А. М. Пышкало әдістемелік жүйе компоненттерінің (оқыту мақсаты, мазмұны, әдісі, құралы, формасы) сызықты байланысы емес, осы компоненттердің жан-жақты байланыс түрінде қарастырған [4]



бет1/4
Дата10.04.2024
өлшемі93.6 Kb.
#498254
түріСабақ
  1   2   3   4
thesis31231


УДК 14.07.09

Математикалық білімді бақылау, бағалау және түзетудегі сабақтастық




Оразбекова Л.Н.
(Алматы. Әл-Фараби атндагы Қазақ ұлттық университеті)


Аннотация. Әдістемелік жүйенің барлық компоненттерін кешенді және өзара байланыста қарауға мүмкіндік беретін білім берудің сабақтастық жүйесі қарастырылды.
Аннотация. Рассмотрена система преемственности обучения, позволяющая более комплексно и взаимосвязано рассмотреть все компоненты методической системы.
Annotation. Consider a succession system of training, which allows for more complexes and interconnected to consider all the components of the methodical system. , and provides a uniform transition to the next stage of training.
Түйін сөздер: сабақтастық, оқытудың сабақтастық жүйесі, бақылау, бағалау, түзету.
Ключевые слова: преемственность, система преемственности обучения, контроль, оценка, коррекция.
Keywords: succession, the succession system of training, monitoring, evaluation, correction.

Нәтижеге бағдарланған білім беру моделінде білім берудің әр сатысында оқушылардың білім, білік, дағдысы мен құзіреттілігін және мақсатты іс-әрекетті қалыптастырып дамыту мәселесіне баса көңіл бөлінуі қажет. Ол үшін, дербес жағдайда, бейіндік мектеп пен жоғары оқу орнында оқу үдерісінің негізгі механизмі болып табылатын сабақтастық іске асыруы керек.


Бейіндік мектептегі математикалық мазмұн әр кәсіптік бағытқа сәйкес анықталуда. Әр бағыттың өзіндік мазмұнын анықтауда сабақтастық сақталуы үшін, оқыту үдерісін комплексті қарауға мүмкіндік беретін сабақтастық жүйесі құрылуы қажет.
Оқытудың сабақтастық жүйесін құру бағытындағы зерттеу жұмыстарының арасынан А.М. Пышкало, А.В. Батаршев, А.П. Сманцер еңбектерін атап айтуға болады.
А.М. Пышкало әдістемелік жүйе компоненттерінің (оқыту мақсаты, мазмұны, әдісі, құралы, формасы) сызықты байланысы емес, осы компоненттердің жан-жақты байланыс түрінде қарастырған [4].
Ал А.В. Батаршевтің оқытудың сабақтастық жүйесі төрт құраушы компонентен тұрады - жеке тұлғаны қалыптастырудағы сабақтастық, оқыту мазмұнындағы сабақтастық, оқытудың әдіс, құрал, формасындағы сабақтастық және оқытудың дидактикалық тәсілдеріндегі сабақтастық. Жүйенің құраушылары Ю.К. Бабанский анықтаған оқыту үдерісінің компоненттерімен байланыстыра қарастырады. Автор былай дейді: «Әрине сабақтастықтың педагогикалық жүйесіне оқыту үдерісінің мақсатына сәйкес мақсаттық компонентін де қосуға болар еді. Бірақ, мақсат басқа компоненттердің барлығына қатысты болғандықтан, оны жүйенің компоненттерімен байланыстыра қарау жеткілікті деп шештік» [5, с.10].
Сабақтастық жүйесіне біртіндеп өзгеру мен ілгерлеп даму тән. Өзара байланыстағы компоненттер жүйенің дамуына әсер етіп оны жаңа деңгейге көтереді. Егер жүйе компоненттері көп болса, оның жаңа деңгейге көтерілуі оны құраушы барлық компоненттердің бірыңғай дамуы нәтижесінде емес, тек жекелеген бөліктерінің дамуы негізінде іске асады. Жүйені жаңа деңгейге көтеру үшін оның қандай да бір компонентінің өзгеруі жеткілікті. Бұл жағыдайда жүйе құраушы компоненттердің дамуындағы біртінділік бұзылады. Демек, жүйе құраушы компонентерді локалді дамитындай етіп жүйелерге топтастыру қажет. Мысалы, мақсат, мазмұн және мотивті бір жүйеге топтастыру қажет, себебі оның біреуінің өзгеруі ең алдымен басқа екеуінің өзгеруіне әсер етеді.
А.П.Сманцердің сабақтастық жүйесі оқушы мен студентті математикаға оқытудағы сабақтастықты жүзеге асырудың теориясы мен практикасын зерттеуге арналған. А.П.Сманцердің оқытудың сабақтастық жүйесі екі ішкі жүйеден тұрады: оқу-танымдық сабақтастық ішкі жүйесі және процессуалды-оқыту сабақтастық ішкі жүйесі. Бұл жүйедегі сабақтастық үзіліссіз білім беру жүйесінің түрлі кезеңдеріндегі екі детерменанттың бірігуі арқылы іске асады: ішкі, оқушылар мен студенттердің оқу-танымдық іс-әректтеріндегі сабақтастық және сыртқы мұғалім мен оқытушының іс-әректтеріндегі сабақтастық [6, с. 81].
Сабақтастық жүйе құраушы компонент саны үшеуден кем болған жағыдайда оқыту жазықтығы орнықсыз болады. Жазықтықты жаңа деңгейге көтеру үшін қандай да бір сыртқы іс әрекет жасалуы керек. Бұл әсердің қай уақытта қажет екенін алдын ала білу қиын болғандықтан өзіндік қолайсыздығын тудырады.
Оқыту үдерісі біздің жүйемізде зерттеу объектісі болып табылады. Және, әдістемелік жүйенің құраушылары - мақсат, мотив, мазмұн, әдіс, құрал, форма, бақылау, бағалау, түзету - өзара сызықты тәуелсіз үш компонентке топтастырылуы қажет деп санаймыз. Геометрияның аксиомасы негізінде бір түзудің бойында жатпайтын үш нүкте арқылы, біздің жүйеде үш компонент, бір ғана жазықтық жүргізуге болады деген аксиома бар. Ұсынылып отырған жүйе компоненттері болып мыналар анықталды: мақсатты-мазмұндық компонент, әдістемелік компонент, рефлекстік компонент (1-сурет).

1-сурет

Жүйе құру қағидасына сәйкес жүйені өзара байланыстыра ұстап тұратын жүйенің негізгі түп қазығын, яғни жүйежасаушы факторды анықтау қажет. Жүйежасаушы фактор ретінде А.М.Пышкало мен А.П.Сманцердің сабақтастық жүйесінде мақсат алынған, ал А.В. Батаршев жүйесінде бұл фактор айқын көрсетілмейді.


Математикалық білім берудің мақсаты мен мазмұны, қоғам дамуының әр кезеңіне сай, оқу бағдарламаларында, математика оқулықтары мен оқу құралдарында көрсетіліп отырады. Қоғамдағы өзгерістер білім берудің мақсаты мен мазмұнын жаңартуға алып келеді. Қазіргі уақытта мазмұн білім, білік және құзіреттілікпен анықталады. Сондықтан, ұсынылып отырған сабақтастық жүйесінде жүйежасаушы фактор ретінде білім нәтижесі алынды. Біздің ойымызша, білім нәтижесі білім берерудің жаңа парадигмасының негізгі көрсеткіші ретінде тұлғаны жетілуге және өмір бойы оқуға дайын болуына алып келеді.
Құрылған оқытудың сабақтастық жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін атап өтейік:
– компоненттердің үштік бірлігі (бұл ерекшелік жүйенің ғана емес ішкі жүйе компоненттеріне де қатысты);
– көшірімділігі және әмбебаптығы (жүйені білім берудің түрлі кезеңдері мен сатыларындағы сабақтастықты, жекелеген пәндерді оқытудағы сабақтастықты, оқушының оқу дағдыларын қалыптастыру мен танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы және т.б. сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында қолдануға болатындығы);
– ашықтығы мен қалпына келтірілетіндігі (оқу үдерісінде түрлі әдістемелерді, технологияларды қолдануға болатындығын және жүйеге әсер етуші сыртқы әсерді ескеріп қайтадан қалпына келтіруге болатындығын білдіреді) [4].
Жүйеде, білім берудің деңгейлері арасында немесе бір деңгейдегі әр бейіндік бағыттарда, сабақтастықты іске асыру педагогикалық үдерісті тиімді басқарып бағыттауға тікелей әсер етеді. Ал бұл жүйеде әдістемелік-зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінде әдіскер-оқытушының педагогикалық білімі шыңдап, кәсіби құзіреттілік деңгейі көтерілетінін атап өту керек.
Оқыту үдерісі жүргізілетін жазықтықты құрайтын сабақтастық жүйесінің компоненттері оқыту жазықтығының нық тұруын қамтамасыз етеді. Әр компонентке локальді тәуелсіздік пен даму тән. Сонымен қатар, әр компонент өз кезегінде жүйе болып табылады да сабақтастық жүйесінің ішкі жүйесін құрайды. Біздің жүйе құрудың үштік принципі бойынша әр компонент үш элементтен тұру керек. Жоғарыда айтылған әдістемелік жүйенің құраушылары сабақтастық жүйесінде былайша топтасты: мақсат, мотив, мазмұн мақсатты-мазмұндық компонентке; әдіс, құрал, форма әдістемелік компонентіне; ал бақылау, бағалау, түзету рефлекстік компонентке топтастырылды. Ішкі жүйе компоненттері өзара тығыз байланыста және бір-біріне әсері ең жоғары болу белгісі бойынша топтастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет