№2.4.5 тапсырма
Магмалық жыныстар
Минералдық құрамы:
Басты минералдары: негізді плагиоклаздар (50-70%), пироксендер (25-
50%), сирек оливин (5-10%), мүйіз алдамшы жəне биотит.
Екінші дəрежелі жəне акцессорлы минералдар: ортоклаз, кварц,
апатит, магнетит, титанит, ильменит, пирротин, пентландит (1-2%).
Қайталмалы: альбит, хлорит, уралит, тальк, серицит.
Түсі: қою-жасыл, қара
Құрылымы: ірі түйіршікті, орта түйіршікті.
Түзілімі: массивті.
Тау жыныстың атауы:
Тығыздық: 2,76-3,27 г/см
3
(ауыр)
Жатыс пішіндері: штоктар, силлар.
Қолдануы: көпірді төсеу үшін жəне қаптау материалы ретінде
қолданады.
Кенорындары: Орал, Карелия, Кольск жартылау аралы, оңтүстік-
шығыс Каракалпакия.
№2.4.6 тапсырма
Магмалық жыныстар
Минералдық құрамы:
Басты минералдары: негізгі плагиоклаздар (50-70%), пироксендер (25-
50%), сирек оливин (5-10%), мүйіз алдамшы жəне биотит.
Екінші дəрежелі жəне акцессорлы минералдар: ортоклаз, кварц,
апатит, магнетит, титанит, ильменит, пирротин, пентландит (1-2%)
Қайталмалы: альбит, хлорит, уралит, тальк, серицит.
Түсі: қара, қою-сұр.
Құрылымы: тығыз, жіңішке түйіршікті. Сынғыштығы тегіс емес,
бұдырлы.
Түзілімі: массивті.
Тау жыныстың атауы:
Тығыздық: 2,60-3,11 г/см
3
(ауыр)
Алуан түрліктері: трапп – базальт қабатты түрі, долерит – ірі
түйіршікті базальт.
Жатыс пішіндері: ағындар, жабындылар, күмбездер, дайкалар.
Қолдануы: құрылыста, қаптау материал, қышқылға төзімді материал
жəне тас құю үшін шикізат ретінде.
Кенорындары: Камчатка, Алтай, Байкал, Армения.
|