Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата30.11.2023
өлшемі1.37 Mb.
#485013
  1   2   3
Әділұлы Айқын СӨЖ-3



Абайтану тарихының
бел белестері 


Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының ең
көп зерттелген өнімді саласының бірі. Ақын
шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық
көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ,
оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар. Абай
өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні
бар алғашқы ой-пікірлердің жарық көруі де осы
ғасырдың бас кезінен басталады. Бірақ Абайдың
алғашқы зерттеушілерінің аты-жөні мен
еңбектері соңғы кезге дейін жабық саналып,
Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде
қалып келді. Тек еліміздің тәуелсіздік алуы
жағдайында ғана бұл мәселені ашық әңгімелеуге
мүмкіндік туды


Абайтанудың арғы бастау бұлағы,
қайнар көзі жайында айтқанда,
алдымен Әлихан Бөкейханов, Ахмет
Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың
мақалаларын ауызға аламыз.
А.Байтұрсынов, 1913 жылы «Қазақ»
газетінде басылған «Абай —
қазақтың бас ақыны» атты
мақаласында: «Онан асқан бұрынғы-
соңғы заманда қазақ баласында біз
білетін ақын болған жоқ», — деп
Абайды аса жоғары бағалады


Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп
баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болғаннан соң
ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы
деректер жетерлік. Жарық көруінен бірнеше жыл
бұрын құрастырылып, 1909 жылы Санкт-Петербургте
басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз
қырықтай өлеңдері (аударма өлеңдерін қосып
санағанда) және «Ескендір» мен «Масғұт» поэмасы
басылған, яғни, осы күнгі белгілі поэзиялық
шығармаларының көрнектілері түгелге жуық
қамтылғаны айрықша атап айтарлық. Бұл тұңғыш
жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай
Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет