Абат қыдыршаев



Дата07.10.2023
өлшемі23.27 Kb.
#480092
АБАТ ҚЫДЫРШАЕВ


АБАТ ҚЫДЫРШАЕВ
«ҚОҒАМДЫҚ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ҒЫЛЫМИЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ АЛҒЫС ХАТЫНЫҢ ИЕГЕРІ, «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМЫН ДАМЫТУҒА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» ТӨСБЕЛГІСІНІҢ ИЕГЕРІ, ҚР ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ, ҚР ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, ҚР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ.
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҮДЕРІСІНДЕ ТЕР ТӨККЕН ҒАЛЫМ.

Жаңарған тәуелсіз еліміздегі жақсы жаңалықтардың басым бөлігі ел болашағы жастарымызға терең жоғары білім берумен байланысты. Бәсекеге қабілетті ұрпақты кәсіби мамандыққа баулу ісі қашан да басты назарда. «Балам дейтін жұрты болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын» демекші, бұл ретте жас ұрпаққа білім нәрін сіңіріп, жас қыранды биікке самғатуға, елін сүйе білуге, туған жерінің игілігіне қызметін арнауға баулитын басты тұлға – ғалым-ұстаз. Белгілі ақын Ғайса-Ғали Сейтақ: «Алда жүргін көзіңнен жарқыл ұшып, Өмір – бәйге, оза бер жалқы шығып. Шешендіктің шыңына көтерілгін, Қара сөздің қаймағын қалқып ішіп!» деп жырлағандай, сондай ғалым-ритор ұстаздың бірі Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы 1963 жылы 15 қарашада Гурьев (Атырау) облысы, Теңіз (Құрманғазы) ауданы, Киров (Зормата) ауылдық кеңесінің Тайланбай ауылында дүниеге келген. Ол 1981 жылы осы ауданның Котяев (Бөкей хан) селосындағы Н.К.Крупская (Фариза Оңғарсынова) атындағы орта мектебін бітіріп, А.С.Пушкин (Махамбет Өтемісұлы) атындағы Орал педагогикалық институтының филология факультетіне қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1985 жылы аталған білім ордасын үздік тәмамдаған. 1985 жылы Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы К.Маркс атындағы (қазір Әбу Сәрсенбаев атында) орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастаған. 1990-2008 ж.ж. Орал педагогикалық институтына арнайы шақыртумен қызмет орнын ауыстырып, аталған институттың қазақ тілі кафедрасының ассистенті, оқытушысы, «Қазақ тіл


білімі», «Қазақ лингводидактикасы», «Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы» кафедраларының меңгерушісі, филология, қазақ тілі мен әдебиеті, педагогика факультеттерінің деканы болып жұмыс жасаған. 2009-2011 ж.ж. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор, «Кәсіптік білім», «Қазақ және орыс тілдері» кафедраларының меңгерушісі ретінде еңбек еткен. Ал 2011-2019 ж.ж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика, филология,мәдениет және өнер факультеттерінің деканы, Көптілді білім беруді дамыту, «Махамбет» ғылыми-зерттеу орталықтарының, «Махамбет» гуманитарлық зерттеулер институтының директоры қызметтерін аса жауапкершілікпен атқарған. 2019 жылдың
ақпан айынан бастап күні бүгінге дейін «Қоғамдық рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу институтының директоры лауазымында қызмет етуде.
Абат Қыдыршаев 1995 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің аспирантурасын бітірген. Ол – елімізде алғаш рет «Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын (1995 ж.), тұңғыш рет «Шешендіктануды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» (Жоғары оқу орындарының гуманитарлық бөлімдері бойынша) тақырыбында докторлық диссертациясын (2001 ж.) қорғаған. «Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы» (Орал, 1998 ж.), «Шешендіктануды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» (Алматы, 2000 ж.), «Педагогикалық риторика» (Орал, 2022 ж.) атты монографиялары басылым көрген. Абат Сатыбайұлы - республикамызда «Шешендіктану» оқулығын тұңғыш рет әзірлеп, мемлекеттік тіліміздің дамуына және ұлттық құндылықтар үдесінде мамандар даярлау ісіне зор үлес қосушы. Бүгінгі таңда «Шешендіктану» оқулығы мол сұранысқа ие болып, оқу құралы төрт рет (2004, 2014, 2015, 2023) басылым көрген. «Қазақстан Педагогикалық ғылымдары академиясының хабаршысы» (Алматы, 2013 ж., қаңтар-желтоқсан) ғылыми журналы бетінде «Білім беру жүйесіндегі шешендік өнер» айдарын ашып, жыл бойы ай сайын ғылым саласы бойынша мақалалар топтамасын жариялаған. 2004-2007 ж.ж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы филология, педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д14.09.04 диссертациялық кеңесінің мүшесі, 2007-2008 ж.ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті жанындағы педагогика және психология мамандығы бойынша эксперттік комиссия мүшесі және ғалым хатшысы, 2010 ж. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жанындағы филология, педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.61.27 диссертациялық кеңесінің мүшесі болды. Профессор А.С.Қыдыршаевтың
ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыты: Қазақ тілін оқыту әдістемесі, шешендіктануды (риторика), шешендік өнерді оқыту теориясы мен практикасы, педагогикалық, техникалық жоғары оқу орындарындағы және орта мектептердегі риторика, оны оқытудың әдістемесі және технологиялары, педагогикалық риторика, тілтану педагогикасы мен психологиясы, әдебиеттану педагогикасы мен психологиясы, этнопедагогика, ахметтану, махамбеттану, фарабитану, абайтану, шешендіктану және қазақ афористикасы проблемалары.
Ғалым-педагогтың мақалалары АҚШ, РФ, Қытай, Түркия, Бразилия, Чехия, Аустрия (Вена) және т.б. елдердің басылымдарында, ғылыми жинақтарында жарияланды. Абат Қыдыршаевтың ғылыми жетекшілігімен біршоғыр шәкірттері мектепке дейінгі тіл ширату мәселесімен, бастауыш, орта, жоғары сыныптардағы шешендік өнерді оқыту, жоғары оқу орындарында риториканы оқыту (педагогикалық білім ордаларында педагогикалық риториканы оқыту, көшбасшы студенттердің сөйлеу мәдениетін, шешен сөйлеу білік-дағдыларын қалыптастыру) проблемаларымен шұғылданып, кең көлемді ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстармен айналысуда. Профессор А.С.Қыдыршаевтың ғылыми жетекшілігімен 2 ғылым кандидаты әзірленіп, 40 магистр даярланды. Ол – жалпы көлемі 200 баспа табақ мөлшеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті, филология: қазақ тілі, педагогика және психология т.б. мамандықтарында оқитын студенттер мен магистранттарға және филолог мамандарға, мектеп мұғалімдеріне арналған жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі ұсынған 50 оқу құралы, 6 электронды оқу құралы, 22 оқу бағдарламасы және 31 оқу-әдістемелік құралының авторы. Профессор А.С.Қыдыршаевтың жетекшілігімен 7 авторлық курс даярланды («Ахметтану», «Шешендіктану», «Сөйлеу мәдениетінің негіздері», «Педагогикалық риторика», «Махамбеттану», «Тілдік қатынас мәдениеті», «Шешен сөйлеу мәдениеті»).
Абат Сатыбайұлы – педагогика ғылымдарының докторы (2001), профессор (2008), Қазақстан Педагогикалық ғылымдары академиясының академигі (2009), ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғалым мамандарға арналған ғылыми-зерттеу еңбектерге орай берілетін мемлекеттік стипендия иегері (2006-2008 ж.ж.), Ресей Риторикалық қауымдастығының мүшесі
(2009), «ҚР Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының (2007), атағының (2012) иегері, Еуропалық ғылыми-өндірістік палатасы Алтын медалінің және сапа жөніндегі дипломының (Diplomdi Meritо)
иегері (Мәскеу, 2013), ҚР Журналистер одағының мүшесі (2015), «Қазақстанның құрметті ұстазы» (2019), «Жоғары оқу орнының үздік
педагогы» (мамыр, 2020), «Үздік педагог-зерттеуші» (тамыз, 2020), «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» (2023) және Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының шешімі бойынша ХІІІ Республикалық тәуелсіз қоғамдық байқаудың жеңімпазы ретінде «Үздік ұстаз» төсбелгілерінің (2021 ж., желтоқсан) иегері. Сондай-ақ, А.С.Қыдыршаев Республикалық «Үш қоңыр» әдебиет, мәдениет және өнер газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі, «Махамбет» республикалық әдеби, мәдени және танымдық журналының Бас редакторы
(Алматы, 2022), 2017 жылы басылым көрген «Ахмет Байтұрсынұлы» энциклопедиясының редакция алқасының мүшесі, 2020 жылы жарық көрген «Жұбан Молдағалиев» энциклопедиясының Бас редакторы, жоба жетекшісі.
А.С.Қыдыршаев - Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатының (2019 ж., маусым), Алғысының (2019 ж., тамыз) иегері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасының ( 2007 ж.), Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасының (2018 ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің (2012 ж.) иегері, Халықаралық Махамбет атындағы сыйлықтың иегері (2022 ж., 14 наурыз). Ауқымды да жемісті ғылыми-педагогикалық қызмет атқарумен қатар Абат Сатыбайұлы еліміздің, аймақтың қоғамдық-мәдени өміріне де белсене қатысуда.
Жоғары оқу орнының үздік ритор ұстаз-ғалымына өз тұсында берілген бағалар да жеткілікті. Мәселен, профессор Серікқали Шарабасов: «Қарға тамырлы қазақта ініден қымбат еш нәрсе жоқ. Іні болу оңай әрі қиын. Оңайы – алда сүйенер иығы, жетелер жолы бар, қиыны – саған күллі жұрт үмітпен қараған екен, тілегін артқан екен, ал не бітірдің?! Біздің ініміз, тұтас университет інісі – Абат Сатыбайұлы Қыдыршаев үміт үдесінен шыға білген тұлға... Абат Қыдыршаев туған институтына 1990 жылы келді. Ғылыми жұмыста анда-санда бір мақала беріп мүлгіп жүрген оқытушылар ортасына динамит тастағандай болды. Студенттер қатары қайта тіріліп, түрленді. Абаттың оққағары – еңбегі. Еңбегің жана бергей, талантты інішегім, өйткені сенің табысың – жеке адам табысы емес, кафедра, деканат, университет табысы. Жасыңыз өрлік пен биіктік жасы болсын!» (2013 ж.) деп жазса, ғылыми кеңесшісі, профессор Нұржамал Оралбаева: «Мен Абаттың еңбекқорлығына тәнтімін. Кандидаттықты екі жылда қорғады, ал докторлықты Сізге өтірік, маған шын дәл екі жылда жазды. Мұндай еңбек өте еңбекқор адам қолынан келеді. Мұнда әйтеуір доктор болайын деген өлермендік емес, қайнаған шабыттың бұрқылы жатыр. Абат әлі де талай асуларды талмай алады деп сенемін» (2001 ж.) деп ағынан жарылған-ды.
Журналист Александр Суетин: «При первой встрече с нашим героем невольно напрашивалось сравнение с горой, глыбой: высокого роста, статный, крепкого сложения, со стремительной, уверенной походкой и голосом степного трибуна… Насчёт читать лекции или просто о чём-то беседовать-заслушаешься! Учёный, педагог-мыслитель, доктор педагогических наук, профессор, академик Академии Педагогических наук Казахстана Абат Сатыбаевич Кыдыршаев известен в научных и педагогических кругах Приуралья и Казахстана как крупный исследователь,
занимающийся изучением вопросов языкознания, риторики, лингводидактики. Сегодня он - декан факультета культуры и искусств ЗКГУ им. М.Утемисова. Всегда сдержанный и рассудительный, он никогда не ругал учеников, умел убедить любого лентяя изменить своё отношение к учёбе, обладал даром красиво и образно говорить. Высокий профессионализм и организаторские качества Абата Сатыбаевича ярко проявились и на поприще декана факультета культуры и искусств. Здесь создана отличная атмосфера для занятий, постоянно совершенствуется методика преподавания, развиваются контакты с другими вузами. И все эти успехи, надо думать, не
предел. Возможно, преподаватели факультета проявят себя и в журналистике. Как их декан. Он член Союза журналистов Казахстана. Тесно сотрудничает с печатными изданиями Казахстана с 1995 года, имеет более 500 публикаций. Регулярно печатается в научном журнале «Вестник ЗКГУ», ведёт рубрики в университетской газете, привлекая к такой работе студентов. Жизненное кредо учёного Абата Кыдыршаева можно определить словами казахской народный поговорки: «Искусство - живой ручей, наука - яркий светильник». Абат Сатыбаевич всегда следовал этой истине-тому, что многом делает человека человеком» (2018 г.) деп жазса, әріптесі, ф.ғ.д., профессор Мұрат Сабыр: «Профессор Абат Сатыбайұлы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты - қазақ тілі мен шешендіктануды оқытудың теориясы мен практикасы мәселелері. 2001 жылы «Шешендіктануды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, ғалым ретінде қалыптасқан жан. Ғылыми еңбектерінде шаршы топ алдында сөз сөйлеудің заңдылықтарын зерделей келе, шешендіктанудың теориялық және практикалық қырларын талдап түсіндірген. Ғалым шешендік сөзді жанды сөз әрекеті арқылы көрініс беретін эмоционалды-интеллектуалды шығармашылықтың ерекше бірегей түрі тұрғысында тұжырымдайды. Ол ұлттық шешендік өнердің тарамдарын білу бүгінгі ұтқыр ойлы, шешен тілді ұрпақ тәрбиелеудің кепілі екенін баса айтып, өзіндік өнегесімен шәкірттеріне үлгі болып, сөз сөйлеу дағдысына баулып жүрген бірегей ұстаз. Ал «Шешен сөйлей білеміз бе?» атты еңбегінің ұтымды тұсы - қанатты сөздерді тақырыптық топтарға жүйелеп, оқырманының тез ой түюіне мүмкіндік туғызуы, ұтқыр ойлауға жетелеуі. Оқу құралының басты ерекшелігі - оқумен, тоқумен, асыл сөзді тыңдаумен, тұшынумен шешендікті жұғысты етуге болатынын айқын дәлелдей алуы. Болашақта топқа түсіп, ел мүддесі үшін тер төгіп, көпшілік алдында сөзді қару қылар әрбір маманға ой салар тиімділігі таңғажайып қажетті оқу құралы» (2017 ж.) деп ой түйіндейді. Ал журналист Марта Жұмағалиева: «В многогранном таланте многоуважаемого Абата
Сатыбаевича Кыдыршаева, педагога, ученого, наставника молодежи, есть яркий момент – это трепетное отношение к живому слову. И на каком бы языке он ни говорил - казахском или русском - речь его всегда полна вдохновляющей красоты. Книга А.С.Кыдыршаева «Шешен сөйлей білеміз бе?», совсем недавно презентованная автором, дает нам надежду, что любой желающий может прикоснуться к источнику живой речи, явившись и учебником, и увлекательным чтивом, и словарем одновременно. И возможно - настольной книгой для ценителя казахской словесности. Разбитый по тематике материал очень удобен для чтения. Если вам непременно надо блеснуть эрудицией или поразить остроумием слушателей, обратитесь к данной книге. Вы обязательно найдете подтверждение ваших мыслей, более того, вы будете вдохновлены на то, чтобы научиться красноречию» (2017 г.) деп сипаттаса, Дана есімді алтын қызының: «Бабалардың қасиетін сақтаған, Байсалдысың ғалым-ғұмыр атқа тән. Думан бүгін отбасыңда мереке,
Туған күнің құтты болсын, ақ папам! Талай жерде көрегендік таныттың, Төбедейсің, төрінде жүр даңқтың. Перзенті боп бір ананың туылып, Нар тұлғасы болдың енді халықтың. Қай сәтте де мен өзіңе сүйендім, Жақсылығын көр Жаратқан иемнің. Аман-есен жүзге қарай қадам бас,
Ортасында немере мен жиеннің» (2013 ж.) деуі қандай иланымды!
Қысқасы, бүгінгі таңда академик Абат Сатыбайұлы Қыдыршаев - Қазақстандағы оқыту әдістемесін, шешендік өнердің теориясы мен тәжірибесін, жоғары оқу орындарында және орта мектептерде риториканы оқыту әдістемесі мен технологияларын зерттеу жолында молынан тер төгіп жүрген бірден-бір ғалым.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет