А нықтама. Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелерден тұратын геометриялық фигура шеңбер



Дата19.05.2022
өлшемі144.02 Kb.
#457347
7 сынып шеңбер есеп


А нықтама. Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелерден тұратын геометриялық фигура шеңбер деп аталады. Берілген нүктені шеңбердің центрі деп атайды. Шеңбердің кез келген нүктесін оның центрімен қосатын кесінді радиус деп аталады.
О нүктесі – шеңбердің центрі, АО – радиусы.
Белгіленуі: R немесе r.
(O, R) – центрі О нүктесі болатын,
радиусы R-ге тең шеңбер.

Ш еңбердің екі нүктесін қосатын кесіндісінхорда деп аталады. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорданы диаметр деп атайды. Диаметр – ең үлкен хорда. Шеңбердің центрі диаметрдің ортасында жатады.


CD, AB, EF – хордалар,


AB – диаметр, AB=2R.


Жазықтықтың шеңбермен шектелген


бөлігін дөңгелек деп атайды.


Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзуді жанама деп, ал осы ортақ нүктені жанасу нүктесі деп атайды.


Жанасу нүктесі шеңбер бойында жатқандықтан, оның центрге дейінгі қашықтығы радиусқа тең. Жанаманың өзге нүктелері шеңберден тысқары орналасқан, яғни олардан центрге дейінгі қашақтақтар радиустан үлкен. Олай болса, жанамасынан шеңбер центріне дейінгі қашақтық OK-ға тең, яғни . Сондықтан шеңберге жүргізілген жанама радиусқа перпендикуляр.


Есеп
1. Шеңбердің радиусы 2,5 см-ге тең. Шеңбер хордасы 6 см- ге тең болуымүмкін бе?
2. Шеңбердің радиусы диаметрден 15 мм кіші. Диаметрді табыңдар.
3.Шеңбердің диаметрі: 10 см, 8 см, 16 см. Радиусы неге тең?
4. Айдың диаметрі 3474 км. Айдың радиусы неше километр?
5. Жердің диаметрі шамамен 12700 км. Жердің диаметрі Юпитердің диаметрінен 10 есе кем. Юпитердің радиусын табыңдар
№ 6. Шеңбердің В нүктесі арқылы ВС диаметрі және ВD хордасы жүргізілген. ВD-ның ұзындығы шеңбер радиусына тең (1-сурет). ОВD үшбұрышының ішкі бұрыштарын табыңдар.

№7. ОDВ үшбұрышы тең қабырғалы. В нүктесі арқылы шеңберге жанама жүргізілсе, жанама мен ВD хордасының арасындағы бұрыш неше градус болатынын табыңдар. (300)


9. Дәптерлеріңе радиусы 4 см шеңбер сызыңдар. Осы шеңберден А және В нүктелерін табуға бола ма?


Егер:
а) АВ  3 см
ә) АВ = 4 см
б) АВ = 6см
в) АВ = 8 см болса, осы нүктелерді белгілеңдер.
10. Қауын екі бөлікке кесілген.Бөліктегі шеңбер радиусы 17 см тең.Қауын диаметрі кандай?
№11. Екі шеңбер бір-бірімен сырттай жанасады. Олардың радиустары 6 см және 4см. Шеңберлер центрлерінің ара қашықтығын тап?
№12. Радиустары 3 см және 6 см болатын екі шеңбер сырттай жанасқан.Осы шеңберлердің центрлерінің ара қашықтығы неге тең.
13. Шеңбердің ішінде орналасқан нүктеден шеңбер нүктелеріне дейінгі ең үлкен және ең кіші қашықтықтар сәйкесінше 18 см және 8 см. Шеңбердің радиусын табыңдар.
№ 14. Дәптерлеріңе радиусы 3 см шеңбер сызыңдар. Осы шеңбердің АВ және СД диаметрлері өзара перпендикуляр болса,пайда болған центірлік бұрыштардың градустық шамалары қандай?

№15.Циркуль мен сызғышты пайдаланып, центрі О нүктесінде жататын және радиусы 3см-ге тең шеңбер сызыңдар:


1. бір түзуде жатпайтын ОА және ОВ радиустарын
жүргізіңдер;
2.А мен В нүктелерінен өтетін және ОА, ОВ
радиустарына перпендикуляр болатын а және b
түзулерін жүргізіңдер.
3.а, b түзулерінің қиылысу нүктесін С деп белгілеңдер;
4.АС және ВС кесінділерін өлшеп, салыстырыңдар;
5. ОАС және ОВС үшбұрыштарының түрлерін
анықтаңдар.


Сұрақтары:

  1. бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден тұратын фигура?

  2. екі қабырғасы тең үшбұрыш?

  3. барлық қабырғалары тең үшбұрыш ?

  4. бұрышты қақ бөлетін сәуле?

  5. үшбұрыштың төбесін қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді?

  6. бұрышты өлшейтін құрал?






















Ш





































Е





































Ң































Б

















































Е





































Р





























Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет