Абайдың шәкірттері туралы. 1951 жылы, 6-апрель күні Алматыда қорғалған «Абайдың әдебиет мектебі»



Дата25.02.2016
өлшемі37.87 Kb.
#20100
Абайдың шәкірттері туралы.
1951 жылы, 6-апрель күні Алматыда қорғалған «Абайдың әдебиет мектебі» деген Қайым Мухаметхановтың диссертациясына Әуезов мақтап пікіp айтады, соның ішінде де Тұрағұл мақталып жүр. Осы жылы баспаға берілген «Абайдың шәкірттері деген өлеңдер жыйнағына Әуезов ұзақ кipicпe cөз жазады да, «Абайдың шәкірттepi» деген тізімге, Абай аулында әр кезде молда боп, қадым жолымен бала оқытқан Мүрсейіт, Махмұд, Самарбай де­ген адамдарды кіргізеді. Сөйтіп Әуезовтың әр жылда жазған мақалаларында, «Абай шәкірттері» деген адамдардың тізімдері кеңейе береді.

Бірінші – Шәкәрім Құдайбердин. Бұл адам Революцияға дейінгі діншілдік-ұлтшылдық бағытта жазған адам. 1917 жылы, pеволюцияға қарсы ұйымдасқан «Алашорда» партиясының Семейдегі Облыстық съезін «Алаш ақсақалы» боп ашқан адам, революцияға қарсы бағыттағы «Абай» журналымен «Сарыарқа» газетіне Октябрь революциясына қарсы мақалалар жазған адам; 1929 жылы бай-кулактарды бастап, Шыңғыстау ауданында Совет өкіметіне қарсы құралды көтеріліс жасап, жазықсыз талай адамды өлтіріп, өзi атыста оққа ұшқан адам. Бұндай бандитті, ол атылып өлгеннен кейін де, Мухтар Эуезов жолдастын 1934 жылы да, 1940 жылы да «Абай шәкірттері»нің тізіміне қосып мақтауы oйға сыймайды.

Ендігі сөз Кәкітай Ысқақов туралы. 1909 жылы шыққан Абайдың 6ipiнiшi өлендер жыйнағын құрастырып бастыруда Көкітайдың еңбегі болғаны рас. Бipaқ, жыйнаққа басылған «Абайдың өмір баяны» оның еңбеri емес, 1907 жылы, «Записки Семипала­тинского отделения западно-Сибирского от­дела, императорского русского географиче­ского общества. Выпуск — ІІІ» деген атпен шыққан кітапта, ұлтшылдардың атаманы Әлихан Бекейханов жазған мақаланың дәлме-дәл аудармасы. (1 – 8, немесе 156 – 164-беттер). Сондыктан да, мақалада байшыл-ұлтшылдықтың исі айқын тұрады. Бұлардан басқа, «Көкітай жазыпты» деген eкi өленінің не автордың шығармалық бетіне куә боларлық, не қазақ әдебиетінің тарихына ешкандай пайдасы тиерлік құны жоқ. Сондықтан, Абай өлеңдерін жыйнап бастырғаның атап айтып, шығармалық eш6ip бeтi жоқ Көкітайды «Абай шәкірттері» деген тізімнен шығарған жөн.

Биографтардың айтуынша, Мағауия, «Абайдын, тапсыруымен» үш поэма жазған: «Шамиль», «Еңлік-Кебек», «Медғат-Касым».

Биографтар «Шамиль» сақталмаған деседі. «Сондай поэма болыпты-мыс» деген мәліметті Әуезов жолдас әр жылдарда жазған мақалаларында айтып жүр. Осы мақалалардың бәрінде де Мұхтар Әуезов Шәмильді «Кавказ елдерінің бостандығы үшiн күрескен халық көсемі еді» дейді. Шәмильдің ағылшын разведкасына агент болғанын, көтерілісті сол разведканың тап­сыруымен жасағанын, сондағы ұраны панисламистік пен пантуркистік болғанын 1949 жылы большевиктік баспасөз бетінде жарияланған мақалалар ашып берді. Содан Keйін баспаға берілген «Абай шәкірттері» деген жыйнаққа жазған кipicпe сезінде профессор Әуезовтың «Мағауия Абайдың мәслихатымен және материал бepyiмeн пайдаланып, бірнеше поэма жазды». Ол жазған поэмалар «Еңлік-Кебек», «Абылай», «Шәмиль» жэне «Медғат-Қасым». Шәмиль поэмасы жоғалып кеткен (қолжазбаның, 14-6eтi) деуі eш6ip ақылға сыймайды.

Біздің заманның Абайды зертгеушілері өнебойы турадан-тура ислам дінінің үгітшісі болған Көкбай, Әpiп, Әсет сыяқты барып тұрған кертартпа адамдарды дәріптеп, XIX ғасырдағы казақтың ең прогресшіл ақыны Абайдың қаумына қосқысы келеді. Бұл - өтпейтін жарлық. Бұған қазақтың «өтпес жарлық, бойға қорлық» деген мақалы тура келеді.

Жиреншинді Әуезов, «Абайды Қара-Мола съезінде сабатады, бұл жаулардың өceri, саяси қате» деп кіналайды, өзi «Абай» пьесасында Абайды сахнада саба­тады, «Абай» киносында экранда сабатады, «Абай» Шығармалары толық жыйнағының 1932 жылы, 1940 жылы, 1945 жылы шыққан кітаптарында жазған мақалаларында сабатады. Рецензияда солардың бәрін ұмытады.

«Акын ага» романның 6ipiнiшi кітабының алғашқы 6ip редакциясы Абайды сабатумен бітетінің, Абайдың құның әпереміз деп,


сол маңдағы рулардың, барлық «игі жақсылары» Семейде жыйналатынын, бұлай жазудың категе соғуын Мұстафин, Әбішев сияқты жазушылар дәлелдегеннен кейін, Мұхтар Абайды сабаткан беттерін алып
тастаранын, кейін, кітап боп шыккан вариантында Абайдың орнына Тәкежаннын жылқыларын қойып, алғашқы вариантта Абайдың құнын жоқтамақ болган «игі жақсылар», кітап боп шыққан вариантта, - Базаралы бастаған кедейлер қырып алған Тәкежан жылқыларының құнын жоқтап,
кедейлерден үш есе ғып төлетіп беретінінде, Әуезов Жиреншин кітабына жазған рецензиясында ұмытқан болады.

Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің тіліi «Социалистік Қазақстан» газетінің 1947 жылғы 14 наурыздағы 52-санында С. Баншев жолдас «Профессор М. Әуезов өткендегі қателіктерінің шырмауында» деген атпен мақала жазып, Әуезовтың 1932 жылы басынан кешкен саяси кателігін баспасөз бетінде мойнына алғаннан кейін де, ecкi қателіктерінен шырмалып шыға алмай жүргені, талассыз документтермен дәлелді

Біз Әуезов жолдасты да, оны бұл мәселеде қолдаушыларды да кателігін большевикше мойындап, түзетудің шарасын қарастыруға шақырамыз.

Түзетудің жалғыз-ақ жолы бар, ол, - барлық еңбекте де марксизм - ленинизм ғылымына сүйену. Кімде-кім осы ғылымға бepiк сүйенбесе, оның кателікке ұшырауы даусыз. Бұл жөнде Сталин жолдастың төмендегі сөздерін естен шығармауымыз керек: «Дәрігер маманның - дейді Сталин жолдас, - онымен қатар, физика немесе ботаника маманы болуының я, оның кepiciншe болуының қажеті жоқ. Біpaқ ғылымның 6ip саласы бар, ғылымның бұл саласын білу, ғылымның барлық салаларындағы большсвиктерге міндетті болуы тиic, - ол қоғам туралы, қоғамның даму заңдары туралы, пролетариаттық революцияның заңдары туралы, социалистік құрылыстың даму заңдары туралы, коммунизмнің жеңуі туралы, марксистік-лениндік ғылым» (Ленинизм мэселелері, Қазақтын, мемлекеттік баспасы, 1940 жыл, 511-бет).



Осы ғылымға сүйенсек, біз зерттеу жұмысында да творчестволық жұмыста да қателіктерді жоя отырып, тек өсу жолында боламыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет