Абай мен Пушкин шығармалары
Ресейде Абай жылы, Қазақстанда Пушкин жылы болып жариялануы-екі елдің екі халықтың бүкіл адамзатқа ортақ поэзия алыптарына деген ықыласының нақты көрінісі. Бұлай дейтініміз, алғаш Абай арқылы танысқан. А.Пушкинннің шығармаларын бүгінде білмейтін қазақ жоқ десек,бұл артық айтқандық емес.Әр көңілден өз орнын алған Пушкинге деген халықтың құрметі ерекше.
Қазақстан мен Ресей арасындағы қазіргі аса қарқынды да тартымды қарым-қатынасты,меніңше,әлі де біз үлкен жолдың басында тұрмыз деп бағалауға болатындай. Ежелден достығымыз жарасқан Ресей сынды елге Қазақстанды таныту,таныстыру бір қарағанда қажет те емес секілді көрінуі ықтимал.Ресей қоғамын республикамыздың жетістігі,табысы туралы құлағдар етіп отырудың еш артықтығы жоқ қой деп білеміз. Кеңестер одағы тарағаннан кейінгі уақытта Рессейдің ақпараттық кеңістігіндегі Қазақстан жөніндегі мағлұмат ағыны қатты тарылып кетті.Осы мерзім ішіне біздің ел туралы білетіні өте аз жаңа буын жетіліп үлгерді.Алдағы уақытта Ресейдің болашағын анықтайтын солар,кез келген саладағы екі жақты қарым қатынастың райын да осы буын өкілдері анықтайды. Сондықтан Қазақстанның табыстары мен жетістктері жөнінде құлағдар ету еліміздің тарихы, мәдениеті жөнінде кеңінен ақпарат беру-елушілік жұмысындағы басым бағыттардың бірі.Қазақстан дегенде әрбір Ресей азаматының жанында тұрақтылық,сәттілік,сенімді әріптес дос мемлекет сияқты ұғымдар оянуы қажет. Орыс әдебиеті мен мәдениетіндегі Пушкиннің орны және қазақ халқының рухани келбетіндегі Абайдың орны тең деп білеміз. Абай шығармашылығындағы Пушкиннің рөлі, оның орыс әдебиетіне деген ерекше ілтипаты тағы бар. Қазақстан мен Ресейдің мәдениет мекемелері жасасқан уағдаластық негізінде айқындалған ресейдегі Абай жылы және Қаақстандағы Пушкин жылы аясындағы іс-шаралар жоспары бар. Ол негізінен Абай мен Пушкин шығармашылығы, екі халықтың рухани жақындығы тақырыптарына арналған. 1
Абай шығармашылығы -әдебиеттің мәдениеттің ауқымынан анағұрлым асып кететін ғажайып құбылыс. Абай біз үшін ақын да философ та аудармашы да, копозитор да емес, бәрінен бұрын өзіміздің жанымызға жақын адамымыз,ағайынымыз ба, туысқанымыз ба ағамыз ба атамыз ба, әйтеуір бір жақсы танитын адамымыз сияқты
Халқымыздың ұлы ақынға құрметі біздің Абай атамыз айтқандай деп сөйлейтінімізден де көрініп тұр. Қанша жерден ғажайып қаламгер болса да,бүкіл халық ата тұтатын әдебиетшіні әлемдегі асқа бірде бір елден кездестіре аламаймыз. Бұл –Абайдың қазақ үшін әдебиет,мәдениет руханият ауқымдарына сыймайтын қымбат қасиетін тамаша танытатын жайдың бірі. Абай-ұлттың атасы халықтың рухани әкесі.егер әрбір қазақ баласы, ауық- ауық болса да Абай томын қолға бір алып қойып, бір өлеңін болса да қайталап оқып отырса, өзіне өзі Абай алдында іштей есеп берсе қалай өмір сүріп жатырмын осы Абайдың атқан ақылын алдым ба, жасаған сынынан қорытынды шығардым ба , шық деген биігіне ұмтылдым ба, шық деген биігіне ұмтылдым ба,жасаған сынынан қорытынды шығардым ба, шық деген биігіне ұмтылдым ба, адам атын ақтайтындай не істедім мен өзім, дегендей ойға түсіп тұрса қазақтың бағы баяғыда жанып,ортақ үйіміздің түтіні де түзу ұшар еді-ау Абайдың ойшылдық қарымы мен зертеушілік тегеурінін де өз заманының шым-штырық қайшылықтарға толы шындығы белгілеп берді.Сол шытырманнан шығар жол іздеп жүріп ол өз халқының ұлттық бітімін жан-жақты пайымдады. Оның басындағы тақсіреті егжей-тегжейлі талдады. Халқына қамқор,ұлтына жанашыр болам деп жүріп күллі адамзатқа мейірбан гуманистік өреге көтерілді.кісі мен кісінің де,халық пен халықтың да арасында бола беретін кикілжіңдердің бәрінен жоғары тұра білді.Ұлықтарды ұнатпағанымен, көрші орыс халқына басқа да халықтарға зор ілтипатпен қарады.Патшалық билікті мансұқтнғанымен ұлы орыс мәдениетінен тәлім алды.Аз халықты да көп халықты да бауырластыратын рухани ықпалдастық деп түсінді.Адамға адам баласынң бәрін дос санады. Оны батысқа, шығысқа, алысқа жақынға бөлмей біртұтас құбылыс ретінде қарастырды. Дала өмірін түзету үшін толассыз жетіліп толассыз шыңдалып жатқан адамзаттық қауымдастықтың тыныс-тіршілігіне үңілу қажет болды.
Ресейде Абай жылы Қазақстанда Пушкин жылы ашылған біз құшаққа сыймайтынды құшақтауға ұмтылмау керектігін ескере келіп ұлы ақынымыздың бір ғана қырына аудармашылығына соның өзінде бір ақынның бір шығармасынан ғана жасаған тәжірибелеріне тоқталмақпыз. Елбасымыз айтқандай, адамзаттық қауымдастықтың тыныс-тіршілігіне үңілген тұста Абайдың айрықша назары түскені А.С.Пушкиннің Евгений Онегині.Абайдың тәржіме тұлпарының жалына қол артқанда алдымен Пушкин Пегасына ұмтылғанның өзі оның талғам тереңдігін танытып тұр. Атамызды бүгін Мәскеу төріндегі тас тұғырға көтеріп шыққан қасиеттерінің бірі де-Адамзаттың бәрін сүйіп бауырым деп жырлаған ұлы жүрегі,жаһанды құшағына сыйғызған қазақы дархан жаны.
Сырлы суреткер Тәкен Әлімқұлов Жұмбақ жан атты тамаша кітабында Абайдың Евгений Онегинге қалай келгенін қысқа қайырып айтып өтеді. Абайға дәуірлік,шежірелік, қатпарлы, қыртысты үлгі керек болды.Осы ретте ол орыс өмірінің энциклопедиясына баланған Евгений Онегинді таңдады. Орыстың әдеби ілімінде басы артық адам атанған образдар Абайға іштей бауырласты.Үстем қауыммен қақтығысуға дәрмені жоқ, дүниеден торыққан Онегин Пушкинге қандай сырлас болса, Абайға да сондай мұңдас еді.Оның Евгений Онегин романынан үзінді аударуында осындай гәп бар.Орынды ой жайдың нақты дәлелі де бар.Н.А.Добролюбов Пушкиннің адамзат алдындағы басты еңбегі бүкіл әлемге орыстың болмыс-бітімін ашып бергені деп санаған болса,ақынның сол еңбегі бәрінен бұрын осы Евгений Онегин романында айрықша танылады.
Роман Абай қалай аударған деген сауалға оралсақ,қазақтың ұлы ақыны Евгений Онегинді тұтас аударған болуы да мүмкін . Ақын көлемді романды аударудың осындай жолын таңдаса да ғажап емес. Абай аудармаларын таратушылар Онегиннің сипатын суреттегенде, Татьянаның хатын әндеткенде,оған Онегиннің жауабын баян еткенде, Онегиннің Татьянаға сөз салатын хатын айтқанда, Татьянаның жауабын шырқағанда Ленскидің бақұлдасуын келтіргенде,ақыр-аяғында Онегиннің өлердегі сөзін жырлағанда, сол аудараларды, дәл Абайдың қазіргі шығармалар жинағындағыдай күйінде үзік-үзік етіп жеткізбеген. Олардың бәрінің де ара арасында баяғы араб мұхадистерінң әдісімен роман оқиғасының ұзын –ырғасын баянндап қойып,
Достарыңызбен бөлісу: |