Мына тапсырманы орындап, бақылау сұрақтарына жауа беру: 1. Ауадағы микроорганизмдер санын анықтау әдісінің маңызы.
2. Микроорганизмдерге өсiмдiктерден бөлiнген фитонцидтердiң əсерiн анықтау анықтау әдісінің маңызы.
3. Атмосферадағы зиянды заттарды бақылау мен реттеу.
Оқытуға арналған әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер: 3,6,8,9
Қосымша әдебиеттер: 6,10,11,15,17,18
Зертханалық жұмыс № 4 Тақырып: Мұнай өнiмдерiмен ластанған топырақтағы күкiртсутек мөлшерiн анықтау. Мақсаты: Топырақта анаэробты микроорганизмдер қатысуымен органикалық заттардың ыдырау процестерiн оқыту.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: 1). Шайқағыш аппарат;
2). Фильтр қағазы;
3). Тығынды 200 мл-лiк колба;
4). 1 мл — лiк колба;
5). Титрлегiш пипеткалар;
6). Воронкалар;
7). Бюкс;
8). Кептiргiш шкаф;
9). Эксикатор;
10). KМnO4 ерiтiндiсi, х.т., 0,01М ерiтiндi;
11). Натрий тиосульфаты Na2S2O3, 0,005 М ерiтiндi;
12). Күкiрт қышқылы, H2SO4 (тығыздығы 1,84 г/см4), 1:3 сұйытылған;
13). Калий иодидi, KI, х.т., 10% -тiк ерiтiндi;
14). Крахмал, 1% -тiк ерiтiндi;
15). Мұнай өнiмдерiмен ластанған топырақ.
Жұмыстың барысы 100 г топырақты конустық колбаға салып, үстiне 200 мл дистильденген су құяды. Колбаны тығынмен жауып, 4 мин шайқайды. Бұдан кейiн ерiтiндiнi фильтрлеп, конустық колбаға 100 мл фильтратты құяды, бiрнеше тамшы Н2SO4 тамызып, үстiне 1 мл 10% -тiк KI ерiтiндiсiн құйып, араластырып, бюреткадан 0,01 М KМnO4 ерiтiндiсiмен сары түс пайда болғанша титрлейдi. Иодтың артық мөлшерiн 1% -тiк крахмал ерiтiндiсiнiң бiрнеше тамшысын тамызып, тиосульфат ерiтiндiсiмен титрлейдi. 0,01 М KМnO4 ерiтiндiсi мен титрлеуге кеткен тиосульфат ерiтiндiсiнiң айырмасы 100 мл фильтраттағы күкiртсутектiң тотығуына кеткен 0,01 М I2 ерiтiндiсiнiң мөлшерiне тең болады.
1 мл 0,01 Н иод ерiтiндiсiнде 0,17 мг H2S болады. Мысалы: 0,01 М KМnO4 ерiтiндiсi мен титрлеуге кеткен тиосульфат ерiтiндiсiнiң айырмасы 3 мл болсын. Онда 100 мл фильтраттағы күкiртсутек мөлшерi — (0,17) 3 = 0,51 мг болады. Ал 200 мл фильтратта, яғни 100 г топырақта — (0,51) 2 = 1,02 мг H2S болады. Сонда топырақтағы H2S концентрациясы С (мг/кг топырақта)
С = 1000 1,02/100= 10,2 мг/кг топырақта
Топырақтың анализiнде оның ылғалдығын да анықтайды, себебi, анализде топырақ абсолюттi құрғақ болуы керек.
Топырақтың ылғалдығын анықтау:
Кептiргiш шкафта 100-1050 С температурада кептiрiлген шыны қақпағы бар шыны стаканды (бюксты) аналитикалық таразыда 0,0001 дəлдiкке дейiн өлшейдi, оған топырақ үлгiсiн салады. Қара шiрiгi мол топырақтар үшiн 15-20 г үлгi алынады, одан соң бюкстың қақпағын ашып, 8 сағатқа 1050 температурада кептiредi. Кептiрiлген топырақты эксикаторға салып, 20-30 мин жауып қояды. Эксикаторға ондағы ауаны кептiру үшiн конц Н2SO4 не сусыз кальций хлоридiн салады.
Топырақ үлгiсi кепкен соң аналитикалық таразыда өлшеп, тағы да кептiргiш шкафта 1-2 сағат сол температурада кептiредi. Кептiру мен өлшеудi 0,0003 г дəлдiкке дейiн жүргiзу керек.
Топырақтың ылғалдығын W (%) төмендегi формула бойынша есептейдi.
W = (m1 — m0) -100/(m1 — m);
бұндағы:
m1 — ылғал топырақтың (бюкспен бiрге) салмағы, г;
m0 — кептiрiлген топырақтың (бюкспен бiрге) салмағы, г;
m — бюкстiң салмағы, г;