ма?» Тапсырманың мұндай шарты траекторияның төселім мәнін тереңінен түсініп, ату кестесімен жұмыс жасауда практикалық көмек береді. Кейде тапсырманы сызбамен көрсеткен жөн. Сонымен, дәл түсу ықтималдылығын анықтау тапсырмалары нысана, таралу алаңы мен нысанаға қарағанда орташа траектория қалпы көрсетілген сызбаны көрсеткеннен кейін жақсы меңгеріледі.

Атыс дайындығының «Атыс қаруларынан ату негіздері бойынша қысқаша мәлімет» тарауының міндеті студенттерді мыналарға үйрету: әскери тұрғыда жергілікті жерлер мен қоршаған жергілікті заттарды дұрыс бағалай білу; орналасатын жерді барлау үшін таңдау және жабдықтау; барлау секторындағы жерді дұрыс қарау; нысананы тез анықтап, оны командирге шебер баяндау; нысананы талқандау үшін оған дейінгі қашықтықты дәл анықтау.

Ұрыс алаңын бақылау және қашықтықты анықтау сұрақтары оқытушы жетекшілігімен бөлімше құрамында, сондай-ақ взвод құрамында пысықталуы мүмкін. Көзбен мөлшерлеу тәсілі атқыш бөлімшелер үшін негізгі болғандықтан, оқу үдерісінде бұл тәсілге басты назар аудару қажет. Студенттерді қашықтықты көз мөлшерімен анықтауға дағдыландыруға кірісер алдында, әдетте оларды қашықтықты тура өлшеуге үйретеді. Содан соң 200-300 метрге дейінгі алшақтықты, шағын қашықтықты тура өлшеу осы қашықтықты көзбен анықтаумен үйлеседі. Сонымен қатар тура өлшеу негізінен қашықтық көз мөлшерімен қаншалықты дұрыс анықталғанын тексеру үшін қолданылады. Оқыту заттар мен нысаналарға дейінгі қашықтықты бірте-бірте арттыра отырып жүргізіледі, бастапқыда 600-800 метрге дейін, содан соң 1000 метрге дейін. Сонымен қатар студенттер көзбен мөлшерлеу тәсілі бойынша дағдыларын жетілдірумен қатар, қашықтықты заттар мен нысаналардың бұрыштық шамалары, сондай-ақ олардың көрінуі мен көлемі бойынша анықтауға үйренеді. Алдын ала таңдалған учаскені дайындау қажет, мысалы, қашықтық өлшенетін орынды, нақты өлшенген кескіндерімен бірнеше негізгі бағыттарды таңдау. Бұл кескіндер ұшында табиғи немесе жасанды құрылған бағдарлар болуы тиіс. Бағдарлар сызбаға түсіріледі. Сонымен қатар, сызбаға қашықтық өлшенетін жерлер белгіленеді, сондай-ақ бір жерден екінші жерге ауысудың графикалық реттілігі көрсетіледі. Егер сабақ барысында бұрыштарды өлшеу керек болса, онда жетекші қандай заттар арасындағы бұрыш өлшенетінін алдын ала белгілеп қояды және оны мұқият өлшейді. Студенттерді өтуіне қарай қашықтықты анықтауға үйрету кезінде жетекші әртүрлі дыбыстар шығарылатын жерлерді белгілейді және оларға дейінгі қашықтықты дәл өлшейді.

Егер барлау, нысананы табу және нысананы көрсету сабақтарында қарсыластың іс қимылын белгілеу керек болса, онда жетекші қайда және қандай қимылдар жасау керектігін анықтайды. Студенттер алдында осы уақытта нысананы табу міндеті тұрса, онда нысаналарды студент-көрсеткіш қимылымен белгілеген жөн. Сондықтан, әр нысананы белгілеу үшін студент-көрсеткіш жетекшінің нысананы көрсеткісі келген жерлерге қозғалып, қан-дай да бір қимылдар жасауы керек. Студент-көрсеткіш жерден жерге неғұр-лым жасырын қозғалатын және нысананы белгілеу кезінде өз қимылдарын мұқият жасыратын болса, соншалықты жақсы болады. Сондықтан жетекші студент-көрсеткіштің қимылдары үйренушіге байқалмас үшін, оның бір жерден бір жерге ауысуына жасырын жолдарды белгілеуге тиіс. Алаңда сабақ өткізу алдында жүргізілетін нұсқаулықта оқытушы көрсететін студенттерден нысананы белгілеу кезінде қозғалыстарын жасырып, қимылдарын білдіртпеуді талап етеді. Кейбір жағдайларда нысаналарды мишеньдермен де белгілеуге болады; онымен қоса мишеньдерді ұсақ қылып алып (бас, төс фигурасы), оларды қоршаған ортасына қарай жасыру қажет. Әрине, жасыру нысананы көзбен таба алатындай болуы керек, сабақта әр үйренушінің өз бетімен жұмыс жасауын қамтамасыз ету міндетті. Осыған байланысты жетекші үйренушілерді жергілікті жерде бір-бірінен 2-3 метрге қашықтықта орналастырады және бақылау нәтижелерін жазуды талап етеді. Қашықтықты анықтау жөнінде сабақтар жұмыс шарттарын бірте-бірте күрделендірумен жүргізілуі тиіс. Сонымен, мысалы, бастапқыда студенттер біркелкі және ашық жерлерде кейбір қашықтықтарды анықтауға дағдылана-ды, содан соң қиылысқан жерлер таңдалады және нысанаға дейінгі қашық-тықтар шектіге дейін арта түседі.

Көз мөлшерімен анықтауға үйрену кезінде үйренушілерді қолданбалы дағдыға үйрету маңызды элемент болып табылады (белгілі бір ұзындыққа жүгіріп келу және т.б.). Сонымен, мысалы, егер қол гранатасын лақтыру қашықтығын студент 1-2 метрге дейін дәлдікпен анықтауға үйренген болса, онда атыс қаруының нақты ату қашықтығы шегінде нысанаға дейінгі қашықтықты студент 50 метрге дейін дөңгелектеумен яғни көздеуішті ½ бөлікке дейін анықтауға үйренуі тиіс.

Бақылаудағы, нысананы табудағы, нысананы көрсетудегі және қашық-тықты анықтаудағы нақты дағдыларға студенттер тек жүйелі түрде жаттығу арқылы ғана үйренеді. Оқытушы бұны естен шығармай, мүмкін-шіліктерді (жаттығу жүргізу кезінде, оқу жиындарында) студенттердің бақылау мен қашықтықты анықтау дағдыларын жетілдіру үшін пайдалануы тиіс.

Жетекші қолданылатын қаруға байланысты атыс жер үстінде, су астында және әуе нысаналары бойынша жүргізілуі мүмкін екенін студенттерге түсіндіреді.

Жер үсті нысаналар – бұл әртүрлі ұрыс машиналары, артилериялық қарулар мен олардың есептері, басқару бекеттері, ЯҚҚ, қорғаныс имараттары мен өзге әскери объектілер, танкіге қарсы реактивті қарулар мен танкіге қарсы граната атқыштар, пулеметтер, қарсылас адамдар.

Суасты нысаналар – бұл жүзетін танктер, бронетранспортерлер мен өзге ұрыс машиналары, десантты-өтіп шығу құралдары, десантты қолдау кемелері.

Әуе нысаналары – бұл ұшып бара жатқан ұшақтар, ұшып бара жатқан және қалқып тұрған тікұшақтар, түсіп бара жатқан парашютисттер, жарықтандырғыш авиабомбалар.

Жерүсті нысаналар қозғалмайтын (пайда болатын) және қозғалатын болуы мүмкін, суасты және әуе нысаналары әдетте қозғалмалы болады.

Ұрыста тапсырмаларды сәтті орындау үшін мыналар қажет: ұрыс алаңын үнемі бақылау; атуға арналған деректерді тез және дұрыс дайындау; күндіз, сондай-ақ түнде әртүрлі ұрыс жағдайларында барлық мүмкін болатын нысаналарды шебер ату, топтасқан және айтарлықтай маңызды жекелеген нысаналарды талқандау үшін шоғырланған тез атуды қолдану; ұрыста патрондардың шығындалуын бақылау және оларды уақытылы толтыруда шаралар қолдану.

Атыс тапсырмаларын шешу дегеніміз қандайда бір қарумен нысананы талқандау үдерісі.

Қарудың кез-келген түрінен атыс тапсырмасын шешу мынадан тұрады: атысты және нысана бойынша атысқа дайындау.

Атысқа дайындық тұтас алғанда атыс жүргізуге атыс құралдарын қысқа мерзімде дайын болуын қамту. Дайындыққа атысқа алдын ала және тікелей дайындалуға байланысты барлық әрекеттер жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет