Абдиманапова акнур бауыржанкизи



бет17/25
Дата20.05.2024
өлшемі171.85 Kb.
#501581
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Қоғамдық қатынастардың Лингвистикалық мазмұны ДИсс

2.2 Синхронды аударма

1926 жылдан бастап ілеспе аудармадан синхронды аудармаға көшу басталыпты. Бірақ ол 1945 жылдан кейін ғана толық жүзеге асқан. Бұл халықаралық кездесулерде, жиын, мәжіліс т.б. мәдени, қоғамдық шараларда бірнеше жұмыс тілдері қатар пайдаланылған кезде уақытты айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді. Синхронды аударма – аударманың ең күрделі түрі. Оның басты ерекшелігі: шешен сөзін бір мезетте жарыспалы түрде қатар қабылдау және аударма тіліндегі сөздің туындауы. Уақыттың қатаң шектеулігіне байланысты айтылған сөзге үйлесімді, тәржіме жасау. Синхронды аудармаға берілген уақыт ілеспе аудармадан екі есе аз, сөйленген сөздің жазбаша мәтінінен 20-30 рет аз. Сонымен бірге шешен сөзінен кейін кідіріп қалмау, сөйлеу жылдамдығына ілесу әрі сөз сөйлеу қарқынымен сәйкесіп отыру қажет.Ең басты дәстүрлі ережесі – екі тілді терең жетік білумен бірге, әңгіменің мәнін, маңызын жете түсініп, мүмкіндігінше толық қайта мазмұндаy[16].


Синхронды аудармашы шешен сөзінен кейін шұғыл аудару әрекетіне көшеді. Ол сөйленген сөзді бар зейінімен тыңдай отырып, аудару барысында дұрыс шешім қабылдауға дағдыланады. Алғашында баяндама немесе шешен сөзін тыңдаған залдағы адамдар бар зейінімен оның аударылуын асыға күтеді. Шешен сөзінің айтылу шапшаңдығы секундтар үлесінде. Санаулы ғана секундтарға созылатындықтан, өте тез аяқталады. Аудармашыдан мәтінді дұрыс қабылдап, анық, айқын түсініп, сапалы, жақсы аудару, сонымен қатар, сәтті сәйкестік пен дәл баламаларды жедел таба білу, оны сөзбен тез, қисынды байланыстыру талап етіледі.
Шетелдік аударма зерттеушісі Ж.Илья синхронды аударма қызметін төрт кезеңге бөліп қарастырады:

  1. аударма әрекетінің қалыптасуы;

  2. сөйлемді тыңдап алу;

  3. оны іштей ойда аударып шығу;

  4. келесі сөйленген сөзді қабылдау[16].

Синхронды аудармаға ақпаратты ықшамдау, мәтіндегі сөздерді жинақтап мазмұндау тән. Сөйленген сөзде қыстырмалар, қайталаулар ұшырасады. Ол сөйлеу қызметіндегі лингвистикалық және психологиялық заңдылықтар қатарынан, жекелей алғанда сөйлеу ақпаратын жеткізу ауқымынан шығып кетеді. Шешен сөзіне аудармашының бейімделуі – коммуниктивтік қатынас жағдайындағы терең білімге, аудармашлық тәжірибеге, негізгі айтылған ойлардың мақсатын, тақырыбын, мәнін, мәтіннің мағыналық мазмұнын және тілдік түрлерін тұспалдауға, болжауға сүйенеді. Бағдарлау табысты болуы үшін аудармашы мағыналық тізбектегі бағдарлау нысанының сапасын анықтай келе, сөйленген сөзден небәрі 1-3 секундтай ғана қалып отырады. Аудармашылық шешімді жүзеге асыру мәтін тыңдалып біткеннен кейін аяқталады.
Синхронды аударма ілеспе аудармадан өзінің құрылымымен, аударма әрекетінің орындалу жылдамдығымен, шешеннің айтқан ойларын үйлеспелі сипатта лингвистикалық негізде қайта жасаумен және сөйлеудің лексика-грамматикалық құралдарының дұрыс ұйымдастырылуымен ерекшеленеді. Синхронды аудармашы қызметінің басты ерекшелігі уақытпен ұдайы сәйкесу болса, бұл үдеріс сөзді бір тілде тыңдау, жедел аудармашылық шешім табу және басқа тілге кідіріссіз аударуды қамтиды.
Синхрондық аударма – техникалық прогрестің құбылысы әрі үлкен жетістігі. Аударманың коммуникациялық жүйесіне енгізген ғылым мен техниканың ХХ ғасырдағы елеулі жаңалығы. Синхронды деген сөз грек тілінен енген. Мағынасы бірге, бірмезгілде дегенді білдіреді. Яғни сөйленген сөзбен бір мезгілде жасалатын аударма. Дәлірек айтқанда, сөйленген уақытқа үйлесіп отыратын ауызша аударма.
Синхронды аударма – күрделі де жауапты және барынша қазіргі тілге тән тәсіл. Оның өзіндік қалыптасу, техникалық жабдықталу тарихы бар. Ол ең алғаш Нюрнбергтегі халықаралық сотта қолданылды. Жаңа қалыптасқан мемлекеттер тәуелсіздігін құрметтеуге қатысты әрі неғұрлым халықаралық маңызы бар жиын, кеңестерде уақытты үнемдеудің ұтымды тәсілі ретінде кеңінен қолданылды.
Синхронды аударма жүйке жүйесіне ерекше күш түсіреді. Сондықтан ол – ойлау қызметінің ең күрделі түрлерінің бірі. Аудармашылық шешімдерді іздестіру мен қабылдау, сәтті балама табу жағдайына дағдылану жүйкеге айрықша психологиялық ауыртпалық түсіреді. Мұнда ұзақ есте сақтау мен жедел есте сақтау қабілетінің рөлі айрықша. Синхронды аударма –айтылған мәтінді бір мезгілде тыңдау, түсіну, ойда жинақтау,қайта екінші тілде сөйлеу жүйесінде жасалатын психологиялық құбылыс. Ол алдымен сөзді мұқият тыңдау (мағыналық жағынан толық қабылдау), содан кейін сөйлеу қызметінің жедел белсенділігі мен қайта баяндауға негізделеді.
Сөзге шебер шешен мүдірмей сөйлеумен бірге, ұлттық тілінің байлығын, сөздік қорының молдығын көрсетеді. Аудармашы сөйленген сөзге жедел ілесіп, іркілмей тәржімалап отырады. Бұл жағдайда жедел есте сақтау қызметінің мәні зор. Сөйлеуші тілге шорқақ немесе асықпай сөйлейтін болса немесе бір сөзді жиі қайталап, бір нәрсені бастап тұрып, аяқ асты екніші бір мәселеге ауыса қалса, мұндайда алдыңғы ойды соңғы ойлармен сабақтастыру әрі сөздерді құрастырып, байланыстыру үшін ұзақ есте сақтау қабілеті айрықша қызмет атқарады.
Синхронды аудармада қатысып отырған тыңдаушылар оны тыңдап, түсініп, қабылдаумен бірге, кейде аударманың қаншалықты дәл, шебер жеткізілуін қадағалайды. Сыншылық көзқараспен аударманың жасалу деңгейін саралап, сараптайды. Бұл аударма үдерісі – жауапты әрі ауыр жұмыс. Ой-санаға, күш-қуатқа ерекше жүктеме артады.
Қазіргі уақытта фильмдерді немесе телехабарларды синхронды аудару қалыптасқан үрдіс. Фильмді дубляждап, әр рөлдегі сөзді бірнеше адам аударудан алған әсер басқаша. Ал ер адамның, әйелдің де, баланың да, жастың да, кәрінің де сөзін бір ғана аудармашыдан тыңдаудан әсерлену қиын. Кейде аударма нұсқамен қатар түпнұсқалық сөйлеу тілі титрде қатар беріледі. Егерде сол тілді жақсы білсеңіз, оны сол мезетте салыстырып, аударманың сапасын саралауға да болады.
Синхронды аударма кезіндегі қауіп – дауыстың шектен тыс қатты шығуы, өйткені сөйлеген сөз жылдамдығына кідірістің болмау себебінен қалыпты жағдайдан артып кетуі мүмкін. Синхронды аудармашы үшін интонациялық мәдениетті меңгеру де маңызды. Аударма интонациясы біркелкі, бірақ қарқынды болмауы жөн. Қалыпты, дағдылы болуы тиіс.
Аудамрашының сөйлеуші сөзінен қалып қоюы өте қауіпті. Өйткені аудармадағы ой сабақтастығын бұзып алады. Осыдан барып шатасу белең алады. Сондықтан сөйлемді неғұрлым ықшамдап, жинақтап, қысқа сөздермен, орнықты орамдармен сұрыптап, дәл жеткізу мүмкіндігін іздестіреді. Екінші дәрежелі сөздерді немесе маңыздылығы шамалы қарапайым ақпараттарды тастап кетуіне де болады. Кейде сөйлеушінің сөз арасында ұзақ кідіріс жасауы, бір нәрсеге бола үнсіз қалуы, не болмаса бастаған сөзін аяқтамай, басқа мәтінді жалғастыруы ойды жүйелеп, тиянақтауға қиындық келтіреді. Яғни ойдағы сөзді құрастыру, логикалық байланыстар мәселесі орын алады. Бұл жағдайда кібіртіктеу, кідіру аудармашыға үлкен сын. Залдағылар аудармашы тәжірибесіз, нашар деп күмәнданып қалуы мүмкін. Немесе айтылғанның бәрін аударған жоқ деп күмәнданады. Мұндай жағдайда аудармашы мәтінді «редакциялауды» өз қолына алады. Сөздер аралығындағы ұзақ кідірістің орнын толтыруға кіріседі. Бұған машықтану, мықты қабілет керек. Яғни мәтінді толықтырып, жинақы, ұғымды құрастырып шығу – шеберлік белгісі.
Синхронды аударманың аталған түрлерінен басқа екі алуан қыры бар. тұлғамен немесе делегациямен қатар отырады да, солардың ыңғайына қарай, өзара естілетіндей жайлап аударады. Ол сөйлеуші немесе пікірталасқа қатысушы сөзінің мазмұнын аударып отырады. Бұл көбінесе театрда, шет тіліндегі телехабарды көргенде, т.б. жасалады. Сыбырлаушы синхроншы аса күрделі жағдайда жұмыс жасайды. Кейде біреудің қатты сөйлеген дауысы сөйлеуші дауысын басып кетеді. Музыка қойылады,қатысып отырғандар оқыс сұрақ қоюы мүмкін, болмаса әлдекім сөзді бөліп жібереді т.б. Бірақ конференс-синхроншыға қрағанда оған қойылар талап анағұрлым қарапайымдау. Әдетте, одан шет тіліндегі сөйленген сөздің жалпы мазмұнын қысқаша жеткізу ғана күтіледі.
Екіншісі – бақылау синхроны. Бұл көбінесе ірі шараларды өткізгенде қолданылады. Аудармашы арнайы бөлмеде отырады, сөйлеуші сөзі оған құлаққа ілдірме арқылы түседі. Ол сөйлеушінің мүлде көрмеуі де мүмкін, болмаса сәті түскенде монитор арқылы ғана көруі мүмкін. Оның өзінде өте сирек жағдайда ғана. Сөйлеушіге көз қиығын ғана қадайды. Оның міндеті –естіген сөзді ойда сақтап, аударумен бірге, сол мезетте компьютерге жазып үлгеру. Көбінесе ол оның мәтінін жазып түсіретін монитордың басқа экранына көз тігеді. Кәдімгі синхроншы-аудармашы тәрізді негізгі міндеті сөйлеушіден еш қалып қоймау, сөйленген сөз мазмұнын толық жеткізу. Сонымен бірге ол клавишаны қарамай-ақ тез баса алатын қабілетке ие болуы тиіс. Көп жағдайда мәтін толық түспеуі мүмкін. Осы жағдайда жұмыс күнінің соңынан аудармашы ұзақ уақыт мәтінді толықтырып, түзетіп, қалыпқа келтіреді. Нәтижесінде жазбаша мәтін қалыптасады. Бұл жазба мәтін мәслихат, не жиын материалдарын баспасөзде жариялауға қызмет етеді.
Аудармашы – адамзат білімі мен қызметінің әр саласынан мәліметтер, деректерді бірдей жинаушы. Ауызша аударма үдерісі көп жағдайда бағдарлы білімге негізделеді. Бұл аудармашының сан салалы білімнен, ғылымнан жеткілікті хабардар болуы. Ол ой-танымын үнемі дамытумен бірге, үнемі ізденісте жүреді. Ауызша аудармашыға жаңа білім саласын меңгеру қажеттілігі туындап отырады. Оның күнделікті жұмыс барысында ертеңгі болатын жиыны, мәселен, медицина мәселесіне арналса, одан кейінгі күнгі жиын халықаралық сауда ұйымы туралы болуы мүмкін. Осы жағдайда әр саладан жаңа ақпараттық материал жинау, деректер алу негізгі тілдік терминдермен танысу белсенді жүргізіледі. Есте сақтау қабілетін үнемі машықтандырған аудармашы әзірлік барысында осынау бай материалдарды бірден меңгеріп кетеді. Бұл үшін қажетті дерек көздерін, анықтамалықтар, сөздіктерді, интернет жүйесін тиімді пайдаланғанның дұрыстығы айтылады. Ауызша аударуға жаттығу – кәсіби біліктілікті арттыру кепілі. Ауызекі сөйлеуге негізделген жағдайда тілді терең меңгерумен бірге, шешендігі мен жедел есте сақтау қабілеті мықты адам ғана ауызша аудармашы бола алады. Сонымен қатар дауыс анық, интонациясы нақты, айқын болғаны дұрыс. Тіл мүкістігі немесе жекелеген әріпті дұрыс жеткізбеу мүлде ұшыраспайды. Сонымен бірге жалпы ой-өрістің, дүниетанымның кеңдігі де керек.
Аудармаға қойылатын талаптар:

  1. Аудармадағы сөз сөйлеу мөлшері;

  2. Аударма тұтастылығы(ақпарат санының қаншалықты кеміп қалғаны);

  3. Айтылған сөздердің бұрмаланып кетпеуінен сақтану. Мұнда мәтіннің толығымен жеткізілуіне зер салынады;

  4. Сөйлеу реттілігі(түсініктілігі), сөйлемді анық, ұғымды тиянақтап аяқтау, сөз қайталауларға жиі жол бермеу;

  5. Сөйлеу дұрыстығы (әдеби тіл нормасын сақтау, ауызекі қарапайым сөздердің қатыспауы, дикцияның дұрыстығы, дауыс әуезділігі, айқындылығы);

  6. Аудармашылық мінез-құлық (емеурін ишара, ұстамдылық, дауыс көтеріңкілігі(қаттылығы), сөз сөйлеу сенімділігі, еркіндік, сабырлылық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет